Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Сапарғали Бегалин. Қырдың жас түлегі 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл обылысы Талас ауданы Қаратау қаласы

А.С.Пушкин атындағы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Сейітқасымова Балжан Аманбекқызы


Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:

Сапарғали Бегалин. Қырдың жас түлегі (Шоқан туралы әңгімеден үзінді)

Мектеп: Александр Сергеевич Пушкин

Күні: 21.11.

Мұғалім: Б.Сейітқасымова

Сынып: 4а

Қатысқан:

Қатыспағандар:

Сабақта меңгерілетін

дағдылық мақсаттар

Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, мәтінді түсініп оқу, дұрыс оқу дағдыларын жетілдіру, мәтінді талдау арқылы білімдерін көтеру және автордың ойын анықтау, түсіну.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы біледі.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Тақырып мазмұнын түсінуі тиіс

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Автордың өзге де шығармаларын және мәтін жайлы ойларын білдіреді.

Бұрыннан бар білімдері

Тапсырмаларды әдіс-тәсілдер, сұрақ-жауаптар арқылы талдауды біледі.

Жоспар

Жоспарланған

уақыттар


Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылар назарын сабаққа аудару.

-Үй тапсырмасын «Ыстық орындық тәсіл бойынша» сұрау.

-Мәтін мазмұнын әңгімелеу.

-Қазақ жеріне кімдер шабуыл жасады?

-Халық неден қатты қиналды?

-1730 жылы шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы кім?

-Абыдайдың денесі қайда жерленді?

Абылай өсиетінде кіммен байланысты үзбеу керек еді?

-Абылай хан туралы қосымша мағлұматтар-

Оқушылар қалауы бойынша


Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ шешу. «ШОҚАН»

Қыздың көркі - шаш.

Отан отбасынан басталады.

Қызға қырық жерден тыйым.

Қасиетті тағам – нан.

Слайдтар жиынтығы

-Сұрақ-жауап











Қызығушылықты ояту


Сөзжұмбақ шешу. «ШОҚАН»




Ортасы


Жаңа сабақ

Сапарғали Ысқақұлы Бегалин - ақын, жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Ол 1895 жылы қараша айының 24 жұлдызында ШҚО Абай ауданы Дегелең ауылында дүниеге келген.


Ол әдеби қызметін ақын ретінде бастаған. 1914 жылы "Қазақ бозбалаларына" атты алғашқы өлеңі "Айқап" журналында жарық көрген. "Қыран кегі" (1943), "Цимлян теңізі" (1953), "Сырлы қайнар" (1963) және тағы да басқа лирикалық поэмалары мен өлеңдерінде мемлекеттегі өзгерістер мен туған өлкенің сұлулығын жырлаған.

Ақын жазған "Қанатты қазақ" (1947) поэмасы Кеңес одағының батыры Нұркен Әбдіровке арналған.

Оның балаларға арналған "Ермектің алмасы" (1955, 1985), "Сәтжан" (1947, 1973, 1978), "Жас бұтақ», (1953), "Жеткіншектер" (1960), "Мектеп түлектері" (1961), "Шоқан асулары" (1971) және т.б. әңгімелері мен повестері бар. 

Сапарғали Бегалин қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырумен айналысып, Иса Байзақов, Доскей Әлімбаев, Шашубай Қошқарбаев, Төлеу Көбдіков сынды атақты қазақ ақындарының туындыларын жариялап, баспа бетіне шығаруға елеулі үлес қосқан. Сонымен қатар, Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы монография жазған. 

Ақынның өлеңдеріне 50 шақты ән жазылған ("Қаракөз", "Көктем", "Бесік жыры", "Ақ көгершін", "Пионер әні", "Сағындым сені, сәулем-ай", т.б.).

Сапарғали Бегалин Пушкин, Лермонтов, Шевченконың өлеңдерін, Мамин-Сибиряк, Соловьёвтің әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне тәржімалаған.

Қаламгер 1983 жылы 10 наурызда Алматыда дүние салған. 


Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді түсініп оқу ұсынылады.

«Үш қадамдық» сұхбат.

Топтар бір-біріне сұрақ қояды.

  1. Шоқан қайда келді?

  2. Туған жер туралы мақал- мәтелдер.

  3. Шоқанға мінездеме беру.

Автор портреті.

Оқулық, парақшалар, нақыл сөздер


Сергіту сәті

Жолдарыңа үңіліп,

Екі бақа жүгіріп,

Секіреді, бақ-бақ,

Ағаштарды аттап.

Олар ерте тұрады,

Беті-қолын жуады.

Оңға-солға шайқалып,

Бақылдайды ән салып.

Судан шіркей табады,

Өсіп үлкен болады.

Бақ-бақ, нақ-нақ,

Біздер айттық тақпақ.

Сергіту жаттығуы жазылған парақша

Аяқталуы

Қорытынды

1-топ Эссе жазу.

2-топ. «Қорқарың бар , қораға кірме» деген сөз кімге айтылды? Егер офицердің орнында болсаңдар сендер қайтер едіңдер?

3-топ. Бес жолды өлең құрастыру

Кім? Шоқан

Қандай ? Ақылды, зерек

Не істеді? Саяхат жасап зерттеді

Сезімді білдіретін сөйлем- Артына өщпес мұра қалдырды!

Синоним Ғалым

Оқулық, парақшалар

Үйге тапсырма: оқу, мазмұндау, ғалым жайлы мағлұматтар жинау.

Кері байланыс

Желкенді кеме

Бағалау –оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Топтық, жұптық, жеке

Пәнаралық байланыс –

бейнелеу өнері, қазақ тілі

Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу міндеттері

анық па?

Бүгін оқушылар не

үйренді?





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
1630
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12