жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары Спорт-денсаулық кепілі 3-сынып
«№7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Дүниетану 3-сабақ
1-30
|
Бөлім: |
Уақыт |
|
|
Мұғалімнің аты-жөні |
Шагирова Г |
|
|
Күні: |
22.11.2021ж |
|
|
Сынып: 3 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Спорт - денсаулық кепілі!. ӨҚН |
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
3.1.4.2 спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің бойындағы қабілеттерін анықтау |
|
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: спорт түрлерін топтастырып, спорт түріне өзінің бойындағы қабілеттерін анықтай алады. Көптеген оқушылар: спортпен тұрақты түрде шұғылданудың маңызын талқылайды. Кейбір оқушылар: денсаулық туралы мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіреді. |
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 8 мин |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Созылып оңға бір, Созылып солға бір. Иіліп алдыға, Шалқаям артқа бір. Отырсаң ұзақтау, Жаттығу қажет бір.
Өткен тақырыпқа шолу «Сұрақ-жауап» әдісімен өтеді: - Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік? - Жеті аталарыңды атаңдар. - Ататекті, жеті атаны білу маңызын сен қалай түсінесің? -Отбасы мүшелерін туысқандар деп атауға бола ма? -Туыс деген ұғымды қалай түсінесің? - Туысқандық байланысты анықтайтын атауларды ата. Топқа бөліну және жаңа тақырыпты ашу «Пазл» және «Миға шабуыл» әдісімен өтеді: Сурет бөліктерін алып, топқа бірігіңдер, суретті құрастырыңдар. -Қандай сурет құрастырдыңдар? - Ол не үшін қажет? -Қандай спорт түлерін білесіңдер? Атаңдар. -Қандай спорттық жарыстарды атай аласыңдар? -Өздерің қандай спорттық секцияға қатысып жүрсіңдер? Не үшін қатысасыңдар? - Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсыңдар? Сабақ мақсаты жария етіледі. |
Жаттығу жасайды. Сұрақтарға жауап береді. Тақырып атауын табады. Топқа бірігеді. |
Оқу тапсырмасын орындаған оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.
|
Пазл бөліктеріне бөлінген спорттық суреттер
|
|
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 15 мин |
(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.дәптермен жұмыс болады. А) Сөздік жұмысы. Спорт-спорт-sport Спорттық сайыс-спортивные соревнования - sport competitions Ә) Суретпен жұмыс. Адамдардың спортпен айналысуының басты үш себебін ата. -Суреттерге қарап қысқы спорт түрлерін ата. Олардың жазғы спорт түрлерінен айырмашылығы неде? Ә) Мәтінмен жұмыс. Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Адам өміріндегі спорттың маңызын сен қалай түсінесің? Сергіту сәтінде «Пантомимо» ойынын ойнайды. Бір оқушы шығып, қимыл қозғалыс арқылы қандайда бір спорт түрін бейнелейді. Сынып оқушылары ол спорт түрін атайды.
(Т, Д) 2-тапсырмада «Серпілген сауалдар» әдісімен жүзеге асырылады. -Сендер қандай спорт түрімен айналысасыңдар? -Ол спорт түрін таңдауларыңа не себеп болды? -Бұл спортқа келер алдында алдарыңа қандай мақсат қойдыңдар? -Сендерге Айжан мен Асқардың берген жауабы ұнады ма? Не себепті? Қорытынды жаса. -Жерлестерімізден үлкен спортта жеңіске жеткен қандай спортшыларды танисың? -Спортшы туыстарыңды ата. Қандай жетістігін атай аласың? Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады. - Соңғы олимпиадалық ойында жеңіске жеткен қазақстандықтарды ата. |
Сәйкес қимылдар жасап, дауыстап хормен айтады. Сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасайды. |
Дескриптор:
Дескриптор:
Спортқа келу мақсатын атайды-1балл. Айжан мен Асқардың берген жауабын талдап, қорытынды жасайды-1балл. -Жерлес, туыс спортшыларды, жетістіктерін атайды-2балл. |
Оқулық, дәптер доп |
|
Кері байланыс 5 мин |
Кері байланысты «Шеринг» әдісі арқылы береді. Оқушылар шеңберге тұрып бүгінгі тақырыптан алған білімі туралы талдайды.
Оқу тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқып, мектептегі спорт жарысына қатысушы оқушылардан, мұғалімдерден сұқбат алыңдар. Ол үшін алдымен сұрақтарды жүйелеп жазып алыңдар. |
Кері байланыс жасайды. Оқу тапсырмасын жазып алады. |
ҚБ қойылады. |
|
Бұл ҚМЖ-ны өзгелерге таратуға болмайды, авторлық құқықты сақтаңыз. Егер осындай дайын ҚМЖ немесе БЖБ, ТЖБ алғыңыз келсе, +77764531215 нөміріне ватсапқа жазыңыз.
2-тоқсанға 5 пәннен БЖБ, ТЖБ 2 нұсқада алуға болады.
Оның ішінде:
математикадан 3 бжб,1 тжб
қазақ тілінен 2 бжб, 1 тжб
әдебиеттен 2 бжб, 1 тжб
дүниетанудан 1 бжб
жаратылыстанудан 1 бжб, 1 тжб болады.
БЖБ-лардың мақсаты, дескрипторымен балл қою кестесі, рубрикасы болады.
ТЖБ-лардың тапсырма сипаттамасы, дескрипторымен балл қою кестесі болады.
БЖБ, ТЖБ-лар биылғы курста берілген жаңа шаблонда жасалады және ЖБ алатын уақытқа қарай почталарыңызға жіберіледі.
Сәлеметсіз бе, әріптес?
Бұл хат осы ҚМЖ-ны автордың рұқсатынсыз, пайдаланып, өзгелерге тегін таратып, сатып жүрген әріптестеріме арналады. (Егер сіз ҚМЖ-ны 87764531215 нөмірінен , 5 пәннен бір тоқсанына 2000тг сатып алып отырған болсаңыз, онда бұл хат сізге емес, көңіліңізге алмаңыз).
Сізге ренішімді білдірмес бұрын, өзімді таныстырып өтейін, мен сіз рұқсатсыз пайдаланып, өзгелерге таратып жүрген осы ҚМЖ-лардың авторымын, менің заңды тіркелген кәсіпкерлігім бар, есептері жүргізіліп отыр.
Мен кейбіреулеріңіздің, республикалық ұстаздар тобына менің жұмысымды менің рұқсатымсыз таратып отырғаныңызбен қоймай, менің табысымды санап, жазған мынадай жазбаларыңызды оқыдым.

Менің табысым көп деп ойласаңыз, сіз де мендей табысты болыңыз. Сіз де мен сияқты ұстаздарға қажетті, тәрбие сағаттарының, 1,4-сыныптардың ҚМЖ, БЖБ,ТЖБ-ларын жазып, көпшілікке қолжетімді бағада сатыңыз, сіз де көп ақша табасыз. Сол кезде сіз нағыз алғыс аласыз. Ал қазір менің құжаттарымды таратып, біреудің атына айтылған алғысты иемденушісіз.
Бұл табысты мен адал еңбегіммен тауып отырмын, біріншіден, дәл қазір, сағат 05.00-де сіз ұйықтап, демалып жатқанда, мен таңғы ұйқымды қиып, ҚМЖ жазумен айналысып отырмын. Екіншіден, мен кейбір әріптестердей, біреудің жасаған жұмысын иемденіп алып, ары қарай сатып, еселеп пайда тауып отырған жоқпын. Мысалы мына Алина Т. ашқан телеграмм каналда бірінші тоқсанда 626 адам болды, биылғы оқу жылының бірінші тоқсанында менің ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ-ларымды сатып қана 2000тг*626=1256000 тг тапты.

Мысалы, мына Әуелхан деген ер азаматтың (егер ер азамат деп атауға лайық болса) ватсапта топ ашып, сатып отырғаны анықталды. 250*2000=500000тг.

Осындай, арам жолмен табыс тауып, бауыр еті балаларыңыздың, алдарыңыздағы шәкірттеріңіздің бойына адалдықты қалай сіңіресіздер?! Еліміздің құлдырап, күннен күнге сыбайластық белең алып бара жатқаны ойландырмай ма сіздерді? Бұған «заман өзгерді, заманның талабы сол» дейтін шығарсыз?! Заман өзгерген жоқ, сол заманда өмір сүріп жатқан адамдар өзгерді. Біреудің үстінен жеңіл пайда тапқысы келіп тұрады.
Маған кейбір әріптестер, «Сіз өз еңбегіңізді төмен бағалап отырсыз, сіздің жазған әр ҚМЖ-ңыз ашық сабақпен пара-пар, бағаңызды көтерсеңізші» деп жазады, кейбірі артығымен төлем жасап жібереді. Бірақ, мен бағаны көтермеймін, себебі, мен бұл жұмысты бір ғана адамға ғана беріп отырған жоқпын. Әрі көпшілік ұстаздарға қол жетімді болсын, деп айына 5 пәнге 1000 тг, яғни тоқсанына 2000тг бағалап отырмын. Ал Ұстаз тілегі сайтында бір пәннен бір тоқсанға арналған ҚМЖ-лары 3000тг. Осыдан-ақ есептей беріңіз, менің қолжетімді бағада ұсынып отырғанымды.
Сіз, өз игілігіңіз үшін, жұмысыңызды адал жолмен жеңілдету үшін, тоқсандық табысыңыздан 2000 тг қия алмасаңыз, онда бұл сіздің барлық жақсылықтан кенде қалған адам екендігіңізді білдіреді. Әрі қарай да солай бола береді, себебі біреудің ақысын жеп отырсыз.
Жай айтқанда, сіз дүкеннен сатып алған көйлегіңізді, біреуді қуанту үшін, бірнеше дана көшірме жасап, тарата алмайсыз ғой. Бұл құжаттар да сол сияқты. тек өзіңіз пайдаланасыз.
Мен бұл ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ жұмыстарын сатуды бастағандағы ойым, республикалық чаттарда, «Жасым үлкен, компьютерде жазу қолымнан келмейді, ҚМЖ кімде бар,қыздар,көмектесіңдерші, сатып алайын» деп жазған әріптес апалардың өтінішінен кейін, бастаған болатынмын. Өзім үшін жазған дүнием қосымша табыс болса, несі айып?
Бірақ, кейінгі кезде апалар ғана емес, жастар көп хабарласатын болды. Тіпті студенттер, «ертең сабақ беретін едім, срочно жазып беріңіз» деп жазатын болды. Оларға «Әлден дайын асқа тік қасық болма, қазір соқа басың сопиып жүріп, практикада аптасына бір өтетін сабаққа ҚМЖ жаза алмасаң, несіне ұстаздыққа оқып жатырсың? Қазір деген оқып, білім алатын шағың, бұл алған білімің өмір бойына азық болады. Әлден сатып алып сабақ өткізсең, кейін, біз сияқты көп балалы болғанда не істейсің? Сабағыңды дұрыс оқы, білім ал, кейін біздің балаларымызды оқытатын сендерсіңдер. Мен балаларымды білімді, адал ұстаз оқытқанын қалаймын» деп ақыл айтып жауап жазып жіберемін.
Бұл өзім үшін жасап отырған ҚМЖ-ларды тек мектепте жұмыс жасап жүрген ұстздарды қағазбастылықтан сәл де болса босату үшін және балаларымның игілігі үшін қосымша табыс болсын деп сатып отырмын. Енді, әріптестерімнің, әсіресе жастардың менің түпкі ниетімді дұрыс түсінбей, менің үстімнен табыс тауып, қылмыс жасап отырғанын көрген соң, ҚМЖ сатуды келесі тоқсанда қойғаным дұрыс па деп те ойланамын. Кейде, неге мен қоюым керек, одан да жоғарыдағыдай дәлелдерді көптеп жинап, істі сотқа бергенім дұрыс па деп те ойланамын. Неде болса, соңғы шешім өзімде қалады...
Ал сіз, әріптес ойланыңыз, балаларыңызға адал ас беріп, адалдыққа тәрбиелейсіз бе, әлде құжаттарды рұқсатсыз таратып, сатып, арам жолмен табыс табасыз ба? Ол сіздің шешіміңіз болып қалады. Егер соңғы жолды таңдасаңыз, онда еркіңіз. Ақымды бәрібір бересіз. Оған мына оқиға мысал болады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Сендердің араларыңда бауырына қиянат жасағандар болса, онда оны осы дүниеде шешсін! Өйткені, Қиямет күні динар да, дирхам да болмайды. Ол күні тек істеген амалдар ғана жауапқа тартылады», – дейді. Ертеректе Мысыр елінде мынадай оқиға өтіпті. Бір мұсылман екінші бір мұсылман


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген