Материалдар / Сабақ жоспары: Спорт және ойын.Етіс түрлері 6 сынып

Сабақ жоспары: Спорт және ойын.Етіс түрлері 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
19-сабақ. Спорт және ойын.Етіс түрлері
Авторы:
23 Ақпан 2025
116
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Мұғалімнің аты-жөні:

Ильясова Х.Н.

Пән/Сынып:

қазақ тілі, 6 А

Күні

24.02.2025

Тарау немесе бөлім атауы:

7-бөлім. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология

Сабақтың тақырыбы:

Спорт және ойын. Етіс түрлері

Оқу мақсаты:

Т/А2. Әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, өмірбаян) көтерілген мәселені талдау;

ӘТН4. Етістіктің етіс түрлері мен салт, сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

Сабақ мақсаты:

Өмірбаян мен нұсқаулықта көтерілген мәселені талдау;

етістіктің етіс түрлерін; салт, сабақты етістіктерді қолдану.

Бағалау критерийлері:

  • тақырыпқа байланысты көтерілген мәселені талдайды;

  • етістіктің етіс түрлерін, салт, сабақты етістіктерді қолданады.


Саралап оқыту тапсырмалары


Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Уақыты

20 минут

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

2 минут


Сабақтың басы




































--- Сәлеметсіңдер ме, балалар? 6-сыныптың қазақ тілі сабағын бастаймыз. Сабақтың тақырыбы: Спорт және ойын. Етіс түрлері. Бүгін біз

  • Әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, өмірбаян) көтерілген мәселені талдау;

  • Етістіктің етіс түрлері мен салт, сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану мақсаттарымен жұмыс істейміз.

  • Бағалау критерийлерімен таныс болыңдар.















1-слайд



2-слайд



3-слайд

2 минут

Қызығушы

лықты ояту



Ықтимал жауап:

Суреттерде бокс қолғабы, бокс рингі, Олимпиада және әлем чемпионы Данияр Елеусінов бейнеленген.

Бүгінгі сабақта Данияр Елеусінов жайлы мәлімет аламыз.

Сабақта спорттық жеңістер мен спорт пайдасы туралы жаттығулар жасаймыз.


4-5-слайд








4 минут





































2 минут





















1 минут













3 минут




















Сабақтың ортасы























































Грамматика






















1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар. Мәтіндегі көтерілген мәселені табыңдар. Мәтінде айтылған мәселелерді баяндаңдар.



Олимп шыңын бағындырған спортшы Данияр Елеусінов 1991 жылы 13 наурызда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы қазіргі Қайыңды ауылында дүниеге келген. Әкесі – Марат Елеусінов, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Анасы – Ғалия Нұрмұханова, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Даниярдың Динара есімді әпкесі мен Дәурен есімді ағасы бар. Данияр 9 жасынан спортпен шұғылданған. 2007 жылы Елеусіновтер отбасы Астана қаласына көшіп келіп, Данияр қаладағы №54 мектеп-лицейде оқыған.

Ол бокстан Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері. Ол – қазақстандық әуесқой боксшы, 2013 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, 2016 жылғы Бразиялияда өткен Олимпиада чемпионы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері.

Танымал қазақ спортшысының жұдырықтасу мәнерімен өзін тәнті еткен сүйікті боксшылары бар. Олар – Серік Қонақбаев, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымов, Шугар Рэй Леонард, Мұхаммед Әли, Рой Джонс, Де Ла Хойя.

Ақпарат дереккөзі: https://stan.kz/alem-chempiony-daniyar-eleusinov-tural/

Дескриптор:

-мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды;

-мәтін мазмұнын жинақы баяндайды.





2-тапсырма. Етістіктердің өзгеруіне назар аударыңдар. Қандай

Данияр 9 жасынан спортпен шұғылданған.

Ол Нұр-Сұлтан қаласындаға №54 мектеп-лицейде оқыған.

Данияр Елеусінов бокспен үзбей айналысып, 2013 жылы әлем чемпионы атанған.

Даниярды 9 жасынан спортпен шұғылдандырған.

Оны Нұр-Сұлтан қаласындағы №54 мектеп-лицейде оқытқан.

Данияр Елеусіновтің бокспен үзбей айналысуы оны 2013 жылы әлем чемпионы атандырған.

өзгерістерді байқағандарыңды айтыңдар.



-Дұрыс айтасыңдар. Ендеше, анықтама бұрышына да назар аударайық.

3-тапсырма. Нұсқаулықпен танысыңдар.

Күнделікті спортпен шұғылдану төзімділікті арттырып қана қоймай, өмірлік қиындықтарды жеңуге де әсер ететінін байқадың ба? Ендеше, спортты күнделікті серік ет, ол үшін:

  • Спортпен айналысар алдында денсаулығыңды тексертіп ал. Егер спортпен айналысуға мүмкіндігің болмаса, онда бір мезгіл жаяу жүруді әдетке айналдыр.

  • Адам ағзасына айтарлықтай күш түсірмейтін әрі хобби болып есептелетін би, жүзу және таза ауада коньки, шаңғы, шана тебу, теннис, бадминтон, баскетбол, футбол, хоккей ойнау өте пайдалы.

  • Егер қоғамнан алшақ, оңаша болуды қаласаң, шахмат, дойбы, домино, тоғызқұмалақ ойындарын байқап көр.

  • Жаттығудан кейін бірден тамақтанба. Аздап демалып, су ішіп, душ қабылда. Сұйық тамақтар ішіп, көкөністер мен жемістер жеуге дағдылан.



Дескриптор:

-мәтінде көтерілген мәселені талдайды.





Ықтимал жауап:

Боксшы данияр Елеусінов туралы мәліметтер берілген.Оның 9 жасынан бастап ана мен әке тәлімімен спортпен шұғылданғаны, халықаралық деңгейдегі спортшы екендігі айтылған. Мәтінде көтерілген басты мәселе: спортты өміріңе серік етсең, шаршамай жаттығу мен талмай еңбектену биікке көтереді. Мәтінде автор қазақстандық спортшының жеткен жетістігін паш етіп, баяндап тұр.
















Жауап:

Өзгелік етістің -дыр, -т жұрнақтары жалғанғанда салт етістіктер сабақты етістікке айналды. Етіс жұрнақтары арқылы салт етістікті сабақты етістікке, сабақты етістікті салт етістікке айналдырамыз.





















Ықтимал жауап:

Мәтінде спортпен күнделікті айналысуға арнайы нұсқаулық берілген.

Кәсіби немесе әуесқой спортшы болмасаң да, күнделікті спортпен шұғылдану денсаулыққа да, адамның қиындықтарға төзімді болуына да әсер ететіні айтылған. Ең пайдалы әрі зиянсыз спорт түрлері айтылып, спорттық ойындар мен жаттығулардан соң ағзаға пайдалы тамақтану туралы кеңес берілген.

6- 7-8-слайд









































9-10-слайд























11-слайд







12-13-слайд

4 минут

Сабақтың соңы

4-тапсырма. Диалогтағы түсіп қалған етістіктерді орнына қойып, ауызша тілдесіңдер.

-Жарас, менің аяғыма қатты салмақ салуыма болмайды, бірақ спортпен шұғылданғым келеді, қайтсем екен?

-Егер аяғыңның ауыратынын білсең, ауыр жаттығулар жасамағаның жөн.Сен жаяу жүруді әдетке ... .

-Онсыз да жүру күндегі әдетіме ... . Жүзуге барғым келеді. Жүзуден ағзаға аса көп күш ... дейді, рас па?

-Иә, иә. Жүзу, би, баскетбол, теннис сияқты спорт түрлері ағзаңа көп күш ... . Солардың бірімен айналысуыңа болады. Бірақ аяғыңды көп ... , жаттығудан соң демалуды, суға түсуді, жеңіл тамақтануды ұмытпа!

-Тамаша! Жарас, кеңесіңе көп рақмет! Сау бол.

Керекті етістіктер: түс, айнал, шарша.



Дескриптор:

ауызша тілдесім барысында етістерді орнымен қолданады;

етістердің салт, сабақты етістік жасайтындарын талдайды.

Ықтимал жауап:

14-15-слайд

1 минут



Бүгінгі сабақта

-Мәтінде көтерілген мәселені анықтадыңдар;

-Мәтін мазмұнын жинақы етіп баяндадыңдар;

-Сабақты, салт етістіктерді, етістерді жазылым барысында және ауызша тілдесімде тіркестіре қолдандыңдар.

.

16-слайд

1 минут

Қосымша оқу тапсырмасы

Берілген сөйлемдердегі ойды анықтаңдар, етістіктерді салт, сабақты етістік және етіс түрлеріне қарай талдап жазыңдар.

  • Белдессең – бекем бол. (Халық даналығы)

  • Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады. (В.Сухомлинский)

Ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. (А.Макаренко)



















Дескриптор:

-берілген сөйлемдерде айтылған ойды түсіндіреді;

-салт, сабақты етістіктерді табады;

-етістердің түрлерін анықтайды.

17-слайд



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі