400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Сабақ жоспары Сұлтанмахмұт Торайғыров "Шығамын тірі болсам, адам болып"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Шығамын тірі болсам адам болып" өлеңіндегі автор бейнесін анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні:қазақ әдебиеті

Күні:

Мектеп: №9 ЖОББМ

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

«Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...»

Сабақтың тақырыбы:

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам,адам болып»


Мұғалімнің аты-жөні: Қошшиева Н.Р

Сынып: 6

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.4.1 - көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

6.2.2.1 - эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау

Сабақтың мақсаты

  1. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам,адам болып» өлеңін мәнерлеп оқып, жатқа айтады.

  2. Шығармадағы автор бейнесін анықтайды.

Бағалау критерийлері

Өлеңді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады

Автор бейнесін анықтайды


Ойлау дағдыларының деңгейлері

Жоғары деңгей дағдылары, қолдану

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

жарық күнде сәуле қуған – білім іздеген;

белді буған – талаптанған, ұмтылған;

асылық айту – артық сөйлегенім емес;

надандықты тебу – қараңғылықты жеңу,оқу , көңілге тоқу;

Егес етті – бәсекеге түсті, талас-тартыс;

Тірі болсам – өлмесем;

көрде – молада;

надандық – білімсіздік, жарық күнде сәуле қуған – білім іздеген;

серт – уәде, ант;

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

  • 1. Өлеңнің тақырыбы не?

  • 2. Өлеңнен автор бейнесін ашу

  • 3.Осы өлеңнің мазмұны өздеріңе қалай әсер етті? Кім болуды армандайсыңдар?

  • 4. Сұлтанмахмұттың көздеген мақсаты не?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпы идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығы негізінде ұлттық тілін құрметтеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу,Алаштың ардақты азаматы Сұлтанмахмұттың ақындық қуаты арқылы оқушыларды адамгершілік пен парасаттылыққа баулу,өмір бойы білім алу дағдысын қалыптастыру


Пәнаралық байланыс

«Өмір құңдылықтары», «Білім» тарауы бойынша адамшылдық, парасаттылық, адамгершілік секілді адами құндылықтарға баулу арқылы өзін-өзі тану пәнімен байланысады.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

«Шәкірт ойы» өлеңінің ақын өмірімен байланысы

Сабақ жоспарының кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығулар түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

  1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

Топқа бөлу.

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып, күн болам! –

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда, кім болам? – 1 топ



Мұздаған елдің жүрегін,

Жылытуға мен кірермін!

Еңбек, бейнет тарауы

Рақатқа сарқылар. – 2 топ

«Өлең жолдары» әдісі

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Екі топқа екі түрлі мәлімет беріледі. Оқушылар кестеге қарап өз ойларын білдіреді.

І топ

Мәлімет

Иә-жоқ

  1. Сұлтанмахмұт жас ақындардың ішіндегі ең үлкені.

  2. Ол байлықта,молшылықта өмір сүрді.

  3. Ешқандай қиындық көрмеді.

  4. Тұрмыспен алысып, жеңе алмай мерт болды.


ІІ топ

Мәлімет

Иә-жоқ

  1. Сұлтанмахмұттың «Шәкірт ойы»өлеңі өз өмірімен байланысты .

  2. Ол зеректігімен, алғырлығымен көзге түседі.

  3. Ол нашар оқитын балаларға көмектеспейтін.

  4. Ол көптеген өлең жазды



«Иә-жоқ» әдісі


Оқушылар жауабы тыңдалады. Сабақтың тақырыбы, оқу /сабақ/ мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.

Қима қағаздар,

интербелсенді тақта

6 сынып оқулығы

А.С.Ақтанова,

А.К.Жундибаева,

Л.К.Жұмекенова

Алматы: Атамұра,2018



Сабақтың ортасы

5 минут










10 минут






































15 минут
















№ 1-тапсырма «Шығамын тірі болсам,адам болып» өлеңін мәнерлеп оқу.

1.Оқушының оқуы

2.Аудио таспадан оқушы оқуын қайта тыңдау(творчестволық оқу)


ҚБ Формасы: Топтық бағалау

Әдісі: «Қол шапалақтау» әдісі


Дескриптор Білім алушы

-Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды;

-Аудио тастадан творчестволық оқуды тыңдайды;




ТЖ № 2-тапсырма

1-қадам.Өздеріне ерекше әсер еткен үзінділерді таңдайды.

2-қадам.Әсер еткен жолдарды жеке күнделікке толтырады.

3-қадам.Үзінділердің таңдалу себебін толтырады, түсінік береді.

4-қадам.Сол үзінділерге байланысты туындаған сұрақтарды мұғалімге жолдап жазады.

5-қадам.Ерекше әсер еткен үзіндіні жатқа айтады.




Өлеңнен ерекше әсер еткен немесе ой салған үзінді

Жеке түсінік беру: бұл үзіндіні немесе дәйексөзді таңдауға не себеп болды? Осыған байланысты қандай сұрақтар туды?

«Мұғалімге хат» - сұрақтар









«Үш түрлі күнделік» әдісі


Дескриптор Білім алушы

-Ерекше әсер еткен үзінділерді таңдайды;

-Әсер еткен жолдарды күнделікке толтырады;

-Түсінік береді;

-Мұғалімге сұрақтар дайындайды;

-Үзіндіні жатқа айтады;


ҚБ Формасы: Топтық бағалау

Әдісі: «Айлар» суреті әдісі

Толық ай- өте жақсы

Жарты ай-жақсы

Жаңа туған ай-қанағаттанарлық


ТЖ № 3-тапсырма Топ мүшелерінің әрқайсысына тапсырма беру:

1-оқушы-талқылаушы

1. С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам,адам болып» өлеңі бойынша 3-4 сұрақ құрастырады.

2.Соңында сыныппен бөлісе алатындай өз тобының жауаптарын жазады.

2-оқушы-белгілеуші

1. С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам,адам болып» өлеңінің тақырыбына және оның маңызына қатысты 3-4 бөлігін белгілейді.

2.Бөліктерді өз тобына дауыстап оқиды және олардың маңыздылығын талқылайды.. Оқулық бойынша бетін, кейбір маңызды тіркестерді жазып алады, сыныппен бөлісуге бір немесе екеуін таңдайды.

3-оқушы-байланыстырушы

1. . С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам,адам болып» өлеңінде көтерілген мәселе мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды табады.

2.Оларды тізіп жазады, тобымен бөлісіп талқылайды.

4-оқушы-қорытындылаушы

1. С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам,адам болып» өлеңін оқиды,автор бейнесін, автордың айтайын деген ойын қорытындылайды

2. Маңызды жерлерін атап көрсетеді. Оларды қорытындыдан бөлек жазады.


«Әдеби шеңбер» әдісі


Дескриптор Білім алушы

-Өлең бойынша 3-4 сөйлем құрастырады;

- Өлеңнің тақырыбына және оның маңызына қатысты 3-4 бөлігін белгілейді;

- Өлеңде көтерілген мәселе мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды табады;

- Автордың айтайын деген ойын,автордың бейнесін анықтап, қорытындылайды.;


ҚБ Формасы:Мұғалімнің бағалауы

Әдісі: «Мадақтау сэндвичі» әдісі

1-бөлік -позитивті комментарий,не ұнады...

2-бөлік-сындарлы сын,не нәрсені жақсарту керек

3-бөлік-келешекке арналған комментарий,маған ұнады бірақ келесі жолы...



https://youtu.be/

76UcSlb31xc















































Сабақтың соңы

Рефлексия

5-минут

Рефлексия

Оқушыларға сабақ соңында кестені толтыру ұсынылады: 

«Қ»-«қосу» бағанына сабақта ұнаған нәрсе жазылады: ақпарат, жұмыс түрлері, т.с.с.

«А»-«алу» бағанына сабақтың ұнамаған немесе түсініксіз сәттері, оқушы пікірі бойынша оған ешқандай қажеттілігі жоқ ақпарат жазылады.

«Қ»-«қызықты»бағанына оқушылар қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді жазады.

«Қосу-алу-қызықты» әдісі



Саралау – оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – Оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қауіпсіздік ережелері






Оқушыларға қолдау көрсету тапсырма бойынша саралау әдісі арқылы жүзеге асырылды.

Диалог негізінде саралау.

Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау.

Талдау бойынша саралау.



Интерактивті тақтаның дұрыс экранға түсуі,оқушыларға

Қауіпсіздік шаралары туралы ескерту.

Интерактивті тақтаны уақытылы өшіру


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2047
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі