400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: "Табиғат құбылыстары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсіндіру. Жұмбақтар шешу арқылы ой - өрістерін дамыту. Табиғатты қорғап, аялай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

19.04-23.04

Тақырыбы: Табиғат құбылыстары
Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсіндіру.
Жұмбақтар шешу арқылы ой - өрістерін дамыту.
Табиғатты қорғап, аялай білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, ойын.
Көрнекіліктер: табиғат құбылыстарының суреті: бұлт, күн, қар.

- Балалар, бүгін ауа райы қандай болып тұрса да, біз бір - бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық.
Балалар: Балалар шеңбер болып отырады. Терезеге қарап, ауа райының өзгерісін айтады.
- Балалар, бүгін ауа райы жылы, күн шығып тұр.
Ауа райы әртүрлі болады, бірде күн ашық болады, бірде жаңбыр немесе қар жауады.
Балалар қайталайды.
- Жұмбақ жасыру.
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.(Күн)
Балалар: - Күн.
- Қолымыздан ұстап дөңгелене ұстайық. Біз қазір неге ұқсадық?
Балалар: Күнге.
-Балалар қалай ойлайсыңдар бізге күн не үшін қажет?
Күн әлемге жарық беріп, шуағын шашады. Балалар біз немен тыныс аламыз?
Балалар: - Ауамен тыныс аламыз.
- Дұрыс айтасыңдар біз ауамен тыныс аламыз. Ауасыз бізге тіршілік жоқ. Таза ауа тыныстау үшін керек.

Сергіту сәтін өткізеді.
Күн төккен нұрынан
Биік болып өсеміз.
Денемізді тік ұстап,
Дөңгелене билейміз.

Балалар: Қолдарын жоғары созады, бір орындарында тұрып билейді.
- Балалар қыс мезгілінде не жауады?
Балалар: Суретке қарап жауап береді:
- Қыста, қар жауады, жел тұрады, күн суық болады. Осының бәрі табиғат құбылыстарына жатады.
Ойын: «Күн мен түн» Шарты: Балаларға «күн»дегенде, олар қолдарын ашып, дөңгелек жасайды, ал «түн» дегенде, олар ұйықтаған болады.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
- Бүгінгі оқу іс - әрекетіміз жақсы тілекпен аяқтайық. Әрқашан күн сөнбесін! Ауамыз әрқашан да таза болсын! Суымыз тұнық болсын!
Балалар: Бірге қайталап тілектерін айтады.

Күтілетін нәтиже.
Табиғат құбылыстарын (бұлт, қар, жаңбыр) біледі;
Тақырыпқа сәйкес берілген жұмбақтың шешуін тауып, ойын шартын орындай алатын дағдыларды игереді;
Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарының өзгешеліктері туралы білімді меңгереді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.04.2022
790
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12