Сабақ жоспары: Тарихи тұлғалар Көнерген сөздер 6 сынып

Тақырып бойынша 24 материал табылды

Сабақ жоспары: Тарихи тұлғалар Көнерген сөздер 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихи тұлғалар Көнерген сөздер 6 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

5-бөлім: Тарихи тұлғалар. Лексика

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Ильясова Х.Н.

Күні:

02.12.2024

Сынып: 6 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тарихи тұлғалар Көнерген сөздер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

6.1.1.1 -мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;

Сабақтың мақсаты

Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжай алады. Көнерген сөздердің қолданыс аясын түсініп жəне ажырата алады.

Құндылықтарға баулу

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

-Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

-оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;

Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық

-тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

7 минут















Сабақтың ортасы


10 минут
































































5 минут













8 минут















10 минут













Сабақтың соңы

5 минут


І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

«Амандасып алайық»


Ойтүрткі

  • Қандай тарихи тұлғаларды білесің?

  • Олардың ел тарихындағы рөлі қандай?


1-тапсырма

1. Берілген сөздерге қарап, мәтіннің атауын талқылаңдар.

Хан сайлау, үш жүз, Сабалақ, малшы.

2. Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдаңдар. Мәтіннің не туралы екенін болжап, өз жауаптарыңмен салыстырыңдар.

Абылай туралы аңыз Жиырмаға жетпеген жас Абылай хан қасында Оразаулық деген сарт жолдасы бар, Есіл бойында Атығай, Қарауыл деген елге келіп, Дәулеткелді байдың жылқысын бағып, жылқышы болып жүріпті: - Атың кім? - деп сұрағанға: - Атым Сабалақ! - депті. Бай бәйбішесіне айтыпты:


(Осы жерден тоқтатылып, оқушылар болжамы тыңдалады)

- Өзге жалшыдай көрме, мұны, күте гөр! Бойында қасиеті бар екен. «Қалайша» десең, алты күн, алты түн аш жүрсе де, өз қолымен бір ас құйып ішпейді. Ол жарты аяқ ас ішсе де, сарқытын біреуге бермей, ішпейді. Өзі жерге бір отырмайды.

Сол уақытта қазақтың жылқысын түп көтере қара қалмақ Қатысыбан деген жау алыпты. Қазақ «қылқұйрық» деп көтеріле аттаныпты. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Көкжаралы көкжал Барақ, Шанышқылы Бердіқожа, Сырым Малайсары, керей, уақтан шыққан Сары, Баян бәрі аттанып, қалмаққа барса, қалмақ шеп құрып, қазаққа алдырмапты. Неше күн жатып, «сасық қамал» болып, қалмақтан жылқысын айыра алмай, «салы суға кетіп» қайтпақшы болыпты.

Сонда жылқының соңынан қалмай қуған жылқышылардың бірі Сабалақ қазақтың қайтарына көзі жеткен соң, көптен оңаша шығып, атынан түсіп, шүберек белбеуін құрығының басына байлап, ту қылып, қалмақтың қамалына «Абылай!» деп жалғыз кетті дейді. Құданың құдіретінің шеберлігінің тамашасы, өзіне атса оқ өтпейді, шапса қылыш өтпейді. «Кірген жерін есік, шыққан жерін тесік» қылып, жападан-жалғыз өзі қалмақтың қамалын бұзып, жылқының жусау тезегіндей топырлатып тастаған соң, қазақтың батырлары тұс-тұсынан кіріп, қалмақты жебір-жесір қылып шауып, талап, шаш-етектен олжаға қарық болысып қайтысыпты. Жауды жеңіп, көңілдері тынған соң арғын, найманның батырлары: - Кеше бізден айтылмаған аруақ, шақырылмаған ұран қалған жоқ, бәрі дәнемеге жарамады. Бұл өзі жалғыз болса да тегі, заты кім екені белгісіз болса да, бәрімізден бақ-талайы жоғары, аруағы күшті екен. Бұрынғының сөзі бар еді «қой асығы деме, қолайыңа жақса сақа қой» деген. Кел, осыны хан көтерелік! - деп әу десіп, Атығай Есенаман байдың еркесіне алып келіп, ақ отау көтеріп, ақ кигізге салып, хан көтерген екен.


Тілдік бағдар

КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР -күнделікті қарым-қатынаста сирек қолданылатын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер.

Көнеру дәрежесі бойынша:

1)Мағынасы түсініксіз сөздер : байыз – байыз табу, кежеге – кежегесі кейін тарту.

2) Мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер: бәйбіше, қатын, мыстан, алдаспан.


4-тапсырма.

  1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, көнерген сөздердің мағынасын түсіндір.

  2. Аңшы Мүсіреп Есеней байға жарамсақтанып, жігіттің арызын аяқтатпай, киіп кетті: – Тоқта деген соң, сүйреңдемей тоқта, бала! Ауылыңа сәлем айт, Есеней аға сұлтанның ат тұмсығын тіреген жерге таласып әуре болмасын! – деді (Ғ. Мүсірепов). Аламандардың киім үлгісі, сауыт-сайман, қару-жарағы да ала-құла. Біреу көбе, біреу бадана, енді біреулері тот басқан ескі кіреуке киіп алыпты (Қ. Жұмаділов).


10-тапсырма.

Көнерген сөздерді мағынасына қарай орналастыр. Ережеге сүйеніп дәлелде.

Хан, патша, дүрия, сауын айту, уәзір, би, аға сұлтан, болыс, торқа, биқасап, садақ, жебе, найза, адырна, бесік құда, сауыт, айбалта, барымта, патсайы, лашық, жаппа, шидем, күпі, сәукеле, саптыаяқ, кебеже.


Тарихи сөздер Архаизмдер

Shape2 Shape1









Үйге тапсырма:


Рефлексия


«Амандасып алайық»

Оқушылар бірі-бірімен сандары таңдау арқылы берілген суреттерге қарап, амандасады.




Сұрақтарға жауап береді.








Берілген сөздерге қарап, мәтіннің атауын талқылайды.






Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдайды. Мәтіннің не туралы екенін болжап, өз жауаптарымен салыстырады.





























































Сөйлемдерді көшіріп жазып, көнерген сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Аға сұлтан- хандық институтты жойғаннан кейін Ресей үкіметінің қазақ даласын отарлауды одан әрі тереңдету мақсатымен құрған әкімшілік-территориялық округті басқарушының лауазымы.

Көбе -дәстүрлі  қазақ

 қоғамындағы батырлардың соғыста

 кебенек (киіз кеудеше) сыртынан киген сауыты.

бадана  көз кіреуке — кіреуке сауыттың кең көз түрі.

Кіреуке – пiшiмi қысқа жеңді жейде түрiнде жасалып, дөңгелек металл шығыршықтардан өрiлген торлы сауыт.


Тарихи сөздер : Хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан, болыс, садақ, жебе, найза, адырна, сауыт, айбалта.

Архаизмдер: дүрия, сауын айту, торқа, биқасап, бесік құда, барымта, патсайы, лашық, жаппа, шидем, күпі, сәукеле, саптыаяқ, кебеже.



Рефлексия кезінде «Өзін-өзі бағалау» парағы арқылы сабақтан қандай әсер алғанын, қандай жаңа нәрсе үйренгенін немесе не түсінбегенін, қандай кедергі болғанын жеткізеді.

Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандыра

ды

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!


Дескриптор

Білім алушы

-мәтіннің атауын талқылайды;

-алғашқы бөлігі арқылы мәселені болжайды;

-өз болжамдары

мен салыстырады.



3 балл






Берілген тапсырмалар

дың барлығын «ноутбук» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау






































Дескриптор

Білім алушы

-көнерген сөздерді анықтайды,

-мағынасын түсіндіреді,

-түрлеріне қарай жіктейді.



3 балл





Дескриптор

Білім алушы

-көнерген сөздерді мағынасына қарай орналастыра

ды;

-Тарихи сөздерді дұрыс табады;

-Архаизмдерді таба алады;

-Тарихи сөздер мен архаизмдерді ажырата алады.


4 балл



Оқулық

6-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл


















































Оқулық

6-сынып

«Атамұра» баспасы

2018 жыл











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2024
468
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі