Сабақ жоспары "Тянь-Шань" тауы 8сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Тянь-Шань" тауы 8сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Тянь Шань тауының алып жатқан аумағы,жер бедері, Қазақстан территориясының қай аймағы кіретінін,климаты,жануарлар мен өсімдіктер дүниесі туралы кеңінен мағұлмат беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ :№57

Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы

Күні: 20.04.16

Сыныбы: 8а,8б,8в

Сабақтың тақырыбы: Тянь Шань тауы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға Тянь Шань тауының алып жатқан аумағы,жер бедері,

Қазақстан территориясының қай аймағы кіретінін,климаты,жануарлар мен өсімдіктер дүниесі туралы кеңінен мағұлмат беру.

2.Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтауын, ой-өрісін,шығармашылығын,сөздік қорын, тіл байлығын,проблемалық ізденістер тудыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Атлас картамен,кескін картамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, оған сүйіспеншілікпен қарауға,Отан сүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеу,адамгершілікке,ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың типі:жаңа білім беру

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:Қазақстанның физикалық картасы

Болжамдап отырған нәтиже:Тянь Шань тауымен танысқан тұлға қалыптастыру

Сабақтың жоспары:

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.

б)Сыныптың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

1Жетісу Алатауының Қазақстан территориясына кіретін аумағы қанша?

2.Жетісу Алатауының жер бедері.

3.Жетісу Алатауының пайда болу кезеңі.

4.Климаты.

ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау кезеңі

1.Өзен торы.

2.Жануарлары мен өсімдіктер дүниесі

ІҮ.Оқушыларды жаңа сабақты игертуге даярлық кезеңі

Жаңа тақырыппен таныстыру

Ү.Жаңа сабақ

Тянь-Шань


Тянь-Шань тау жүйесінің ғарыштан көрінісі

Координаттар: Координаттар:  43°03′06″ с. е. 80°07′32″ ш. б. (G) (O) (Я) 43°03′06″ с. е. 80°07′32″ ш. б. (G) (O) (Я)  (T)

Орналасуы

 Қазақстан
 Қырғызстан
 Қытай
 Өзбекстан
 Тәжікстан

Пайда болған кезеңі

Каледон, герцин

Ұзындығы

2500 км

Ені

400 км

Ең биік шыңы

Жеңіс шыңы

Биіктігі

7439 м

Тянь-Шань

Тянь-Шань (қыт. тянь – аспан, шань – тау), Тәңіртау  Азияныңорталық бөлігіндегі аса ірі тау жүйесі.

Географиялық орны

Тянь-Шаньның орталық бөлігі Қырғызстанға, солтүстік және батыс жоталары Қазақстанға, оңүстік-батыс шеті Өзбекстан менТәжікстанға, шығыс



бөлігі Қытайға қарайды. Батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге созылып жатыр, ені 400 км. Тянь-Шань солтүстігіндеБорохоро жотасы арқылы Жетісу Алатауымен, оңтүстігінде Алай жотасы арқылы Памир тау жүйесімен түйіседі. Солтүстік шекарасы ретінде батыста Іле аңғары, Мойынқұм, шығыста Жоңғар жазығыалынады. Оңтүстік шекарасы шығыста Тарим қазаншұңқырына сәйкес келеді. Ең биік жері – Жеңіс шыңы (7439 м.). Тянь-Шань ендік жоталар мен оларды бір-бірінен бөліп жатқан тауаралық ірі қазаншұңқырлардан тұрады.

Орографиялық құрылысы

Орографиялық құрылысы жөнінен Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс және Оңтүстік бөліктерге бөлінеді. Солтүстік Тянь-Шань Кетпен,Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле тауларынантұрады. Солтүстік Тянь-Шань жоталары 4,5 мың метрден биік:Теріскей Алатауы (5218 м), Іле Алатауы (4973 м), Қырғыз Алатауы (4875 м). Кейбір жоталар тауаралық қазаншұңқырларда доға тәріздес иіліп орналасқан. Батыс Тянь-Шаньға Ферғана, Талас Алатауы мен одан таралатын Өгем, Піскем, Шатқал жоталары және Қаратау жатады. Батыс Тянь-Шань жоталары бірте-бірте солтүстік-батысқа қарай 4,5 мың метрден 2,5 – 2 мың метрге дейін аласарады. Ферғана аңғары Батыс және Оңтүстік Тянь-Шаньды бір-бірінен бөледі. Орталық (Ішкі) Тянь-Шаньға солтүстікте Ыстықкөл қазаншұңқырынан оңтүстік-батыста Ферғана қазаншұңқырына, оңтүстік-шығыста Көкшаал-Тоо жотасына дейінгі аралық кіреді. Бұл бүкіл тау жүйесінің ең биік бөлігі. Әсіресе, оның шығыс бөлігі барынша биік (Жеңіс шыңы – 7439 м, Хан Тәңірі шыңы – 6995 м). Ортaлық Тянь-Шаньға сырт деп аталатын беті белесті, 3000 – 4000 метр биіктікте жатқан, жан-жағы биік жоталармен қоршалған тау қыраттары тән. Оңтүстік Тянь-Шань Алай жотасы, Түркістан, Зерафшан және Гиссар жоталарынан тұрады. Бұл жоталардың остік бөлігі тұтас және ондаған км-ге созылады. Шығыс Тянь-Шань ендік бойымен созылған аңғарлар, қазаншұңқырлармен бөлінген екі қатар тау жоталары белдеуінен тұрады. Борохоро, Еренқабырға, Богдо-Ола, Қарлытау жоталары құрайтын солтүстік белдеу ұзын – шығыста 95 ш.б-қа дейін жетеді. Оңтүстік белдеу қысқарақ (90 ш.б-қа дейін), басты жоталары: Халықтау, Сарман-Ула, Құрлықтау. Жоталардың басы 4000 – 5000 м биікке көтеріледі. Шығыс Тянь-Шань етегінде құрлықтағы терең қазаншұңқырлардың бірі – Турфан ойысы орналасқан.

Геологиялық құрылымы

Тянь-Шань Орал-Моңғол геосинклиналдық белдеуінің орнында пайда болған. Солтүстік Тянь-Шань каледон, Орталық және Оңтүстік Тянь-Шань герцин таужаралымда қатпарланған. Палеозой қатпарлықтарында түзілген таулар жоғары пермьде пенепленге ұшыраған. Қазіргі жер бедері неоген мен төрттік кезеңдегі жаңа тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Тянь-Шань тау жоталары палеозой мен кембрийге дейінгі дәуірлердің тау жыныстарынан құрылған, ал тауаралық қазаншұңқырлар кайнозой және ішінара мезозой шөгінділерімен толған. Ежелгі тау жыныстарымен сынап, түсті және сирек металл, фосфорит кен орындары байланысты. Тауаралық қазаншұңқырлардағы мезо-кайнозой шөгінділеріне мұнай, қоңыр және тас көмір шоғырланған.

Климаты

Мұхиттардан алыста, құрлықтың түкпірінде жатуына және жан-жағынан шөлдер қоршауына байланысты Тянь-Шаньның климаты тым континенттік, құрғақ. Көпшілік бөлігі қоңыржай белдеуде, ал оңтүстік-батыс жоталарға құрғақ субтропиктердің әсері тиеді. Тау етегінің ыстық, құрғақ климатынан биік тау басының нивальдық климатына дейін орын алады. Шілденің орташа температурасы тауаралық қазаншұңқырлардың төменгі бөлігінде 20 – 250С, орта өңірде 15 – 170С, биік тау басында 0 0С және одан да төмен. Қаңтардың орташа температурасы тау етегінде –2 – 40С (оңтүстікте), –6 – 80С (солтүстікте). Қыста биік таулы белдеуден басқа бөліктерінде суық ауа райы жылылықтармен алмасып тұрады. Қыс айларында температуралық инверсия кең алқапты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде 300 мм, тау жоталарының жоғары бөлігінде 800 мм.



Жауын-шашынның ең көп түсетін мерзімі Тянь-Шаньның солтүстік бөлігінде жазға, оңтүстігінде көктемге (наурыз  сәуір) тура келеді. Континенттік және құрғақ климатқа сәйкес құрғақшылық ландшафт типтері басым. Тау алды еңіс жазықтарын, көпшілік жоталардың етегі мен кейбір тауаралық қазаншұңқырларды шөлейт, шөл ландшафттары алып жатыр.

Мұздықтары, өзен-көлдері

Батыс Тянь-Шань

Мұздықтар үлкен биіктікте таралған және кең көлемді қамтиды. Мұз басу ауданы 7300 км2, мұздықтардың саны 7700-ден асады. Мұз басудың ең ірі ауданы Орталық Тянь-Шань (Оңтүстік Инелшік мұздығының ауданы 823 км2, ұзындығы 60 км-дей). Ірі мұздықтар Іле, Қырғыз, Теріскей Алатауларында, Ақшырақ, Көкшаал-Тоо, Шығыс Тянь-Шаньдағы Еренқабырға, Халықтау, т.б. жоталарда шоғырланған. Көбінесе аңғарлық, кар және ілінбе мұздықтар сипаттындағы өзендері Орталық Азияның ішкі алаптарына (Нарын, Сарыжаз, Сырдария, Іле, Шу, Тарим, т.б.) жатады. Ірі көлдері – Ыстықкөл, Сонкөл, Шатыркөл.

Өсімдіктері

Тянь-Шань тауындағы өзен

Оңтүстік-батыс Тянь-Шаньның сұр топырағында көктемдік бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер басым (қоңырбас, құмқияқ, таспа, т.б.). Шығыс Тянь-Шаньда қылша, кей жерлерінде сексеуіл тоғайлары, қалған бөлігінде жусан мен сораң өседі. Тауалды өңірінің жоғары бөлігін солтүстікте 1600 – 2100 м, Шығыс Тянь-Шаньның оңтүстік беткейлерінде 2200 метрге дейін шөлейт алады. Бозғылт сұр топырақта жусанды-селеулі-сораңды өсімдік топтары өседі. Батыс Тянь-Шаньның солтүстік беткейлерін 1000 – 1200 метрден 2500 – 2600 метрге дейін, шығыс Тянь-Шаньның оңтүстік беткейлерін 1800 метрден 3000 м биіктікке дейінгі аралықтағы қызғылт қоңыр және қоңыр топырақта астық тұқымдас түрлі шөптесін дала өсімдіктері өседі (селеу, бетеге, өлең). Орман тұтас белдеу құрамайды, солтүстік беткейлерде дала және шалғын алқаптарымен кезектесіп келеді. Төменгі өңірде орманның сұр топырағында жабайы жеміс ағаштары мен ұсақ жапырақты ағаштар өседі. Оңтүстік-батыс Тянь-Шаньда шоқ-шоқ болып өскен жаңғақ, жеміс ормандары таралған. 2000 мтерден жоғарыда қылқан жапырақты ормандар (шырша, майқарағай) өседі. Субальпі және альпі шалғындары негізінен 3000 – 3200 метрден жоғары солтүстік беткейлерді қамтиды. Орталық Тянь-Шань сырттарын суық шөл алып жатыр. 3600 – 3800 м биіктікте гляциалды-нивальды (мұзды-қарлы) белдеу басталады. Жоғарғы биіктіктегі ішкі тұйық қазаншұңқырларға тастақты шөл, шөлейт және құрғақ дала ландшафты сипатты.

Қорықтары









-

Ақсу Жабағылы қорығы

Тянь-Шань табиғаты мен оның өзіне тән өсімдіктер, жануарлар дүниесін қорғау үшін бірнеше корықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Олардың ішіндеАқсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931) қорықтары үлкен орын алады. 1996 жылыАлматы маңы Іле Алатауы ұлттық паркі кұрылды.[1] [2]\

ҮІ.Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі

1.Қазақстандық Тянь-Шань географиялық орналасуы бойынша неше топқа бөлінеді? (3 топқа)

2.Біздің елімізгетаудың қаңдай бөлігі енеді?(Солтүстік, батыс)

3. Тянь-Шаньатауы қандай мағына береді?(қытай тілінде «Тәңір шыңы, «Аспан тау»)

4.Ең биік шың? (Хантәңірі 6995м)

ҮІІ.Жаңа сабақты бекіту кезеңі

Тянь –Шань тобына сұрақтар құрастыру.

Кескін карталарына  тауларды , жоталарын, биік шыңдарын белгілеу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі

ІХ.Бағалау






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1815
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі