Сабақ жоспары: Үйірме.2-сынып әдебиет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Үйірме.2-сынып әдебиет

Материал туралы қысқаша түсінік
2.1.1 Өлеңді оқып , үйірме түрлерін біледі және түсінеді . 2.1.2 Мұғалімнің көмегімен қарапайым сұрақтар қойып үйренеді .
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

Менің мектебім

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: 2

Қатысушылардың саны

Сабақтың тақырыбы

Үйірме

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.1 Өлеңді оқып , үйірме түрлерін біледі және түсінеді .

2.1.2 Мұғалімнің көмегімен қарапайым сұрақтар қойып үйренеді .


Сабақтың мақсаты

  • Тақырып бойынша сұрақтар қояды және жауап береді


Сабақ барысы

Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (5)


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. - Сәліметсіңдер ме, балалар! Жұмыс орнымызға назар аударайық. Жұмыс орындарыңда тұрған сабаққа арналған қосымша ақпараттар мен үлестірмелі материалдарды менің нұсқаулығым бойынша қолданасыңдар.

Жұмыс орындарымен танысады.


Презентация

  1. Психологиялық ахуал. «Өлең шумақтары» әдісі

Бүгінгі сабақты бастау үшін «өлең шумақтары» әдісін қолданамыз .Қанекей , бәріміз артамнан қайталаймыз.

Бір,екі,үш

Сынып іші тып-тыныш .

Жалқаулықты тастаймыз .

Сабақты біз бастаймыз .

Мұғалімнің артынан қайталайды.


«Өлең шумақтары» әдісі

  1. Бағалау стикерімен таныстырады.

Сабаққа белсенді қатысқан, менің сұрақтарыма толық, әрі дұрыс жауап берген оқушыларға стикер беремін. 1 стикер 1 қосымша баллға тең.

Әр оқушыға өзін-өзі бағалау парақшасын береді .

Бағалау парақшасымен , стикерімен танысады.


Бағалау парақшасы, стикері презентация

  1. Қызығушылығын ояту.

Сабақтың тақырыбы:

Қанекей ,балалар кітаптағы суретке назар аударайықшы . Суретте не көріп тұрсыңдар ? (домбырада ойнау,сурет салу,шахматта ойнау,роботехника)

Ал бүгін біз не үйренеміз деп ойлайсыңдар?

Сабақтың мақсаты:

  • Үйірме деген не екенін білесіңдер

Сабағымызды бастайық!

Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды.

ҚБ. «Мадақтау»

оқулық







  1. Сабақ ережелерімен таныстыру.

  • Алда топтық, жұптық жұмыстар жасаймыз. Сол үшін топтық, жұптық жұмыс ережелерін есімізге сақтап алыңдар.

  • Сабақта дұрыс отыру тәртібін ұстаныңдар.

Сабақтың ережелерін естеріне сақтайды. Оларды ұстанады.



Сабақтың ортасы (35)


  1. Жаңа білімді меңгерту.

Білу деңгейі. 1-қадам: «Өлеңмен жұмыс».

1. Өлеңге назар аударайық.

Үйірмеден үйірме

Үйірмеміз көп біздің,

Бәрін қолдан өткіздің.

Үйірменің сен барған

Санын онға жеткіздің.

Бір күні болдың аспазшы,

Болдың бірде бақташы.

Бірде болдың модельші,

Ұнамады басқасы.

Сөйтіп жүріп спорттың

«Сортын» қудың үш-төрт күн.

Ұста болып саусақты

Тістеуікке тістеттің.

Оны тастап бір кеттің,

Биші болдың сен көп күн.

Таба алмадың сонымен

Жеңіл жолын еңбектің.

Жүрсің әлі секеңдеп,

Арманыма жетем, - деп,

Жалқауларға үйірме

Ашылмайды екен, - деп.

Әр оқушы өлеңді 2 шумақтан оқып шығасыңдар . Жақсы оқыған балаға стикер беріледі .

1 – тапсырма . Өлеңдегі автордың көңіл-күйіне сәйкес келетін сөздер табуымыз қажет .

a) мақтау;

ә) ренжу;

б) сүйсіну;

b) риза болу;

(г) көңілі толмау.

2-тапсырма. Иә/жоқ деп жауап бер .

Топтық жұмыс. Мен әр топқа тапсырманы таратып беремін , Қай топ жылдам қозғалып және дұрыс жауап берсе сол оқушыларға стикер таратамын .

Әр топ өз жұмыстарын тапсырғаннан кейін , қатемен жұмыс жасаймыз .

Өлеңге назар аударады . Мұғалімді мұқият тыңдайды.























Өлеңді мәнерлеп оқиды .



Өлеңдегі автордың көңіл-күйіне сәйкес келтін сөзді табады.






Ұжымдаса отырып , тапсырманы орындайды .

Оқушылардың тыңдалымы бағаланады

























Стикер




ҚБ. Мадақтау

Жарайсың !







Ауызша бағалау.

Оқулық

























Оқулық




Стикер, оқулық, бағалау парақшасы






Стиер , жұмыс парағы

2. Сергіту сәті . Барлығымыз тұрамыз, мен музыка қосамын және менің артымнан іс-қимылдарды қайталап, бір сергіп аламыз .


3. Жұптық жұмыс . Қатысып жүрген үйірмелерің жайлы диолог құрастырыңдар.

Балалар , мысалы :

  • Алмас сен мектептен кейін қай жерге барып жүрсің?

  • Мен менктеп кейін үйірмге барамын.

  • Қандай үйірмеге барасың ?

  • Сурет салу үйірмесіне

  • Жарайсың Алмас !

  • Ал сен қай үйірмеге барасың ?

  • Мен , шахматқа барамын . Маған шахматта ойнаған ұнайды .

Осындай сияқты әр жұп диалог құрастырады .

4. Дәптермен жұмыс . Дәптерімізді ашамыз. Бүгінгі күн ретін жазамыз . Мен тақтаға жазғанымды дәптерге жазамыз .

Мен бос уақытымды өзіме арнаймын . Мен бос уақытымда ______ үйірмесіне барамын. Маған осы үйірмеге барған қатты ұнайды .


Сергіту сәтін орындайды .





Әр жұп диолог құрастырып , өздері жайлы айтады .













Дәптермен жұмыс жасайды.






Бәрекелді !





Өзін-өзі бағалау парақшасын толтырады .













Бағалау парақшасы .





Музыка






Өзін-өзі бағалау парақшасы












Дәптер








Бекіту тапсырмасы. «Күн көзін ашу» әдісі. Қанекей балалар, бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін мына күн көзін жауып тұрған бұлттарды алуымыз қажет . Бұл бұлттарды алып тастау үшін бұлттың артындағы сұрақтарға жауап беруіміз қажет .

1. Қандай үйірме түрлерін білесің ?

2. Қай үйірме түріне қатысасың ?

3. Саған үйірмеге қатысқан ұнайдыма ?

4. Үйірмеде не үйренгің келеді ?

5. Қандай үйірмеге қатысқың келеді ?

6. Сенің ерекше қабілетің барма ?

7. Үйірмеде өзіңнің досың немесе бауырың болғанын қалайсың ба ?



Бұлттың артындағы сұрақтарға жауап береді .

Жарайсың , Тамаша !

«Күн көзін ашу» әдісі.

Сабақтың соңы

(5)

VII. Сабақты қорытындылау. Біздің сабағымыз аяқталды. Бүгінгі сабақта қанша стикер жинадыңдар ?

Тамаша! Бұл «стикер» сендерге үй жұмысын орындауда көмегін тигізеді. Сондықтан оны kundelik.kz сайтына жүктеймін.

«Білім қоржынына» салған ақпараттарды есіне түсіреді.


Презентация

VIII. Үй тапсырмасы: 72-бет. Ойлан




IX. Бағалау парақшасы. Бағалау парақшасына жазған ұпайларымызды санап, соңғы ұяшыққа қорытынды баллымызды қоямыз.

Бағалау парақшасына қорытынды ұпайларын жазады.


Бағалау парақшасы

X. Рефлексия. «Қоржындар».

Күн. Өте жақсы түсіндім (3 рет шапалақтайды)

Бұлт. Жақсы түсіндім (2 рет шапалақтайды)

Найзағай. Әлі де іздену керек (1 рет шапалақтайды)

Кері байланыс жасайды.


Презентация

     



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2024
282
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі