Материалдар / Сабақ жоспары "Угариттік Финикийлік әдебиет "
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары "Угариттік Финикийлік әдебиет "

Материал туралы қысқаша түсінік
Угариттік Финикийлік әдебиет жайлы толық түсінік беріп, оқушыларға Финикия әдебиетінің өте бай және әртүрлі ерекшеліктерімен және шығармаларымен таныстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2021
1074
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:


Пәні:

Шетел әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:

Угариттік Финикийлік әдебиет

Сынып:


Сабақтың мақасаты:

Угариттік Финикийлік әдебиет жайлы толық түсінік беріп, оқушыларға Финикия әдебиетінің өте бай және әртүрлі ерекшеліктерімен және шығармаларымен таныстыру.

Тілдік мақсаты:

  1. Оқушыларға Угариттік әдебиеттің ауызшы және жазбаша фольклорын толық меңгерту.

  2. Финикийлердің суреттерімен шектемей, адамдардың жан дүниесін, ішкі әлеміне терең үңіле білуі.

  3. Тарихи дәстүрлер жайлы шығармаларды талдау.

Үй тапсырмасын тексеру.


Жоспар

Уақыт 5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару.


Үй тапсырмасын ұяшықтарды таңдап ондағы сұрақтарға жауап беру арқылы тексеру.

Ортасы

25 минут

Жаңа сабақ

Финикия әдебиеті өте бай және ол көрші елдер мен халықтар жазбасына айтарлықтай (стилистика мен кейбір сюжеттік сарындарға) әсер еткен десе де, қазіргі күнге дейін оның белгісіз тұстары кездеседі. XIX ғасырдың 20 жылдардың соңына дейін ғалымдар финикийлік авторлардың жазған шығармалары болар деген мәліметті болжап қана айтқан. Тек 30 жылдары Ежелгі Угариттегі (солтүстік Финикия) жүргізілген археологиялық жұмыстар нәтижесінде кең көлемде табылған б.з.д. ІІ мыңж. ортасындағы алдыңғы азиалық халықтардың семит тіліндегі жазба ескерткіштері деген пікір қалыптастасқанымен, өкінішке орай, олар нашар сақталған. Дегенмен, осы ескерткіштерді зерттеу барысында ежелгі Финикия әдебиетінің негізгі бағыттары туралы мағлұмат алуға мүмкіншілік туды. Бұл жазбалар фольклорлы поэтикалық шығармалар (эпос, мифтер), оған қоса діни іс-әрекеттер мен құдайларға арналып айтылатын әнұрандар болып табылады. 
Б.з.д. ХІY ғ. Угаритте канондық мәтіндер жиынтығы қалыптасқан. Осының өзінен угарит қоғамында ұзақ жылдарға созылған күресті байқауға болады. Элимильктің жазбалары бойынша, сол кездегі эпос, мифтердің қалыптасуын б.з.д. ІІІ мыңж. соңы мен ІІ мыңж. басына жатқызуға болады. 
Угариттік әйгілі әдеби ескерткіштердің қатарына Керет туралы эпос жатады. Зерттеу барысында шығармада б.з.д. ІІ мыңж. Угаритті басқарған патшалықтың ұрпағы туралы жазылғаны анықталды. Мұнда Керет жоғарғы құдай Элдің баласы ретінде сипатталған. Жеткен үзінділерде Кереттің қалыңдық үшін жолға аттануы, құдайға берген уәдесі, оның орындалмауы мен Кереттің ауруға шалдығуы, науқасынан қайта айығуы мен өзінің тұңғыш баласымен тақ үшін болған күресі туралы айтылған. 
Мұндай оқиға желісі ауызша фольклордың дәстүрлі әдісі болғанымен, Угаритте өзіндік ерекше сипатқа ие болған. Эпостағы Кереттің қалыңдық іздеуіне бас кейіпкердің әйелі мен балаларының өлімі түрткі болып, оның түсіне Эл құдайы еніп, Удм еліне бар деп аян береді. Кейін Керет ол елдің патшасы Пебелді қызы Машат-Хурайды әйелдікке беруіне мәжбүрлейді. Керет Эл құдайының айтқандарын бұлжытпай орындап, қызға үйленеді. Шын мәнінде, Кереттің жолға шығуы екі рет суреттеледі. Кереттің үйлену салтанаты қоғамдағы ең маңызды оқиға ретінде суреттеліп, алғашында ол Элдің өсиеті мен Креттің жорамалы, кейіннен шынайы өтіп жатқан құбылыс ретінде баяндалып, оған барлық ел қатысады. Бұл салтанат тек жеке отбасылық сипатта ғана емес, сонымен қатар өзіндік үлкен маңызға ие болған. Себебі Кереттің үйленуі қоғамға тек жақсылық пен береке әкелуі тиіс. Ал бұл жақсылық тек ел басшысының жақсылыққа кенеліп, ұрпағы болған жағдайда ғана жүзеге аспақ. 


Сергіту сәті!

Сабақтың соңы

Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі

Мен бүгін білдім...

Мен бүгін сезіндім...

Мен келесі сабақта білгім келеді...


Рефлексия


Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске астыма? (тапсырмалар сәйкес болдыма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Қорытынды:

Оқушыларды бағалау

Үй тапсырмасы:

Өтілген тақырып бойынша тест құрастыру (20 сұрақ)



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!