400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Сабақ жоспары "Зар заман" толғауы 7 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша құрылған. 7 класс оқу бағдарламасы бойынша 2 сабақ. Зар Заман толғауын талдау. Әдебиет пәніне арналған тақырып. Сабақ жоспарында өлеңді оқып талдау жұмыстары туралы жазылған. әріптестеріме көмек құрал ретінде ұсынып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

«Толғауы тоқсан қызыл тіл»

Мектеп:№27 орта мектеп-лицейі


Күні: 13.11.18

Мұғалімнің аты-жөні: Бакитжанова Г.Ш.

СЫНЫП:7

Қатысқандар :


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы (өліңді талдау)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру (7.Б/С2).

көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау (Т/Ж3).

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Шығармадағы кейіпкерлерді анықтай алады

Оқушылардың басым бөлігі:

Шығармадағы сипаттамалар бере алады

Кейбір оқушылар:

Заманауи тұрғыдан баға береді

Ойлау деңгейі

Талдау, қолдану

Бағалау критерийі

Заманға деген өз көзқарасын білдіреді.

Қазіргі заманның салыстырмалы сыни бағасын береді

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғыдан ойлау

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы : ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар, қазақ тілі

Тілдік мақсаттар

Оқушылартақырыпты түсініп, сабақ барысында берілген тапсырмаларды орындайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Кек, заманақыр, қоңсы, қайыр, пара, азулы, кәпір, жарлы, зар заман

Сыныптағы диалог /жазылым үшін пайдалы тілдік тіркестер : зар заман, тар заман, хал кету, пара алу, тәубеден жаңылу.

Алдыңғы оқу


Зар заман өлеңі


Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал.

►«Сәлем сөздің анасы» жаттығуы арқылы сәлемдеседі «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей амандасып алайық.Қатысушылардың орындықтарының арқасында , сары, қызыл, көк, түсті қағаздар ілінеді.Түстері сәйкес келген адамдар бір- бірімен амандасады.1- топ (көк түстілер) Сәлем! деп екі қолдарын жоғары көтеріп амандасады2- топ-(сары түстілер) Нai- деп оң қолдарын көтеріп амандасады3 -топ- (қызыл түстілер) қолдарын кеуделеріне қойып бастарын иеді

►«Жетістікке жету» тренингіне қатысады.Мұғалімнің кіріспе сөзі:Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетістіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам  бақытының қайнар көзі. Жетістікке жетудің екі жолы бар: өз ақылыңды пайдалану және басқалардың ақылынан пайдалану. Ле БРУЙЕР       -   Адамның көңіл күйі сергек болса, айналасындағы болып жатқан өзгерістерді жақсы оймен қабылдайды демекші, қазіргі уақыттағы көңіл күйлеріңіз қалай?(  Екі қолыңызды жоғары көтеріп 3 рет шапалақтап көңіл –күйлерін білдіріп қояды)


Жетістік суреті

Сабақтың ортасы

«TeD әңгімелері (talks)»

Оқушыларға «Мына заман қай заман» тақырыбына қатысты 3-5 минуттық TED әңгімелерін (talks) жеке немесе топтарда дайындау тапсырылады. Егер топтарда дайындалса, топтардан бір спикер сайланады. Спикерлер әрдайым ауысып отырса, оқушылардың барлығын оқумен қамтуға мүмкіндік туады. Оқушыларға 5 минуттық сөз дайындауға беретін тақырыптың өзектілігіне мән беріледі, себебі, тақырып оқушыларды креативті ойлауға , шығармашылыққа жетелесе сәтті болады.






«Қазына іздеу» жаттығуын жүргізу үшін оқушыларға мәтін немесе бөлім мазмұны бойынша олардың іздейтін қазыналарының сипаттамалары беріледі. Қазына ретінде кейіпкер бейнесін айқындайтын түйінді сөздер, сөйлемдері бар үзінділер алынуы мүмкін. Оқушылар әрбір қазынаны тапқаннан кейін, өлеңдегі лирикалық кейіпкердің жиынтық бейнесін құрастырады.

Ж.

Мұғалім оқушыларға аталған тұлғалардан басқа жергілікті тарихи тұлғаларды зерттеуге мүмкіндік бере алады.

Оқушылардың зерттеу жазбалары арқылы бақылау.

Оқушылар зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін онлайн ресурстар да қолдана алады



Кейбір сөздердің мағынасын мұғалім айтады, қалғандарын оқушылар «белсенді» тапсырма арқылы (түсіндірме сөздікпен жұмыс) өздері табады.



Сабақтың соңы









«Синкуэйн» тәсілі

«Мен ақынша толғаймын» қазына ретінде берілген түйінді сөздерді қолданып, бес жолды өлең құрастыру.

«Екі жұлдыз бір тілек»

Кері байланыс: Ұнады; ұнамады

Үйге тапсырма:  қайталау




Екі жұлдыз







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
905
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі