Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары.Неліктен «Алаш» партиясы халық қолдауына ие болды.9-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге,сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан тарихы, 9 «Ә,Б» сынып.

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан.

Ғ.Мұратбаев ат.№61 ЖОМ КММ. Амирекулова.И.А.

Сабақ тақырыбы

«Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы

Зерттеу сұрағы: Неліктен «Алаш» партиясы халық қолдауына ие болды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;

8.3.1.4 «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау;

8.2.3.1 Ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру

Сабақ мақсаты

Қазақ халқының тұңғыш саяси партиясының құрылуы мен оның маңызына баға беріп, алғашқы бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық-саяси өмірдегі маңызын талдау

Бағалау критерийлері

Әрбір тапсырманың критерийлеріне сәйкес білу, түсіну, білімін қолдану, жинақтау, бағалау дағдылары бағаланады. (жоспар ішінде)

  • ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласындағы саяси белсенділіктің негізінде құрылған саяси партиялардың мақсат , міндеттерін талдайды.

  • «Алаш» партиясының ұлттық сананы жаңғыртудағы рөліне баға беру;

  • Берілген тұлғалардың атынан «Қазақ» газетіне мақала жазу арқылы, ХХ ғасырдың басындағы қазақ халықы үшін өзекті болған мәселелерді көтереді.


Тілдік мақсаттар


«Ресей Мемлекеттік Думасы ғимаратына Әлихан Бөкейханның мүсіні қойылды» тақырыбындағы бейнежаналықтан Ресей Мемлекеттік Думасына мүше болған қазақ депутаттарының ролін анықтайды (тыңдалым дағдысы);

Деректерден 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің әлеуметтік, экономикалық және саяси сипаттағы салдарын анықтап, талдайды (оқылым және айтылым дағдылары);

ПТМС –формуласы бойынша «Қазақстанда саяси белсенділік артты...» өз пікірлерін негіздеп, XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістерге баға береді (жазылым мен айтылым дағдылары);

Пәнге тән лексика мен терминология:


Ұлттық мүдде, «Алаш» партиясы, ұлт зиялылары, ұлттық баспасөз құралдары, «қазақ» газеті.


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Қазақстанда саяси белсенділіктің артуының себептері...

Қазақ зиялыларының саяси көзқарастары....

Келесі себептер/ факторлар.... қысқа

мерзімді/ орта мерзімді/ ұзақ мерзімді болып келеді.

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды, себебі…

Құндылықтарды

дарыту



Құндылықтар:

  • патриотизм

  • өз елі үшін мақтаныш

  • ұлттық сана-сезім

  • тәуелсіздік

Пәнаралық

байланыстар

Мазмұны бойынша қолданылған материалдар арқылы дүние жүзі тарихы пәнімен байланысады.

ІТ қолдану

дағдылары

Белгілі бір тақырып бойынша бейне сюжетті пайдалануы.

Ақпарат іздеуде арнайы сайттардан алынған материалдарға сілтеме көрсетуі.

Бастапқы білім


ХХ ғасырдығ басындағы қазақ жеріндегі қоғамдық-саяси өмір туралы және қазақ зиялыларының ұлттық мүддені қорғаудағы алғашқы қадамдарын, мақсаттары мен мүдделерін біледі.

Дифференциация

Сабақтың әрбір кезеңінде жасырын дифференциация бар. Дифферинциация тапсырма, әрбір оқушыға жеке көмек беруде, оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне қарай тапсырмаларды таңдап алу арқылы жүзеге асырылады. Дифференциация сабақтың уақытын тиімді қолдану арқылы әрбір кезеңінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Сабақ түрі

Аралас сабақ – жаңа білімді игеру және тақырыпты бекіту.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3-5 минут


  • Қазақ зиялыларының ХХ ғасырдың басындағы саяси белсенділігі немен байланысты?

  • Қазақ халқының қандай мақсат, мүдделерін қорғауы мүмкін?

  • Суретте көрсетілген атты әскермен қазақ зиялыларының арасында қандай байланыс болуы мүмкін?


Жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары хабарланады



https://www.inform.kz/kz/21-shilde-alash-partiyasy-kurylgan-kun_a3326633





Слайд

Сабақтың ортасы жалпы

20-22 мин


















10-12 минут




















1 тапсырма(Т) . «Газет бетін» жасау

Дескрипторлары:

  • «Алаш» партиясы және қазақ зиялыларының жер, тәуелсіздік, теңдік идеялары туралы ақпараттарды қамтиды;

  • Қазақ зиялыларының қызметі мен ролінің маңыздылығы туралы пікір жазады; (Ғаламтордан белгілі тұлғалардың пікірін алады)

  • «Алаш» партиясының идеяларының қазіргі заманмен байланысы туралы пікір жазады.

  • «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының бірінің бетінің көркем безендірілген постерін жасайды.

  • Тайм-менеджментті сақтап, таныстырылымын жасайды (2 минут)



2-тапсырма(Ж/Т). РАФТ Тарихи хат. Дескрипторлары:
Хат бір тұлға атынан нақты аудиторияға арналып жазылады;
Көлемі 110 сөзден кем болмайды;
Тарихи терминдерді дұрыс қолданады;
Дәйектерді (аргументтерді) келтіреді;
Қорытынды ой-түйін жасайды.

Рөл

Аудитрия

Формат

Тақырып

Ә. Бөкейханов

А.Байтұрсынов.

М.Дулатов.

Ә.Ермеков

Жұмысшылар

Зиялылар

Ауыл тұрғындары

Күнделік (Дневник)

Есеп беру (Отчет)

Үндеу (Призыв)

Бұйрық (Приказ)

Алаш партиясының бағдарламасы



Слайд.




















Слайд

















Сабақтың соңы. Қорытынды бөлім. 5-7 минут

Кері байланыс:

Білемін

Білгім келеді






Слайд

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушыларға дерек көздері арқылы өз бетімен

анықтау және кейбір оқушыларға арнайы берілген құжаттар ұсыну жоспарланады.

Қабілеті жоғары оқушыларға талдау жасау үшін «эксперт» ролі ұсынылады.


Тақырып бойынша білімін бағалау (диагностика) сабақтың кіріспе бөліміндегі әңгімелесу кезінде іске асырылады. Қалыптастырушы бағалау дескрипторларға сәйкес жүргізіледі.

2-тапсырманың орындалуын оқушылардың өздері дескрипторларға сай бағалайды, бірнеше оқушыға «эксперт» роліне қойып бағалатуға болады.

Парталарды топтық жұмысқа ыңғайлы етіп орналастыру.

Ноутбуктерді зарядталып дайын тұруын ұйымдастыру.

Қоңырау уақытында кабинеттің ауасын желдетіп тазартып қою.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2020
852
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12