Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ІТ-МЕКТЕП – ЛИЦЕЙІ
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Сабақ мақсатына негізделген тапсырмаларға сай дескриптор құру
Жанекеева Марал Сушиевна
Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақ мақсатына негізделген тапсырмаларға сай дискриптор құру
Мақсаты: оқу үдерісінде оқыту технологияларының элементтерін енгізе отырып, сабақ мақсатына негізделген тапсырмаларға сай дискриптор құру арқылы оқушының нені меңгергенін, нені жасай алғанын, жетістікке қалай жеткенін оқушының өзі саралап түсінетеніндей жағдай туғызу
Міндеттері:
1. Оқу үдерісіне деңгейлік тапсырмаларды енгізу, дескриптор құру арқылы оқушының нені меңгергенін, нені жасай алғанын, жетістікке қалай жеткенін оқушының өзі саралауына жағдай туғызу
2. Ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар өту, қолдану арқылы нәтижелерін бақылау, байқау, саралау
Кіріспе: Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. "Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне қолғабыс, сүйеніш есебінде қолдануы керек",- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді.
Бағалау бірінші кезекте білімнің сапасын айқындау үшін қажет. Егер де біз өз жұмысымызда елеулі табыстарға қол жеткізгіміз келсе, онда өткен уақыттағы және қазіргі нәтижелерімізді анықтауымыз керек, яғни жұмысымыздың оң жақтары мен кемшіліктерін айқындап, оны бағалауымыз қажет.
12 жылдық білім беруге көшу мектептегі оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін қайта қарастырып, өзгеріс енгізілуде.
Критериалды бағалау бойынша мысалы формативті бағалауға тапсырма жасаған кезде оқу мақсаты /сабақтың мақсатындағы етістікті Блум таксономиясының қай сатысы екенін анықтап алу қажет. Яғни, ойлау дағдыларының деңгейін сәйкестендіреміз. Оқу мақсаттарын ойлау дағдыларының деңгейімен және бағалау критерийлерімен сәйкестендіру маңызды рөл атқарады. Оқу мақсаты — дегеніміз оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктерінің күтілетін нәтижесі арқылы қалыптасқан тұжырым.
Берілетін тапсырма Блум таксономиясы бойынша сол ойлау деңгейінен асып кетпеуі шарт. Қолдану болса тапсырмада одан жоғарғы талдау, жинақтау, бағалау бойынша тапсырмалар берілмейді.
Мысалы тапсырма: тікбұрышты параллелепипедтің көлемі мен қырының ұзындығын табуға берілген есепті шығару. Көлемі, ұзындығы, ені белгілі қораптың биіктігін тап:
Бағалау критерийі:
тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табу формуласын білу
формуланы пайдаланып, есепті шығару
көлемнің өлшем бірліктерін қолдану
V |
84 000 см3 |
360 дм3 |
720 000см3 |
a |
70 см |
8 дм |
90 см |
b |
20 см |
5 дм |
50 см |
h |
? см |
? дм |
? см |
Дескриптор:
тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табу формуласын біледі
формуланы пайдаланып, есепті шығарды
көлемнің өлшем бірліктерін қолдана алды
Тапсырманы оқушыға нақты критериймен, дескриптормен ұсынғанда оқушы өзінің нені жасау керектігін, нені жасай алғандығын өзі анықтап, түсініп, өзінің жетістігін көре алды.
Блум таксономиясы оқыту нәтижелерін жазу үшін жиі қолданылады, ол дайын құрылыммен және етістіктер тізімімен қамтамасыз етеді. Етістіктерді дұрыс қолдану – оқыту нәтижелерін ойдағыдай жазып шығудың кілті. Бағалау критерийі де оқу мақсатымен тығыз байланысты. Бағалау критерийі дегеніміз — білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме. Одан кейін тапсырма құрастырамыз. Бағалау критерийінен дескрипторлар беріледі, яғни критерийді қадам бойынша ашамыз. Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады.
Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің, тапсырмаға, оқушы деңгейіне сай құрылған дескриптордың көмегімен мұғалім де, білім алушы да:
• Білім алушы оқытудың қай сатысында?
• Олар білім алуда неге талпынады?
• Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? - екенін түсінеді. Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Бағалау бойынша нормативтік құжаттар:
1.Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 18 бұйрығымен енгізілген өзгертулер ескерілген Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын жүргізу және ұйымдастыру Ережесі;
2.ҚР БжҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаметінің № 11-4/744 13.04.2017ж. күнгі хаты;
3.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының 19.04.2017ж. (№ 17 хаттама) шешімімен бекітілген Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламалары бойынша бағалау рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу Ережесі.
Критериалды бағалау бойынша нормативтік құжаттардағы
өзгерістер мен толықтырулар:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» N 125 Бұйрығы (2018 жылдың 14 маусымындағы №272 өзгерістермен);
2. 2018 жылғы 26 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдарының жеке санаттағы педагог қызметкерлері жүргізу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы» № 32 бұйрығы.
Аталмыш құжаттар аясында бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. Соған сай оқытудың технологиялық тәсіліне төмендегідей талаптар қойылады:
Мақсаттар қою және оны мүмкіндігінше нақтылау, оқу мақсаттарын оның нәтижеге жетуі бағдарланатындай етіп анықтау;
Оқу материалдарын дайындау мен барлық оқытудың барысын оқу мақсаттарына сай ұйымдастыру;
Қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған күнделікті нәтижені бағамдау, оқытуды түзету;
Нәтижені қорытынды бағамдау.
Бағалаудағы критериалды тәсілдер:
Оқу мақсаттары: Білім беру жүйесін жобалаудағы «Кері дизайн»;
Бағалау түрлері: қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау;
Бағалау критерийлері: ойлау деңгейлері (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау), сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым), әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, дескрипторлар;
Бағалау шәкілі: белгілі пайыздық қатынаста бағалау рәсімдері топтамасының балдар қосындысы ретінде;
Бағалау қағидаттары.
Когнитивті саладағы оқу мақсаттарының категориялары
Білім
Бұл категория зерделенген материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртуды білдіреді.
Оқушы: терминдерді, нақты фактілерді, әдістер мен тәртіпті, негізгі түсініктерді, ережелер мен қағидаттарды біледі.
Демек, тапсырма үшін критерий қою кезінде, дескриптор құру кезінде оқушының осы тақырып, тапсырма туралы нені білетінін анықтау үшін тапсырма, сұрақ дайындау. Ескере кететіні А деңгейлі оқушы үшін критерий мен дескриптор 3, 5 т.б сатыдан тұрса, С деңгейлі оқушы үшін 2 немесе 1 ғана сатыдан тұруы мүмкін.
Түсіну
Зерделенген материалды түсіну қабілетінің көрсеткіші оны бір формадан екінші формаға, өзгерту, (трансляция) бір тілден басқа тілге «ауыстыру»(мысалы, тілдік формадан математикалық формаға) болып табылады. Оқушының оқу материалын өзінше түсіндіруі (қысқаша түсіндіруі) немесе оқиға мен құбылыстың әрі қарайғы барысын жорамалдауы да (салдарын, нәтижесін алдын-ала болжауы) түсінудің көрсеткіші болып табылады. Бұндай оқу нәтижелері материалды құрғақ есте сақтаудан асып түседі.
Оқушы:фактілерді, ережелер мен қағидаттарды түсінеді, тілдік материалды, графиктер мен диаграммаларды түсіндіреді (интерпретациялайды), тілдік материалды математикалық өрнекке өзгертеді, қолдағы бар деректерден туындайтын нәтижелерді жобалап сипаттайды. Міне осылай дескриптор құру барысында мұғалім оқушыны түсіне алды ма деп анықтаса, оқушы өзін түсіндім бе, жасайалдым ба деп, өзінің қай деңгейде тұрғанын анықтай алады.
3. Қолдану
Бұл категория нақты материалды нақты және жаңа жағдайда қолдану білігін білдіреді. Бұған ережелер, түсініктер, заңдар мен теориялар, әдістерді қолдану кіреді. Оқытудың сәйкес нәтижелері материалды түсінгеннен де гөрі неғұрлым жоғары деңгейді талап етеді
Оқушы:түсініктер мен қағидаттарды жаңа жағдайда қолданады, заңдар мен теорияларды нақты практикалық жағдайларға қолданады, әдістерді дұрыс қолдануды көрсетеді. Мысалы сабақтың тақырыбы «Етістік». Білу кезеңінде оқушының етістік туралы бұған дейін не білетінін немесе негізгі ұғымды анықтадық. Түсіну кезеңінде етістікті қай кезде қолданатынын және қай сөз табымен байланысатыны қаншалықты түсінгенін анықтадық. Осы қолдану кезеңінде оқушының берілген тапсырманы орындау барысында өз білімін қолдану дәрежесін анықтадық.
4.Талдау
Оқушы: Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;
Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,
Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.
Тапсырмалар түрі:
Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.
Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау.
Оқушы:жабық(жасырын) болжамдарды бөледі, пайымдау логикасындағы қателіктер мен жетіспеушіліктерді көреді, фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықтарды келтіреді, мәлеметтердің маңыздылығын бағалайды.
«Етістік» тақырыбындағы сабағымызда А деңгейлі оқушы етістіктің бір ғана сөзбен емес, бірнеше сөзбен де айтылатынын анықтауы мүмкін. Осы мақсатта дескиптор құру кезінде А деңгейлі оқушы үшін бұл сатыны да ескеру маңызды.
5. Жинақтау
Оқушы: Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.
Тапсырмалар түрі:
Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз,
бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.
Оқушы:шағын шығарма, эссе жазады, эксперимент жүргізудің жоспарын жасайды, қандай да бір проблеманы шешудің жоспарын салыстыру үшін түрлі саланың білімін қолданады.
Критерий және десриптор құру кезінде тапсырма ішіндегі болымды, болымсыз немесе негізгі және туынды етістіктерге назар аударту үшін сұрақтар мен тапсырмалар беруді ескерген жөн.
6. Бағалау
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын
білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол
жеткізуді меңзейді.
Оқушы: Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындайды;
Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
Оқушы:жазбаша мәтін түріндегі материалдың қисынды құрылуын бағалайды,қорытындылардың қолдағы бар деректерге сәйкестігін, сапаның сыртқы критерийлерінен туындайтын іс-әрекет өнімінің маңызын бағалайды.
2-кесте. Пайдаланылатын етістіктер
Оқытудың кіріктірілген үдерісі
Оқу мақсаттары
Олар қандай?
Мен қайда талпынамын?
Мен қай тұстамын?(Оқу мақсаттарына қатысты оқушының қарым-қатынасы)
Бөлім/тақырыптардың негізгі идеясы қандай?
Критерийлер
Оқушылар мен мұғалімге түсінікті ме?
Сапалы жұмыс қандай болады? Өзімнің қай деңгейде екенімді қалай білуіме болады?
1Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтиже. Қол жеткізілетін және күтілетін нәтижелердің арақатынасын есепке ала отырып, сондай-ақ, оқушылардың қажеттілігіне қарай мақсатты анықтау.
Бағалау құралдары. Оқу мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін құралдарды (критерийлер, дескрипторлар, деңгейлер және т.б.) құрастыру.
Оқыту әдістері мен бағалау. Сабақта оқу мақсатына жетуді қамтамасыз ететіндей іс-әрекеттерді жоспарлау.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз: – білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы; – мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы; – ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы; – басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну.
1. Бағалау-оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін бақылау, оның білім деңгейін анықтау үшін ақпарат жинау;
2.Баға беру-бағалаудың нәтижесі, яғни сапалы кері байланыс;
3.Баға- символ, оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау.
Критерий (гр.kriterion) –деген сөз. Орындалуы қандай да бір заңның немесе тәсілдің қолданушылығын қамтамасыз ететін шарт.
Критериалды бағалау – бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу – танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
Анық, айқындылығы;
Бағаның әділдігі;
Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі;
Дескриптор(Standard)-оқушының белгілі бір тапсырма бойынша орындалған жұмысының деңгейін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым.
Дескриптор- оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамының жетістігі.
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама
Критериалды бағалау бойынша мысалы формативті бағалауға тапсырма жасаған кезде оқу мақсаты /сабақтың мақсатындағы етістікті Блум таксономиясының қай сатысы екенін анықтап алу қажет. Яғни, ойлау дағдыларының деңгейін сәйкестендіреміз. Оқу мақсаттарын ойлау дағдыларының деңгейімен және бағалау критерийлерімен сәйкестендіру маңызды рөл атқарады. Оқу мақсаты — дегеніміз оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктерінің күтілетін нәтижесі арқылы қалыптасқан тұжырым.
Берілетін тапсырма Блум таксономиясы бойынша сол ойлау деңгейінен асып кетпеуі шарт. Қолдану болса тапсырмада одан жоғарғы талдау, жинақтау, бағалау бойынша тапсырмалар берілмейді. Блум таксономиясы оқыту нәтижелерін жазу үшін жиі қолданылады, ол дайын құрылыммен және етістіктер тізімімен қамтамасыз етеді. Етістіктерді дұрыс қолдану – оқыту нәтижелерін ойдағыдай жазып шығудың кілті. Бағалау критерийі де оқу мақсатымен тығыз байланысты. Бағалау критерийі дегеніміз — білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме. Одан кейін тапсырма құрастырамыз. Бағалау критерийінен дескрипторлар беріледі, яғни критерийді қадам бойынша ашамыз.
Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.
Мұғалім мен оқушылар арасында тиімді қарым-қатынас, өзара түсінушілік арқылы формативті бағалауды сабақта қолданса, табыс критерийлерін және дескрипторды оқушылармен бірлесе отырып құрса, оқ
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз