400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Сабақ тақырыбы Акробатикалық элементтердің жиынтығын құру

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылар кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы орындалу реттілігін түсінеді, көрсетеді, техникалық деңгейде қолданады
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 31


Мектеп

«Мейірімді періште жекеменшік мектеп гимназиясы» ЖШС

Мұғалімнің аты-жөні

Отынчиев Б Ж

Сынып

9 «А»

Күні

18.11.2025жыл

Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:


Бөлім

3-бөлім. Гимнастика арқылы денені басқару дағдылары

Сабақ тақырыбы

Акробатикалық элементтердің жиынтығын құру


Оқу мақсаттары

9.1.2.1 қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Білім алушылар кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы орындалу реттілігін түсінеді, көрсетеді, техникалық деңгейде қолданады.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Гимнастикалық төсеніш, ысқырық.

http://www.autogallery.org.ru/1723pro/s4fizra.htm

Сабақтың ортасы

30 минут

(Т, Тәж, ҚБ) Оқушыларға үйренген техникалық элементтерден акробатикалық композиция құрастыруға ұсыныс тастау. Топта жұмысты 4-5 адам санына байланысты жүргізіледі. (топтар өз еріктерімен құрылады)

Қыздар; бастапқы қалып – негізгі тұрыс, қол жоғарыда. Қарлығаш бейнесін жасау; бастапқы қалыпқа келу-жүзушінің мәредегі қалпы; бастапқы қалыпқа келу- екі біріккен алдыға қарай топтасып аударылу; артқа қарай жартылай аунап- жауырынға тұру; көпіршеге тұру: оң жаққа немесе сол жаққа бұрылып бір аяққа тіземен тұрып жартылай шпагатқа отыру; қолды алға тіреп отыру; қолды сермей отырып жоғарыға секіру.

Акробатикалық элементтердің техникасын қайталау, көрсету және қателерін көрсету. Мұғалімге көрсету, түсіндіру. Бағалауды жақсарту үшін студенттердің комбинациясын жетілдіру.

Сұраңыз: сіз өзіңіздің жаттығуыңызды, денеңіз неғұрлым иілгіш етуге қалай жұмыс жасайсыз? Қандай қозғалыстар жүйелі түрде бір-біріне сәйкес келеді? Бір қозғалыстың екіншісіне өтуді қалай жүзеге асыруға болады?

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27.01.2026
9
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі