400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ тақырыбы:Бөлшектер

Материал туралы қысқаша түсінік
бөлшектерге амалдар қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары: 9 сынып, физика


Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды аспан. Аспан сферасы.


Сабақтың мақсатытары:

Физика:

1. Аспан денелері, жұлдызды аспан, шокжұлдыздар жайлы ұғым қалыптастыру, олардың мағынасын ашып, түсінік беру.

2. Әртүрлі дидактикалық материалдар қоры арқылы ой өрістерін жетілдіру.

3. Аспан денелерін ойын тәсілдерімен сипаттап, пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Тарих:

XVII-XVIIIғ.ғ. басындағы жаратылыстану ғылымдарының дамуы, қоршаған дүниені игерудегі жетістіктерге көптеген оқымысты ғалымдар мен ағарту саласында қайраткерлердің ашқан жаңалықтары қоғамды дамытудың жетекші күші болғанын ұғындыру. Оқушыларды қоршаған ортаны танып біліп тәрбиелеу. Әртүрлі материалдар арқылы ой – өрістерін дамыту.


Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ


Әдістері мен тәсілдері: баяндау, практикалық, корнекілі демонстрациялық


Пәнаралық байланыс: физика+тарих+астрономия


Көрнекіліктер: Ғалымдардың портреттері, жұлдызшалар, әртүрлі тапсырмалар, ақпараттық таратпалар, планеталардың суреттері, кесте, шоқжұлдыздардың суреттері, аспаннын жылжымалы картасы.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Салемдесі, сабақты бастау.

Қызыл және сары жұлдызшаларды оқушыларға таратып беріп, оларға осы сабақта сол жұлдыздар сияқты жарқырап, өздерін биіктен көрсетіп, бестік бағаға иа болуларына тілектестігін білдіру.


ІІ. Өткен материалды қайталау.

Өткен сабақта біз №4 зертханалық жұмыс жасаған болатын едік иа. Үйге сол зерттеулерден шыккан қорытындыны дәптерлеріне жазып акелу керек едіңдер иа, сабақ соңында дәптерлеріңді жинап алып тексеремін. Ал қазір аяқтаған үлкен тарауымыз бойынша сендерге мынадай таратпалар беріледі 2 минут дайындалып сол сұраққа жауап берелік.


№
1 таратпа

1. Толқындардың 3 түрі бар. Қандай атап өтіңдер?

2.Тембр – дегеніміз не?


№
2 таратпа

1. Жарық жылдамдығы қандай әріппен белгіленеді? Нешеге тең?

2. Жаңғырық дегеніміз не?


№
3 таратпа

1. Радиобайланысты кім және қай жылы ашты?

2. Шу дегеніміз не?


ІІІ. Жаңа сабақ.


Физика. Жұлдызды аспан және шоқжұлдыздар жайлы мағлұмат.

Түркі халықтарының көпшілігінде шөміш тәріздес пішін құрайтын жетіжұлдыз Жетіқарақшы немесе Жетіген, моңғолдарда Жеті құдай, Жеті құрт башқұрттарда Жеті қыз, эстондар мен орыстарда Арба, сібірліктерде Бұғы, ал ежелгі гректерде Үлкен Аю ретінде танылып, сол мағынаға сәйкес әр елдің өзіне тән аңыздары сақталған. Шоқжұлдыздардың астрономияда осы күндері қолданылып журген атауларының 48-і өте ертеден, Ежелгі Мысыр, Вавилон және Грекия замандарынан белгілі.

Шоқжұлдыз дегеніміз – аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі. Аспанда барлығы 88 шоқжұлдыз белгіленген.Шоқжұлдыз шекаралары Халықаралық астрономия одағының арнаулы қаулысы бойынша бекітілген, бірақ олардың ешқандай физикалық мағынасы жоқ. Шоқжұлдыздардың 31-і аспанның солтустік жарты шарында, 48-і оңтүстік жарты шарында, ал қалған 9-ы аспан да орналасқан.

Сөз кезегін тарихи тұрғыда жалғастыру үшін тарихъ пәнінің мұғалімі Сағидолда Бақытгүлге береміз.

Тарих. Адамдар аспан шырақтарын ерте заманнан бастап бақылап, зерттегенмен мыңдаған жылдар бойы жер шарының ғаламдағы орны және қозғалмайтын болып саналатын жұлдыздар арасында құпия траекториямен қозғалатын ерекше жұлдыздарға қатысты қате пікірде болды.

Адамдар Жерді қозғалмайды деп санап, ал жұлдыздарды аспанның көрінерлік қозғалысын шындығында солай болу крек деп түсінді.

Жылжымалы жұлдыз – планеталар осы күнге дейін римдік құдайлар аттарымен аталып келеді. Ерте заманда жай көзге көрінетін бес планета белгілі болған. Олар: Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурн. Күн мен Айды да планеталар қатарына жатқызды. Осылайша барлығы жеті планета белгілі болды. Осыған сәйкес бір аптада жеті күн болган. Римдік құдайлардың ерекшеліктері зерттелетін планетаның түріне байланысты: тез қозғалатын Меркурий – сауда құдайы, жарық Шолпан – сұлулық құдайы, қызыл түсті Марс – соғыс құдайы, үнемі бірқалыпты жарқырайтын Юпитер – аспанның бас құдайы, Сатурн – мезгілдік және жер шаруашылығы құдайы. Ежелгі римдіктер сол сияқты Күнге – Құдай атымен Аполлон, Айға – Селена деп ат берді. Ежелгі Египетте діни мифологиялық түсініктер алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда болған. Олар табиғат пен адам өмірін құдайлар басқарады, сондықтан табиғаттың әр түрлі құбылысына табыну керек деп түсінді. Ең алғашқы діни сенімдер күн құдайы Ро мен тас құдайы Бен – Бенге сиынудан басталған. Әсіресе, Жер мен Кунге табыну ерекше болды. Егіншілік мен құрылыс істері көптеген ғылым саласының қалыптасуына әсер етті.


Физика. Күннің құрылысы: (планета суреттері)


Тарих. Жұлдызнама:

Жұлдызнамашылар аспан денелерінің қозғалысын, орын ауыстыруын жете зерттеді. Соның нәтижесінде Қытай жұлдызнамашылары әлемде бірінші болып жылдың ұзақтығын дәл есептеп шыққан. Бір жылда 365,25 тәулік, яғни 365 және ширек тәулік бар деп есептеді. Қытай жұлдызнамашылары жұлдызды аспаннның картасын жасады. Онда Темірқазық жұлдызының айналасына топтасқан 28 шоқжұлдыз көрсетілді. Жер шаруашылығының кең түрде дамуы, білімнің осы саласынан да мәліметтер қалдырды.

Жұлдызнама сурет

Жұлдыз жорамал бойынша шоқжұлдыздардың орналасуы





Физика: Үлкен аю және кіші аю суреттерді түсіндіру.






Кіші аю шоқжұлдызы

(Жетіқарақшы)

Латынша атауы: Ursa Minor (UMi)



Үлкен аю шоқжұлдызы

(Жетіқарақшы)

Латынша атауы: Ursa Minor


Бізге қазақ халқы астрономиясынан жақсы таныс Жеті қарақшының астрономиялық аталуы – Үлкен Аю (латынша – Ursa Major, қысқаша UMa). Сол сияқты Үшарқар Таразы – Орион , Қамбар – Арсытан, Қарақұрт – Кассиопея деп аталады.


Физика: Карточка информаторлар таратып беру.

Қазір осы ақпараттық таратпаларда берілген ақпараттарды мұқият оқып шығамыз және сұрақтар берілген кезде осы бойынша жауап берулеріңе де болады.


Жер – Күн жүесінің планетасы (ақпараттық таратпалар)

Астероидтар ( гр.aster- жұлдыз + eidos - түр ) - көлемі әртүрлі космостық қатты денелерден құралған жұлдыз тектес ұсақ ғаламшарлар.Күн айналасының периоды 3-9 жылға дейін.Негізінен Марс пен Юпитер орбиталары арасында орналасқан.( Астероидтар сақинасы)

Астрономиялық бірлік – Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық (жер орбитасының үлкен жарты осі )

Астрономиялық жыл – Жердің Күнді толық айналып шығатын уақыты.

Атмосфера(гр. аtmos- бу + сфера ) Жердің және басқа ғаламшарлардың газ тәрізде қабықшасы.

Шолпан – Күннен кейінгі екінші планета,225 тәулікте бір айналым жасайды.

Біздің галактика – Құс жолы – біздің жұлдыздар жүйеміздің құрамына 2*10 жуық жұлдыздар, соның ішін Күнмен қоса барлық планеталар кіреді.

Галактикалар-жұлдыздардан,газдардан,тозаңдық тұмандықтарданжәне жұлдыздар аралық заттар жиынтығынан тұрады.

Жердің гравитациялық өрісі – бұл тартылыс күшінің өрісі.

Жұлдыздар – қызулы,жарқыраған газдық шарлар,космостық нысаналар.

Комета – (гр.kametes (aster) құйрықты жұлдыздар) салмағы болымсыз аспан денелері,ол Күннен қашық жерде тұманды бұлт тәріздес көрініске ие.Кометалардың көбі эллипс түрінде қозғалады.Тек Күнге жақындаған кезде ғана жылудың әсерінен газ бөлініп,кометаның жарқыраған ядро қабықшасын құрайды.

Космос – ( грек.kosmos – Ғалам ) - жер атмосферасынан тыс кеңістік.Ондағы барлық денелер кіреді.

Кратер – (грекше krater – үлкен ыдыс ) - Айдың,Марстың,Шолпанның бетінде табылған (радиолокациялық әдістермен),Меркурийде, Жер бетінде (метеориттер құлауынан пайда болған) сақина таулар.

Ай -Жердің жалғыз серігі.Оның қашықтығы 384 400 км,орташа тығыздығы 3,34 г/см куб, жасы – 4,6 млрд. жыл.

Жер магматизмі – Жердің магниттік қасиеті. Жерде екі полюс болады.

Магниттік аномалия – Жер бетіндегі магниттік кернеуінің қалыпты жағдайда артық болатын аудандары.

Магниттік полюс – Магниттік мередиандардың түйісу аймағы.

Марс – жер планеталарының сыртқы топтамалары,Күнге дейінгі қашықтығы 200-250 млн. км.

Магнитосфера – жердің ең сыртқы қабаты және де жердің магниттік өрісі орналасқан кеңістік. Оның қасиетін жердің магниттік өрісі мен оның күн желімен қарым-қатынасы арқылы анықтайды.

Метеорит – Жер қабықшасына жеткен ,әлі буланып үлгермеген метеорлық дене.

Нептун – Жерден 30 есе алыс қашықтықта орналасқан,165 жылда бір айналым жасап,Күнді айнала қозғалатын планета.

Орбита [лат. orbita - жол] – бұл планеталар мен аспан жүйелерінің жүретін жолы. (планета, серігі, космостық ұшатын аппарат)

Парсек – жұлдыздар арақашықтығының өлшем бірліктері. 3,26 жарық жылына терең ( 3,086*1013 км).

Планета – өздігінен жарқырамайтын аспан денелері, пішіні шар тектес. Жылу мен жарықты Күннен алатын және оны элипстік орбита жасай алады.

Плутон - Күн жүйесінен ең алыста орналасқан планета, 1930 жылы ашылған, орбитасы оте еңкейген, Плутонның массасы Жерге қарағанда 10 есе кіші. Бір серігі бар. Плутоннан кейін Гавай абсерваториясындағы ғалымдар оныншы кіші планетаны ашты. Ол әлі зерттелмеген.

Сатурн – Күннен Юпитерге қарағанда 2 есе, Жерге қарағанда 9 есе алыс; Көлемі жөнінен Жерден 760 есе, массасы жөнінен 95 есе үлкен.

Күн жүйесі - Күнді айналып жүретін аспан денелерінің жиынтығын айтамыз, ол осы жүйенің динамикалық орталығы болып табылады.

Күн – орташа көлемді және жарықты жұлдыз. Алып газды шар. 70% сутегінен және 29% гелиден тұрады.Экваторда 25 жер тәулігінде бір айналым жасайлы, ал полюстер айналасында 30.

Уран – Жерден тек телескоппен көрінетін планета. Күнге дейінгі қашықтығы жермен салыстырғанда 19 есе алыс.

Фотосфера - күн атмосферасының төменгі қабаты. Қара франгоферлер сәулесі көрінетін тұтас спектірлерді береді.

Хромосфера - Хромосфера фотосфераның астында 14000 мың км қашықтықта орналасқан зона

Эклиптика [гр. ekleiptike - ekleipsis - тұтылу ] аспан сферасындағы үлкен шеңбер

Юпитер -5 – ші планета, Күн жүйесіндегі ең үлкен планета. Күнен Жерге қарағанда,бес есе алыс орналасқан, жылу да 27 есе аз барады. Юпитер көлемі бойынша Жерден 1300 есе, ал массасы 318 есе үлкенАйналу осі орбита тығыздығына перпендикуляр, сондықтан да жыл маусымының ауысуы болмайды.


Тарих: Ұлықбек жайлы мағлұмат.

Қазақ тарихында жұлдыздарды зерттеуде ғылымға үлкен еңбек сіңірген атақты Әмір Темірдің немересі, Самарқанның билеушісі ортағасырлық Мұхаммед Тарағай Ұлықбек болды. Бала күнінен поэзияға, философияға, әсіресе математика мен астрономияға көп көңіл бөлді. Смарқанның маңына 1428-29 жылы Ұлықбек салдырған обсерваториясы болды. Бұл биіктігі 40 метрлік обсерватория сол кездегі Орта және Таяу Шығыста теңдесі жоқ зерхана болып есептеледі. Обсерваторияда көптеген аспан денелерінің құпиялары ашылып, 1018 жұлдыздан тұратын жұлдыздар катологы жасалынған. Қазіргі кезде құлап жойылып кеткен абсервоторияның орнында Ұлықбектің мұражайы орналасқан.

XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында қоғамдық санада күрделі өзгерістер болып өтті. Жаратылыстану ғалымдарының дамуы, қоршаған дүниені игерудегі жетістіктер көптеген оқымыстыларды адам танымы мүмкіндіктері туралы көзқарастарын қайта қарауға мәжбүр етті. Мұның нәтижесінде адамның бұрыңғы сенім –нанымдарын адамның ақыл – ойын бұғаулайды, өзінің шексіз мүмкіндігін пайдалануына кедергі жасайды деген қорытындыға келді.

Физика: Коперник, Лаплас, Кеплердің суреттері тақтада ілініп тұрады соларға сипаттама беру.


Ал осы ғалымдар жайлы мағлұматтар беру үшін қазір сөз кезегін тағы да тарих пәнінің мұғаліміне ұсынсақ.

Тарих. Коперникті жалғастырушы шәкірттерінің бірі Джордано Бруно болды. Ол әлемге бірінші болып Коперник идеяларын таратты. 1600 жылы Римде Дж.Бурно букіл халық алдында өртенілді.

Бірақ Бруно өлген соң 10 жылдан кейін 1610 жылы профессор Г.Галилейдің «Звездный вестник» атты кітабы шықты.  Бұл кітапта телескоптың көмегімен зерттелген жаңалықтар жазылды. Бұл кітапта әлем туралы бұрынғы көріністерді  жалған деп мәлімдеген. Ал 1632 жылы Галилейдің тағы да «Птолемей мен Коперниктің екі әлем жүйесі туралы диалогы» деген шығармасы жарық көрді. Галилей осы әңгімелерінде бар күшін Коперник жүйесіне салды.  Осы шығарманың жарыққа шығуы шіркеу мүшелерінің ортасында үлкен ашу туғызды.

Физика. Осы орайда аталған ғалымдар арасында Кеплердің астрономия саласына сіңірген еңбегі біраз екенін байқадық. Сол орайда, «Кеплер» телескобы ойланып табылған еді.

Телескоп суретін көрсету.

Тарих. Балалар енді айтылған мағлұматтарды жинақтай отырып, сонымен қатар ақпараттық таратпаның арқасында сендерге мынадай кесте ұсынбақпын, соны тезірек толтыра қойсаңдар

Төмендегі кестені толтырыңдар

Қай салада қандай енбектері бар екендігін жазыңдар


№


Қайраткерлер


Атқарған еңбектері


1


Д. Бруно




2


Н. Коперник




3


Г. Галилей






Физика. Ал енді балалар «Жұмбақтар бәйгесіне» көшсек тіптен жақсы болмақ. Егер жұмбақтарға дұрыс жауап берсеңдер мына бәйге аттан бір бірлеп ұпай ретінде жинайсындар. Сәттілік тілеймін!

Жұмбақтар


Алтын бәкі,

Күміс сәкі,

Қырық қысырақ,

Бір сәуірік.

(Күн, Шолпан, жұлдыз, Ай)


Бір емен жеті терек, алты қайың,

Бұтағы толып жатыр дайым-дайым.

Ішінде шынар терек үш қарағай,

Өңгесін айта беріп не қылайын.

(Шолпан, Жеті қарақшы, Үркер, Үш таразы ).


Көп бауырсақ ішінде бір қалаш.

(Жұлдыздар ішіндегі ай).


Үй үстінде ұсақ тас.

(Жұлдыз)


Әуелі айтатыным асыл шөлмек,

Бір толып, бір азайып қайта келмек.

Сарайда жанып тұрған сансыз шырақ,

Адамға оңай емес санап білмек.

(Ай, жұлдыз).


Там басына тары жайдым.

(Жұлдыз).


Жұмбақ шеше білдік. Өте жақсы. Енді мынадай мағлұмат берсем деймін балалар!

«Күннің тоқырау нүктесі» және «Жарық көздері» дегеніміз не екенін мұқият тыңдаймыз!



Күннің тоқырау нүктелері






Қысқы

Жазғы



Тарих: Ал енді балалар ойнайық!


«Өз жұлдызыңды жақ!» ойыны.Бұл ойын екі турдан турады.


І тур. «Тіліңмен жүгірме ойыңмен жүгір»


  1. Қандай жолмен адам еш уақытта жүрмейді? (құс жолымен)


  2. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)


  3. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)


  4. Стакандағы суды ішіп қойса, ішінде не қалады? (бу, ауа)


  5. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)


  6. Бұлтты аспанның жүзінде, ойнайтын бұл немене? (найзағай – оң, теріс заряд, табиғи жарық)


  7. Ыстық суда қандай стақан көбірек жарылып кетеді, қалыңы ма, жұқасы ма? (қалыңы, ішкі қабаты бірден жылынбайды)


  8. Қармен бір жүргенде, сықырлайды ол неге?(сынады – қатты дене)



ІІ-тур. «Кім жылдам»


  1. Әл – Фараби қай кезде өмір сүрген? (870-950ж.ж.)


  2. Ең үлкен ғаламшар? (юпитер)


  3. Ғаламшарлардың жұлдыздардан айырмашылығы? (планета өзінен жарық шығармайды, жұлдыз жарық шығарады)


  4. Күнге ең жақын ғаламшар? (Меркурий)


  5. Ғаламшарлардың күн төңірегіндегі жолы? (орбита)


  6. Заттың құрылысы туралы қағиданы тұжырымдаған ғалым? (Птоломей)


  7. Галилел Галилейдің өмір сүрген кезеңі? (1564-1642 ж.ж.)


  8. Николай Коперник қандай ұлттың оқымыстысы? (Поляк)


  9. Варшава қаласындағы Коперниктің мүсіні алдындағы тақтайшада қандай сөз жазылған? (күнді тоқтатып, Жерді айналдырушы)


  10. Галилей қай жылы Юпитердің 4 серігі барлығын дәлелдеп, күндегі дақты, Сатурнның сақинасын ашты? (1610ж.)


ІV. Бекіту.

Физика. Осымен жаңа тақырыпты бекітсек сендер жаңа тақырыптан не ұғынып білдіңдер? Мағлұматқа толы болды ма? Сендерге сабақ ұнадыма?

Оқушылар өз ойларың айиады. Жаңа ұғымдарды тағы бір рет қайталайды.

V. Үй тапсырмасы:

Физика.


  1. оқушыға: 38-39 тақырыпты қайталау. «Жетіқарақшы» жайлы мағлұмат жинау.


  2. оқушыға: «Шоқжұлдыздарды» айтылмаған материалдарды толықтыру, дәптерге жазу.


  3. оқушыға: 38-39 тақырыптың соңындағы сұрақтарға жауап жазу.


Тарих.

№2 кестені толтырып келу.


Ашылған ғылыми жаңалықтар


№


Қайраткелер


Кезеңдері


Қай салада еңбек сіңірді


Қандай жаңалықтар ашты


1


Д. Бруно








2


Н. Коперник








3


Г. Галилей









VI. Бағалау.


VIІ. Сабақ аяқталды, қоштасу.


Байтерек орта мектебі


Физика және тарих пәнінен

өткізілген ашық сабақ


Жұлдызды аспан.

Аспан сферасы.


Кіріктірілген сабақ


Өткізген: Хажмухан Жайна

Сағидолда Бақытгүл


2011 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
594
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі