Материалдар / Сабақ тақырыбы:Жиырма жыл күткен жеңіс

Сабақ тақырыбы:Жиырма жыл күткен жеңіс

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарлауға қосымша шаблон, ой алуға болады.
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін:______________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 15-сабақ


Бөлім:

7-бөлім: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология


Педагогтің тегі, аты,

әкесінің аты: К.М.Хамзина

Күні: 12.02.25

Сынып: 6


Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жиырма жыл күткен жеңіс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау.

6.4.4.2 - етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша жəне жазбаша тілдесім барысында қолдану

Сабақтың мақсаты

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, детальді ақпаратты анықтай алады. Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша жəне жазбаша тілдесім барысында қолдана алады.

Құндылықтарға баулу

Құндылық: бірлік және ынтымақ

-басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу.

Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

-өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу;

Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық

-тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу;

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

7 минут













Сабақтың

ортасы

10 минут





































5 минут



































10 минут












8 минут


















Сабақтың соңы

5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

«Арқаға жазылған комплименттер»


Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;

Ойтүрткі

1.«Бокс» деген сөзді естігенде ойыңа қандай ұғымдар келеді?

2. Бұл спорт түрінің ерекшелігі неде? 3.Әлемдік, қазақстандық боксшылар туралы айтып бере аласың ба?


1-тапсырма

1)Мәтінді мұқият тыңдап, Атақты боксшының өміріндегі ерекше оқиға ларды сипаттап, пікір алмасыңдар.

2) Мәтіннен детальді ақпараттарды анықтаңдар.

Тыңдалым мәтіні

Мұхаммед Әлидің шын аты-жөні - Касиус Клей. Оның тұңғыш рет 1960 жылы Римде өткен Олимпиадалық ойындарында даңқы шықты.

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсеткен ол Олимпиада алтын медалін жеңіп алады. 1964 жылы бокстан әлем біріншілігінде спортшы ауыр салмақтан жеңіске жетеді. Содан кейін ол мұсылман дінін қабылдап, Мұхаммед Әли атанады. 60-шы жылдары ол ешкімнен жеңіліп көрген жоқ. 1967 жылы әскери қызмет атқарудан және Вьетнам соғысына қатысудан бас тартқаны үшін Мұхаммед Әлиді чемпиондық атақтан айырады. Оның спорттық мансабында біраз уақыт үзіліс болады. Ал 1971 жылы рингке қайта шыққан Әли Джо Фрейзерден ұтылып алады. Алайда 1974 жылы өткен кәсіпқой боксшылардың әлемдік біріншілігінде ауыр салмақтылардың арасында ол қайтадан жеңімпаз атанады. Төрт жылдан кейін бұл атақтан тағы айырылып алады да, көп кешікпейқайта жеңіп алады.

Мұхаммед Әли – кәсіпқой бокстан үш рет жеңімпаз болған бірден-бір спортшы.


ТІЛДІК БАҒДАР

Етіс. Етіс түрлері Қимылдың, іс-әрекеттің орындаушыға немесе іспен байланысты затқа қатысын білдіретін етістіктің түрі етіс деп аталады. Етістер мағынасына, морфологиялық тұлғасына қарай төрт түрлі болады. Олар: өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс. Өздік етіс Іс, қимыл, амал-әрекеттің сол істі істеушінің өзіне жұмсалуын білдіретін етістіктің түрін өздік етіс дейді. Өздік етіс сабақты етістіктің түбіріне -ын, -ін, -н жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Бұл жұрнақтар дауысты дыбыстан кейін -н түрінде жалғанады да, дауыссыз дыбыстардан соң -ын, -ін түрінде жалғанады. Мысалы: Мен тарандым. Сен жуындың. Ол киінді. Болат шешінді деген сөйлемдерде тарау, жуу, кию, шешу қимылын бірінші, екінші, үшінші жақтағы адамдардың өздеріне жұмсағандығы айтылады. Өзгелік етіс Қимыл-амалды істі істеушінің өзі емес, басқа біреу арқылы жасағандығын білдіретін етістіктің түрін өзгелік етіс дейді. Мысалы: Біржан ән айтты. – Біржан Әйгерімге ән айтқызды. Біз шығарма жаздық. – Біз жоғары сынып оқушыларына шығарма жазғыздық. Өзгелік етістер етістіктің түбіріне -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -т, -ыр, -ір жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.



2-тапсырма.

Берілген етістіктерден өздік етіс жасап, спорт тақырыбына қатысты сөйлем құрап жаз. Ора, сұра, ойла, сүрт, лақтыр.

Үлгі: Олимпиадада жүлдеге ие болған спортшы қыз ұшақтан түскен бойдан гүл шоғына оранды.

6-тапсырма

Қажетті етістіктерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлемді аяқтап жаз. Етіс түрлерін анықта.

Жарыстарда әйгілі мықтылармен ... Ринг алаңында қалуын ...

Жастарға арнап ауылда спорт мектебін ...

Сидней Олимпиадасының чемпионы ...

Бокста дүниежүзін ...

Еліміздің көк туын әлемдік жарыстарда ...

Жеңіс туын олжалағанына ...

Алтын жүлде қанжығасына ...

Қажетті етістіктер: байланды, желбіретті, жұдырықтастырды, атанды, қуанды, бағындырды, салдырды, өтінді.


Үй тапсырмасы: 7-тапсырма, 140-б.

Рефлексия

Алшы - Сабақтан өзіңе пайдалы не алдың?

Тәйке – Сабақта не қиын болды?

Бүк – Сабақта нені басқаша өзгертуге болады деп ойлайсың?

Шік – Бүгінгі сабақтан үйренгенің бойынша алда не істеймін деп ойлайсың?


Психологиялық ахуал

«Арқаға жазылған комплименттер»

Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен)

А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бірбірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бірбіріне жазылған комплименттерді оқып береді.







Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Мәтіннен детальді ақпараттарды анықтайды.

Үлгі: Оның тұңғыш рет 1960 жылы Римде өткен Олимпиадалық ойындарында даңқы шықты.

1964 жылы бокстан әлем біріншілігінде спортшы ауыр салмақтан жеңіске жетеді.

1967 жылы әскери қызмет атқарудан және Вьетнам соғысына қатысудан бас тартқаны үшін Мұхаммед Әлиді чемпиондық атақтан айырады. Ал 1971 жылы рингке қайта шыққан Әли Джо Фрейзерден ұтылып алады. Алайда 1974 жылы өткен кәсіпқой боксшылардың әлемдік біріншілігінде ауыр салмақтылардың арасында ол қайтадан жеңімпаз атанады.


















































Берілген етістіктерден өздік етіс жасап, спорт тақырыбына қатысты сөйлем құрап жазады.



6-тапсырма

Жарыстарда әйгілі мықтылармен жұдырықтастырды. – өзгелік етіс.

Ринг алаңында қалуын өтінді

өздік етіс.

Жастарға арнап ауылда спорт мектебін салдырды – өзгелік етіс.

Сидней Олимпиадасының чемпионы атанды – өздік етіс.

Бокста дүниежүзін бағындырды – өзгелік етіс.

Еліміздің көк туын әлемдік жарыстарда желбіретті – өзгелік етіс

Жеңіс туын олжалағанына қуанды – өздік етіс

Алтын жүлде қанжығасына байланды - ырықсыз етіс.



Оқушылар бүгін сабақтан пайдалы не алғанын, не қиын болғанын, алдағы уақытта не істеуге болатындығы жөнінде рефлексия жасайды

Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша!

Керемет!



Дескриптор

Білім алушы

-сұрақтарға

жауап

береді – 1 балл,

-мәтін мазмұнына байланысты пікір білдіреді – 1 балл,

-детальді ақпараттарды анықтайды – 1 балл.
































Смайлик арқылы бағалау



















Дескриптор

Білім алушы

-етістіктерден өздік етіс түрлерін жасайды – 2 балл,

-сөйлем құрайды – 2 балл,

-тақырыптан ауытқымайды – 1 балл.





Дескриптор

Білім алушы

-қажетті етістіктерді сәйкестендіреді – 1 балл,

-етіс түрлерін анықтайды – 1 балл.

https://yandex.kz/images/search?from=tabbar&text=отбасы Оқулық

Қазақ тілі

«Атамұра» баспасы

2018 ж






ОҚЫТУДА

ҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫ

НАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ

ҚЫЗЫ



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі