400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақтағы кері байланыстың түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтағы кері байланыстың түрлері туралы өткізілген коучингіммен бөлісіп отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг

Тлеубердиева Күләш Аманғалиқызы

Тақырыбы:

Сабақтағы кері байланыстың түрлері

Мақсаты:

Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы,оның түрлері,әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.

Оқушылардың көңіл –күйіне, сабақтағы іс-әрекетке, оқу материалдарына рефлекция жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.

Міндеттері:

  • Мұғалімдерге мабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері мен әдіс тәсілдері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасалады.

  • Оқушылардың көңіл-күйіне, сабақтағы іс-әрекетіне,оқу материалдарына рефлекция жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп құрастырады.

Күтілетін нәтижелер:

-Мұғалімдер кері байланыс түрлерін біледі;

- Ауызша кері байланыс береді;

- Интерактивті кері байланыс түрлерін үйренеді;

- Кері байланыс түрлерін ажырата алады;

- Мұғалімдер өз бетінше тапсырмалар орындайды;


Коучигтің өткізілу тәртібі

Өту кезеңдері.

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Тыңдаушының әрекеті

ресурстар



Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу.

5 минут.















Мүғалімнің түсіндіру әрекеті

15 минут























































Тапсырма

10 минут































10 минут































Қорытынды

3 мин



Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер!

Сіздерді ортаға «Сағат» тренингіне шақырамын. Барлығымыз дөңгеленіп тұрсақ.Сіздер білесіздер сағатта 12 сан бар,осы сандарға арналған көңілді жаттығулар жасасақ.

  1. Қолмен амандасу

  2. Арқасын қағыңыз

  3. Күлімсіреңіз

  4. Қол бұлғаңыз

  5. Көзіңізді қысыңыз

  6. Комплимент айтыңыз

  7. Тілек айтыңыз

  8. Ауа арқылы бетін сүйіңіз

  9. Арқасына массаж жасап беріңіз

  10. Құшақтаңыз

  11. Қолынан қысып 3 рет секіріңіз

  12. Билеңіз

Сағат әдісімен 3 топқа бөлінеді.

Кері байланыстың түрлері-еске түсіру,іс-әрекетке баға беру және мәселені шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтті шыққан тұстарын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын біліп отырады. Кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түсіріп оқу мен оқытудың кедергілерін айқындап келесі оқытуға бұрын да жақсылап дайындалуға түрткі болады екен.

Кері байланысты мұғалім:

Оқытуды оқыту жағдайына қарай түрі мен тәсілін бейімдейді.

Кері байланыссыз мұғалім:

Үйреншікті оқыту түрін өзгертпейді, оқытуда бір ғана әдіспен оқыту түрін пайдаланылады.

Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат:

Оқушының саналы ішкі рефлекциясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.

Сабақта қолданылатын кері байланыс түрлері:

Көңіл күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы», «Бір сөзбен».

Сабақтағы іс-әрекетке байланысты:

«Табыс сатысы», « Таңдау».

Оқу материалының мазмұны байланысты:

«Синквейн», «Аяқталмаған сөйлемдер», «Плюс, минус, қызықты».



Кері байланыс жасаудың интерактивті түрлері:

«Padlet» платформасы

«Mentimetr» платформасы



«Топпен жұмыс»

1 топ: Кері байланыс дегеніміз не?

2 топ: Кері байланысты жүргізудің мақсаты?

3 топ: Кері байланыстың түрлері?

Мұғалімдер тақтаға шығып берілген тапсырманы қорғайды.

Кері байланысты ұсынғанда мынандай ережелерді ұсынған дұрыс:

-Позитивті болу

- Бағалаушы болмау

- Бағыттандыруға ұмтылу

- Сыпайы болу

- Тең ұстау

- Сәттілікке бағдарлау

-Ризашылық білдіру

-Мадақтай білу

2-тапсырма Топтық кері байланыс

1 топ: Өлеңді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқу

-Дауыс ырғағына назар аудару

2 топ: Хабарлы,Сұраулы, Лепті сөйлемдер жазу.

  • Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысқан

  • Сөйлем соңындағы тыныс белгілері дұрыс қойылған



3 топ: Алма суретін салу



  • Суреттің парақтағы орналасуы

  • Суреттің түсін дұрыс таңдауы

  • Суретті анық,ұқыпты бояуы

Мұғалімдер берілген тапсырманы орындайды. Орындаған тапсырмасына қарсылас тобы кері байланыс береді.

Кері байланыс бізге не береді?

Оқушыға- Оқудағы өзінің кемшілік тұстарын біліп, алға жылжуға бағытталған нақты пікір алады.

Мұғалімге- Оқытудағы кемшіліктерді біліп,өз шығармашылығына, тәжірибесіне өзгертулер енгізіді.




Коучигтің тақырыбымен мақсатымен, оқу нәтижесімен, түйінді идеяларымен танысады.

Алдағы уақытта сәттілік тілейді.



Презентация

Сағат қиындылары





















































































Плакат,қағаз қиындылары,түрлі-түсті маркерлер.

























Плакат,

Парақ

























презентация

Рефлексия

2 минут.

Кері байланыс

«Mentimetr» платформасы

https://www.menti.com/aljpi22votf6




Сілтеме бойынша кіріп бүгінгі алған әсерлерімен бөліседі.

Стикер















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10.12.2023
263
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі