Материалдар / Сабақтан тыс іс-шара: "Абайдың қара сөздері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақтан тыс іс-шара: "Абайдың қара сөздері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл-өнеге, өсиет, ғибрат сөздер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2022
1056
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған

«Қазақта қара сөзге дес бермедім ...» атты Абай оқулары сайысы

Сайыстың мақсаты:

- халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының қара сөздерін насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.

-Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу.
- Ғұламаның қара сөздері арқылы жақсы қасиеттерге баулу, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру

Іс – шара көрнекілігі: Абай портреті, ақын туралы қанатты сөздер, АКТ (слайдтар). бағалау парақтары, мадақтама қағаздар

Өткізілген күні: 12.12.2019 жыл

Қатысқан сыныптар: 9-11

Сайыстың барысы: (Слайд қосылып тұрады)

1.Абай әнінің әуені ойнап тұрады.

2.Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіледі.

3. Сайыстың шарттарымен ойыншыларды таныстыру

1-жүргізуші:Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған әдеби сайысымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Елімізде Ұлы ақынның әрбір жақсы сөзі мен іс-әрекетін насихаттап, мерейтойын атап өтуде. Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына байланысты біздің мектебіміз де тамаша іс-шаралар өткізіліп жатыр. Солардың бірі – бүгінгі «Қазақта қара сөзге дес бермедім ...» атты Абай оқулары сайысын

ашық деп жариялаймыз!

Бүгінгі сайыста сайысқа қатысушыларға әділ бағасын беретін қазылармен танысып қойыңыздар:

  1. Жакиянова Жанна Мадениетовна

  2. Баякбаева Толкын Кайдаровна

  3. Капенова Ақмарал Ермакқызы

 1-жүргізуші:- Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, - деп жырлайды ақын өз өлеңінде.

2-жүргізуші : Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – ол Абайдың қара сөздері.

Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары «қарасөз» деп аталады Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл-өнеге, өсиет, ғибрат сөздер.Жалпы қара сөздер саны 46. Оның 46-сы аяқталмаған. Абайдың қара сөздері өз кезі үшін де, бүгін де бағасы зор.. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма. Абайдың қарасөздері адамды адам болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдыларын аулақ болуға үйретеді.

2-жүргізуші: Абай әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағанын біз білеміз.

1-жүргізуші: -Абайды оқып, оны ойға түю, жүрекпен сезіну баршамыздың мақсатымыз. Сондықтан, "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"-деп қара сөздерге кезек берейік


1-жүргізуші: Абайдың нақыл сөздерін мынадай тақырыптарға бөлуге болады.
2-жүргізуші: Адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі , Имандылық тақырыбы
1-жүргізуші: Жаман мінез, әдеттер және адамгершілік жайлы
2-жүргізуші: Қазақ мақалы, қазақ халқы жайлы

1-жүргізуші:Абайдың Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады.

2-жүргізуші:Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына

Оқушылардың қарасөздерді оқуы.


1-жүргізуші:Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.

Абай атамыз 1-қарасөзін оқитын 9 «б» сынып оқушысы

Квитченко Яна.

Қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші:

Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы

Келесі кезекте 5-інші қара сөзімен 9 «а» сынып оқушысы Антропов Егор таныстырады.

1-жүргізуші:

Абай атамыз кезекті қарасөзінде қазақтың мінезіндегі дүниеқорлық, мал үшін жақынды да, ағайын, іні, досты да сатып кете беретін мерез мінезді жеріне жеткізе сынаған. Жалпы, Абайдың «Алтыншы қара сөзі» – хакім шығармашаларының ішіндегі шоқтығы биік туындыларының бірі.

9 «а» сынып оқушысы Медведева Алена Абайдың 6-қара сөзімен таныстырады.


2-жүргізуші:«Сегізінші» қарасөзіндегі ақыл, насихат туралы пікірі, ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары, ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымын 10 «б» оқушысы Екимова Марина айтып береді.

1-жүргізуші:

Ұлы ойшыл қара сөздерінде «артқа алаң болмай»алға ілгері басуды арман етті.Қазақтардың тарихи бетін дұрыс жолға бұрды.Ол өмірдегі құбылыстарды жіті қабылдап,өмірдің мездеріне жирене қарады,оқырманын солардан безіндірді.

11-қарасөзін 10 «а» сынып оқушысы Фролов Богданның орындауында тамашалаңыздар!

1-жүргізуші:

Шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды.

Келесі 12-қарасөзге кезек берейік. Оқитын- 10 «а» сынып оқушысы –Рыльская Анастасия.

2-жүргізуші:

Абай өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы мен жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымын көрсеткен.

Келесі кезекте ғұлама Абайдың 19-ыншы сөзімен алдарыңызда

9 «в» сынып оқушысы Петрова Юлия. Қарсы алыңыздар!


1-жүргізуші:

Абай өзінің 20-сыншы қара сөзіндебасты мәселе етіп адам бойындағы жаман қасиет- жалығуды алады. Адам баласы неден жалығады? Деген сұраққа Ұлы Абай атамыз былай деп жауап берген.

Алдарыңызда 11 «а» сынып оқушысы Михеева Дарья. Қошеметпен қарсы алайық!

2-жүргізуші:

«Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш дегендер бар» дейді Абай 23 қара сөзінде.

Бұл туралы 11 «а» сынып оқушысы Ижутин Егор сөз алады.

1-жүргізуші:

Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет сезім. Осы жайында

9 «б» сынып оқушысы Мусабаева Элина сөз қозғайды. Қабыл алыңыздар!


2- жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

   Бой алдырған, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма, айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған!

1-жүргізуші:
Жақсының аты өлмейді. Абайдай дара да дана ұлы бар қазақ халқы бақытты. Ұлының ұлылығын әлемге танытайық!
Қазақ тілі – Абай тілі. Оны терең оқып білейік! ( Ән әуені ойнап тұрады)


Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Сайысқа белсенді қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Бүгінгі сайыста сендер өз білімдеріңді, өнерлеріңді ортаға салдыңдар. Болашақта мектепте, басқа да ұйымда өтетін шараларда жүлделі орын алуларыңа тілектеспін.
Әділқазылар алқасына да құрметтерімізді білдіріп, қөшемет көрсетейік.
Әділқазылар алқасына сөз беріледі.

Сайыстың қорытындысы, марапаттау рәсімі.


1-орын – Фролов Богдан -10 «а» сынып оқушысы

2-орын –Петрова Юлия -9 «в» сынып оқушысы, Рыльская Анастасия

3-орын –Квитченко Яна, Мусабаева Элина, Антропов Егор

Назарларыңызға рахмет!

















ШҚО ББ Өскемен қаласындағы білім бөлімі «№7 орта мектебі» КММ

















Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған

«Қазақта қара сөзге дес бермедім ...» атты Абай оқулары сайысы







Дайындаған және өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Муратбаева А.Ш.

















2018-2019 оқу жылы

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!