Сабақтан тыс математика

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақтан тыс математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы және математика сабақтан тыс
Материалдың қысқаша нұсқасы



Математика және отбасым

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Ата- анамен оқушылар арасында тығыз ғатынас орнату. Ұлттық құндылыққа бағыттау.



  1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».

С.М.Ломоносов

2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С.В.Ковалевская

3. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың

патшасы» К.Гаусс

  1. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер

және еңбек». М.Искаков



Ұстаз: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан окушылардың,

Сәті келді сыналар.



Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

Олай болса, тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық,

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділқазыларды шақырайық.



Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімын дұрыс бағалау

Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс

шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.

Шын жүйрік шабасынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.



Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.



  1. Таныстыру. Әр топ өзінің отбасын «Тик-ток» арқылы таныстырады



  1. Логикалық сұрақтар. (Жауап нақты, тез болу керек)



1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )

2. Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады? (Сіздің есіміңіз)

3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)

5. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен

кем сан шығады? ( үтір )

6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы

бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)

7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80

минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

10. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )



11. Жабық көзбен нені көруге болады? (Түсті)

12. Жаңбыр екі күн қатарынан жаууы мүмкін бе? ( Жоқ, өйткені олардың арасында түн бар.)

13. Автобус ауылға жүріп келе жатыр. Ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 автокөлікті көрді. Ауылға неше көлік бара жатыр? (1)

14. Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды? (6)

15. Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді? (15)

16. Термометр 15 градусты көрсетіп тұр. Дәл осындай екі термометр нешен градусты көрсетеді? (15)

17. Жаңбырдың кезінде кімнің шашы суланбайды? (Тақырбас адамның )

18. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық



3 – кезең: «Ата- аналар сайысы» (Ата – аналар сандарға байланысты мақал – мәтелдер айтады)



4 – кезең: «Математика күнделікті өмірде»

  1. Математика саудада

Асхат 17152 теңгеге 7 степлер мен қаламның бір түрінен бірнешеуін сатып алды. Ол қаламдардың қай түрін сатып алды?

бағасы: 2400

І. ІІ. ІІІ. ІV.

Бағасы: 42тг Бағасы: 44тг Бағасы: 45тг Бағасы: 46тг

  1. Математика кітапханада

Кітапханада жалпы саны 158 болатын математика, жаратылыстану, ертегі және тарих кітаптарына тапсырыс берілді. Оның ішінде математикадан басқа 110 кітап, жаратылыстанудан басқа 126 кітап, 28 ертегі кітабы болды. Тарих кітабының санын анықтаңыз.

  1. Математика құрлыста

Құрылысшы қабырғаны көк түске бояды. Әр 1м2 үшін құрылысшыға 2400 теңге төленді. Есікке арналған орыннан басқа, қабырғаны толық бояу үшін құрылысшыға қанша тг төленеді?

5 – кезең: «Спорт және математика» (Оқушылар рационал сандарға амалдар қолдана отырып дамино ойнап жарысады)

1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,

Есептану пәні бар.

Сабағынды егер оқысаң,

Өмірде саған жол болар.

2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.11.2024
78
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі