Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
САБАҚТЫ ҚЫЗЫҚТЫ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН 100 ЖАТТЫҒУ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабаты ызыты
ткізуге арналан
100 жаттыу
Кәусария Сағадатқызы
САБАҚТЫ ҚЫЗЫҚТЫ
ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН
100 ЖАТТЫҒУ
Дидактикалық материал
Алматы 2022
2 | @kaussariya_sagadatqyzy
Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қа-
дамы десек, ал балалар сол ойын арқылы көп ақпа-
рат алып, білімін толықтырып отырады. Ойын бала-
ның білім алуға, оқуға деген қызығушылығын оя-
тып, ізденімпаздық, зерттеушілік, байқампаздық,
шығармашылық қабілетін дамытады.
Оқу процесінде ойын элементтерін пайдалану
– тиімді әдістердің бірі. Ойынды пайдаланудағы
басты мақсат – баланы қызықтыра отырып, білімді
меңгерту болса, ал мұғалімнің міндеті – сол ойын
түрлерін қолдана отырып, оқушыларды жеке, топ-
таса жұмыс істей білуге, сөздік қорларын молайтып,
арттыруға, ойын еркін және ашық жеткізе білуге, ой
белсенділігін арттыруға, алған білімін болашақта
өмірдің түрлі саласында қолдана білуді меңгертуге
қол жеткізу.
Ұсынылып отырған «Сабақты қызықты өткізуге
арналған 100 жаттығу» атты кітапшаның ішінде ба-
лаға сабақта орындауға берілетін түрлі қызықты
тапсырмалар мен ойындар енгізілген. Бұл тапсыр-
малар мен ойындардың баланың ой-өрісі мен дү-
ниетанымын кеңейтіп, шығармашылық қабілетін
арттырып, алған білімдерін әркез қолдана білуге
септігін тигізері анық.
Бұл кітапша сабақ барысында көмекші құрал
ретінде пайдалану үшін ұсынылып отыр.
@kaussariya_sagadatqyzy | 3
1-31-жаттығулар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
Буын, сөз құрауға байланысты берілген тапсырма-
лар
32-38-жаттығулар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
Сөйлем құрауға байланысты берілген тапсырмалар
39-45-жаттығулар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
Мақал-мәтел, тұрақты сөз тіркестеріне қатысты
берілген тапсырмалар
46-58-жаттығулар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29
Санамақ, жаңылтпаш және т.б. қатысты берілген
тапсырмалар
59-81-жаттығулар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 38
Мәтінмен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар
82-100-жаттығулар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 54
Шығармашылық, рөлдік және т.б. ойындар
4 | @kaussariya_sagadatqyzy
БУЫН, СӨЗ ҚҰРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ
БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАР
1-31-ЖАТТЫҒУЛАР
1-жаттығу. Берілген сөздерден У дыбысының қай
жерде дауысты, қай жерде дауыссыз болып тұрға-
нын екі бағанға бөліп жаз.
Ауа, су, уылдырық, уық, тауық, дау, баулық, жаугер-
шілік, ту, туыс, тура, жаулық, ну, алатау, науа, ау,
білу, қалу, уыс, жусан, шу, бу, қуаныш, сусын
Дауысты Дауыссыз
@kaussariya_sagadatqyzy | 5
2-жаттығу. «Адасқан дыбыстар» ойыны.
Шарты: балалар дыбыстарды орнына қойып,
астындағы тор көзге жаңа сөз жазуы тиіс.
ұлттық ойын түрі
анхапаталй
қала атауы
ы қ а ғ н а р д а
оқушы құралы
ш д ы а н а р қ
қыс айы
н а ж о л с т қ е
6 | @kaussariya_sagadatqyzy
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына Е әрпін қой.
...р сүрінбей, ...л танымас,
Ат сүрінбей, жер танымас.
Бірлік қайда болса,
...рлік сонда.
...ркіндік қайда болса,
...лдік сонда.
Тәу...кел тау жығар.
4-жаттығу. Әріптер туралы жұмбақтардың шешуін
тап.
Мейізде бар,
Өрікте жоқ.
Киізде бар,
Сырмақта жоқ. (З әрпі)
Халықта бар,
Елде жоқ.
Халатта бар,
Көйлекте жоқ. (Х әрпі)
Шаңда бар,
Желде жоқ.
Тозаңда бар,
Құйында жоқ. (Ң әрпі)
@kaussariya_sagadatqyzy | 7
Екі тіреу, басы біреу. (П әрпі)
Ас біткеннің анасы,
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталып,
Аяқталған қарашы. (Н әрпі)
5-жаттығу. Дауысты дыбыстан басталатын зат атау-
ларын бір бағанға, дауыссыз дыбыстан басталатын
зат атауларын бір бағанға көшіріп жаз.
Дауысты дыбыстан басталатын зат атаулары:
Дауыссыз дыбыстан басталатын зат атаулары:
8 | @kaussariya_sagadatqyzy
6-жаттығу. Шеңберге жасырылған жәндік атауын
тап.
мырс қа құ
7-жаттығу. Төмендегі кестеде берілген буындарды
жылдам оқып шық.
ал әк ба ша
а-ла ә-ке бал шар
ал-ма ә-теш ба-ла ша-ра
ал-тын Әр-сен ба-лақ ша-лап
а-ла-қай ә-же-лер бал-дақ шал-бар
а-лаң-қайәт-кен-шекба-ла-қайша-ла-лық
8-жаттығу. «Қатесін тап» ойыны.
Шарты: мұғалім қатемен жазылған бірнеше сөзді
оқиды. Балалар қатесін түзетулері тиіс.
Кемпірғосақ, шамшырағ, Жамбота, шансорғыш,
жамбады, аншылар, тамбалар, ғызанақ, көкілдір,
бақабағ.
9-жаттығу. «Заттың атын ата» ойыны.
Шарты: ортаға бір бала шығады. Баланың көзін
байлап қойып, әртүрлі жемістер немесе көкөністер
суреттері, муляждары салынған қоржыннан бір зат-
ты алғызады. Бала оны сипалап, не екенін ажыра-
тып, атын атап, сипаттайды.
@kaussariya_sagadatqyzy | 9
10-жаттығу. «Кім жылдам?» ойыны.
Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Берілген сан-
ның орнына тиісті буынды (сөзді) қойып, жаңа сөз
құрауы тиіс. Кім жылдам әрі көп сөз құраса, сол топ
жеңіске жетеді.
2 +лік Екілік
5+тік Бестік
6+бақан Алтыбақан
3+арал Үшарал
2+бастұз Екібастұз
1+лік Бірлік
7+қарақшы Жетіқарақшы
9+құмалақ Тоғызқұмалақ
80+көл Сексенкөл
5+ағаш Бесағаш
1+қазан Бірқазан
11-жаттығу. «Ойлан, тап» ойыны.
Шарты: балаларды екі топқа бөлеміз. Тақтаға
көпбуынды ұзақ сөз жазамыз. Балалар сол сөзден
жаңа сөз құрайды. Қай топ көп сөз құраса, сол топ
жеңіске жетеді.
орамал тастамақ
10 | @kaussariya_sagadatqyzy
12-жаттығу. «Ойлан, тап» ойыны.
Шарты: балаларды екі топқа бөлеміз, әр топ беріл-
ген сөздердің әр дыбысынан басталатын сөздер
ойлап табу керек. Қай топ бірінші аяқтаса, сол топ
жеңіске жетеді.
Кітап: к-көрме, і-іні, т-тарақ, а-алма, п-піл
Бірінші топқа даналық , екінші топқа балапан деген
сөздер ұсынылады.
13-жаттығу. Берілген буындардың орнын ауысты -
рып, жаңа сөз құра.
-кі -ү -еш ешкі, үкі
-шік-үй-лер
-ғап-қол-дар
-тық-бас-жас
-та -бал-ға
-тар-тас-та
-мұрт-ал-мас
-ті -үс-тел
-ла -қо-нақ
-ба -жаз-дық
@kaussariya_sagadatqyzy | 11
14-жаттығу. «О» дыбысынан басталатын он сөз.
Шарты: торкөздерге жасырылған он сөзді табу.
1. Тілсіз жау
2. Оқушының міндеті
3. Қала атауы
4. Жабайы аңдар қайда мекендейді?
5. Аналар басына не тағады?
6. Отыратын үй жиһазы
7. Ара өсірумен айналысатын адам
8. Кісі есімі
9. Сөздердің дұрыс жазылуы
10. Көкөніс түрі
12 | @kaussariya_sagadatqyzy
15-жаттығу. «Ойлан, тап» ойыны.
Шарты: ортаға екі бала шығып, «Қ» дыбысынан
басталатын сөздер айтады. «Қ» дыбысынан бастала-
тын сөз айтқан балаға асық беріледі. Қай баланың
асығы көп болса, сол бала жеңімпаз атанады.
16-жаттығу. «Соңы кім?» ойыны.
Шарты: тақтаға кез келген сөз жазылады. Мұғалім
бұл сөзге байланысты басқа сөздер құратады.
Соңғы сөзді құраған бала жеңімпаз атанады.
17-жаттығу. Сөзжұмбақты шеш.
д ә р і
а л м а
к і т а п
п и я з
а п о р т
к ө к т е м
1. Ауырғанда не ішеміз?
2. Жеміс түрі.
3. Білім құралы.
4. Жылататын көкөніс.
5. Алманың сорты.
6. Жыл мезгілі.
@kaussariya_sagadatqyzy | 13
18-жаттығу. Антонимдердің сәйкесін тап.
Үлкен Аласа
Арық Кіші
Жуан Жіңішке
Биік Семіз
Жоғары Жеңіл
Ауыр Төмен
19-жаттығу. Берілген сөздерді тап.
14 | @kaussariya_sagadatqyzy
20-жаттығу. «Сөздік көпір» ойыны.
Шарты: мұғалім заттар бейнеленлен суретті кар-
точкаларды кезекпен көрсетеді. Балалар екі сурет-
тің арасындағы байланысты білдіретін бір сөз тауып
айтуы тиіс. Ол сөз екі затты «байланыстыратын кө-
пір» сияқты. Әр бала кезекпен жауап береді.
Мысалы: қағаз және қайшы, бұл жерде байланыс-
тыратын сөз – кесу болуы мүмкін (қағазды қайшы-
мен кесті).
21-жаттығу. Ішінде цифры бар сөздерден құралған
санамақтардың шешуін жаз.
Тү+1 – түбір
К+2+л ___________________________
К+3+ік ___________________________
4+бақ ___________________________
Дер+5 ___________________________
Б+6+р____________________________
7+к ______________________________
8+көз ____________________________
9+құмалақ ________________________
С+10+а____________________________
@kaussariya_sagadatqyzy | 15
22-жаттығу. Сөзжұмбақты шеш.
23-жаттығу. «Айырмашылығын тап» ойыны.
Сөйлемдерде берілген жазылуы мен айтылуы бір-
дей сөздерді тауып, айырмашылығын түсіндір.
1.Анам дүкеннен алма сатып әкелді.
Сен дүкеннен ойыншық алма.
2.Құрбым қара түсті көйлек сыйлады.
Айгүл, менің көзіме тура қара!
3.Атам маған ат мінуді үйретті.
Сен көлдегі жабайы үйректі ат.
16 | @kaussariya_sagadatqyzy
24-жаттығу. «Жақсы сөз» ойыны.
Шарты: балалар шеңбер құрып отырады. Жүргізу-
ші қолындағы допты қай балаға лақтырса, сол бала
бір жақсы сөз айтуы керек. Мысалы, «мейірімді»,
«әдемі» т.с.с. Допты алған бала дереу бір жақсы
сөзді айтады да, қолындағы добын келесі балаға
лақтырады. Жақсы сөздер тізбегі осылай жалғаса
береді.
Ойынның шарты бойынша айтылған сөздер
қайталанбауы тиіс. Сөз таппай, тосылып қалған не-
месе бұрын айтылған сөзді қайталаған бала ойын-
нан шығады. Соңында кім қалса, сол жеңімпаз бо-
лады.
@kaussariya_sagadatqyzy | 17
25-жаттығу. «Кім тапқыр ойыны».
Шарты: берілген сөздердің мағынасын ажырату қа-
жет. Ортаға екі бала шығады. Кім сөздің мағынасын
көп тапса, сол бала жеңіске жетеді.
ЖҮЗ заттың санын білдіреді
бет деген мағынаны білдіреді
пышақтың өткір жағы
қимылды білдіреді
БІЗ
АРА
БАС
ҚАЗ
ЖАЗ
18 | @kaussariya_sagadatqyzy
26-жаттығу. «Сөз құра» ойыны.
Шарты: қатты қағазға буындарды жазамыз. Бала-
ларды екі топқа бөліп, қағазға жазылған буындар-
ды таратамыз. Белгіленген уақыт өткеннен кейін әр
топ буындардан сөздер құру қажет.
Қай топ көп сөз құрады, сол топ жеңіске жетеді.
27-жаттығу. «Кім жүйрік» ойыны.
Шарты: балалар екі топқа бөлінеді, әр топтан бір-
бір баладан тақтаға шығады. Оңынан оқығанда да,
терісінен оқығанда да әр түрлі мағына беретін сөз-
дер жазу қажет. Кім көп сөз жазса, сол жеңіске же-
теді.
Мысалы: сүт – түс...
28-жаттығу. Омонимдерді тауып, мағынасын түсін -
дір.
Қорадағы қашар,
Далаға қашар.
Көтерген қазан,
Ел азан-қазан.
Піспесе алма,
Үзіп алма.
Шиіріп асық,
Ойнауға асық.
@kaussariya_sagadatqyzy | 19
29-жаттығу. Сөздерді тап.
ТВАПРЛОДРМЖКОЙС
МЕРРАУРЕЕРАРТУС
ҚЕЛИЕАНОПЕР ІИАС
АЫРЕМТНГОСНТМЛЫ
НЕЛЛАИКАРСАКИЯД
СЫМАРКНАТИМЕКИА
КАЙДҢОНААЖАРРРР
СЫНСНАЕАЖЕНЕОАЕ
БАЛСАПЖАДРНДФЖМ
СЦЕНАРИЙОИЭТОКА
МУЛЬТФИЛЬМККНЕК
ЖАТНОМНДЕКОТРРЕ
ЛТЕЛЕМҰНАРАЛОАЖ
АМАЛРАДҒАБМАЦРН
КЕИТИМТЕЛЕДИДАР
телеарна сценарий диктор камера
теледидаррежиссер телемұнарабағдарлама
сериал монтаж жариялау репортаж
кино анонс жарнама мультфильм
жаңалық экран микрофон
деректі драма актер
20 | @kaussariya_sagadatqyzy
30-жаттығу. «Ойлан тап» ойыны.
Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Оңнан солға
қарай, солдан оңға қарай оқыса да бірдей мағына
беретін сөздерді жазулары тиіс. Қай топ көп сөз
тапса, сол топ жеңіске жетеді.
Мысалы: қазақ ...
31-жаттығу. Төмендегі өлең жолдарынан омоним-
ді тауып, айырмашылығын түсіндір.
Тар екен деп бөлме,
Ренжіп көңіл бөлме.
Қарап кел бос тұрма,
Машина орнында тұр ма?
Тазалап үйді,
Сыпырып қоқысын үйді.
@kaussariya_sagadatqyzy | 21
32-жаттығу. Етістікті тап.
Шарты: берілген екі бағандағы сөздерді мағынасы-
на қарай сәйкестендіру қажет.
ән оқу
шахмат билеу
кітап айту
бізбен тесу
би ойнау
33-жаттығу. «Сөйлемді толықтыр» ойыны.
Төмендегі өлең жолдарын толықтыр. Өлеңді жаттап
ал.
Кел, балалар, ___________________________,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен ___________________________,
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ ___________________________,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ ___________________________
СӨЙЛЕМ ҚҰРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ
БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАР
32-38-ЖАТТЫҒУЛАР
22 | @kaussariya_sagadatqyzy
34-жаттығу. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөй -
лем құра. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем
құра.
Сүйемін, мен, анамды
Мен анамды сүйемін.
Басталады, күзде, сабақ
Біз, бардық, жидек, орман, теруге
Анасына, Олжас, күніне, гүл, сыйлады, туған
Барамын, жазғы, ата-әжеме, демалыста
35-жаттығу. «Сымсыз телефон» ойыны.
Шарты: балалар сап түзеп тұрады. Ойын оңнан
солға, не солдан оңға қарай бір ыңғайда жүреді.
Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына
сыбырлап, сөз не сөйлем айтады, ол келесі көршісі-
не сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, осылайша соң-
ғы адамға дейін жалғасады. Ал, енді ойын басқару-
шы соңғы адамнан бастап сұрайды. Қате естіп, өз-
герткен адам айыбын өтейді. Айып әртүрлі болуы
мүмкін.
Мысалы: ән салу, би билеу, өлең оқу, жұмбақ жасыру,
мақал айту және т.с.с.
@kaussariya_sagadatqyzy | 23
36-жаттығу. Берілген сызба бойынша сөйлем
құрастыр.
бастауыш баяндауыш
бастауыш толықтауыш баяндауыш
бастауыш анықтауыш пысықтауыш баяндауыш
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
37-жаттығу. «Аурухана» ойыны.
Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Мұғалім тақтаға
дәрігердің суретін іледі. Қай топ тақырыпқа байла-
нысты көп сөйлем құраса, сол топ жеңіске жетеді.
24 | @kaussariya_sagadatqyzy
38-жаттығу. Сурет бойынша үш сөйлем құра.
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
@kaussariya_sagadatqyzy | 25
39-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сан есім -
дерді қойып, мақал-мәтелдерді толықтыр.
1.... ауыз сөздің тобықтай түйіні.
2.... атасын білмеген ұл жетесіз.
3.... жүйрік, ... тұлпар.
4.Бас ... болмай, мал ... болмас.
5.Білімді ... жығады, білекті ... жығады.
40-жаттығу. «Сыңарын тап» ойыны.
Шарты: берілген мақал-мәтелдерің сыңарын көр-
сет.
Білегіңе сенбе Жер құты – дария
Інісі бардың тынысы
бар
Ердің сәні – білім
Ел құты – қария Жылан інінен шығады
Жылы-жылы сөйлесең Біліміңе сен
Жердің сәні – егін
Ағасы бардың жағасы
бар
МАҚАЛ-МӘТЕЛ, ТҰРАҚТЫ СӨЗ
ТІРКЕСТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ БЕРІЛГЕН
ТАПСЫРМАЛАР
39-45-ЖАТТЫҒУЛАР
26 | @kaussariya_sagadatqyzy
41-жаттығу. «Кім тапқыр?» ойыны.
Шарты: балалар үш топқа бөлінеді. Әр топқа
тұрақты сөз тіркестері беріледі. Барлық тұрақты сөз
тіркестерінің мағынасын дұрыс тапқан топ жеңіске
жетеді.
1-топқа:1. Жұмған аузын ашпас
2. Қабырғаңмен кеңес
3. Қас пен көздің арасында
(үндемес)
(ақылдас)
(жылдам)
2-топқа:1. Таяқ тастам
2. Мұзға отырғызып кету
3. Көзді ашып-жұмғанша
(жақын)
(алдау)
(лезде)
3-топқа: 1. Төбесі көкке жету
2. Ит өлген жер
3. Бетінен оты шықты
(қуану)
(алыс)
(ұялды)
42-жаттығу. «Бес мақал» ойыны.
Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ
мақалдың бірінші жолын, екінші топ екінші жолын
табуы тиіс. Таба алмаған топ жеңіліс табады.
43-жаттығу. «Хан талапай» ойыны.
Шарты: Алдын-ала асықтарды нөмірлеп аламыз,
балалар асықтың нөміріне сәйкес қима қағаздағы
(карточка) сұрақтарға жауап беруі тиіс. Асықты ша-
шамыз, балалар асық таңдайды.
1-қима қағаз – Баланың несі бал? (баланың тілі)
@kaussariya_sagadatqyzy | 27
2-қима қағаз - Ел боламын десең нені түзеу керек?
(бесігіңді)
3- қима қағаз – Етікші неге жарымас? (етікке)
4- қима қағаз – Отбасының сәні не? (сыйластық)
5- қима қағаз – Тіл көңілдің несі? (кілті)
6- қима қағаз – Тіл қаруы не? (сөз)
7- қима қағаз – Қоянды қамыс, жігітті не өліреді?
(намыс)
8- қима қағаз – Жігітке қанша өнер де аз? (жеті)
9- қима қағаз – Ақылы көпті дау алмайды, досы
көпті не алмайды? (жау)
10- қима қағаз – Бірлік болмай не болмас? (тірлік)
44-жаттығу. «Сәйкесін тап» ойыны.
Шарты: балалар екі бағандағы мақал-мәтелдердің
сәйкесін табулары тиіс.
Күш – білімде Ер жаусыз болмайды
Наданмен дос болған-
ша
ерге тиген үлес
Ел даусыз болмайды Жүрегі бірдің тілегі бір
Отансыз адам
Жаңбыр жауса – жер
ырысы
Отан үшін күрес Кітаппен дос бол
Отаны бірдің жүрегі
бір
Қол – батыр
Батыр туса – ел ырысы Ормансыз бұлбұл
Көз – қорқақ Білім – кітапта
28 | @kaussariya_sagadatqyzy
45-жаттығу. Көк ұяшықтағы сөзді табыңдар.
@kaussariya_sagadatqyzy | 29
46-жаттығу. «Сиқырлы қоржын» ойыны.
Шарты: ортаға екі бала шығады, қоржынның ішін-
дегі нөмірленген сұрақтарды таңдайды. Кім көп
сұраққа жауап берсе, сол жеңіске жетеді.
1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2.Қазақ тілінде неше септік бар?
3.Сөйлем мүшелерін ата.
4.Жай сөйлем дегеніміз не?
5.Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
6.Дауысты дыбыстарды ата.
7.Қанша сөз табы бар?
8.Етістік дегеніміз не?
9.Есімдіктің түрлерін ата.
10.Ілік септігінің сұрақтарын ата.
САНАМАҚ, ЖАҢЫЛТПАШ ЖӘНЕ Т.Б.
ҚАТЫСТЫ БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАР
46-58-ЖАТТЫҒУЛАР