400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақты зерттеу оқушыны қалай өзгертеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу мақсаты: Зерттеу сабақтарында өздігінен реттелетін оқуды ұйымдастыра отырып, оқушылардың сыни ойлау, креативтілік, қарым-қатынас, ынтымақтастық дағдыларын дамытуға ықпал ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақты зерттеу оқушыны қалай өзгертеді?

Калмагамбетова Назгуль Мухамбедовна,

Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек


Қарқынды дамып жатқан өмір жағдайында үздіксіз білім алу

қажеттігі бізден тәуелсіз оқи білу қабілетін талап етеді. Сондықтан жаңа

кезеңдерден өтуіне қарай басқа адамдарға тәуелділігін қысқарта алған оқушылар ең нәтижелі оқушы болады.

2022-2023 оқу жылындағы жүргізілген сабақты зерттеу үдерісіндегі зерттелген сыныптарды бақылап және олармен сұхбаттасу барысында байқағанымыз: оқушыларда сыни ойлау, ақпаратты түсініп оқу, талдау, өз оқуына рефлексия жасауда қиналады екен. 2023-2024 оқу жылындағы сабақты зерттеуде аталған қиындықтарды шешу оқушының дамуына қалай әсер ететінін зерттегіміз келді.

“Егер зерттеу сабақтарында өздігінен реттелетін оқуды ұйымдастырса, онда оқушылардың сыни ойлау, креативтілік, қарым-қатынас, ынтымақтастық дағдыларының дамуына қалай әсер етеді?” зерттеу сұрағы алынды.

Зерттеу мақсаты: Зерттеу сабақтарында өздігінен реттелетін оқуды ұйымдастыра отырып, оқушылардың сыни ойлау, креативтілік, қарым-қатынас, ынтымақтастық дағдыларын дамытуға ықпал ету.

Оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру, оқушыны тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзыреттілікке жеткізуді мақсат ету, көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзыреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай тудыру (Мерсер, Фишер)(МАН, 2016) басты фокус болды. Өздігінен реттелетін оқуды ұйымдастыру - зерттеу әдісі болды.

Зерттеуге мектептің 3,8,10-сыныптары алынды. Зерттеуге қатысқан оқушылар саны 44 болды. Деректерді жинауда зерттеудің сандық және сапалық түрлері қолданылды. Оның ішінде оқушы үні, сауалнама, бақылау.

Зерттеу сұрағымызға байланысты оқу жылының басында алынған сауалнаманы өңдеуде оқушылардың ынта деңгейлері мен көзқарастарын анықтауға мүмкіндік болды. Алынған деректер зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдеді. “Сіздің ойыңызша оқу үшін маңызды 5 сұрақты белгілеңіз” сауалына “Сіз мұғаліммен ұдайы қарым-қатынас жасайсыз”, “Оқушылар бәсекеге қабілетті”, “Сізді өз бетінше жұмыс істеуге ынталандырады”, “Мен отырған топ маған көмектеседі”, “Сабақ кезінде өзіндік рефлексия жасау” сұрақтарына 60% оқушылар белгілеген (Курсалды тапсрымалар,2019).

Сабақты өткізу барысында білім алушыларға тапсырмаларды өздігінен орындауға уақыт берілді, ресурстар берілді, мұғалім тек бағыттаушы рөлінде жұмыс жасап, қолдау көрсетіп отырды. Мұғалім үшін жағымды тұстары: функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар әзірлеу, академиялық тілді дамытуға арналған термин сөздермен жұмыс болды. Оқушылар үшін жағымды тұстары: сыни ойлау, ақпаратты түсініп оқу, талдау, теорияны практикаға ұштастыру, ынтымақтастық атмосфера сабақтың өң бойында сақталды. Дегенмен, оқушылардың зертханалық жұмыстарды өздігінен орындамауы, өзін-өзі реттеуіне байланысты кедергілер болды. Көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзыреттілікке қол жеткізуіне жағдай жасалды. Сабақта мұғалім тарапынан көрсетілетін қолдау бірте-бірте азайтылып, оқу үдерісін дамыту арқылы оқу тәуелсіз сипат алды, өздігінен реттелетін оқудың элементтері айқын көріне бастады. Оқушылардың өзін-өзі реттеу, мақсаттар мен тапсырмаларды білу, түсіну және бағалау, рефлексия жасау, жауапкершілік, ақпаратпен жұмыс жасау, топта бірлесіп өнімді жұмыс ұсыну дағдылары арта түскен.

Сабақты зерттеу тәсілін қолдану оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуының дәлелдемелері келесідей болды: 8-сыныптың 3 оқушысы республикалық олимпиадаға қатысты. 3,10-сынып оқушылары аудандық, облыстық олимпиадалар, байқаулар, конкурстардың жүлдегерлері.

“Сабақты зерттеу” тәсілімен жұмыс істеу нәтижесінде алға қойған мақсатымыз жемісін бере бастады. 70% білім алушылардың өздігінен реттелуі мен оқуы арта түсті.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 наурыз
99
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі