400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


САБАҚ:

Қазақ әдебиеті

Мектеп: Шымкент қаласы, № 28 жалпы орта білім беретін мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Исмайлова Уркия Курбантаевна

СЫНЫП: 10 сынып

Қатысқандар: 24 Қатыспағандар: жоқ

Бөлім тарау атауы: I тарау Өлең- сөздің патшасы

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу

мақсаттары:

10.1.5.1 Шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар орындай алады: «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінің идеясын анықтап, сұрақтарға жауап беру.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығы мен ұлттық құндылықтарын анықтау

Кейбір оқушылар орындай алады: Шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу.

Бағалау критерийі:

  1. Көркем шығармадағы ұлттық құндылықтарды анықтайды

  2. Шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашады

Тілдік мақсат


Оқушылар орындай алады: Көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығын мен ұлттық құндылықтарды анықтай алады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Аят, хадис, бәйіт,бәйіт сымал

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы

тіркестер: патша, өлең, жақсы сөз, жарым ырыс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Абай өлеңге қандай анықтама берген?

  2. Абай ақындық пен өлеңге қандай талаптар қояды?

  3. Абайша нағыз өлең қандай болуы керек?

Ойлау деңгейінің дағдысы

Қолдану, Талдау

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. 6 құндылық. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Пәнаралық байланыс:

Өзін-өзі тану

Алдыңғы оқу:

10.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Абай Құнанбайұлы «Сегізаяқ» өлеңін көркемдік ерекшелігіне талдау.

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы



3 мин











5 мин











2 мин


Ұйымдастыру кезеңі: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: «Жұлдыз жорамал» тренингін ұйымдастырамын. Орындау шарты: Оқушыларды шеңберге тұрғызып сары, жасыл, қызыл түсті жұлдызшаларды өз қалауларымен алғызамын. Жұлдызшалардың артында «Бүгін сені сәттілік күтіп тұр», «Бүгінгі сабақта сен белсенді боласың», «Досың сенің кеңесіңе зәру» деген сияқты жорамалдар болады. Содан кейін оқушылар жорамалдарды оқып, бір – біріне сәтті күн тілейді, ынтымақтастық қарым-қатынас орнатады. Оқушылар жұлдызшалардың түстері арқылы үш топқа бірігеді


Үй тапсырмасын сұрау:

"Ақпарат алмасайық" әдісін қолданамын. шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. Абай Құнанбайұлы

«Сегізаяқ» өлеңін көркемдік ерекшелігіне талдау.


Дескриптор:

- шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

- Сегізаяқ» өлеңін көркемдік ерекшелігіне талдайды.

Қалыптастырушы бағалау:

«Өзін- өзі» бағалау парағы арқылы.

оқушының

аты-жөні

5

4

3





5- «өте жақсы»

4- «жақсы»

3- «қанағаттанарлық»

Интербелсенді тақта

Жұлдыз жорамал

















Ортасы

13 мин















10мин















2мин




Жаңа сабақтың тапсырмасы: Тыңдалым, жазылым.

1-тапсырма. Топтық жұмыс. «ПОПС формуласы» әдісі арқылы, көркем шығармадағы ұлттық құндылықтарды анықтайды. Екі топқа екі түрлі тапсырма беремін.


1-топ

«Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» шығармадағы ұлттық құндылықтарды анықтаңдар.


2-топ:

Өлеңнің идеясын топта талқылаңыз, ойыңызды «Төрт сөйлем» әдісі арқылы білдіріңіз.


Бірінші сөйлем. Менің ойымша, ...

Екінші сөйлем. Себебі, мен оны былай түсіндіремін …

Үшінші сөйлем. Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын …

Соңғы сөйлем. Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...

Дескриптор:

  1. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» шығармадағы ұлттық құндылықтарды анықтайды

  2. Өлеңнің идеясын талқылайды

Қалыптастырушы бағалау: «Топтық» бағалау парағы арқылы жүргізіледі

оқушының

аты-жөні

5

4

3





5- «өте жақсы»

4- «жақсы»

3- «қанағаттанарлық»


2-тапсырма. Өзіндік жұмыс. Кесте бойынша «Бүгінгі менің...» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Берілген үзінділерді әлемдік тақырыптармен үндестіріңіз


Өлеңнен үзінді

Әлемдік тақырыптармен үндесуі

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.



Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.



Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.



Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.



Дескриптор:


1.«Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» шығармасын

әлемдік тақырыптармен үндестіреді

2. Өзіндік жұмыс кесте бойынша кестені толтырады.

Қалыптастырушы бағалау: «Өзін- өзі» бағалау парағы арқылы.

оқушының

аты-жөні

5

4

3





5- «өте жақсы»

4- «жақсы»

3- «қанағаттанарлық»

Қазақ әдебиеті қ.г 10- сынып. Арман-ПВ баспасы

оқулық, арнайы кестелер, маркер, стикерлер


























































Соңы

5 мин


Кері байланыс. INSERT (түртіп алу жүйесі)

Білемін 

V

Мен үшін жаңа

+

Білмеймін

-

Ізденемін

?


Үйге тапсырма:

Өлеңнің негізгі идеясын ұлттық құндылық тұрғысынан түйіндеп әдеби эссе жазу.

INSERT кестесі бар парақшалар.


10 сынып, Қазақ әдебиеті оқулығы. Авторы: Р.Зайкенова, Л.Н. Нұрланова.

Қосымша мәлімет



Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға

тапсырманы қалай

түрлендіресіз?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
727
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі