|
Сабақтың кезеңі/
уақыт
|
Педагогтің
әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың басы
3 мин
Қызығушылықты
ояту.
5 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру
кезеңі:
1. Оқушылармен амандасамын,
түгендеймін.
Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Бүгінгі
сабаққа деген көңіл-күйіміз қандай? Сыныпта бүгін кім
жоқ?
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара
ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбымен,
мақсатын таныстырамын.
Өткен сабақты пысықтау негізінде
сұрақ-жауап ұйымдастырамын.
-
Бәйге туралы не
білесіңдер?
-
Ақанның Құлагерге деген
сезімін қалай түсінесіңдер?
-
Неліктен Ақан Құлагерден
айырылып қалды?
-
Ішітарлық, көреалмаушылық
қасиеттер адам баласын қандай жағдайға алып
келеді?
-
Шығарма қандай оқиғамен
аяқталды?
-
Осы шығарманың авторы өзің
болғанда оқиғаны қалай аяқтар едің?
|
Оқушылар сәлемдеседі.
Оқушылар
мәтін бойынша сұрақтарға нақты жауап
береді.
Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерлеріне
жазады және сабақ мақсатымен
танысады.
|
Дескриптор:
- сұрақтарға нақты жауап
берген оқушыға
1 ұпай беріледі.
|
Оқулық авторлары: С.Тұрсынғалиева,
Г.Рыскелдиева «Арман-ПВ» баспасы 2019
жұмыс
дәптерлері.
Слайд
|
|
Сабақтың
ортасы
Мағынаны ашу.
30 мин.
|
ЖЖ.1-тапсырма
«Құлагер» поэмасындағы Құлагер мен Абайдың «Аттың
сыны» өлеңіндегі аттар сипатын салыстырыңдар. Атты суреттеудегі
Абай мен Ілияс үндестігін
анықтаңдар.
«Венн диаграммасы»
әдісі.
«Аттың сыны» өлеңі
«Құлагер» поэмасы
|
Оқушылар көркем шығармалардан
алған үзінділерді пайдалана отырып, кейіпкерлерге(Ақан, Құлагер)
мінездеме, сипаттама жазыңыз.
|
Дескриптор 3
балл
-
Өлеңді түсініп оқиды.
-
Тұлпарлардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын
табады.
-
Салыстыра талдайды.
|
Слайд
|
|
|
ТЖ. 2-тапсырма.
Екі
поэманы салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға
беріңдер.
«Тұжырым
кестесі»
|
Поэма аты
|
Тарихи құндылығы
|
Көркемдік
ерекшелігі
|
Менің пікірім
|
|
«Ескендір»
поэмасы
|
|
|
|
|
«Құлагер» поэмасы
|
|
|
|
|
Оқушылар екі поэманы салыстырып, тарихи және көркемдік
құндылығына баға береді.
|
Дескриптор:
3
балл
- Екі поэманы
салыстырады.
- Тарихи және көркемдік құндылығына баға
береді.
- Өзіндің пікірін
білдіреді.
|
|
|
|
3-тапсырма.
«Қазақ поэзиясының Құлагері» тақырыбында сыни
пікір білдіріп, эссе жазыңдар.
«Үздік эссе»
әдісі.
|
Оқушылар ақынның тіл шеберлігіндегі көркемдегіш
тәсілдерді қолдануы бойынша сызбаны
толтырады.
|
Дескриптор:3
балл
- Ұсынылған тақырып бойынша эссе
жазады.
- Эссе құрылымын
сақтайды.
- Өзіндік сыни пікір
білдіреді.
|
|
|
Сабақтың соңы
Ой
толғаныс.
Рефлексия
7
мин.
|
Рефлексия.
«Еркін микрофон» әдісін сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың
сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын білу үшін
қолданамын.
Үйге тапсырма:
Үзінді
жаттау
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы
бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды
жасайды.
|
1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа
қатысу белсенділігі бойынша
бағаланады.
|
|