Материалдар / Сабақтың тақырыбы: Балықтар әлемі

Сабақтың тақырыбы: Балықтар әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: а) білімділік: Балаларға балық туралы толық түсінік беру, балықтардың пайдасы туралы айту, балықты бейнелеуге деген қызығушылығын ояту. ә) тәрбиелік: Балаларды сурет бояу арқылы байқампаздыққа, шыдамдылыққа, сабырлылыққа, тапқырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. б) дамытушылық: Баланың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін, ой- өрісін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Мамыр 2022
2157
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балықтар әлемі

Білім беру саласы:Таным,Қатынас,Шығармашылық,Әлеумет Білім бөлімі:Сөйлеуді дамыту,ҚМҰҚ математика негіздері,Сурет салу,Қоршаған ортамен танысу,Жаратылыстану Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Балықтар әлемі» Мақсаты: а) білімділік: Балаларға балық туралы толық түсінік беру, балықтардың пайдасы туралы айту, балықты бейнелеуге деген қызығушылығын ояту. ә) тәрбиелік: Балаларды сурет бояу арқылы байқампаздыққа, шыдамдылыққа, сабырлылыққа, тапқырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. б) дамытушылық: Баланың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін, ой- өрісін дамыту. Әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу , көрсету, түсіндіру, салыстыру, сергіту сәті, сұрақ - жауап. Қолданылатын көрнекіліктер: Балықтардың суреттері, видео-ролик. Қажетті құрал-жабдықтар:гуашь,қылқалам,фонарик,су,балықтар,фетр мата,сүлгі т.б Билингвалды компонент:балық-рыба-fish; су-вода-water. Сәлеметсіңдерме балалар!Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?Бүгінгі сабақты бастамас бұрын амандасып шаттық шеңберін жасап алайық. Шаттық шеңбері: Біздер жақсы баламыз. Өсті ақыл санамыз, Қонақтармен ең алғаш, Амандасып аламыз Сәлеметсіздерме! Жарайсыңдар балалар!Олай болса орнымызға отырып жайғасайық.Бүгінгі өтетін ашық оқу қызметімізді бастайық.Сабақты бастамас бұрын мен сендерге бүгінгі тақырыпқа сәйкес жұмбақ жасырып көрейін.Шешімін тауып көремізба? Жұмбақ: Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ, Сусыз оның күні жоқ. Жүріп кетсе соңында, Қалып жатқан ізі жоқ. (балық). Бәрекелді, балалар,балықтар туралы білгілерің келе ме?Мен сендерге балықтар туралы әңгімелемес бұрын сендерге сұрақтар қойып миға шабуыл жасап алайын. Миға шабуыл: 1)Қазір жылдың қандай мезгілі? 2)Көктем мезгілінде неше ай бар? 3)Оларды атаңдар? 4)Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? 5)Көктем мезгілі жайлы кім тақпақ біледі? Көркем сөз: 1)Қандай қызық көктемде, Күн шуағын төккенде. Гүл тереміз әр алуан, Шығып алып көк белге. Сұлтан 2)Көктем келді жеріме, Бақ әкелсін еліме. Күн күлімдеп көгімде, Шуақ шашсын төгіле. Айкөркем 3)Көкке бояп өңірді, Көктем келді көңілді. Бау-бақшада орманда, Құстар әні төгілді. Әсем 4)Бәйшешектен білеміз, Көктем келіп қалғанын. Мәз боламыз,күлеміз, Көрсек бүршік жарғанын. Қ.Нұрислам Жарайсыңдар балалар!- Балалар, бүгін біз балық туралы ақпараттарды білетін боламыз. - Балалар, балық деген не? Балық – омыртқалы жануар. Балықтар негізінен, судағы тіршілікке бейімделген . Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі. Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады.Олардың денесі бас,кеуде,құйрық болып үш бөліктен тұрады. Балықтар мұхиттарда, өзен - көлдер мен су қоймаларында тіршілік етеді. - Балалар, біз қандай балықтардың аттарын білеміз? Есімізге түсіріп көрейікші. - Сазан, шортан, алабұға,камбала,жылан балық,бекіре,горбуша,торта балық,жайын,кит,дельфин,акула т.б. - Олар немен қоректенеді? - Олар құрттар мен жасыл шөптермен қоректенеді. - Балықтар суда тіршілік етіп көбейеді. - Балалар, балықтың бейнесіне назар аударайықшы. Оның денесі, басы, көзі, аузы, желбезегі, жүзбе қанаттары, қабыршағы, құйрығы бар. Назар салып қарасақ, мынау басы үшбұрышты,геометриялық пішінге ұқсайды,денесі сопақша,құйрығы мен қанаты үшбұрышқа,көзі дөңгелекке ұқсайды.Балықтар үлкен үш топқа бөлінеді екен.Жақсыз,сүйекті,шеміршекті. Балықтар туралы ақпараттармен таныссақ енді олар жайлы тапсырмаларды орындауға кірісейік. 1-тапсырма: «Аквариумдағы балықтар» Аквариумда қанша балық бар екенін шамның көмегімен көріп,маркермен жазуы қажет. 2-тапсырма «Шығармашылық семинар» Балалар балықтың денесіндегі таразыларды түрлі-түсті фетрден липучканың көмегімен жапсыруы тиіс. Сергіту сәті: «Балық» жаттығуы Балық жүзді таза суда, Бір керіліп,бір жиырылуда. Жүзіп-жүзіп шаршағанда, Тығылады тасты құмға. 3-тапсырма «Балықты көркемде» Балалар балықтың денесіндегі таразыларды 1-ден 5-ке дейінгі түстермен бояйды.Дайын болған жұмыстарды көрмеге қояды. Дидактикалық ойын: «Алтын балық» Ойын шарты:Әр баладан көрмедегі суреттердің қайсысы ұнайтынын сұрап,стикердің көмегімен лүпіл басады.Қай баланың жұмысына лүпіл көп жиналса,сол балаға «Алтын балық» табысталады.Ойын соңында қай бала көп «Алтын балық» жинаса сол баланың үйіне қуанышты хабарлама жіберіледі. Жарайсыңдар,балалар!. «Теңізге саяхат» Қазір біз теңіз әлеміне саяхатқа шығамыз. Ол үшін көздерінді жұмып, теңіз әлемінде жүргендей елестетуіміз қажет. Ненің дауысы естіледі? Шағалалардың түсі қандай?Теңіз өте әдемі ма?Теңізде көптеген балықтар өмір сүреді ма екен?Енді қайтадан тобымызға оралайық. Балалардан алған әсерлерін сұрау. Балалар бізде өзіміздің теңізімізді құрастырайық па? Қараңдаршы біздің теңізде балықтар жоқ екен. Олай болса теңізімізді әдемі етіп балықтармен толтырайық. Жұмыстың бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіру. Балалар екі топқа бөлінеді. Теңізге балықтар жабыстырады. Балалар екі топқа бөлініп Жұмысты орындайды. Кері байланыс: Рефлексиялық-түзетушілік,сабақ барысын қорытындылау: Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу қызметінде алған білімдері қорытындыланады. -Бүгін біз қандай тақырыпта сабақ өттік? -Балықтар қай жерде өмір сүреді? -Балықтар немен қоректенеді? -Балықтардың қандай түрлерін білдіңдер? Бүгін сендерге қандай тапсырма көбірек ұнады? Балалар сұрақтарға жауап береді. Күтілетін нәтиже: Нені біледі:Балалар балықтар туралы,олардың тіршілік ету дағдысын білді. Игерді: Аквариумда, теңізде тіршілік ететін мәліметті және оларға қалай қамқорлық жасау керектігін. Меңгерді:Тапсырманы жауапкершілікпен орындап,өздігімен ұқыпты қызмет жасай алуын.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ