Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару. 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділігі: Есепті шығаруда теңдеу құру арқылы шығартып, оқушылардың білімдерін бекіту. Дамытушылығы: Оқушылардың таным қабілеттерін, зейіндерін, белсенділіктерін дамыту. Тәрбиелігі: Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, ұжымда бірлесе бірге жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін пайдалана білуге, тапқырлыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

30.11 2017 Математика 4 «А» сынып Изгалиева Г.Ж.

Сабақтың тақырыбы:

Есепті теңдеу құру арқылы шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Есепті шығаруда теңдеу құру арқылы шығартып, оқушылардың білімдерін бекіту.

Дамытушылығы: Оқушылардың таным қабілеттерін, зейіндерін, белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, ұжымда бірлесе бірге жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін пайдалана білуге, тапқырлыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі:

Сабақ әдістері:

Сабақ көрнекілігі:

Қайталау сабақ..

Жеке, өзіндік, ұжымдық жұмыстар.

Слайд тапсырмалары, бағалау парағы, интерактивті тақта.

 

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1 мин

Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Оқу құралдарын дайындайды

Психологиялық дайындық..

3 мин

«Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру)


Гүлдердің түрлері арқылы топқа бөлінеді

Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Ой қозғау

2 мин

1.Алда қандай мерекені тойлағалы отырмыз?

2. Еліміздің президенті кім?

3. Президентіміз, 1 желтоқсан жайлы кім біледі?


Ендеше елордамыз Астанаға саяхат жасаймыз.

1. 1 желтоқсан-Тұңғыш президент күні 
2.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тірек білім

5 мин

Житон арқылы бағалау


1 Ақ ордаға бару үшін тапсырма орындауымыз керек.

«Кір жаятын жіп» әдісі арқылы есептер шығарады.

Сандарды өсу ретімен орналастырамыз, қандай сөз шықты? №4.Кестені толтыру

Жаңа тақырыпты хабарлау

Бүгінгі күнді жазамыз.. 30 қараша Сынып жүмысы

Көркем жазу

1 2 3 4 5 6 7 8

Оқулықпен жұмыс:

Жұппен орындау

5 мин

Жұптар бір-бірін бағалау


2 Бәйтерекке саяхат жасаймыз

Қарындасы 8 жаста. Ол ағасынан 3 жас кіші.Ағасы неше жаста?

Қарындасы-8ж.  

Ағасы-?, 3 жас кіші

Ш:   8+3=11        Ж: Ағасы 11 жаста

ә)  Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Екі тәсілді салыстыр.Қай тәсіл қолайлы?Неліктен?

Есепті әр түрлі тәсілмен шығарады, талдайды, түсіндіреді,

Х-8=3

Х=8+3

Х=11

11-8=3

3=3

Топпен орындау

8 минут


Топ бірін-бірі бағалау

Хан шатыр саяхат жасаймыз

1 топ. №2.Теңдеу құру арқылы шығар.

Шаруа бірнеше жабағы және 16 торпақ өсірді. Жабағылар санын 2-ге арттырса, ал торпақтар санын 3-ке кемітсе, олардың сандары бірдей болады. Шаруа неше жабағы өсірді?

Торпақ-16 - 3 кем

Жабағы - Х + 2 артса

2 топ. Теңдеу құру арқылы шығар. Ауылдан қалаға дейін 300 км.Олардан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шыққан жеңіл машина мен жүк машинасы 2 сағаттан кейін кездесті. Жүк машинасының жылдамдығы 60км/сағ болса, жеңіл машина қандай  жылдамдықпен жүрген?

Арақашықтығы-300 км

Кездесті-2 сағат

Жүк машинасы- 60 км/сағ

Жеңіл машина- Х км/сағ

Х+2=16-3

Х=13-2

Х=11

11+2=16-3

13=13




60 * 2 + Х * 2 = 300

120 + 2 * Х = 300

2*Х=300-120

2*Х=180

Х=180:2

Х=90

60*2+90*2=300                 Ж: жеңіл машина 90км/сағ жылдамдықпен жүрген.

Сергіту сәті:

3 мин

Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық»


Өздік жұмыс Өзін-өзі бағалау

Бас бармақ әдісі

3 мин

Экспоға саяхат жасаймыз.

7 Суретте көрсетілген арақашықтығы  300 км А  және  В қалаларынан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі машина шыққан. Олардың неше сағаттан кейін кездесекін тап.

Ш: 300км : (70км/сағ+80км/сағ) = 2 сағ             

Ж: 2 сағатта кездесті

Топпен орындау

5 минут


Топ бірін-бірі бағалау

Әр бағандағы мысалдардың нәтижелерін салыстыр:

900:3*2=600       900:(3*2)=150      

(900+100): 2=500        900+100:2=500


Қызықты есептер.


3 мин

1.Ауызша тапсырма. «Сиқырлы таяқша» әдісі

1.Қарама-қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз?/тік төртбұрыш/

2. Ауданды қалай табамыз? / ұзындығы мен енін көбейтеміз./

3. Көлемді қалай табамыз? / ұзындығын,енін,биіктігін көбейтеміз./

4. Фигураның периметрін қалай табамыз? / барлық қабырғаларын қосамыз./

5. Жылдамдықты қалай табамыз?/қашықтықты уақытқа бөлеміз/

6. Теңдеу дегеніміз не? /Теңдеу дегеніміз құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік./ Неше түрі бар? /2 түрі./


Бағалау: 

2 мин

Бағалау

Өзін- өзі және топ жетекшілері

Рефлексия:

1 мин

«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі

Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі.


Үйге тапс:1 мин

   № 9 116-бет.

Күнделікке жазады







Бағалау парағы


Аты-жөні

1 тапсырма

2 тапсырма

3 тапсырма

4 тапсырма

5 тапсырма


Алмасұлы А






Асылбек А






Ахауова А






Бауыржан Д






Бимагамбет Ж






Ибраева А






Картбай А






Кошкимбаева А






Қажымұрат Н






Қуанышбай Б






Сертай Д













Ұзындығы

6дм

6дм

8 дм




Ені

3дм

2дм

2дм

3 м

4 м

4 м

Аудан





20м2

24 дм2

Периметрі




18 м



Ұзындығы

6дм

6дм

8 дм

 

6 м

Ені

3дм

2 дм

2 дм

3 м

4 м

4 м

Аудан

18 дм2

12дм2

16дм2

18м2

20м2

24 дм2

Периметрі

18дм

16дм

20 дм

18 м

18м

20дм




















Ия, жоқ

1. Атасы мен әжесінің екеуінің туған күндері бір күнде. Бірақ олар құрдас емес. Неге?

2..Су жағасында тауықтың, үйректің 7 балапаны келді. Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр.Сонда екі балапан қайда? /2балапан тауықтікі/

3.Жаңа жыл дастарқанына біздің мектепте 263 дана алма даярланды. Егер мерекеге 86 ұл және одан 2есе артық қыз бала келсе, барлық балаға алма жете ме?

Ш: 86*2=172 /қыз/

172+86=258

263-258=5

Ж: Алма жетеді, 5алма қалады.


Жеке жұмыс: тапсырманы орындайды, дұрыс жауабымен салыстырып тексереді, бағалайды



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
1021
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12