Материалдар / Сабақтың тақырыбы «Жер-судың аты – тарихтың хаты» ҚМЖ

Сабақтың тақырыбы «Жер-судың аты – тарихтың хаты» ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: «Жер-судың аты – тарихтың хаты» Оқу мақсаттары: 6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру; 6.4.4.1. сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану; Тапсырмалар бар.
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлімі: Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:


Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

«Жер-судың аты – тарихтың хаты»

Оқу мақсаттары

6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;

6.4.4.1. сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану;

Сабақтың мақсаты

  • мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтап, түсіндіру;

  • сөйлемде есімдіктің қызметін түсіну және зат есім, сын есімнің орнына қолдану.

Бағалау критерийлері


  • мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтайды, түсіндіреді;

  • сөйлемде есімдіктің қызметін түсінеді;

  • есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдануды біледі.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология: 

Жазылым мен айтылымға қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша,.... Мен оны былайша ойлаймын,.... Өйткені,.... Себебі,... Демек,... Қорытындылай келе,....

Сөздермен жұмыс

Құндылықтар

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізінде Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, тұлғалық құндылықтарға баулу.

Осыған дейін меңгерілген білім

«Жер-судың аты – тарихтың хаты»

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

5 минут






Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу;

  • Назарын сабаққа аудару;

  • Оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлерін таныстыру;

Қызығушылықты ояту: «Кинометафора» әдісі. «Ғажап мекен-Алакөл»

https://youtu.be/e6yC5fA5T5w?si=iHM__74bKSl3dNWo


Сабақтың

ортасы



7 минут




























































15 минут




































5 минут
















10 минут






Тапсырма 1.

5-Тапсырма. Оқылым. «Оймоншақ» әдісі.

Мәтінді оқы.

Алакөл – Қазақстанның ғажайып, қайталанбас көлдерінің бірі. Ол республикамыздың Қытаймен шегаралас жатқан оңтүстңк-шығыс аймағында орналасқан. Бұл - «Алакөлдер» тізбегіндегі ең үлкен айдын. Күн батар сәтте оның беті ақ түстен көгілдірге, жақұтты бояуынан құбыла ойнап, күңгірт-көк реңкке немесе сұр бояуларға ауысады. Кейде тіпті көл айдынының жартысы көгілдір түске, екінші беті сүттей аппақ бояуға малынып та тұруы мүмкін. Көл суының түсін бір қарағанда анықтау қиын. Ұсақ көлдердің түсі алуан түрлі болады. Айталық, Сасықкөл көгілдір түсті, Қоржынкөл сұрғылт, Қылытұз сары. Жергілікті тұрғындар көлді пішінінің, түсінің, көлемінің әртүрлі болғаны үшін «Алакөл» деп атап кеткен. Алакөл Ұялы, Жалаңашкөл, Сасықкөл және т.б ұсақ көлдерден тұрады.

Алакөл – емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып, жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы медицинада дәлелденген. Алакөлдің суы тұзды және Бұқтырма су қоймасымен салыстырғанда, әлдеқайда жылы. Адамдар Алакөлге оның емдік қасиеті үшін көптеп келеді. Халық сөзіне сүйенетін болсақ, оның қасиетті суы әртүрлі тері аурулары, жүйке жүйе мен демікпе дерттеріне шипа көрінеді. Бұл өлкеде емдік қасиеті мол сазбалшық пен таза ауа үйлесім тапқан.

Тапсырма 2.

6-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

1-топ: Алакөлді не себепті ғажайып көл деп атаймыз?

2-топ: Көлдің емдік қасиеті неден байқалады?

3-топ: Бүгінде Алакөл қандай орталыққа айналды?

Дескриптор:

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • есімдік түрін анықтайды, жіктеп айтады.

Жауабы:

1. Алакөлді не себепті ғажайып көл деп атаймыз?

Күн батар сәтте оның беті ақ түстен көгілдірге, жақұтты бояуынан құбыла ойнап, күңгірт-көк реңкке немесе сұр бояуларға ауысады. Кейде тіпті көл айдынының жартысы көгілдір түске, екінші беті сүттей аппақ бояуға малынып та тұруы мүмкін.

2. Көлдің емдік қасиеті неден байқалады?

Көл суы минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, көлдің суы денсаулыққа пайдалы екенін медицина да дәледеген.

3. Бүгінде Алакөл қандай орталыққа айналды?

Бүгінде Алакөл емдік-сауықтыру кешеніне айналған. Халық оның емдік қасиеті үшін көп келеді.


Тапсырма 3.

7-тапсырма. Мәтінге сүйеніп, төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін сызбаға сәйкес бөліп жаз.

Үлгі: Негізгі ақпарат беретін сөздер: көрікті көл

Ақ, күңгірт, сұр, көк, Алакөл, ұсақ көл, емдік қасиеті, құрғақ ауа, дымқыл ауа, химиялық элементтер, суы тұзды, суы жылы, үлкен айдын.

Негізгі ақпарат беретін сөздер:


Детальді ақпарат беретін сөздер:


Қосымша ақпарат беретін сөздер:


Дескриптор:

  • мәтін мазмұнын талқылайды;

  • мәтіндігі негізгі, қосымша және детальді ақпараттарды анықтап, кестені толтырады;

Жауабы:

Негізгі ақпарат беретін сөздер:

Көрікті көл, Алакөл, Ұсақкөл, үлкен айдын

Детальді ақпарат беретін сөздер:

Құрғақ ауа, дымқыл ауа, суы жылы, суы тұзды

Қосымша ақпарат беретін сөздер:

Емдік қасиеті, химиялық элементтер, ақ, күңгірт, сұр, көк


Тапсырма 4.

8-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша Алакөлге анықтама жаз.

Р/с

Алакөл

Деректер

1

Орналасқан жері


2

Құрамындағы көлдер жүйесі


3

«Алакөл» аталу себебі


4

Көл суының түсі


5

Суының құрамы


6

Емдік қасиеті


Дескриптор:

  • Оқылым мәтіні бойынша Алакөлге анықтама жазады.

Жауабы:

1.Орналасқан жері еліміздің Қытаймен шекаралас жатқан оңтүстік-шығыс аймағында орналасқан.

2.Құрамындағы көлдер жүйесі – Сасықкөл, Қоржынкөл, Ұялы, Жалаңашкөл.

3.«Алакөл» аталу себебі - көлдің пішінінң, көлемінің, түсінің әртүрлі болғаны үшін.

4.Көл суының түсі - Күн батар сәтте оның беті ақ түстен көгілдірге, жақұтты бояуынан құбыла ойнап, күңгірт-көк реңкке немесе сұр бояуларға ауысады. Кейде тіпті көл айдынының жартысы көгілдір түске, екінші беті сүттей аппақ бояуға малынып та тұруы мүмкін.

5.Суының құрамы элементтерге бай Көл суы минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай.

6.Емдік касиеті - қасиетті су әртүрлі тері ауруларына, жүйке жүйесі мен демікпе ауруларына шипа.


Тапсырма 5.

9-тапсырма. «Алакөл – демалыс орны» тақырыбында туристерді шақыру мақсатында жәрмеңке жаса. Өз сөзіңде белгісіздік, жалпылау есімдіктерін қолдан. Төмендегі талаптарды орында.

1.Алакөл туралы жалпы мәлімет бер.

2.Көлдің артықшылықтарын айт.

3.Неліктен Алакөлде демалу керек? Өз ойыңды айт.

4.Өз сөзіңде мақал-мәтелдер, қанатты сөздер мен қызықты деректерді қолдан.

Дескриптор:

  • Берілген тақырып бойынша туристерді шақыру мақсатында жәрмеңке жасайды.

  • Белгісіздік, жалпылау есімдіктерін қолданады.

  • Мақал-мәтелдер, қанатты сөздер немесе қызықты деректерді қолданады.

Жауабы:

Құрметті туристер! Алакөл көліне шақыру үшін жәрмеңке өткізгелі отырмыз. Әрқайсымыз өмірімізде бір рет болса да, осындай керемет табиғатпен кездесуіміз керек деп ойлаймын. Сондықтан да Алакөл туралы айтып өткім келеді. Алакөлдің артықшылықтары өте көп. Біріншіден, көлдің суы өте тұзды, бұл денсаулыққа пайдалы, күллі аурудың алдын алады, әсіресе тері аурулары мен буып аурулары үшін тиімді. Екіншіден, мұнда күннің жарқыраған шуағы мен таза ауасы кез келген адамның көңілін көтеріп, денсаулығын нығайтады. Үшіншіден, Алакөлге келген туристерге демалыс күндері әртүрлі ойын-сауық шаралары мен қызықты экскурсиялар ұсынылады. Ол жерде күнге қыздырыну, суға түсу, жаяу серуендеу, тіпті балық аулау секілді қызықты іс-шараларға қатыса аласыз. Неліктен Алакөлге демалу керек? Себебі, осында келгенде сіздер тыныштық пен тынығуды сезінесіздер. Мұндай табиғат сіздің қаладағы уайымдарынызды ұмытып, жан дүниеңізді тыныштандырады. Алакөлдің таза суы мен жасыл желекке оранған жағалаулары сізді бірден баурап алады. Сонымен қатар, бұл жерде тек табиғат кана емес, мейрамхана, демалыс үйлері мен көніл көтеру орындары да бар. "Денсаулық зор байлық" деп бекер айтылмаған. Алакөлге келіп, денсаулығыңызды жақсартып, көңіліңізді сергітсеңіздер, ешқашан өкінбейсіздер. Алакөлдің суы - минералды қасиеті бар тұщы су деп саналады. Сондықтан Алакөлдің жағасында демалу сіздің денсаулыңыныз үшін өте пайдалы!

Құрметті демалушылар, сіздер де Алакөлге келіп, табиғатпен тыныс алуға шақырамын! Бұл жерде демалу - бұл тек тынығу ғана емес, сонымен қатар жаңа күш жинау мен рухани байлыққа ие болу!

Тапсырма 6.

10-тапсырма. Есімдіктерді түрлеріне қарай топтастыр, парталасыңмен бірге кестені толтыр. Кейбіреу, нешеу? күллі, қалай? біреу, әрбір, тегіс, қай? кімдер? барша, әлдене, бірнеше, қайсыбір, қалайша? бірдеме.

Белгісіздік есімдіктері


Жалпылау есімдіктері


Сұрау есімдіктері


Дескриптор:

Есімдіктерді түрлеріне қарай топтастырады.

Жауабы:

Белгісіздік есімдіктері: кейбіреу, біреу, әлдене, бірнеше, қайсыбір, бірдене.

Жалпылау есімдіктері: күллі, барша, тегіс

Сұрау есімдіктері: нешеу? қалайша? кімдер? қалай? қай?


Үй жұмысы 122 бет, 12-тапсырма.

Оқулықпен жұмыс






















Жарайсың!

Сенің пікіріңмен келісемін!


















Презентация.



Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс.


Дескриптор:

  • «Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс жасайды;

  • Өтілген тақырыпты қорытындылап, қайталайды.

Бағалау


Дескриптор:

  • «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды;

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)










Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі