400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақтың тақырыбы «Он жетінші» қарасөзіндегі автор тұжырымы

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ «Он жетінші» қарасөзіндегі автор тұжырымы. Сабақтың негізгі құрылымы және тұжырымдамалары құрастырылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай атындағы мамандандырылған қазақ-мектеп гимназиясы__

Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Абайтану

Бөлім:


Педагогтің аты-жөні

Абай Қамза Дарханұлы

Күні:

21.10.2021

Сынып: 10 «ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Он жетінші» қарасөзіндегі автор тұжырымы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.4.1-шығармадағы көркем-дегіш құралдардың қолданысын талдау;

7.3.2.1-әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

Сабақтың мақсаты

шығармадағы көркем-дегіш құралдардың қолданысын талдап, әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу









Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут


Оқушылармен амандасу,түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау





Амандасады, үй тапсырмасын айтады



Жаңа сабақ














15 минут











































Шығармашылық жұмыс







15 минут





5 минут

«Ой қозғау» стратегиясы.

Абайдың қанша қара сөзі бар?

Қара сөз деген не?

«Алтын көрсе періште жолдан таяды» деген мақалмен келісесіз бе?


1-тапсырма. Қара сөзді мәнерлеп оқып, мағынасын ашу.

(жекелей жұмыс)



Абайдың 17 қара сөзін оқып танысып,мағынасын ашу.

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
      Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?»-депті.
      Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?-депті.
      Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып,айтыпты:
      - Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соныңжаман,-депті.
      -Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.
      - Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, —


2-тапсырма Тақырыпқа байланысты мақалдер жазу.Мағынасын ашу .Дәлелдеу



«Білемін», «Білдім», «Нені білгім келеді» стратегиясы бойынша


Қара сөз дегеніміз-ғылым туралы философия туралы,дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек.

Абайдың 1890-1898 жылдар аралығында жазылған 45 қара сөзі бар.46-қара сөзі аяқталмаған.

Қарасөз-арабтың «ғақлия»деген сөзімен мәндес Ғақлия көркем сөз,асыл сөз,дана сөз деген мағынаны білдіреді




Қара сөзді оқып, мағынасын ашады










































Тапсырманы жазбаша орындайды














































https://abai.kz/post/6




















































Рефлексия

«3-2-1» әдісі

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат

Бүгінгі сабақта қиындық туғызады 2 аспекті

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс – әрекет.

Оқушылар өз ойларын айтады.




Үй тапсырмасы

.Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме

Үй тапсырмасын жазады











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 қараша
611
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі