Сабақтың тақырыбы: «Шақан-Шері» романы.Сары құмның шапқыны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: «Шақан-Шері» романы.Сары құмның шапқыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармаға заманауи тұрғыда баға береді; Авторлық жаңашылдықты анықтайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы «№27 орта мектеп-гимназия» КММ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Шақан-Шері» романы.Сары құмның шапқыны

Пәні:

қазақ әдебиеті

Тоқсан:

ІІІ

Бөлім:

III БӨЛІМ. Аңызбен өрілген көркемсөз

Педагогтің аты-жөні:

Джадирова Жанар Джамбуловна

Күні:

28.01.2025

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Шақан-Шері»романы.Сары құмның шапқыны

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру;

Сабақтың мақсаты:

Шығармаға заманауи тұрғыда баға береді;

Авторлық жаңашылдықты анықтайды.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин



Қызығушылықты ояту.

5 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасамын, түгендеймін.

Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйіміз қандай? Сыныпта бүгін кім жоқ?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбымен, мақсатын таныстырамын.

  • Заманауилық пен жаңашылдық әдебиетте қалай қолданады?

  • Өзің оқыған ақын-жазушылардың қайсысы заманауи деп ойлайсың?

  • Жаңашылдық қаламгердің жеке басына қатысты ма?

  • Шығармасында көтерілген мәселеге қатысты ма?

Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар көзқарас түсініктер жатады.





Жаңашылдық - өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен шы­ғып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер. Ол жал­пы өркениеттің дамуына әсер етеді, осы жолда туып, орнығады.

Оқушылар сәлемдеседі.


Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға нақты жауап береді.


Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады және сабақ мақсатымен танысады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:


Үзіндіде көтерілген мәселелерді анық көрсетеді; 1 балл

Оқулық авторлары: С.Тұрсынғалиева, Г.Рыскелдиева «Арман-ПВ» баспасы 2019


жұмыс дәптерлері.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.

1-тапсырма. Т. ЖЖ. Мәтіндік зерттеу


Мәтіннен негізгі ойды табыңыз.


Тосын жағдай

Мәтінде қандай тосын ойға кездестіңіз?


Мәтіннен шығар заманауи қағида. Шығармадағы адам қайғысының берілу сипаты, өмірге деген құштарлық пен жігер.


Белгісіз және белгілі мәліметтер. Мәтіннен сізге бұрыннан таныс және таныс емес ақпараттарды белгілеңіз.


Ойыңызды суретпен бейнелеңіз.


Тәрбиелік мәні бар қорытынды. Оқыған мәтіннен өз болашағыңызға, іс-әрекетіңізге септігін тигізер қандай қорытынды жасадыңыз?


Талдауды қажет ететін тақырыптар.

Мәтінге сүйене отырып, осында көтерілген тағы қандай мәселені талдар едіңіз?



  • Оқушылар шығарманың концептілерін анықтайды және шығармадан дәлелдеме келтіреді.


Десприптор: 2 балл

  • шығарманың концептілерін анықтайды (3-4) 1 балл

  • шығармадан дәлелдеме келтіреді.

  • 1 балл



Слайд












2-тапсырма. Т/С. «Керемет пікірталас»

Топ мүшелерімен қима қағазда жазылған: «адамзат бойындағы ізгілік пен қатыгездік», «жақсылық пен жамандық», «тағылық пен мәдениет», «рух пен рухани күйреу» ұғымдарының маңызын анықтап, шығарманың жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беріп айтады.

«Шығарманың жаңашылдығы неде?» деген сұраққа сыныппен Тұжырымдамалық карта жасайды.





Оқушылар бірінші жұппен «Шақан шері» шығармасының мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қойып, пікірлерімен алмасады. Содан кейін бірнеше шағын топтарға бірігеді. Әр топтан бір өкіл шығады. Әрқайсысы үстелдің үстіндегі бір қиманы таңдап алады.



Дескриптор: 3 балл


  • Шығармадағы ұғымдарға түсінік береді; 1 балл


  • Пікірталасқа түседі; 1 балл


  • Өз жауаптарын ұсынады. 1 балл





3-тапсырма. ЖЖ. Әдеби эссе жазуға дайындау үшін үлгі сұрақтары:

  • Шығарма кімнің атынан баяндалады?

  • Кейіпкерлер қандай мінезімен танылады?

  • Роман сізге қалай әсер етті?

Эссе тақырыбы:

«Тағдырлар бар сан алуан, ішінде құла, аласы. Жалғыздықтан жаралған адамзаттың баласы...» - шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, басқалардың көзқарасын өз пікірімен байланыстыра отырып эссе жазыңдар.

Оқушылар шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, басқалардың көзқарасын өз пікірімен байланыстыра отырып эссе жазады.

Дескриптор: 4 балл

-берілген пікірді негізге алады; 1 балл

- идеясы ұқсас шығармалар табады; 1 балл

- өзара салыстыру жүргізеді; 1 балл

- әдеби сын жазады. 1 балл



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісін

сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын білу үшін қолданамын.

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі

Бүгін мен…………………. білдім …………….. қызықты болды. …………………….. қиын болды.

.  ……………. тапсырманы мен

орындадым. …………………. түсіндім.

Мен енді………………….. білемін.

Мен………………………….сезіндім

Мен………………………………. білім алдым. Мен………………………………….. үйрендім.

.  ………………………. менің қолымнан келді.

Мен……………………………….. жасай алдым

Мен……………………………… жасап көруге талпынамын. ……………… мені таң қалдырды. Сабақ менің өміріме….. берді. Менің…………. жасағым келді.

Үйге тапсырма: «Шақан-Шері» романын оқып келу


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

























1-тапсырма. «Ізденіс» әдісі

«Көксерек» – адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. Авторы – Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Бұл әңгіме 1929 жылы жазылған. Реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік политрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма.
Әр бір шығарма жазған сайын тынға түрен салып, оқшау болмыс-бітімімен оқырманды қайран қалдырып, көркемдік көкжиегін кеңіте түсетін көрнекті жазушы 
Мұхтар Мағауиннің «Шақан-Шері» романы . Романда Іле өзені бойындағы жолбарыспен жекпе-жекке шығып, тұқымын құртқанға дейін барған ержүрек аңшы Шақанның өмірі суреттеледі.
«Креативті матрица» әдісі арқылы шығарманың көркемдік құндылығын анықтаңдар. Ол үшін төмендегі кестені толтырыңыздар.


Шығармадағы

құндылықтар



Махаббат


Адалдық


Қарапайымдылық


Еңбекқорлық


Жанашырлық


Қулық


Басқа қандай құндылықтарды байқадың?


Кейіпкерлер















Кейіпкерлердің әрекеттері















Орны















Нәтижесі

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2025
205
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі