Сабақтың тақырыбы: «Шақан-Шері»романы. Жолбарыс жымы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: «Шақан-Шері»романы. Жолбарыс жымы

Материал туралы қысқаша түсінік
шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыр алады;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы «№27 орта мектеп-гимназия» КММ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:
«Шақан-Шері»романы. Жолбарыс жымы

Пәні:

қазақ әдебиеті

Тоқсан:

ІІІ

Бөлім:

III БӨЛІМ. Аңызбен өрілген көркемсөз

Педагогтің аты-жөні:

Джадирова Жанар Джамбуловна

Күні:

16.01.2025

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Шақан-Шері»романы. Жолбарыс жымы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;

Сабақтың мақсаты:

шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыр алады;


      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин



Қызығушылықты ояту.

5 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасамын, түгендеймін.

Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйіміз қандай? Сыныпта бүгін кім жоқ?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбымен, мақсатын таныстырамын.

Берілген сурет бойынша тақырыпқа болжау жасаңдар.

Оқушылар сәлемдеседі.


Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға нақты жауап береді.


Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады және сабақ мақсатымен танысады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:


Үзіндіде көтерілген мәселелерді анық көрсетеді; 1 балл

Оқулық авторлары: С.Тұрсынғалиева, Г.Рыскелдиева «Арман-ПВ» баспасы 2019


жұмыс дәптерлері.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.

1-тапсырма: Т/Ж Берілген үш шығарма үзінділерін оқи отырып, үшеуіне де ортақ ғаламдық деңгейдегі өзекті мәселелерді төмендегі берілген кестеге түсіріңіз.

1- мәтін. « Көксерек әңгімесінен » үзінді

Маңайы қасқырдың ойнағы. Жас шөптер басылып, тапталып қалған. Жақындағы қарағандарда қасқырдың ақ жүндері көрінеді. Қыстан қалған түбіті кәзір де әр жерде сөйтіп жүлынып қалып жүр. Індердің орта жерінде екі қалың сасыр шайқалып өсіпті. Қазір соның түбінде қысқы жүні әбден түлеп болмаған ақ қасқыр жатыр. Баурында кішкентай көк күшіктері қыбырлайды.
Ертеңіне түсте жат иіс шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естіліп, жақындап келе жатты. Күшіктерді жоталарынан тістелеп, індерге тығып-тығып тастап, ақ қасқыр қараған ішіне кірді.
Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап дүбірлетіп келді, айқай-дабыр молайды. Бірі үстіне бірі келіп, жиын көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ін аузына екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Күшіктер бірі үстіне бірі үйіліп, баурын көтеріп қыбырлай алмай, жақын жерде жатыр еді.
Жып-жылы мықты тұсаулар мойнынан, жотадан ұстап бар күшікті сыртқа алып шықты. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да, екінші біреуін - ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды. Ін қаңырап қалды...


2- мәтін. « Шақан шері » романынан үзінді


Арқадан қайтқан жаз еді. Өте сәтті жаз. Шақан Іленің етегін ұялы қаншырдан тазартқан. Табу оңай. Аңду оңай. Атып түсіру тіпті оңай. Қайткенде де жолбарыс перісі Шақан – Шері үшін машықты кәсіп. Содан соң саяқ арландарының соңына түсті. Серік іздеген қаншырдың мауыққан үнімен аңырай шақырады. Баспадан қорғасын оқпен тосып алады. Тіпті, жолбарыстың терісін сыпыруға ерінетін болды. Жаңа қалаға екі-үшеуін апарып, оқ-дәріге молыққан соң артық жұмыс көре бастаған.
Ал, Шақан өз тірлігінен таймады - жолбарыс әулетіне қарсы жанкешті соғысын одан әрі жалғастырды. Іленің басынан өтіп, Шелектің бойымен, Шарынның шатқалын сүзді – қан жайлау, қаптаған ел, қаншама жұрттың көзіне түсіп, шаршап,шалдығып, бос оралған. Бірақ нәтижесіз емес – Жетісуда жолбарыс әулеті тек Іленің етегінде ғана қалғанына анық көзі жетті. Әйтседе дарияның таудан құлаған тармақ, салаларын түгендей кеткісі келді. Сол оймен Күртіні өрледі.

3- мәтін. « Қызыл кітап » поэмасынан үзінді

Қызыл түлкі даланың көрігі еді.

Жаға болып ол енді «керіледі».

Бөкебаймен бүркеулі анау қалпақ —

Қалпақ емес —

Қақпан боп көрінеді.

Тымырсығы-ай!

Қалада жел еспейді.

Жел есетін бұл жайлау емес дейді.

Анау киім ілгішке көзім түссе,

Бұғылардың мүйізі елестейді.

Ойран салған сайғақтың өрісіне

Қауіптірек сібірдің бөрісінен

Кейбіреулер

Сыйлайды саудагерге

Папка жасап ақбөкен терісінен.

Хайуанатқа жасаған қиянатың —

Бауырыңа жасаған опасыздық!


Шығарма атауы

Көтерілген мәселе

Ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелер

Көксерек



Шақан шері



Қызыл кітап




Оқушылар үш шығармадан берілген үзінділердегі көтерілген мәселелерді байланыстырып, шығармаларға ортақ ғаламдық деңгейдегі өзекті мәселелермен байланыстырады.

Десприптор: 3 балл

  • үш шығармадан берілген үзінділердегі көтерілген мәселелерді байланыстыра алады; 3 балл

  • шығармаларға ортақ ғаламдық деңгейдегі өзекті мәселелерді берілген кестеге түсіре алады; 3 балл

  • шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра алады; 2 балл

  • ойын жүйелі бере алады. 1 балл


Слайд



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Кері байланыс

  • Сабақта алған 3 маңызды ақпарат

  • Қиындық келтірген 2 мәселе

  • Сабақта ұнаған 1 аспект

Үйге тапсырма: «Шақан-Шері» романын оқып келу


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.














«Шaқaн-Шерi» рoмaны экoлoгияны қoрғaуғa aт caлыcып жaзғaн ең үздiк шығaрмaлaрының бiрi. Рoмaнның ерекшелiгi – Шaқaн мен жoлбaрыc oбрaздaрын бaйлaныcтырa cуреттеу aрқылы aдaм мен тaбиғaт aрacындaғы бaйлaныcтың үзiлуiн көрcетедi. Қaзaқ хaлқының тaмырлaрынa көз caлcaқ, қacқыр ұғымын ұлықтaу рәciмi көне түркi жұртындa ерекше oрын aлғaнын бiлемiз. Түркiлер көк бөрiден тaрaйды дейтiн түciнiк кең тaрaғaн. «Шaқaн-Шерiдегi» жoлбaрыc – еркiндiктiң, тәуелciздiктiң белгici. Бiрaқ қacқыр дa, бұғы дa, жoлбaрыc тa қaншa жерден киелi, acыл caнaлca дa, oлaрғa билiк қылaтын күш – aдaм. «Шaқaн-Шерiдегi» Шaқaнның қaciретi неде? Oл әйелi мен бaлacын жaрып өлтiрген жoлбaрыcқa, жoлбaрыc aтaулығa кек тұтты. Aқыры Aлaтaудaн Бaлқaшқa қaрaй өрiп жүрген aң пaтшacы жoлбaрыcты құртуды мaқcaт етiп, aрмaнынa жеттi. Coңғы жoлбaрыc 1940 жылы өлтiрiлдi. Шaқaнның кегi қaйтты. Бiрaқ бұл aңғa деген  кек емеc, aдaмғa деген кек едi. Oның жoлбaрыcты құртуы тaбиғaт aнaның бiр мүшеciн кеciп aлғaндaй бoлды. Aқыр aяғы өзi де жoлбaрыcқa aйнaлып кеттi емеc пе? Cырты caу қaлca дa, iшi өлдi. Oның ocындaй хaлге жеткенiне кiм кiнәлi? Әрине, aдaмдaр кiнәлi. Өзi өмiр cүрген қoғaмының aдaмдaры. Oны елiнен, жерiнен қaшырғaн Жaлтaқ Жaнтaйдың caяcaты едi. Яғни, oның aпaтынa oтaрлaу caяcaтынa, тoтaлитaрлық жүйеге бac ұрғaн қoғaм кiнәлi. Шaқaнның елiнен пaнa тaппaй, қaмыcты мекендi қoныcтaуы әйелi Aйшa мен бaлacы Cәменнен aйырылуы, жoлбaрыcқa кек caқтaп, coның coңындa дaлa кезiп кетуi, өзiне ғaшық бoлып, қocылмaққa ниет бiлдiрген  Меңcұлудaн бac тaртып, әкелiк қaмқoрын ұcынып,  мұрaгер етпек бoлғaн Aтaбек aқcaқaлдaн дa бac тaртып, aқыр aяғы бoйындaғы Aдaмдық cипaтынaн aйрылуы, кicенге бaрып тұтылуы, бәрi – Шaқaнның ocы қaтiгез қoғaмнaн жaтcынуынaн туғaн cебептер. Oл өз ic-әрекетi aрқылы өз қoғaмынa қaрcы шықты. Шaқaнның aпaты - coл кездегi қaзaқ ұлтының бacындaғы aпaт. Тек coл кездегi қoғaмның ғaнa aпaты емеc, қaзiргi бoлaшaқ қoғaмның aпaты. Cебебi, Шaқaн мен жoлбaрыc жoртқaн Caрышaғaн қaзiргi тaңдa ядрoлық пoлигoнғa aйнaлды. Жoлбaрыcтың oрнынa aдaмзaтты қac-қaғым cәтте құртып жiберетiн қaру пaйдa бoлды. Мiне, нaғыз aпaт ocындa.

ШАҚАН ШЕРІ немесе аңшылық әдебиет бізге қаншалықты қажет

«Жолбарыс аулау – қазақтың ата дәстүрі, машықты өнері. Төріне тарғыл жолбарыс ілінбеген үйде найза ұстар ұл тумайды деген бабаларымыз. Ол заманда ұзын аққан Сыр-Дария, қамысы қалың Шу бойы қаптаған жыртқыш екен. Ал Іленің етегінде жапырлап жүрсе керек. Жолбарыс – ерекше киелі мақұлық. Бағзы бір кезде тәуіптер сүйегін ұнтап дәрі жасайтын, етін қақтап, өтін кептіріп, майын шыжғырып, ұма безі мен қамшысына дейін кәдеге асыратын. Бұл шеріде диюдің күші, жынның жылдамдығы бар…»

Бұл үзінді қазақтың ұлы жазушыларының бірегейі Мұхтар Мағауиннің «Шақан Шері» романынан алынған. Иә, қазақ даласында бұрында жолбарыс та, аң патшасы арыстан да мол болған деседі. Жолбарыстар арыстанның айбатына қарамай, оларды жерімізден айдап тастаған. Жолбарыстың пысы өте күшті, ақырған даусын естігенде адамның төбе құйқасы шымырлайды екен.

Шығармада ең алдымен, жолбарыс, адам жейтін сойқан ретінде көрсетіледі. Ал бұдан кейін оқиға тұла бойын кек пен ыза кернеген адам баласының жолбарыс тұқымын құрту мақсатын алға қоюымен өрби түседі. Шығармада қазақы аңшылық дәстүрдің сан қыры мен жолбарыс тектілігі анық баяндалады. Адамға өздігінен тиіспейтін жыртқыштың неліктен кішкене бала мен жас әйелді жегеніне жауап іздегенде, алдымыздан адамның қастығы шығады.

Қазақ аңшысы жануарда түйсік қана, ал адамда ақыл-ой бар, қандай жыртқыш болса да, адамзат баласынан ықпайтын, қаймықпайтын аң болмайды деген қағиданы ұстанған. Романда қазақтардың аң аулауда түрлі айла-тәсілді қолдана білгені ерекше айтылады. Ауға шыққанда киіз үй, күрке пішінінде керегелі тұзақ құрған немесе уланған жемтікті тастайтын болған, алайда жолбарыстың бір ерекшелігі, тек жолбарыс қапқан жемтік болмаса – өлекселерді жемейтіндігі. Қазақ аңшыларының тағы бір керемет қасиеті – аңдардың орналасу орнын, табиғат құбылыстарын алдын ала болжап, жел бағытының аңдарға қалай әсер ететінін, ауыл-аймақтың географиялық ортасын өте жақсы білуі. Және де жолбарыс аулауға шыққанда қаншыры мен арланын бірден ажыратып, жолбарыс дауысымен шақырып, алдап қолға түсірген. Басқа аңдар сияқты адам ізін басудан именуді білмейтін жолбарыс қана екендігін біздің қазақ ертеден-ақ білген.

Ал енді бұл әдеби шығармадағы аңшы психологиясына тоқталайық. Жан дегенде жалғыздарын өлтірген жолбарыс қайта келген түні ол әлі де қорқатын, тарғылмен бетпе-бет жеке айқасқа түсіп көрмепті. Ал сол түні, өз шаңырағында өзі атқан қорғасын оқ жыртқыштың сол жақ көзіне тиіп, құлақ шекесін қақырата тесіп өтті. Содан соң ақ балтамен жуан мойнынан басын шауып түсірді. Сосын артқы аяғын шапқанда, балтасы бірдеңеге тиіп кеткендей болып еді, қараса кәдімгі мылтық оғы екен. Артқы аяғында екі аяқтылар салған таңба қанша уақыт бойы жүрген? Бұрын ұсақ аңдарды аулап, азық қып жүрген Шақан әйелі мен баласының кегін арқалап, жолбарыс тұқымын құртуға деген ниеті туындаған осы күннен бастап, қу, әккі аңшыға айналады. Бұдан кейін Шақанның өшпенділік кернеген жүрегі мұздай қатып, кішкене әлсіз шөнжіктерді де қырып салып жүрді. Аңшы психологиясы орманда, түзде жүргенде жануарлар түйсігімен астасып, тығыз қарым-қатынас орнатты. Мысалы, әр жануардың дем алысынан, жүрісінен, ізінен қандай жағдайда болғанын, алда не болатынын болжап, біліп тұрады. Мысалы, қояндар әрлі-берлі қамсыз шапқылап жүрсе, жолбарыстың жақын маңда болмағаны, тарғыл шері жүрген жерге қасқырдың жақындамайтыны, қабандардың бейқам тірлігі жолбарыстың алыста екендігінен хабар беретіні, сауысқанның саңқылының қай жақтан шыққанына қарап, жыртқыштың қай тұста екенін білуге болатынын дәл бағамдай алатын. Және жолбарыстың от жағылған жерге келмейтінін де жақсы білген. Қақ алдынан төніп тұрған үлкен қатерден тайсалмай, жыртқыштың кеудесіне қанжар сұғуы Шақанның жолбарыс аулауда шыңдала түскендігін көрсетеді. Аңшы психологиясының аңшылыққа берілгені сонша, бірнеше жыл бойы адамдар көзінен тасаланып, адами ортадан оқшаулануы, түр-сипатының да жолбарысқа келіңкіреп, киген киімі де, кейде төрт аяқтап жүруі де, жыртқыштан аумай кетуі, жабайылануы – Шақанның әйелі мен баласының аруақтары алдында берген сертіне деген адалдығы болатын.

Кейінірек, басты кейіпкер аңшы Шақан кішкентай шөнжіктерді атпай, құйрығын шолақ етіп кесіп тастап кетіп жүрді. Алайда, олардың көбісі үлкен аңдарға жем болып немесе аштан қырылып қалды. Бір күні қыңсылап, жер бауырлап, аштықтан әлсіреген шөнжікті өзі аулаған құрмен әлдендіріп алды. Кейін мойнына қарғы салып, жанына ертіп жүрді. Біршама уақыт асырағаннан кейін, түз тағысы, есейгенде азуы ақсиған жолбарыс болады деп, бір жағынан атуға қимай, үлкен қабанмен алдап, адастырып кетеді. Бірнеше жылдан соң, Шақанның алдынан кезіккенде оны танып, оған еш тиіспестен өз жөніне кетуі – жолбарыстың аса текті жыртқыш екенін көрсетеді. Енесін өлтіріп, құйрығының жартысын кесіп тастап кеткен адамның жамандығын емес, жасаған азғана жақсылығын ұмытпаған хайуанды текті деуіміздің де жөні бар. Тағы бір айта кететіні, жолбарыстың қайсарлығы, табандылығы хақында. Ұрғашысының жалғызсырап, ақырғанын естіп келген жас арлан мен кәрі арлан арасындағы айқаста, жолбарыстың кері қайтпайтын ер мінезі, өліспей, беріспейтіндігі көрінеді. Қаншыр үшін айқаста, бірі өліп, бірі жеңіске жететінін біле тұра, қызыл ала қанға бөккенше алысады. Ақыры, біреуі сұлқ түсіп, мерт болады. Осыны тамашалап тұрған аңшының өзі, табиғаттың заңына таңдай қағып, жолбарыстарды шағылысқан уақытында өлтіруді обал санап, кейін шегінеді.

Шақан ғылым-білім үйренбеген, оқу оқымаған болғанымен, аталардың айтқанын, ел аузындағы аңыздарды жадында мұқият сақтаған. Шу, Іле бойын түгел кезіп шығып, Сырдарияның алқабындағы шөлмен жүріп өткен жолында солардың бәрін есіне түсіріп, бағытынан жаңылмады. Себебі, автор атап өтетіндей: «аңыздың айтқаны – ақиқат, ғылымның айтқаны – шындық». Мұнда тарихи ақиқат, уақыт шындығы жатыр. Аңыздарда келтірілген жер-су атаулары, суреттелетін тау, өзен, қырат, шөлейт жердің барлығы да шын кезігеді. Сондықтан аңшылық өнер жайы айтылатын романнан бірнеше аймақтың табиғаты, сол жерде тұрақтаған халық тұрмысы, дәл сол өңірде болған тарихи оқиғалар туралы ақпараттарға қанығамыз.

Жолбарыс тұқымын құрту жолында көп қиындық көрген соң, Шақан табиғат пен адамның арасындағы тепе-теңдікті бұзып, табиғи заңдылыққа қарсы келгендігін түсінеді. Әуелгіде оны ел-жұртынан айырып, ен далаға қуған жолбарыс емес, адам екенін ұғып, бір кектің артында түз тағысының тағдыры жатқандығына көзі жетеді. Оны романдағы мына бір үзіндіден көруге болады:

«Кенет өзін осы жолға түсірген жалмауыз жолбарыс көз алдына келді. Балаға шапқан, әйелді шайнаған кезі емес. Өлім сәті. Өлгеннен соңғы бұтарлап шабылған сәті. Артқы аяққа шор болып байланған қорғасын оқ. «Жолбарыс өз бетімен кісіге тимейді». Құба-мерген айтқан. Қара-батыр айтқан. Атабек Ақсақал айтқан. Өзі де көрді. Сонда, жалмауыз кек қуғаны ма?! Бір кісіден көрген жапасын бір адамға артқан. Жүрген ізін қанды соқпаққа айналдырған. Бұл да қазаға ұшырады. Қорғасын оқ емес, тас қайғы – екі бірдей қаза жүрек басына түйітпектеліп жабысты. Бір жыртқыштың кінәсін тарғыл тонды барлық шеріге артыпты. Содан не тапты?

Кек. Кегі аңда емес, адамда болуға тиіс екен. Елден аң емес, адам айырыпты…»

Осы ішкі арпалысынан соң, Шақан өзінің ескі қонысына, өз жұртына бет түзейді. Ал онда барғанда темір кісен күтіп тұрғаны айтылады да, шығарма аяқталады.

Бір ғана роман жазу жолында Шақанның жүріп өткен жолдарымен жүріп, түрлі мұрағаттарды ақтарып, көнекөздермен тілдескен автор – Мұхтар Мағауин романның эпилогында өмірде болған Шақан жайындағы нақты деректерді келтіреді:

— Шақан жайында алғаш рет Петербургте 1871 жылы шыққан «Военный сборник» журналында «Отважный туркестанский охотник Шахан» мақаласы жарияланған.

— Жетісу архивтерінде «басбұзар қырғыз Шақан-Тигрдің» іс-қағаздары кездеседі. Жақын туысы Малтай Жантаевтың куәлігі бойынша, өкіметке пиғылы теріс, қоғамға қатерлі адам деп танылған. Алайда, сот үкімі табылмады.

— Хикаяның үш түрлі шешімі шықты:

Біріншісі – Шақан аяқ, қолына бұғау салынып, Сібірге – Якут өлкесіне жер аударылды.

Екіншісі – Шақан тергеу аяқталар қарсаңда түрмеден қашуға әрекет үстінде оққа ұшады.

Үшіншісі – әлде түрмеде, әлде этап кезінде қашып, аман құтылады.

Ақыры, жазушы соңғысына тоқталғанды жөн көрген, себебі: 1884 жылы шыққан «Природа и охота» журналының 13-санында жолбарыс аулаған Шақан мерген туралы айтылған. Тарихи деректерге қарағанда Шымкент, Әулие-Ата өңіріндегі Ұлы жүз қазақтарының патшалық тәртіпке қарсы көтерілісіне (1867-1869) басшылық еткен батырдың бірі – Жолбарыс Шақан болған екен.

Ал қазақ жеріндегі жолбарыс туралы нақты дерек:
Жетісудың ең соңғы жолбарысы 1940 жылы оққа ұшқан.

Бұл романнан оқырманның түйетіні: табиғи заңдылықты бұзу, құныққан үстіне құныға түсудің кей аңдардың жойылуына, тұқымының құруына әкеліп соғатынын есте сақтау қажеттігі. Мұндай шығармалар келешек ұрпақты тәрбиелеудегі табиғаттың рөлін, ондағы әрбір қыбырлаған тіршілік иесінің айрықша орны бар екендігін үйретеді. Аң аулаудың да өз жөні, шегі болатындығын әр аңшының біліп жүруге тиістілігін нақтылап, түрлі тарихи деректер мен топонимикалық атаулар жайлы мағлұмат берген бұл шығарма – қазақ әдебиетінің ғана асыл қазынасы емес, тарихтың, аңшылық өнердің мол мұрасы. Аңшылық туралы шығармалар өткенді қастерлеу, табиғатты сүю, жан-жануарға деген құрмет, аңшыға тән ұлы қасиеттер, жануарлар арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы, аң аулаудағы ұтқыр тәсілдер сияқты пайдалы нәрселерді насихаттайды. Сондықтан, осындай шығармалар көркем әдебиетті сүйетіндер мен аңшылыққа қызығатындарға мол азық болады және бұл – біздің қоғам мен оқырмандарға қызық әрі керек дүние.

Ақтоты БОРИСҚЫЗЫ

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2025
400
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі