Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақтың тақырыбы:Анаға сыйлаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Анаға сыйлаймыз

Сабақтың мақсаты: оқушылардың Кім? Не? сұрағына жауап беретін сөздер жайлы білімдерін ары қарай жалғастыру. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаң ойын қорыта алуға, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру, сөйлеу тілін дамытумен қатар балалардың анаға деген сүйіспеншілігін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: оқыту, жаздыру, сұрақ-жауап, әңгімелсу

Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, симантикалық карта, суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

  1. Жарқырап күн де ашылды

Айнала нұр шашылды

Қайырлы күн! Біз көңілді боламыз

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз - еңбектену

Еңбектену арқылы 5-ке қолды жеткізу


2. Біз ана тілі сабағын бастаймыз.

Біз ана тілі сабағын қалай бастаймыз?

Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

С.Торғайева

Оқушыларды топқа бөлу

Есептер шығару арқылы топтардың атын табу.

  1. Бәйшешек

  2. Жауқазын

  3. Көктем


Үй тапсырмасын сұрау.

1-топ: «Бәйшешек» өлеңін жатқа айту

2-топ: «Жауқазын» өлеңін жатқа айту

3-топ: «Көктем» 91-жаттығу орындалуын тексеру

Өткен сабақтар бойынша ережелерді қортындылау барысында 10 сұрақтардан тұратын тест белгілеу.

Жаңа сабақ.92-жаттығу

«Көктем» мәтінін оқып беру

Диктант жаздыру

Не? Нелер? сұрағына жауап беретін сөздердің астарын сызу.


Өзіндік жұмыс. Семантикалық карта.

Заттың атын білдіретін сөздер

Шопан

Ата

Әже

Тракторшы

Ана

Қарындас

Туыстықты білдіретін сөздер







Кәсіп иесін білдіретін сөздер








Суретпен жұмыс:

Бұл кім?-ана

Ана нестеп отыр?

Ана бесік тербетіп отыр

Мұғалім:

- Адас баласы үшін ең аяулы, ең қадірлі сөз-ана. Дүниеде анасыз адам болмайды, мына отырған сендер де, мен де осы біз бәріміз анадан туып, ана көкірегінен нәр алған жандармыз. Өміргн келген нәресте ең алғаш әнді анасынан үйренеді, ең алғаш әнді атасынан естиді. Сендерді мектепке кім даярлайды.

- Анамыз.

- Наурыз айында қандай мереке бар?

- 8-наурыз –аналар мерекесі.

Оқулықтағы суретпен жұмыс.Сурет бойынша әңгіме құрату. Аналар мерекесінде Айжан анасына арнап кесте тікті. Ол орамалға «8-наурыз» деп, кестелеп жазып қойды. Айжан орамалмен бірге гүл шоғын сыйлады. Анасы риза болды.

«Тақтадағы суреттің қасына сөздерден сөйлем құра» тапсырмасы берілді.

  1. тікті Айжан кесте

  2. Анасына гүл шоғын Айжан сыйлады.

  3. болды риза Анасы

- Сендер аналарыңды жақсы көресіндер ме?Олай болса мына сұрақтарға жауап беріңдер.

Тірек сызбаларды толтыру

1-топ: «Бәйшешек»



2-топ «Жауқазын»



3-топ: «Көктем»


Мұғалім:

- Халқымыздың ақындары өздерінің жырларын анаға арнаған екен.Сондай өлендерінің бірі Мариям Хакімжанованың «Анама» деген,Ақұштап Бақтыгерейеваның «Анаға сыйлаймыз» өлеңімен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқып беру.Топ бойынша балаларға оқыту.


Сергіту сәті:

1-топ «Бәйшешек»: «Құттықтаймын, мама, туған күнінмен» әнін орындау.

2-топ «Жауқазын»: «Анамның тілі-аяулы үні»

3-топ «Көктем»: «Ақ мамам»


Сурет салу:

1-топ «Бәйшешек» тобы «Бәйшешек гүлі»

2-топ «Жауқазын» тобы «Жауқазын гүлі»

3-топ «Көктем» тобы «Көктем көрінісі» суретін салу.



Тестпен жұмыс

1-топ «Бәйшешек» Аналар туралы тақпақтар айту.

2-топ «Жауқазын» Аналар туралы мақал-мәтелдер айту.

3-топ «Көктем» «Не тәтті» әңгімесі бойынша сахналық көріністер жасау.


Венн диаграммасы бойынша ережені қорыту


Адам, әже, ата,

оқушы, әнші,

биші, Самат


Заттың Гүл, ағаш

атын бор, тау

білдіреді тас, өзен









Кім? Не? Нелер? деген сұрақтардан тұрады?


Сөзжұмақты шешу




З









А







Т









Е







С








І










М






«Көктем» мезгілінде нелер болады?


Көктем туралы тақпақтар айту.

- Балалар,аналарыңа балалық ақ жүректеріңмен айтқан тілектерің орындалып,қабыл болсын дей отырып бүгінгі сабақтарымызды аяқтаймыз.


Бағалау: Сабақта белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, «Бәйшешек», «Жауқазын» гүлдерін сыйлаймыз.


Үйге тапсырма: М.Хакімжанованың «Анама» өлеңін жаттап келу. А.Бақтыгерейеваның «Анаға» ана мерекесіне арнап құттықтау жазып келу.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2019
1074
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12