400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сабырсыз , арсыз еріншек» өлеңі 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға үлкен көмек болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: (7)

Қазақ әдебиеті

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

«Сабырсыз , арсыз еріншек» өлеңі

Күні:

15.09.2020 жыл.

Мұғалімнің аты-жөні:

Касымова Галия Орынбасаровна

Мектеп:

№ 71 мектеп-лицей

Бөлім атауы

«Өлең сөздің патшасы»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж: 10.1.5.1 шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: «Сабырсыз , арсыз еріншек» өлеңіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін аша алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Өлеңдегі өзекті мәселені қазіргі қоғамдағы мәселемен салыстыра отырып сұрақтар құрастыра алады.

Оқушылардың кейбіреулері:

Өлең идеясын басшылыққа алып шығармашылық тапсырмалар орындайды.

Бағалау критерийлері

«Сабырсыз , арсыз еріншек» өлеңіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: «Сабырсыз , арсыз еріншек» өлеңіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін аша алады,өлеңдегі өзекті мәселені қазіргі қоғамдағы мәселемен салыстыра отырып сұрақтар құрастыра алады,өлең идеясын басшылыққа алып шығармашылық тапсырмалар орындайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Көрсеқызар, мертігу, күндеу, қоныс, бейне су, ғайбаттау,берекет, жалмауыз, алтыбақан алауыз.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

«Сорлы қазақ сол үшін, алтыбақан алауыз»

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. «Сабырсыз, арсыз, еріншек , көрсеқызар» сөздерінің антонимін табыңдар?

2. Ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді сынға алды?

Ишара: мадақтау, қошеметтеу, жылы шырай таныту.

Алдыңғы оқу:

Өлең –сөздің патшасы сөз сарасы

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Тарихтың, тіл мен мәдениеттің біртұтастығы.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

(7 минут)











1. Сәлемдесу. Түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Психологиялық ахуал орнату.

«Бір қадам алға...» әдісі бойынша жүзеге асырылады.

Орындалу шарты: Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.


3.Топқа бөлу.

«Құрақ қағаздар» әдісі бойынша жүзеге асырылады.

Орындалу шарты:

Кеспе қағаздарды алып, портреттер құрау соған байланысты топқа бөлінеді.

1 – топ.

2 – топ.


4. Үй тапсырмасы.

А.Құнанбайұлының өлеңдеріне өзіндік көзқарасын айту.

«ВЕЕР» әдісі бойынша жүзеге асырылады.

Орындалу шарты:

Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.

Дескриптор

1. Ақын шығармашылығын түсінеді.

2. Өлеңдерін сипаттай алады.

3.Өлеңге өзіндік көзқарасын айта алады.

Қалыптастырушы бағалау.

Оқушылар дұрыс жауап берсе

жасыл жапырақ-5,

орташа жауап берсе сары жапырақ – 4,

мүдіріп қалса, қызыл – 3,

деген бағалар беріліп отырады.

Интербелсенді тақта


































Сабақтың ортасы

( 27 минут)

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Оқушыларға «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңін оқытып, идеясымен таныстырамын.

  1. Тапсырма. Топтық жұмыс.

«Постер қорғау» әдісі арқылы орындалады.

«Сабырсыз , арсыз еріншек» өлеңіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашып, жазбаша креативті ойларымен бөлісу.


Дескриптор:

  • - өлеңіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашады.

  • - өзіндік пікір қалыптастырады.

  • - жазбаша креативті ойларымен бөліседі.

ҚБ. Екі топ «Сен маған-мен саған» әдісі арқылы бір-бірінің жұмысына кері байланыс береді.

2 тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

  1. Тапсырма: Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер қалай пайда болады? Одан арылудың жолы қандай? «Балық қаңқасын» толтырып, мәселенің шешімін табыңдар.

Негізгі Шешу Қорытынды

м әселе жолдары



Дескриптор:

- Өлеңді мұқият оқиды.

  • - Өлең идеясын түсінеді.

  • - Салыстыра алады.

ҚБ:Ұлы тұлғалардың сөзі жазылған суреттермен бағалаймын.

3 тапсырма. Жұптық жұмыс.

Өлең идеясын басшылыққа алып шығармашылық тапсырма орындау.

«Буриме» әдісі арқылы жүзеге асады.

Дайын ұйқасқа өз ойын қосып өлең шығарады.


---------------------------------заманы,

--------------------------------адамы.

--------------------------------бастайтын,

---------------------------------қадамы.


---------------------------------сабырсыз,

--------------------------------қадірсіз.

--------------------------------табылар,

--------------------------------бағы бар.


• Дескриптор:

Өлең идеясын түсінеді.

Ойын ұйқасқа сала алады.

Өлең шығара алады.

ҚБ:Ұлы тұлғалардың сөзі жазылған суреттермен бағалаймын.













«Қазақ әдебиеті» оқулығы, 10

сынып, «Мектеп» баспасы, 13-15 бет











Сабақтың соңы

( 6 минут)

Кері байланыс. «Жарқын ойлар» әдісі бойынша орындалады. Оқушыларға «Сізге айтарым...» деген сөйлем жазылған ақ қағаздар таратылады. Баяу музыка ойнап тұрады. 2 минут ішінде оқушылар сөйлемді жалғастырып, ойларын жазуы қажет.

Үй жұмысы

Өлеңдегі өзекті мәселені қазіргі қоғамдағы мәселемен салыстыра отырып сұрақтар құрастыру.

Рефлексия. «3-2-1» стратегиясы бойынша орындалады.

  • Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

  • Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.




Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?



Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


1.Пәнаралық байланыс

2.Денсаулық және қауіпсіздік


3. АКТ-мен байланыс

4.Құндылықтармен байланыс.

Сабақ барысында саралау мақсатында тиімді ұйымдастырып, мақсатқа қол жеткіземін.

Қолдауды қажет ететін оқушылардың «Сабырсыз , арсыз еріншек» өлеңіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін аша

алуын назарымда ұстаймын.

Орташа қолдауды қажет

ететін оқушылардың

өлеңдегі өзекті мәселені

қазіргі қоғамдағы мәселемен

салыстыра отырып сұрақтар

құрастыра

алуын қадағалаймын.


Қабілеті жоғары оқушыларға

өлең идеясын басшылыққа алып шығармашылық тапсырмалар орындау кезінде қолдау көрсетемін.


Сабақ барысында «Сабырсыз , арсыз еріншек» өлеңіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін аша алған оқушыларды критерийлерге негізделген дескрипторлардың көмегімен бағалауды жүзеге асырамын.

1.Сабақ барысында Қазақстан тарихы пәнімен пәнаралық байланыс болады.

2.Денсаулық және қауіпсіздік шаралары сақталады.

3.Сабақ барысында интербелсенді тақтаны тиімді пайдаланамын.

4. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Тіл мен тарих, мәдениеттің біртұтастығы- сабақтың тәрбиелік мәні ретінде танылады.

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?


Бүгін оқушылар нені білді?


Сыныптағы ахуал қандай

болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?



Мен уақытты тиімді пайдалана алдым ба?


Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Сабақ барысында оқу мақсаттары мен оқу міндеттері орындалды. Тапсырмаларды беру және тиімді қолдану арқылы мақсатыма жеттім.

Бүгінгі сабақта оқушылар «Сабырсыз , арсыз еріншек» өлеңіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін аша алды.

Қабілеті орта оқушыларға, қабілетті оқушылар көмектесіп отырды.

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды. Оқушылардың жеке қабілеттері мен мүмкіншіліктерін, тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп отырдым.

Сабағыма негізделген уақытты тиімді пайдаландым. Тапсырмаларды уақытылы орындаттым. Уақытты қадағалап отыру арқылы, сабағым жүйелі өтті.

Мен өз жоспарыма өзгерістер енгізбеймін. Өйткені сабағым, сабақ жоспарына сай өтті.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.Сабақ барысында «Постер қорғауды» пайдаланып «Сабырсыз , арсыз еріншек» өлеңіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашып, жазбаша креативті ойларымен бөлісу тапсырмасытабысты болды.

2. Өлең шығару табысты болды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

1.Тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану сабағымды жақсарта алды.

2. Сабақ барысында психологиялық ахуал қалыптастыру және оқушыларға тапсырма орындату арқылы бағалау сабаққа деген ынтасы артатынын білдім.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
22 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
5700
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі