Сабақтың тақырыбы
: Волейбол. Шабуыл
соққысын орындау.
Сабақтың мақсаты
: Оқушыларға волейбол ойынының
айла – тәсілдерін үйрету, шабуыл соққысының элементтерін үйрету,
командалық ауызбіршілікті нығайту.
Сабақтың міндеттері
: Білім
беру: Шабуыл соққысын
орындауды,қорғаныста ойнау әдісін және тактикалық ойын үлгісін
үйрету.
Дамыту: Оқушының ой-өрісін, қабілеті
мен икемділігін, күш – қуатын дамыту.
Тәрбиелеу. Оқушыларды тәртіпке,
командалық ұйымшылдыққа, өз бетімен
спортпен шұғылдануға
қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар,
көрнекіліктер : ысқырғыш, секундомер, доптар,
гимнастикалық орындық, интерактивті тақта,
бейнекамера.
Сабақ
бөлімі
|
Сабақтың
мазмұны
|
Уақыты
|
Әдістемелік
нұсқаулар
|
Кіріспе дайындық
бөлімі
12
минут
|
Сапқа
тұру
- кезекші рапорт
беру
-
сәлемдесу
- сабақ тақырыбын
хабарлау
-бір-екіге
саналу
Жүру
жаттығулары
- қол жоғарыда аяқтың
ұшымен жүр
- қол желкеде өкшемен
жүр
- қол белде табанның ішімен
жүр
- қол белде табанның
сыртымен жүр
- қолды алға созып жартылай
отырып жүр
Жүгіру
жаттығулары
-бір қатардан екі қатар
құрап жүгіру
- қол белде аяқты алға
сермей жүгір
- қол желкеде аяқты артқа
сермей жүгір
- қол алда тізені жоғары
көтеріп жүгір
- қол желкеде аяқты тізеден
артқа сілтей жүгір
- оң қапталмен, қолды
иықтан алдыға айналдыра жүгір
- сол қапталмен, қолды
иықтан артқа айналдыра жүгір
- артпен
жүгір
- шапшаң
жүгір
- отырып жүр, отырып
секіріп жүр
- терең дем
шығарамыз
|
1мин
3мин
8мин
|
Спорттық киімдеріне көңіл
бөлу.
Оқушыларды
түгендеу.
Аяқ алысын
бақылау.
Денені тік
ұстаймыз.
Басты
көтереміз.
Дене тік
ұстау.
Дене тік,ара-қашықтық
сақта.
Екі қатарға
бөліну.
Аяқ ұшы
тік,
аяқ тізеден
бүгілмейді.
Денені тік
ұстаймыз.
Өкшені алақанға
тигіземіз
Тіркеме
адыммен.
Ара-қашықтық
сақта.
Ара-қашықтық
сақта
шапшаң
жүгіру.
Басты бұрып артқа
қара.
Денені бос
ұстау.
|
Арнайы дайындық
бөлімі
8
минут
|
Арнайы
дайындық.
-допты жоғары лақтырып
қағып алу
-допты жоғары лақтырып
отырып тұрып қағып алу
-допты жоғары лақтырып
айналып қағып алу
-қарама-қарсы тұрып доппен
шабуылдау әрекетін орындау
|
8мин
|
Допты биікке
лақтыру.
Допты
жоғары
лақтырып қолды еденге
тигізу.
Қолды жазып соққы
жасау.
|
Негізгі
бөлім
20
минут
|
Шабуыл соққысын
орындау.
-Тордан 5 – 6 метр жерден
жүгіріп келіп қос аяқпен серпіле әуеде секіріп соққы жасау әрекетін
көрсету.
-Секіру әрекетін көрсеткен
кезде адымдап келіп аяқты тізеден бүге, қолды артқа сермей лақтырып
екпінмен жоғары серпілу керек.
-Әуеде оң қолын жоғары алып
білектен соққы беруді көрсету. Осы жаттығуды доппен
жасау.
-Бір оқушы тор түбінен
әуелете допты лақтырады шабуылдаушы жүгіріп келіп бар күшімен
секіріп соққы береді.
-Ұйымдастырушы арқылы
соққыны қайталау.
-ереже бойынша волейбол
ойынын ойнау
|
20мин
|
Оқушылар бірге сызық бойына
тұрып. Жаттығуды орындайды,
Торға денені тигізбеу
керек.
Соққы жасалған соң кейін
қарай жүгіріп келесі соққыға дайындалу
керек.
Тордан қарама-қарсы соққы
жасалған кезде кезекпен шабуылдайды.
Әрекетті дұрыс
орындау.
Ережені сақтап
ойнау.
|
Шабуылдау кезіндегі
қозғалу сәттері.
|
Қорытынды
бөлімі
5мин
|
Қорытынды
бөлім.
-
Жалпы
сапқа тұру
-Жаттығуды орындау
кезіндегі қателіктерді айту
-Оқушыларды
бағалау
-Сабақты
қорытындылау
-Үйге тапсырма
беру
-Қоштасу
|
5мин
|
Бір сызық
бойын.
Жекелеген оқушыларға нұсқау
беру.
Сабақтағы белсенді
оқушыларға баға қою.
Үйге тапсырма
беру.
|