Садақа беруде ләззатқа бөлейді

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Садақа беруде ләззатқа бөлейді

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие тал бесіктен басталады. Адамның тәрбиесі иманынан ең алдымен біз имандылықты үйренуіміз керек. Тәрбиелі мән мағынасы жастарға ой салады. Болашағын өзгертеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САДАҚА БЕРУДЕ ЛӘЗЗАТҚА БӨЛЕЙДІ


Ләйс ибн Сағд бал сатумен айналысқан екен. Бір күні оның кемесі жағаға келіп тоқтайды. Кемеде үлкен бөшкелерге құйылған бал болатын. Осы мезгілде кішкентай ыдысын ұстаған күйде бір қарт әжей Ләйс ибн Сағдқа келіп,оған бал құйып беруін өтінді. Алайда, Ләйс ибн Сағд бал беруден бас тартады.

Әлгі әжей өз жөніне кетісімен Ләйс ибн Сағд өзінің көмекшісіне оның мекенжайын анықтап, бір бөшке балды үйіне апарып беруді тапсырады. Оның бұл ісіне таңырқаған көмекшісі: Ол кейуана сізден кішкентай ыдысына шамалы мөлшерде бал құйып беруін сұрағанда оның бетін қайтарып, енді қазір балды бөшкесімен үйіне апарып бер дейсіз! Бұныңыз қалай?

Көмекшісінің сауалына Ләйс ибн Сағд: Әлгі әжей шамасына қарай сұраған болатын, ал мен оған өз шамама қарай бергелі жатырмын. Әрбір садақа жасаушы адам өзінің берген садақасы пақырдың қолына тимей тұрып, Алланың құзырына жететіндігіне сенімі кәміл болған жағдайда, садақаны алушыдан қарағанда оны беруші әлдеқайда ләззатын көбірек сезінетін еді, - деп жауап қатқан екен.

Садақа берудің осы дүниедегі 5 пайдасы

- Мал – дүниені тазартады;

- Күнәларды өшіреді: «Су отты сөндіргендей, садақа да күнәларды өшіреді» «Садақа тәкәппарлықты жояды» (Тирмизи).;

- Ауру мен апаттан сақтайды: «Науқастарыңды садақамен емдеңдер. Садақа әрбір ауруды және бәлекетті қайтарады» (Бәйхақи риуаяты);

- «Садақа беруде асығыңыздар. Өйткені апат садақадан оза алмайды» (Табарани, Бәйхақи);

- Мұқтаж жанды қуантады. Ризықты арттырып, табысқа берекесін береді.


Садақаның ақыреттегі 5 пайдасы

- Қияметтің үрейінен сақтап, көлеңке болады: «Садақа қабір азабынан сақтайды. Қияметте иесін өз қамқорына алады» (Бәйхақи)

- Тозақтан құтқарады: «Жарты құрма болса да садақа беріп, тозақтан сақтаныңдар»

- Таразыда сауабы басым болады;

- Сырат көпірінен өтуі оңай болмақ;

- Дүниесінің есебін беруде жеңіл болмақ.


Садақа беруде шамаға қарап амал еткен жөн. Әбу Бәкірдің қызы Әсма: «Ей, Алланың Елшісі! Жұбайым Зубайрдың берген мәхірінен басқа затым жоқ. Садақа берейін бе?» - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Шамаңа қарап садақа бер. Дорбаның аузын бума, Алла да сенің ризығыңды буады», - дейді.



БІРЕУДІҢ КӨҢІЛІНЕ ТИГЕН ӨЗІН ТӨМЕНДЕТЕДІ



Бірде шәкірті ұстазынан:

- Ұстаз, егерде мені біреу ренжітсе, қатты сөйлеп, көңіліме тиер ауыр сөз айтса, оған қандай жауап қатуым керек? – деп сұрайды.

Ұстазы:

- Сен ағаштың түбінде отырсың делік. Бір кезде басыңа ағаштың бір шыбығы түсіп кетті. Қандай әрекет жасайсың? – дейді.

Шәкірті бірден жауап береді:

- Не істейсің дейсіз бе? Бұл жай сәйкестік қой. Бір тал шыбықтың мен отырған кезде басыма түсуі сәйкестік қана ғой.

Сонда ұстазы:

- Міне, дәл осылай. Біреу ашуға беріліп, ызаланып, сені кемсітіп, сені емес, өзін төмендетті. Ол ағаштан жерге түскен талдай нәрсе. Бір шыбыққа бола сен уайым-қайғыға салынбайсың ғой. Сондықтан ол адам сені алаңдатпасын, - деп жауап береді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2021
452
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі