Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шағын жинақталған мектепте информатиканы оқытудың ерекшеліктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын жинақталған мектепте информатиканы оқытудың ерекшеліктерін білу- көп жанға қызықты, әрі пайдалы деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шағын жинақталған мектепте информатиканы

оқытудың ерекшеліктері

Қарағанды қаласы

«№134 негізгі мектеп» КММ

Информатика пәнінің мұғалімі

Валиева Лаура Маратовна

Шағын жинақталған мектеп – барлық талапқа сай, білім алуда оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, бiлiм алушылар контингентi шағын, сынып-жинақтары бiрiктiрiлген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзiндiк нысаны бар жалпы білім беретін мектептің бір типі.

Республиканың білім беру мазмұнын жаңарту барлық білім беру жүйесін, сондай-ақ, шағын жинақты мектептерді де қамтиды. Осы мақсатта бірнеше міндеттер көрсетілген. Оның ішінде ШЖМ проблемаларын шешу. Мен осы ШЖМ 11 жылдан астам қызмет жасап келемін. Аталмыш мектептің өзіндік проблемалары бар:

-біріктірілген сыныптар болғандықтан, мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;

-ата-аналар əлеуметтік жағдайы төмен: (ғаламтор жүйесінің жылдамдығы əлсіз, кітапхана тапшылығы, оқушылардың оқуға деген мотивицациясы төмен. Осы себептерден оқушылардың пəнге деген қызығушылығы төмендеп бара жатыр);

- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;

- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;

- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;

- материалдық-техникалық базасының әлсіздігі және инфраструктураның нашарлығы;

- параллель сыныптардың болмауы;

- оқушылар санының аздығы;

- біріктірілген сыныптарда оқытудың қиындығы;

- оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі.

- бір уақытта екі немесе үш сыныпта сабақ өткізгенде, уакыт тапшылығы туындайды т. б.

Информатика сабағында қиындық болмау үшін және уақытты үнемдеу арқылы аталмыш проблеманы М.М. Жанпеисованың «Модульдік оқыту технологиясын» оқушыны дамыту құралы туралы ретінде шешуге тырыстым. Мен барлық әдіс- тәсілдерді пайдалану арқылы оқушыларды шағын топпен жұмыс жасауға дағдыландырдым. Топтық жұмыстың пайдасы: бірінбірі тыңдайды, қарым-қатынас, тəртіптілік мəдениеті артады, топқа жəне бір-біріне деген жауапкершілік сезімі оянады. Сондықтан ШЖМ мұғалімдеріне төмендегідей талаптар қойылады:

- өздігінен білім жетілдірудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау;

- оқытудың оңтайлы әдістерін іріктеу, таңдау және құрастыра білу;

- әр түрлі жастағы оқушылар ұжымын басқара білу;

- оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасын іздестіру;

- үздіксіз кәсіби деңгейін көтеру және жетілдіру;

- оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивті әдістерді кеңінен оқып-үйрену, практикаға ендіру.

Бұл талаптар мұғалімдерден үлкен шығармашылық еңбекті қажет ететіні анық. Шығармашылық – бұл мұғалімнің күнделікті өмірде өзін - өзі тануға ұмтылуы, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.

Шағын жинақталған мектепте информатиканы оқытудың ерекшелігі, оның нәтижелі болуы, мұғалімнің жұмысты дұрыс ұйымдастырып, дұрыс жоспарлай білуіне байланысты. Ол үшін мұғалім оқу материалын сынып-сынып бойынша күні бұрын жоспарлауы тиіс. Атап айтқанда жоспарда мына нәрселер ескерілуі керек.

1. Информатика пәні бойынша жаңа сабақты түсіндіру, қайталау сабақтарын жүргізу, сабақты бекіту.

2. Әр сыныптағы оқушылардың информатика сабағына дайындығы, өздігінен орындайтын компьютерлік жұмыстарға бейімділіктері.

3. Өтілген тақырыптар бойынша ауыр-жеңілдігі.

4. Екі сыныпта өтілетін тақырыбы, мазмұны жағынан жақын, бір-біріне ұқсас тақырыптарды қамту.


Шағын жинақталған мектептің информатика сабағында көптеген өзіне тән тиімді жақтары да бар:

- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушымен компьютерлік тапсырмаларды кең көлемде орындай алады, оқушы өз бетімен танымдық іс-әрекін дамытып, оқыту мен оқуды басқару арқылы білімдерін үнемі жетілдірулеріне, олардың қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.

- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;

- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;

- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.

ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады:

- егер мұғалім ШЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;

- егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;

- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.

Бұл мектептердің ерекшелігі- сыныптағы баланың аздығына байланысты біріктірілген сыныптардың болуы. Біріктірілген сыныпта әрбір сабақты тиянақты өткізудің тиімді-әдіс тәсілдерді таңдау-ұстаздан кәсіби шеберлікті талап етеді. Әр түрлі жастағы оқушылардың мүмкіндіктерін, жас ерекшелігін ескеру, өздігінен білім алуға қызығушылығын ояту бір пәндік, бір тақырыптық ұстаным негізінде кіріктіре оқыту шағын жинақталған мектептер үшін тиімді болып табылады.

Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден – бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
578
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12