400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шағын жинақты мектеп проблемалары және оларды шешу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын жинақты мектеп проблемалары және оларды шешу жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шағын жинақты мектеп проблемалары және оларды шешу жолдары


Шағын жинақты мектеп проблемалары және оларды шешу жолдары


Мектеп ауылдың әлеуметтік ортасының маңызды бөлігін құрайды және одан бөлек дами алмайды. Шағын жинақты мектептердің (бұдан әрі – ШЖМ) болашағы ауылшаруашылығы өндірісі мен ауылдың әлеуметтік-мәдени саласының дамуына байланысты. «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы» журналынан пайдалы мақалаларды оқи аласыздар: Жергілікті нормативтік актілер мектепті басқару негізі ретінде Мектеп ақша «жинаушы» рөлінен қалай арылады ШЖМ-гі білім беру үдерісінің сапасын жетілдіру тәсілдері Ауыл оқушыларының білім алуы шекаралық және ақпараттық оқшаулығына, сонымен қатар оқушылар мен педагогтердің салыстырмалы санының аздығына байланысты ауыл мектептері мен  ауылдың әлеуметтік ортасының ерекшеліктеріне негізделген өзіндік ерекшеліктердің ықпалына қарай жүзеге асады.  Ауылдың әлеуметтік ортасының ерекшеліктері оның тұйықтығымен, шектілігімен детерминделген: қаламен салыстырғанда тұрғындарының санының аздығымен, олардың «жерге деген сүйіспеншілігімен» және жинақы тіршілігімен, әлеуметтік және өндірістік қатынастардың бірізділігімен, коммуникацияның шектілігімен. Ауыл мектептерінің оқшаулығы әрбір мектепте «жергілікті шарттардың қайталанбас композициясын» құрады, мектепте тек өзіне тән ерекшеліктер қалыптастырады. Бірнеше мектепте бір уақытта оқыту мүмкіндігінің жоқтығы ауылдың ерекшелігіне жатады. Заманауи ШЖМ әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін ескеруі тиіс және әр баланың дербестігін айқындауға жағдай жасауы, оның өзін іс жүзінде көрсетуіне ықпал етуі, әрбір оқушының денсаулығына, қабілеттеріне, мүмкіндіктеріне және оның білім алуына деген жанұясының қажеттіліктеріне байланысты оқу жұмысын саралауы тиіс.


ШЖМ терминін баяндаудың отандық педагогикадағы барынша орныққан және көпшілік мойындаған тәсілдеріне сәйкес – бұл бір немесе бірнеше ерекшеліктерімен сипатталатын мектеп: параллель сыныптардың болмауы; бір немесе бірнеше сыныптың болмауы; бастауыш сыныпты бір немесе екі жинақты сыныпқа біріктіру; мектептің ықшамауданының бытыраңқылығы; білім беру кеңістігінің баламасыздығы (қашықта орналасқан ауыл округтерінің әлеуметтік инфрақұрылымында өзге білім беру ұйымдарының болмауы ауыл мектебінің оқушысын қосымша білім алу мүмкіндігінен айырады); мектептерді заманауи жабдықтармен жеткілікті дәрежеде жарақтандырмау; мұғалімдер құрамы санының аздығы; ауыл мұғалімі қызметінің көпфункционалдылығы (оқытудың көппәнділігі мен көпбейінділігі: көптеген мұғалімдер өз мамандығынан тыс пәндерді оқытады); ШЖМ өмірінің ерекше әлеуметтік шарттары көптеген әлеуметтік-педагогикалық функцияларды орындау қажеттілігін негіздеді; табиғи ортамен үйлесімділігі (ШЖМ табиғатпен тікелей шектесу арқылы аталған факторды білім беру үдерісінде қолданудың ауқымды мүмкіндіктеріне әлеуетті түрде ие болады); ата-аналар ұжымы санының аздығы; ата-аналардың төменгі білім шектелімі; «педагогикалық жалғыздық» – жол тораптарының жеткілікті дәрежеде дамымауына және көлік қиындықтарына байланысты мұғалімдердің өз мамандығы бойынша басқа мектеп сабақтарына барынша сирек қатысатын жағдай, яғни өз әріптестерінің тәжірибесін меңгеру мүмкіндігі жоқ; еңбек тәрбиесінің маңыздылығы (тұрғындардың ауылшаруашылығымен айналысуы ауыл балаларының ауылшаруашылығы біліміне, машықтары мен дағдыларына деген сұраныстарын айқындады, ал мектептегі еңбекке баулу және еңбек тәрбиесі жүйесі ауыл оқушысын осындай машықтарға баулыды); халық дәстүрлерімен тығыз байланыс (ШЖМ тәрбие халық дәстүрлерін ескере отырып құрылады). 48 Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны   Қолжетімділікті белсендендіру    

ШЖМ өзінің жалпы білім беретін қызметтерін орындау үлкен мектептің іс-тәжірибесінде қалыптасқан дидактикалық таптаурындардан ауытқуға байланысты. Оқушылар саны аз сынып жағдайындағы педагогикалық әрекеттестіктің көптеген үздік әдістері мен тәсілдері өз мәнін жоғалтуда, қажетті білім беру және тәрбиенің нәтижесін қамтамасыз ете алмайды, кейде оқушы тұлғасын дамытудың тосқауылына айналады. Мұғалімге ШЖМ жағдайында мынадай қызметтерді жүзеге асырған жеңілірек оқушылардың темпераментінің түрі мен жүйке жүйесін, даму ерекшеліктерін, бейімділіктері мен қызығушылықтарын, білімі мен машығы деңгейін ескере отырып олармен жеке тіл табысу; оқытудың тұлғалық-бағдарланған тәсілі, бұл ретте қарым-қатынас оқыту мен тәрбиелеу, оқушының ішкі ұстанымын түсіну құралының рөлін атқарады; оқушы мен мұғалім бір-бірін «тыңдайды»; отқушылардың оқу қызметінің іс-тәжірибелік бағытын (ауылшаруашылығы объектілеріне экскурсия жасау, тәжірибе жұмыстарына қатысу және т. б.).


ШЖМ проблемаларын шешудің тиімді жолдарын белгілеу – бәсекеге қабілетті ұлттық жүйені қалыптастырудың қажетті шарты халықаралық деңгейде вариативтік үлгі ретінде қарастырылады. ШЖМ өзекті мәселелерін шешуге арналған кешенді іс-шаралар өткізіледі. «Шағын жинақты мектеп: қазіргі жағдайы мен даму болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция аталған мектептердің өзекті мәселелерін шешу мақсатында ұйымдастырылған негізгі іс-шара болып табылады. 


★ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС★


Шағын жинақты мектепті дамыту мәселелері А. В. Ведель ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Әр оқу жылы жағымды іс-шаралармен аяқталады: соңғы қоңырау, оқушының деңгейі мен күрделілік сатысы бойынша келесі оқу жылына көшуі, бітіру емтиханы және әр түлектің өміріндегі маңызды емтихан – ҰБТ жаңа білім әлеміне жол ашатын оқушы біліктілігінің сапалық және сандық көрсеткіші ретінде. Әр түлек өзін кәсіби немесе жоғары мектепте көрсете алады және өзі таңдаған мамандық бойынша нағыз кәсіпқойға айналады. Мұның бәрі оның мектепте алған біліміне, қандай жағдайда оқығанына, оқу сабақтары мен тәрбие жұмысының орта білім беру ұйымдарында қаншалықты жайлы өткізілгеніне байланысты. Әрине, оқу нәтижесі көбіне оқушылардың өздеріне де байланысты. Толыққанды оқу процесі кез келген ілгерінді қоғамдағы секілді бұл мектептің деңгейіне қарамастан толық көлемде жүзеге асырылады. Аталмыш «шағын жинақты мектеп» Қазақстан Республикасындағы жаппай мектептердің жалпы санының 44 % құрайды, және, статистика көрсеткендей, бұл негізінен ауыл мектептері, олардың оқыту жүйесі қалалық мектептерде оқыту жүйесінен қатты ерекшеленеді. Демек, Павлодар облысындағы шағын жинақты мектеп (бұдан әрі – ШЖМ) саны 64 % құрайды, бұл цифр қомақты, ол өңірдің бастауыш және орта білім беру жүйесіне біршама әсер етеді. Бастауыш ШЖМ оқушылардың орташа саны – 10 адам, негізгі мектепте – 32, орта мектепте – 89. 2–10 баланы құрайтын сыныптар толымдылығы қалалық мектепте жұмыс істейтін педагогтардың назарын аудартпай қоймайды. Мұндай жағдайда балаларды сапалы оқытуға болады, алайда ШЖМ-гі ҰБТ және ОЖСБ қорытындылары көрсеткендей, оның көрсеткіштері толық жинақты және қалалық мектеп оқушыларының көрсеткіштерінен біршама төмен. ШЖМ-гі мұндай жағдайға объективтік және субъективтік алғышарттар себеп болады. Толығырақ білу «Қазақстандағы шағын жинақты мектептерді дамыту тәжірибесі» тақырыбы бойынша 14 облыста әдістемелік көрмелер ұйымдастырылды, әр аймақ өз тәжірибесімен бөліседі. Ұйымдастырылған іс-шаралар арасынан Ақтөбе облысының ШЖМ мен ресурстық орталықтарының презентациясын атап өтуге болады.  Аймақтық орталық басшыларымен дөңгелек үстелдер өткізіледі, ШЖМ әдістемелік қамтамасыз ету және үйлестіру, аймақтық қызметтік орталықтар мен тірек мектеп-ресурстық орталық жұмысын жоспарлау және жүргізу мәселелері талқыланады. ШЖМ жұмысындағы барлық қиындықтар инклюзивті (біріктірілген) сыныптарға арналған арнайы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің жетіспеушілігіне байланысты туындады. Сабақтарды ұйымдастыру әр мұғалімнен, әсіресе жас мамандардан шығармашылық ізденісті, кәсіби шеберлікті талап етеді.


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясымен бірге ғылыми-әдістемелік негізде ШЖМ қызметін дамыту мақсатында 14 оқу-әдістемелік кешені мен оқулықтар әзірленді:

- бастауыш және негізгі ШЖМ инклюзивті сыныптарына арналған оқу бағдарламалары;

- ШЖМ сыныптарында инклюзивті оқытуды ұйымдастыруға арналған мұғалімдерге арналған қосымша оқулық;

- оқушылардың өзіндік жұмыстарына арналған дәптерлер.


Инклюзивті сыныптарда сабақ өткізудің тиімді тәсілдері мен әдістерін іріктеу мұғалімнен кәсіби шеберлікті талап етеді.

Біз дайындаған әдістемелік құралдарды қолдану арқылы инклюзивті білім беру мынадай нәтиже көрсетті:

  • оқушылардың әртүрлі сыныпта оқитындығына қарамастан пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға назар аударуға жағдай жасалған;

  • әрбір оқушы білім деңгейі бойынша өзіндік тапсырмаларды орындайды;

  • оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік жұмыстарды деңгейлеп бөлу;

  • оқушылардың өзара қолдау мүмкіндігі;

  • оқушылар өзара тексеруді, өзін өзі тексеруді, бағалауды жүзеге асырады;

  • жоғары сынып оқушысында төменгі сынып оқушысының жұмысын тексеру және бағалау арқылы өз білімін практикада қолдану мүмкіндігі туындайды.


Ауылдық жердегі ШЖМ біріктіретін тірек мектептер (ресурстық орталықтар (бұдан әрі – РО)) ашу білім беру сапасын арттыру мәселесінің шешімі болып табылады. Қазіргі кезде біздің облысымызда 6 РО жұмыс істейді. Мақсаты – 12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында ауыл мектептерінде бейіндік оқытуды жүзеге асыруға жағдай жасау. РО қызметін жетілдіру мақсатында институт тарапынан ШЖМ және РО педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды, әдістемелік семинарлар өткізіледі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
1818
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі