Медеу орта мектебі КММ
Шағын жинақты мектептерде математика пәні бойынша білім беру процесін ұйымдастыру
Сәрсембекова З.С. Абай ауданы Медеу орта мектебі КММ
Шағын жинақты мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.
Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.
Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша республика мектептерінің жалпы санының 56,5 %-ын шағын жинақты мектептер құрайды. Оның ішінде, барлық ауылдық мектептердің 68,6 %-ы шағын жинақты мектеп болып табылады. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасында айтылғандай іс жүзінде әрбір төртінші мұғалім ШЖМ-те жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ-те оқиды [1]. Шағын жинақталған мектептер жас ұрпақтың, жалпы ауылдың, тұтас ұлттың болашағы үшін қызмет етуде. Сондықтан, ауылдағы «Шағын жинақталған мектептерді» көркейтуге, дамытуға көбірек күш салу керек. «ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген.
ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.
ШЖМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.
-
өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;
-
сабақтың екінші ерекшелігі – тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;
-
осы екі ерекшелік – ШЖМ-нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты.
Екіншіден, екі сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.
ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:
- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.
- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;
- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.
- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.
ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:
- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.
- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады.
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді.
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сыны оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді.
- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.
- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.
ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кешшіліктері, кері жақтары да бар:
- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;
- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;
- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;
- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;
- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;
- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;
- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;
- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;
ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;
- егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;
- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.
ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.
Оқыту үдерісінің маңызды компоненттерінің бірі – оқушылардың білімін бағалау және есепке алу. Олар оқу үдерісін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты. Бағалау деп оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижені, білімнің, біліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Ал есепке алу – бұл оқытудың белгілі бір кезеңінде оқушылар мен оқытушының жұмысын жинақтап қорыту.
Үлгерімді бағалаудың білімділік және тәрбиелік маңызы бар. Білім беру мағынасы - оқушылар объекті білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді.Тәрбиелік мағынасы - объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастыратын құрал.
Білімді, білікті және дағдыны тексеру мен бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және оқытудың кері байланысын есепке алу. Оқушылардың білімін бағалау үшін мынандай жағдайларды ескеру қажет:
- оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу;
-
бағаәділеттіболуықажет;
-
әрбірбаға –бұл тек қанабілімдіесепкеалуемес, олшынтәрбиелікқұрал;
-
бағаныжазалауқұралыесебіндеқарастыруғаболмайды;
-
оқушыларбілімінтексерудіжәнебағалаудысабақтыңәрбіркезеңіндеіскеасырукерек.
Шағын жинақты мектепте оқушылардың білімін тексеру мен бағалау - өте күрделі мәселе. Сабақ барысында уақытты үнемдеу үшін арнайы тексеруге уақыт қалдырмаса да болады, бірақ үй тапсырмасын тексеруді алдын-ала қоңырауда көмекші-лаборанттың көмегімен іске асыруға болады. Сонымен бірге, оқушылар жұмысының барысын өзі бағалай және дұрыс бағалай білуге үйрету абзал. Өз жұмысын бағалай білген оқушы өз сыныптастарының, өзінен кіші сынып оқушыларының еңбегін тексеріп, бағалауға үйренеді. Оқушы өз жұмысын мұғалімге тапсырмас бұрын тексеріп, өзгенің жұмысын тексеріп, бағалап, мұғалімнің бағасымен салыстырады. Сонымен бірге, берілген өзіндік жұмысты да міндетті түрде тексеру қажет. Ол жұмысты тексеру кезінде тек қана оның қорытындысы тексерілмей, сол қорытындыны шығару үшін қалай жоспарлағаны, қандай тәсілдер қолданып орындағаны, өзінің қалай тексеріп отырғандығын – осының бәрін ескеріп, бағалаған жөн.
ШЖБМ мұғалімдері оқушылардың білімдерін тексеру мен бағалауда өз тәжірибелерінде әр түрлі әдістерді және құралдарды қолданады. Көпшілік жағдайда тапсырмалар әр оқушыға жеке-дара түрде беріледі де, мұғалім тапсырма орындала салып, өз қолындағы жауаптармен іле-шала тексереді. Сондай-ақ тапсырма жауаптары перфокарта түрінде дайындалып, оқушының жауабы соның ішіне салынады. Кейбір мұғалімдер оқушылардың білімдерін бағалау үшін алдын-ала дайындалған геометриялық фигураларды, суреттерді (ұшақ – «5», жеңіл машина – «4», ат –«3», тасбақа – «2» суреттері), жетондарды пайдаланады.
ШЖБМ оқушыларының білім, білік және дағдылар деңгейін бағалау кезінде тест әдісін қолданудығ да ролі өте зор. Тест әдісін қолданғанда оқушының жасын ескеріп, оларды жаңалыққа үйрету, ізденіске талпындыру, жинақылыққа, шапшаңдыққа, өзін-өзі тексеруге, қатесіне көзін жеткізуге, уақытты үнемдеу, салыстыру және тексеру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндіктер мол. Тесттің тақырыптық, тараулық, тоқсандық, жарты жылдық, бір жылдық, қорытынды түрлері болады.
Тақырыптық тест белгілі бір тақырыпты меңгергеннен кейін жүргізіледі. Бұл тесте баланы ойландырып, оның іздену қабілетін дамытатын, аз уақыт жұмсап, нәтижелі қорытынды шығаратынын, логикалық ойлау қабілетін дамытатын, есептеу нәтижелерін салыстыру процестеріне арналған және арнайы жетілдіруге іріктеп алынған тапсырмалар болуы мүмкін.
Педагогика ғылымында тестік тапсырмаларды зерттеумен айналысқан ғалымдар В.И.Огорелков, В.С.Аванесов, т.б тестің бірнеше түрлері бар екендігі тағайындаған. Ал кейбір әдіскерлер және практик мұғалімдер мектептің бастауыш буынында қолдануға болатын тесттің төмендегідей түрлерін ұсынады.
Біріншісі - білімді қарапайым түрде еске түсіруді жүзеге асыруға арналған “ашық” немесе “конструктивті” тест. Мұнда жауап беруші тестің талабына сай тапсырманы әрі қарай не сөзбен, не санмен, не болмаса графикпен жалғастырады: Мысалы: математикадан тест тапсырмаларын келтірейік.
А) Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ------------------------
ә) Үшбұрыштың периметрін табу үшін ---------------------------
б) Нөлді бірге бөлсем, ---- шығады.
в) Куб тәріздес фигураның көлемін табу үшін -----.
Тесттің бұл түрін құрастыруда оқушының беретін жауабы сөйлемнің соңында келетіндей нақты әрі қысқа болуы тиіс.
Тесттің келесі түрі - тапсырмаға сәйкес келетін жауапты таңдап алу, яғни “сәйкестендіру” тесті. Мұнда тапсырмалар бір бағанға, жауаптар екінші бағанға жазылады да, жауап беруші тапсырма - жауап түрінде жұптап, тізіп жазады. М: а) тік төртбұрыштың ұзындығы, ені және ауданының өлшем бірліктерін таңдап ал да, оларды жазып көрсет:
1.Ұзындығы А м
2.Ені Б см
3.Ауданы В м
Жауабы: 1-Б, 2-В, 3-А
Тесттің кең тараған түрінің бірі-қарама-қарсы жауаптар (дұрыс-қате, ақиқат-жалған, жоқ-иә) көрсетіліп берілетін тест нұсқасы. Мұнда қарама –қарсы жауаптардың дұрысын көрсету қажет болады.
М: а) Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ұзындығын еніне көбейту қажет.
Жауабы: 1)дұрыс 2) қате
ә) көбейткіштердің орны ауысқаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
1) жоқ 2) иә
б) 48-дің 8-ге бөліндісі 9-ға тең.
1) дұрыс 2) қате т.б
Тестің тәжірибеде жиі қолданылатын түрі ретінде нақты тапсырма бойынша бірнеше жауаптар (ішінде біреуі дұрыс, бірнеше) берілетін тесті айтуға болады. М:
а) Көлемнің өлшем бірлігі:
А) см В) кг С) сағ Д) см3 Е) см2
Жауабы: Д
Мектеп тәжірибесінде, көбінесе тестің аралас түрі қолданылады, яғни берілген тестің барлық түрінде орта есеппен 4-5 тапсырмадан құрастырылып беру көзделеді.
Мұғалім үш және төрт сыныпты қатар оқытудың сабағын жоспарлағанда уақытты бөлу ең алдымен жеке сыныптарда істелетін жұмыстардың күрделілігіне байланысты болады. Сабақтың материалы қиындау болған сыныпта балалармен тікелей жұмыс істеуге мұғалімнің көбірек уақыт бөлетіні өзінен өзі түсінікті. Жаңа материалды түсіндіру, әдетте, өткен сабақты пысықтауға немесе қайталауға қарағанда мұғалімнің балалармен көбірек тікелей жұмыстар жүргізуін талап етеді. Мұғалімнің бұрын даярлап берген материалдары бойынша өздігінен жұмыс істейтін сыныптарда, өздік жұмыс көп уақытты алатындықтан, мұғалімнің басшылығымен тікелей жүргізілетін жұмыстардың шамасы ол сыныптарда 5-10 минуттан аспайды. Балалардың орындаған жұмыстарына қарап шығуға қажетті нұсқаулар беруге, болмаса тапсырманың сипатын өзгертуге бұл уақыт толығынан жетіп жатыр.
Бірнеше сыныппен жүргізілетін сабақ жоспарының жалпы сызбасын төмендегідей етіп жасауға болады: 1) мұғалімнің алдымен өткізетін сыныбына өздігінен орындауы үшін аздаған тапсырмалар беру; 2) қалған сыныптардың әрқайсысына бұрынғы бастап қойған жаттығуларды әрі қарай жүргізу үшін немесе бұрын даярланып қойылған жұмыстарды балалардың өздігінен орындауы үшін тапсырма беру; 3) мұғалімнің сабақты бастаған сыныбындағы балалардың өздігінен орындаған жұмыстарын тексеру. Осы сыныпта жаңа материалды түсіндіру немесе мұғалімнің тікелей басшылығымен жаттығу жұмыстарын жүргізу. Мұның екеуінде де мұғалімнің басшылығымен тікелей жүргізілетін жұмыстар балалардың сыныпта және үйде өздігінен орындаулары үшін тапсырма берумен аяқталады. 4) Мұның алдындағы сыныпта мұғалімнің тікелей жүргізген жұмыстарының уақытына оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарынаң уақыты сай келетін сыныпқа ауысу; Мұғалім бұл сыныпта балалардың өздігінен орындаған жұмыстарын көз жүгіртіп қарап шығады және оны әрі қарай жүргізе беруге нұсқау береді немесе 10-15 минуттан артық уақыт алмайтын жаңа материалды түсіндіріді, осыдан кейін балалардың өздігінен сыныпта және үйде орындауы үшін тапсырма береді немесе жаттығу жұмыстарын жүргізеді де, оны балалардың өздігінен жұмыс істеуімен жалғастырады; 5) Қалған уақытта басқа сыныптармен де тікелей жұмыс істеу үшін дәл жоғарыдағыдай жолдармен ауысып отыру керек. Егер уақыт шектеулі болса (10-15 мин), екі сыныптың екеуінде де балалардың өздігінен істеген жұмыстарына көз жүгіртіп қарап өтіп, үйге тапсырма беру керек. Ал уақыт жеткілікті болған жағдайда (20-25 мин), балалардың өздігінен істеген жұмыстарын тексеріп оны әрі қарай жүргізе беру жөнінде нұсқаулар береді. Ал, басқа сыныпта жаңа материалды түсіндіреді немесе сабақтың ақырына дейін жаттығу жұмысын жүргізеді.
Пайдаланылған әдебиет тізімі
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы: – Алматы, 1999.
-
ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы орта білім. – Алматы, РОНД, 2002.
-
Н.Б.Истомина. Методика обучения математики. – М., 2000.
-
В.С.Кукушин. Современные педагогические технологии.– Ростов-на-Дону: изд-тво «Феликс», 2003.
-
Сайпин М. Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту. – Алматы, «Мектеп», 1984.
-
Малокомплектные школы: из опыта работы учителей однокомплектных и двухкомплектных школ. – М., АПН РСФСР, 1956.
-
Однокомплектная школа /под ред. Т.И.Шамовой, И.В.Прокопофич / . - М.,1977.
-
Савченко А.Я. Организация учебнего процесса в малокомплектной школе. - М., 1970.
-
Организация и методы работы учителя с несколькими классами. – М., Учпедгиз, 1953.
-
Стрезикозин В.П.Урок в сельской малокомплектной школе. – М., 1972.
-
Самостоятельная работа учащихся на уроках в малокомплектной школе / под ред. М.А.Мельникова и А.М.Пышкало/ - М., Педагогика, 1974.
-
Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру (мұғалімге арналған әдістемелік құрал). – А., «Мектеп», 1974
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз