30.06.2020. Шағын оқыту. Батырбай А. Т
ШЖМ білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшелігі мұғалім бір мезгілде екі, үш, кейде төрт сыныптың оқушыларымен қатар жұмыс істейді. Бұл ерекшелік оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін айқындайды. Біздің мектебіміздің бастауыш буынында біріктірілген сыныптар бұдан алды болды. Өзім сол біріктірілген сыныптарда сабақ беру әдістерін бақылап келдім. Сондықтан да бұл мәселе мені көптен ойландырып жүрген мәселе.
Жалпы шағын жинақты мектеп дегеніміз – тұрғындардың саны аз аймақтарда жұмыс істейтіндіктен, оқушыларының саны аз, біріктірілген сыныптардан, толық емес сыныптардан тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі. Қазіргі таңда шағын жинақты мектеп:
- біріктірілген сыныптармен;
- біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.
Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей .
Бастауыш шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 5-тен 40 адамға дейін.
«Шағын жинақты мектеп қызметінің тәртібіне» сәйкес 1-сынып оқушылары жеке оқытылуы керек. Себебі мектепке енді қадам басқан оқушылардың оқу әрекетiне бейiмделуі, талаптануы, зейіні тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке оқыту қажет .
Сыныптарды бiрiктiру тәжiрибесi екi нұсқада қарастырылады: аралас және әр жастағыларды бiрiктiру. Әртүрлі жастағы оқушылары бар сыныптарды ұйымдастыру педагогикалық тұрғыдан неғұрлым тиімді, өйткенi ол балалардың ауыспалы жұптарда жұмыс iстеуіне, жоғарғы сынып оқушыларының өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруға, сөйтiп көбiрек көңiл бөлудi керек ететiн төменгі сынып оқушыларына сабақ түсiндiру үшiн уақыт бөлiп алуға мүмкiндiк бередi.
Шағын жинақты мектептегі білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері:
- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды, басқаша айтқанда, бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет;
- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады, себебі бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;
- мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады;
- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады, сол үшін мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты пайдалануды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек;
Бала саны аз біріктірілген сыныптарда сабақ үрдісін ұйымдастыру өте қиын. Сабақта әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізіледі десек те , оқушылар тез шаршап қалады. Мұның бір себебі сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының жиі қарым-қатынасы: мұғалім жиі сұрай береді, оқушы – жиі жауап береді. Мұғалім оқушының әрбір қадамын қадағалап отырады десек те болады. Бұл- оқушының эмоционалды шаршауына әкеліп соғады.
Мұғалім кейбір қолданғысы келген әдіс-тәсілдерді қолдана алмайды.
Екінші мәселе - мұғалім сабақты екі немесе үш сыныпта қатар береді.Балалардың жастары да әр түрлі. Мұғалімнің назары екі сыныпқа немесе үш сыныпқа аударылатын болғандықтан жүктеме көбейеді. Мұғалімнің назары бір сыныпқа ауғанда екінші сыныптың оқушылары алаңдап кетеді,сондықтан білім беру сапасы төмендейді.
- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;
- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;
- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;
- оқушылар, әсіресе, бастауыш сынып оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;
- бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін шағын жинақты мектепке арналған оқыту әдістемесінің жасалмағаны;
- шағын жинақты мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік құралдары өте аз
Шағын жинақты мектептің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:
- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;
- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады;
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді;
- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;
- оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады;
- оқушылардың бірін-бірі тексеруін, өзін-өзі тексеруін және бағалауын жүзеге асырылады;
- үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады.
Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда, сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн әрбiр сыныппен жеке өткiзу үшiн жағдай жасау мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған дұрыс.
Біріктірілген сыныптағы сабақ – оқу-тәрбие үдерісінің негізгі нысаны. Ол сабаққа қойылатын жалпы тақырыпқа бағынады, бірақ өзгешеліктері бар.
Біріктірілген сыныптарда мұғалім бір мезгілде екі сыныпқа қатар сабақ өткізеді. Осыған байланысты әр сыныпқа жаңа сабақты түсіндіру кезінде мұғалім сабақ уақытының белгілі бір бөлігін ғана жұмсай алады. Мұндай біріктірілген сыныптардағы сабақтарды ұйымдастыру кез келген мұғалімнен, әсіресе жас мамандардан шығармашылық ізденісті, кәсіби жоғары шеберлікті талап етеді.
Сабақ құрылымы:
- мұғалім басшылығымен жұмыс;
- өздік жұмыс.
Сөздік және көрнекілік әдістерді ұштастыру уақытты тиімді пайдалануға және оқыту мен тәрбиелеуге көмектеседі.
Мұғалім тақырыпты өз бетімен меңгеруге мүмкіндік жасайды оқушылардың жұмысқа әзірлігін тексеріп, келесі сыныппен жұмыс істеуге көшеді.Оқу жұмысының түрлерін ауыстырып, өздік жұмысты орындау процесін бақылап, мұғалім сабақты жүргізіп отырады.
Шағын жинақты мектептердің басты мәселелерін былай көрсетуге болады:
- қосалқы сыныптарда оқу өткізудің ыңғайсыздығы;
- аз толтырылған сыныптарда оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің артық болуы;
- мұғалімдердің, әсіресе, тәжірибесіз жас мамандардың шағын жинақты мектеп ерекшелігіне байланысты оқыту үдерісіне дайын болмауы;
- мұғалімдердің біріктірілген сыныптардағы сабаққа дайындалу, өткізу барысында шамадан тыс жүктеме орындағанына қарамастан, еңбекақыларына үстемеақы қосылмауынан, ынталарының төмендеуі;
- кәсіби педогогикалық мамандардың жетіспеушілігі;
- оқу үдерісінің интерактивті-мультимедиялық құралдармен, компьютерлік сыныптармен жасақталмауы.
Сондықтан балалар саны аз біріктірілген сыныптардағы сабақтарды өткізгенде әртүрлі тәсілдер мен әр түрлі құрал-жабдықтарды қолданған жөн. Сабақ беру барысындағы тұйықтық қарым-қатынас кіші сыныптарда әр түрлі тәсіл мен құралдар енгізу есебінен қарым-қатынас аясын байытуды талап етеді
1.Жеке және топтық оқу қызметінің басым болуы;
2.Білімі жоғары оқушының оқу материалын игермеген оқушыға көмектесуге құлшыныс білдіруі
3.Мұғалімнің бір оқушының материалды түсінбей отырғанын байқағанда сабақ жоспарына қарамай жұмыс жүргізуі
Оқушылардың білім деңгейлері әр түрлі болғандықтан , үлгерімі жоғары оқушыларға қосымша тапсырмаларды да деңгейлеп беруі. Мысалы: сөзжұмбақ, қызықты математикалық тапсырмалар,эссе жазу,шығарма жазу,ертегі құрастыру,т.б.
Мұғалім оқушылардың біреуі сабақ материалын түсінбей қалған жағдайда сабақ жоспарын өзгертуге дайын болып, оқушымен жеке жұмыс жасауы қажет. Мұғалім оқушылардың өз бетімен жүргізетін жұмыстарын мұқият ұйымдастыруы керек.Олай болмаған жағдайда мұғалім әрбір оқушыға жеке түсіндірем деп жүріп сабақты дұрыс өткізе алмай қалуы мүмкін. Мектептегі оқу сапасы барлық ел азаматтарының білім көрсеткішіне әсер етеді. Ал оқу сапасы білім беру процесінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Сондықтан да бұл мәселені әлі күнге өзекті деп санаймын. Жалпы шағын жинақты мектептердің жұмысын ұйымдастыруға кедергі болатын мәселелер ортақ, сондықтан да оларды шешуде де барлық осындай деңгейдегі мектеп ұжымы ортақтасып еңбек еткені абзал.
Қорыта келе өз ойымды белгілі педогог К. Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген пікірімен аяқтағым келеді.
Сабақ құрылымы төмендегідей болуы мүмкін деп санаймын:
|
Сынып комплекті: 3 - 2 сыныптар |
||||||||||
|
Сыныбы: 3 сынып |
2 сынып |
|||||||||
|
Пәні: Математика |
||||||||||
|
Тақырыбы: Разрядтан екі рет аттау, көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері |
1-ді санға көбейту. 0-ді санға көбейту
|
|||||||||
|
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды жазбаша көбейту мен бөлудің жаңа түрімен таныстыру; Тәрбиелік: оқушыларды әдептілік, достық, адамгершілік, эстетикалық тәрбиеге баулу; Дамытушылық: өрнектерді баған түрінде есептеу, жазбаша көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру |
-оқушыларды көбейту мен бөлудің дербес жағдайларымен таныстыру; -оқушыларды әдептілік, достық, адамгершілік, эстетикалық тәрбиеге баулу; -кері есептер құрастыру, ауызша есептеу және жазбаша қосу және азайту дағдыларын жетілдіру |
|||||||||
|
Сабақтың типі: Жаңа білім беру Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың техналогиясы: Дамыта оқыту техналогиясының, Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, мадақтау, формативтік бағалау әдістері, иллюстрация әдісі, имитация әдісі, «Ойлану», «Топтау», ІNSERT, «Т кестесі» әдістері. Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу Сабақтың көрнекілігі: білім бағалау фишкалары, бейнелі суреттер, үлестірме-таратпа қағаздары Сабақ барысы. |
||||||||||
|
І. Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушылармен сәлемдесу - Сәлеметсіздер ме оқушылар! ә) Оқушыларды түгелдеу. - Оқушылар, бүгін сабаққа түгел келдік пе? (журналға белгі қою). б)Оқушылардың оқу-құралдарын түгелдеу - Қанеки, бәріміз оқу-құралдарымызды алайық! в) Оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау - Бүгінгі сабақта біздің көңіл-күйіміздің қандай екенін білейік? |
||||||||||
|
ІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі Оқушылардың дәптерлерін жинап алып, екінші дәптерлерін тарату. Алған бағаларын хабарлау. |
||||||||||
|
ІІІ. Мақсат қою кезеңі Оқушылар сабақты бастамас бұрын ең әуелі біз топқа бөлініп алайық. Оқушыларға стикерлер тарату. Сол бойынша топқа бөлу. Сонымен біз 2 топқа бөліндік. Бірінші топ «Көбейту», екінші топ «Бөлу» тобы. Әр топ өз топ басшыларын сайлайды. Әр топ өз тобының атауын қорғап шығуы керек. Ол үшін алдарыңда тұрған плакатты пайдаланыңдар. |
||||||||||
|
ІV. Білімді тексеру кезеңі Демек көбейту мен бөлу деген не екен балалар? Дұрыс бұлар математикалық амалдар. Олардың қандай қасиеттері бар? Олардың компонетттері мен нәтижелерін атап берейіңдерші? |
||||||||||
|
V.Жаңа сабақты баяндау кезеңі Күннің ретін, тақырыпты хабарлау ІNSERT әдісі Әр топ кестені толтырып, жауаптарын оқып шығады.
|
||||||||||
|
Мұғалімнің түсіндіруі 1-мысал. Көбейтудің қалай орындалғанын түсіндіру. 165 · 3 = 495 495 : 3 = 165 Баған түрінде жазып көрсету, түсіндіру. 1 оқушыны тақтаға шығарып, қайта есептеу. 2-мысал. Баған түрінде жазып, есепте. 144 · 3 = 432 789 : 3 = 263 261 · 3 = 783 964 : 4 = 241 145 · 2 = 290 356 : 2 = 178 204 · 3 = 612 460 : 2 = 230 Өзіндік жұмыс 3-есеп. Есепті шығар. Топтың жұмысын келесі топ сэндвич әдісімен бағалайды. 1 жетістік, 1 кемшілік, 1 жетістік айтады.
Мұғалімнің түсіндіруі 4-есеп. Р – 340 см а – 150 см в - ? 70 см қысқа с - ? Шешуі: 150 - 70 = 80 150 + 80 = 230 340 – 230 = 110 Жауабы: в – 80 см, с – 110 см.
Өзіндік жұмыс 6-мысал. Сызба бойынша өрнек құрастыр, ондағы амалдардың орындалу тәртібін белгіле, есепте. 7-мысал. Есепті шығар. 8-мысал. Геометриялық фигураларды қиып, пішін құрастыру
Үлестіме-таратпа материалымен жұмыс.
|
Өзіндік жұмыс 1.Үлгі бойынша мысалдар құрастыр: 10 : 5 = 8 : 2 = 5 · 2 = 2 · 5 = 6 : 3 = 9 : 3 =
Топтың жұмысын келесі топ сэндвич әдісімен бағалайды. 1 жетістік, 1 кемшілік, 1 жетістік айтады.
Мұғалімнің түсіндіруі 1-мысал 1 · 3 = 3 1 · 2 = 2 1 · 4 = 4 1-ді санға көбейткенде сол санның өзі шығады. 2-мысал 0 · 3 = 0 0 · 2 = 0 0 · 4 = 0 0-ді санға көбейткенде нөл саны шығады. Өзіндік жұмыс 3-мысал. а) 1 · 8 = 8 0 · 10 = 10 1 · 9 = 9 0 · 7 = 0 1 · 12 = 12 0 · 25 = 25 б) 5 : 5 = 1 0 : 6 = 0 4 · 1 = 4 0 · 8 = 0 7 · 0 = 0 10 : 10 = 1 Мұғалімнің түсіндіруі 4-мысал. Амалдарды орында 5-есеп. Түсірілді – 80 қап арпа Жұмсалды – 23 қап арпа Жіберілді – 32 қап арпа Қалды - ? қап арпа Шешуі: 80 – (23+32) = 25 Жауабы: қалды – 25 қап арпа 7-есеп. а – 5 дм в – 6 дм Р - ? дм Р = 5 + 6 + 5 + 6 = 22 дм |
|||||||||
|
VІ.Жаңа сабақта меңгергендерін тексеру кезеңі - Үлестірме-таратпа материалдарымен жұмыс Оқушылардың жұмысын тексеру. Қалған топтар өз бағаларын 2 жұлдыз 1 тілек арқылы білдіреді. |
||||||||||
|
VІІ. Бекіту кезеңі «Т кестесі» Әр топ кестені толтырып, топ басшысы оқып шығады.
|
||||||||||
|
VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі |
||||||||||
|
5 мысал 143 бет Үй жұмысын түсіндіру, күнделіктеріне жаздырту |
6 мысал 219 бет Үй жұмысын түсіндіру, күнделіктеріне жаздырту |
|||||||||
|
ІХ. Бағалау кезеңі Әр топты 2 жұлдыз, 1 тілек әдісі арқылы бағалау. |
||||||||||
Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принциптерді ескеру керек.
Екі сыныппен жүргізілетін сабақтың сапалы болуы үшін сабақ кестесіндегі пәндерді қалай болса солай біріктіре салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі, екі сыныпта да бір пән бойынша, мәселен, қазақ тілін қазақ тілімен, арифметиканы арифметикамен біріктіріп өткізген жеңіл болады деп санаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010.
2. Қазақстан Республикасында Шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы .
3. Шағын жинақты және тірек мектептері (ресурстық орталық) қызметінің тәртібі. ҚР БҒМ заңымен бекітілген (18 қыркүйек, 2013 жыл).
4. Баймолдаев Т.М. және т.б. Шағын жинақталған мектептерде пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары. (Әдістемелік нұсқау). – Алматы, 2002.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шағын сабақ ШЖМ білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

шағым қалдыра аласыз