Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек..."

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали поэзиясын терең тануға, поэзияға қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы,Қарауыл ауылы

«ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ







Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Нұргалиева Күлзия Әзілбекқызы



Тақырыбы: «Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек...»

(әдеби-сазды кеш)

































«Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек...»


Ән: «Есіңе мені алғайсың». Залға жүргізушілер кіреді.

Айым:

- Кеш жарық, жыр сүйер қауым!

Нұртас:

- Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!

Аяулым:

  • Қайырлы кеш! Мұқағали жырын сүйіп оқитын оқушылар!

Мұқағали:

  • Биыл 20-рет ұйымдастырылып отырған «Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек» атты кешті тамашалауға келген аяулы ұстаздар!

Сағыныш:

  • Мұқағалидың сырлы сұлу жырын ақжарма ақ көңілмен жатқа оқып жүрген жас ұстаздар!

Мағжан:

  • Мұқағали әндері мен жүректерін әрлендіріп, бөбектерінің бесігін тербеп жүрген әзиз аналар!

Мадина:

  • Мұқағали жырларымен ғашық жүректерін жиі соқтырып жүрген ғашық жандар!

Бекжан:

  • Қандай игі іс болса, соның басы-қасында болып, қол соғып қошемет көрсетіп жүретін көрікті көрермен!

Ербол:

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер ер тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

Майгүл:

Жазылар естеліктер нешелеген,

Көреміз бәрін оның, пешенеден.

Әйтеуір білетінім бір-ақ нәрсе,

Көшеді өлең немесе өшеді өлең.

Барлығы:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.


Жүргізушілер бірінің артына бірі тұра қалады.

Айым:

Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?

Нұртас:

Сені іздеумен мәңгілік өтер едім?

Аяулым:

Отқа түсіп өртенсем не етер едің?

Мұқағали:

Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

Сағыныш:

Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

Мағжан:

Жел боп ұуып, ақыры жетер едім.

Мадина:

Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

Бекжан:

Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.


Вальс биі.

Ортаға 4-сынып оқушылары шығады.

  1. Туған елге

  2. Таудай болғым келеді.

  3. Бақыт деген

  4. Фантазия

  5. Соғыстың соңғы көктемі.

  6. Ұрынбай боран, жауынға

  7. Елім барда

  8. Қазақстан.

  9. Қуаныш.

  10. Барлығы да сендердікі.

  11. Жүрексің.

  12. Бәсіре.


Ән; «Сенің көзің»

Сахнада Мұқағали өлең оқып тұр. «Бүгін менің туған күнім»

Артынан жастар шығады.


Ербол: - Иә, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ. Біздің қатарымызда. Күнбе-күн қасымызда. «Мені оятқан»-Ербол

«Гүлденесің»- Жаннұр

Майгүл: - Біз үшін Мұқағалидың екінші өмірі-негізгі әрі мәңгілік өмірі басталған болатын. Біз оның саф таза ақындығын, мол да мөп-мөлдір мұрасын жырлай береміз.

Ербол: - Мұқағали өлеңдері ешбір кіреуке түспей, келешекке қарай келісті керуен түзеп көше бермек.

«Есіңде ме?» - Елшат

«Еш нәрсенің керегі жоқ» - Жаннұр

Майгүл: - Мұқағали өлеңдері өртене жанып өмір сүріп, жастардың жүрегіне, халыұтың жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жарығы мен жылуын дарытуда.

«Бұзылған там» - Дана

«Қаздар қайтып барады»- Майгүл

Ербол: - Мұқағали өлеңдерін оқыған сайын жаңа сырларын аңғарып, тың толқындарын тулатып, сырлы саздарын төгудеміз.

Майгүл: - Мұқағалидың дара даңқын жеті ықылым жер жүзіне жеткізу ендігі елдік, халықтық қасиетті борышымыз.

«Қайран жеңгем»- Гүлім

«Мен сені сағынғанда»-Мөлдір

Ербол: - Мұқағали халқын қалай сүйсе, халық та оны солай сүйді. Мұқаң халқына піріндей сенді.

«Серіксіз бе едің, құрбыжан» - Жанна

Майгүл: - Мұқағали мықтылығының табиғатын тануда талмастық, білімдарлық көрсетуге әрқайсымыздың бейілді болуымыз қажет. Әдемі сөз де, әсем жыр да ауыздың дуасына қарай туасы! Лайымда қазақтың Мұқағалилары көбейе берсін!

«Өзім үшін» - Шыңғыс

Ән: «Ғашықпын» - Еркеназ

Ербол: Ортаға 6 «Ә» сынып оқушыларын шақырамыз.


Ән; «Туған өлке» - Ибрайханова Маржан


Майгүл: Ортаға 6 «А» сынып оқушыларын шақырамыз.


Ербол: Ортаға 7 «Ә» сынып оқушыларын шақырамыз.(қолдарына майшам ұстап кіреді)

  1. Май гүлі – Сағыныш

  2. Қарғам менің – Алтынай

  3. Майгүлге – Шырын

  4. Майгүліме – Айбүбі

  5. Майгүліме – Сымбат

  6. Тағы да Майгүлге – Ұлжан


Майгүл: Ортаға 10-сынып оқушыларын шақырамыз.


Хор: «Есіңе мені алғайсың»





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
641
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12