Шахмат . Ашық шах

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шахмат . Ашық шах

Материал туралы қысқаша түсінік
дене тәрбиесіне мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қосқабат шах

Қоршау

Алаңдату тәсілдері

Шаршыны линияны босату тәсілдері

Сабақтың тақырыбы : Ашық шах

Сабақтың мақсаты:

  • Үйретуші – балаларды «ашық шах», «соқпа тас», «тасаланған тас» ұғымдарымен таныстыру. Ашық шах жасауды үйрету, ашық шахтың құрылымын жасау; ашық шах жасайтын тастарды табу. Ашық шах кезінде материалды ұтып алудың тәсілдерімен таныстыру, дидактикалық ойын-тапсырмалар арқылы алған білімді бекіту;

  • Дамытушы – ойын тапсырмаларын қолдана отырып, есте сақтау қабілетін, ырықты зейінін дамыту, логикалық, комбинаторлық, операциялық ойлау негіздерін қалыптастыру; оқу жаттығуларын ұға білуге жәрдемдесу, ортақ белгілері мен айырмашылықтарын тауып, оларды салыстырып, талдау, қорытынды жасау, бірнеше мүмкін нұсқаларының ішінен дұрыс жауапты табу;

  • Тәрбиелік – ойын құпияларын меңгеруге деген қызығушылықты, интеллектуалдық әрекетке деген сүйіспеншілікті бекіту; еңбекқорлыққа баулу; кедергілерді жеңе білуге және бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге ұмтылысты, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру. Жабдықтар: шахмат тастары бар көрнекілік шахмат тақтасы; шахмат жабдықтары, балалардың оқулықтары мен жұмыс дәптерлері, түрлі-түсті қарындаштар немесе фломастерлер

Сабақ жоспары:

  1. Сабақтың кіріспе бөлімі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың қабылдауына қиындық тудырған тапсырмаларды талқылау. Балалармен «тактикалық тәсіл», «алыстан ұратын тас», «материалды ұтып алу» ұғымдарын еске түсіру. «Ашық шах» тақырыбына көшу. (5 мин.)

2. Балаларды «ашық шах», «соқпа тас», «ашық тас» ұғымдарымен таныстыру. Қандай жағдайда ашық шах жария етуге болатынын түсіндіру. Қалай ашық шахтың құрылымын жасауға болатынын көрсету. Ашық шах кезінде материалды ұтып алудың тәсілдерімен балаларды таныстыру. Бір және екі жүріспен ашық шахтың көмегі арқылы «тартқышты» қалыптастыру үшін ашық шахты пайдалануға бола

4. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау: № 1-10. (7 мин.)

5. Екі қатысушы арасында бастапқы позициядан бастап шахмат ойнау. (15 мин.)

6. Жұмыс дәптерінде сабақтың қорытындысын жасау.

Үй тапсырмасы: жұмыс дәптеріндегі «Үй тапсырмасы» бөлімі. (5 мин.)

1. Сабақтың алдыңғы бөлімі. Үй тапсырмасы тексеріледі, қиындық тудырған тапсырмалар талқыланады. Балалармен «тактикалық тәсіл», «алыстан ұратын тас», «материалды ұтып алу» ұғымдарын еске түсіру. «Ашық шах» тақырыбына көшу.

2. Ашық шах. Қарсылас тастардың сәтсіз орналасуын ашық шах деп аталатын тактикалық тәсілінің көмегі арқылы пайдалануға болады. Ашық шах кезінде жүрісті бір тас жасайды да, ал шахты «ашылған» тас жасайды. Шегінуші (соқпа) тастың рөлін ферзьден басқа тастардың барлығы атқара алады. Ашық тастың рөлін тек алыстан ұратын ферзь, тура және піл атқара алады.

Ақ ферзь бен піл және қара король тігінен орналасқан. Ферзь қара корольден өз пілінің артына тығылғандай. Енді егер ақ піл қандай да бір шаршыға кетсе, мысалы, 1.Пg2+, онда қара корольге шах жарияланады. Бұндай шах ашық шах деп аталады. Жүрісті бір тас жасайды да, шахты басқасы жариялайды. Бұл жерде ақ піл – шегінуші (соқпа) тас, ал ақ ферзь – ашық тас. Ашық шах екі тастың өзара әрекетесуі негізінде қалыптасады. Бір тас соқпа тастың артында торуылда тығылып тұр. Соқпа тас өзінің жүрісімен өз кезегінде қарсылас корольге шах жариялайтын тасаланған тастың қимыл жолын ашады. Сонымен, ашық шах деп өз тасы немесе пешкасының жүрісі нәтижесінде басқа тас қарсыластың короліне шабуыл жасайтын тактикалық тәсілді атайды.

Ашық шахты шегінуші тастың жеуге немесе қауіпті шабуылға мүмкіндігі болған жағдайда жасау тиімді. Мұндай кезде шегінуші тас өзінің қауіпсіздігі туралы ойламаса да болады, себебі шабуылданған жақтың контрсоққыға уақыты жоқ, себебі шахтың астында король тұр

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1250
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі