Шахмат . Байлау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шахмат . Байлау

Материал туралы қысқаша түсінік
дене тәрбиесі мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні :

Тобы :

Тақырыбы : Байлау

Сабақтың мақсаты: «тактикалық тәсіл», «шабуыл нысаны» ұғымдарын бекіту, балаларды «байлам», «абсолютті (толық) байлам», «біршама (толық емес) байлам» ұғымдарымен таныстыру. Балаларды байлам жасауға, байламның нысаны болатын тастарды таба білуге үйрету. Балаларды байлам жасау барысында материалды ұтып алу жолдарымен және байламнан қорғану тәсілдерімен таныстыру.

Алынған білімді дидактикалық ойын-тапсырмалар арқылы бекіту; Дамытушы ойын тапсырмаларын қолдана отырып, есте сақтау қабілетін, ырықты зейінін дамыту, логикалық, комбинаторлық, операциялық ойлау негіздерін қалыптастыру; оқу жаттығуларын ұға білуге жәрдемдесу, ортақ белгілері мен айырмашылықтарын тауып, оларды салыстырып, талдау, қорытынды жасау, бірнеше мүмкін нұсқаларының ішінен дұрыс жауапты табу;

тәрбиелік ойын құпияларын меңгеруге деген қызығушылықты, интеллектуалдық әрекетке деген сүйіспеншілікті бекіту; еңбекқорлыққа баулу; кедергілерді жеңе білуге және бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге ұмтылысты, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Жабдықтар: шахмат тастары бар көрнекілік шахмат тақтасы; шахмат жабдықтары,

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кіріспе бөлімі.

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың қабылдауына қиындық тудырған тапсырмаларды талқылау. «Tактикалық тәсіл», «шабуыл нысаны» ұғымдарын балалармен еске түсіру.

Сабақтың тақырыбына көшу: «Байлам». (5 мин.) 2. Балаларды «байлам», «абсолютті (толық) байлам», «біршама (толық емес) байлам» ұғымдарымен таныстыру. Қандай тастардың байлам нысаны болатынын балаларға түсіндіру. Балаларды байлам жасау барысында материалды ұту жолдарымен және байламнан қорғану тәсілдерімен таныстыру.

  1. 3. Жаңа материалды бекіту үшін ойын тапсырмаларын орындау. (5 мин.)

  2. . Екі оқушының арасында бастапқы позициядан ойын өткізу. (15 мин.)

1. Сабақтың алдыңғы бөлімі

2. Байлам. Алыстан ұратын тастар (ферзь, тура, піл) шабуыл жасаудың тағы бір қуатты тәсіліне ие. Олар байлам деп аталатын тактикалық тәсілді орындай алады. Байлам – өзінен анағұрлым құнды тасты немесе қандай да бір маңызды шаршыны қалқалап тұрған қарсыластың тасына немесе пешкасына алыстан ұратын тастың шабуылы.

Келесі жағдайларда тас байламда болып саналады:

1) Егер ол өз королін қалқалап тұрса (абсолютті немесе толық байлам); 2) Егер ол өзінің құндылығы жоғары немесе қорғалмаған тасын қалқалап тұрса (біршама немесе толық емес байлам); 3) Егер ол мат жариялауға болатын шаршыны қалқалап тұрса (біршама немесе толық емес байлам). Байламның түрлерін мысалдар арқылы қарастыру.

Бұл позицияда ақ піл қара тураны байламға алады. Тура өз королін шахтан қорғап тұрғандықтан өз орнын тастап кете алмайды. Бұл абсолютті байламның мысалы. Мұнда ақ тура қара атты байлап тастады. Ат байламның жолынан кете алады, бірақ қара тура желініп кетеді. Бұл біршама (толық емес) байламның мысалы.

Тастың маңызды шаршыны қалқалап тұрған жағдайы да толық емес байламға жатады. Бұл позицияда қара ат d8 шаршысын қалқалап тұр, өйткені ақ тура корольге осы шаршыдан мат жариялай алуы мүмкін. Бұл маттан құтылу үшін қаралар атын беруге мәжбүр.

  1. Абсолютті (толық) байлам. Корольмен байлам (абсолютті байлам) анағұрлым қауіпті болып табылады, өйткені корольді қалқалап тұрған тас көбіне жүріс жасай алмайды. Мұндай тас өзінің жауынгерлік қасиетін жоғалтады. Сондықтан абсолютті байлам материалды ұтуға мүмкіндік береді. Байланған тастың өзі қарсылас тастың оңай олжасы бола алады. Байланған тасқа шабуылды күшейтіп, оны жеңуге болады. Қара піл ақ турамен байланған. Оны жоғалтпау үшін қаралар 1…Тс4 жүруге мәжбүр. Бірақ ақтар 2.с3 немесе 2.Аf3 жүрістерімен пілге шабуылды күшейтуi мүмкін. Оны қорғаудың басқаша жолы болмағандықтан қара піл желінеді.

  2. Бұл позицияда да байланған тасты пешкамен шабуылдау материал ұтысына алып келеді. Қара ат ақ ферзьбен байланған. Алайда ол екі жақты қорғалғандықтан (король және қара ферзьбен) ақ ферзь атты бірден қағып түсіре алмайды. Дегенмен 1.b5 жүрісінен кейін қаралар атпен қоштасуға мәжбүр болады, өйткені ақтар атқа жасалған шабуыл санын көбейтедіде, 2.bc+ немесе 2.Ф:с6+ жүрістерімен қауіп төндіреді. Тастар айырбасталғаннан кейін ақтар материалдық басымдылыққа ие болады. Осылайша, байланған тасты ұту үшін оны пешкамен тағы бір мәрте шабуылдаған дұрыс.

Қорытынды .











































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
860
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі