400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

шахмат ойынының ережелері

Материал туралы қысқаша түсінік
дене тәрбиесі мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Шахмат ойынының негізгі ережелерімен танысу сабағы. 
Мақсаты:

Шахмат ойынының шығу тарихынан мәлімет беру; шахмат ойынының тақтасының құрылымы, таңбалануы туралы білім бер; тастарының атаулары, олардың орналасуымен таныстыру.

Ойын ережесінен алғашқы мәлімет беру.

Шахмат ойынына деген қызығушылық тудыру.

Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін арттыру. 

Әдісі:Баяндау, көрнекілікпен жұмыс, интеллектуалдық ойындар. 

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, шахмат тақтасы, тастары, шахмат ойынының әр кездегі чемпиондарының суреттері, сөзжұмбақ, ойын атрибуттары. 
Барысы: 

Ұйымдастыру кезеңі:

Қымбатты оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Шахмат ойынының негізгі ережелері». Біз білетін тоғыз құмалақ, дойбы ойындары сияқты бұл ойын - үстелде бір орында отырып екі қарсылас арасында ойналатын ойын. Әлемде бұл ойын жөнінде «патшалар ойыны» деп өте жоғары баға берілген. Себебі шахмат ойынымен айналысу үшін математикалық, логикалық жоғары деңгейдегі біліктілік қажет. Кейбір елдерде, мысалы: Арменияда шахмат математика пәнінен кейін маңызы жағынан екінші пән ретінде міндетті түрде мектеп бағдарламасына енгізілген.


Жаңа тақырып: 

Интерактивтік тақтада шахмат тақтасы, шахмат тастарының суреттері, жеке-жеке слайд.

Шахмат — (ағыл. Chess, түрікше Satranç) ақыл-ой спорт түрі. Шахмат сөзінің мағынасы парсышадан патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді.

Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады.

Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады.

Ойының басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады:

бір патша,

бір уәзір,

екі піл,

екі ат,

екі тура және



сегіз пешка. 
 
Ойынның мақсаты қарсыластың 
тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою.

Бастапқы жайғасым: бірінші қатар: тура, ат, піл, уәзір, патша, піл, ат, тура; екінші қатар: пешкалар


 
Шахмат тастарының жүрістері: 
Патша – ең маңызды тас. Патша «өлді» – ойын аяқталды. Ойын мақсаты – қарсыластың патшасына мат қою (мүмкінсіздік жағдайында қалдыру). Патша кез-келген көрші алаңқайға жүре алады және тек бір қадам жасай алады. 

Уәзір – ең мықты тас. Уәзір барлық бағытта және қалағанынша қадам жасай алады.

Тура – уәзірден кейінгі ең мықты тас. Ол вертикаль және гаризонталь бағыттарда жүреді.

Ат «Г» әріпін жасап жүреді, күші пілмен теңдес бірақ олар екеуі де турадан әлсіз.

Ат - өз жақтастар және қарсыластары үстінен аттап өте алатын бірден – бір тас. 

Піл. Ақ шаршыдағы піл ақ шаршы бойымен, қара шаршыдағы піл қара шаршы бойымен диагонал бойынша жылжып отырады.


Пешка. Ойын басында екі
адым ілгерілей алады, одан кейін бір – ақ қадам ілгері жылжып отырады. Ойын басында бір адым бастаса да, сол бір адыммен жылжиды. Пешка өз лагерінен соңғы 8 – ші шаршыға жете алса, патшадан басқа кез-келген өзі түстес таспен ауыстырылады.



Ойындағы жеу әдістері: Жүру жолында өзі түстес тас тұрса – жол жабық! Жолында қарсылас тасы болса орын басу арқылы жеуге болады, алайда жеу міндет емес. Тек пешка тіке жүргенмен қиғаш бағытта жейді.
Қортынды: «О, бақытты!» ойыны, сөзжұмбақ «Шахмат», «Шахмат көш басшысы» ойындары арқылы оқушылар білімін бекіту, ойынға қызығушылығын ояту.

Шахмат ойыны бойынша:



Не білдім? 


Не білгім келеді? 















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
1 ақпан
6487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі