400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шахматтану

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға шахматтың пайдасы туралы. мектеп компонентіне шахматтану қосымша сабағын енгізу туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шахматтану

Фигуралар тұр қатарда,

Ақ қара боп тақтада.

Ұрыс алаңын дайындап,

Жекпе жек тұр санада.

Жауынгерлер шайқасты,

Бір бірімен айқасты.

Бар күштерін жинап ап,

Соққы беруге жайғасты.

Уақыт өтті...Жеңісіне шалқайып,

Ақ уәзір тұр мәз мейрам боп марқайып.

Бәрі кетті, бәрі бітті, амал жоқ,

Басын бұққан қара патша тұр қақайып.

Шахмат – көп ғасырлы тарихы бар, интеллектуалды көне ойын. Бойында спорт, ғылым мен өнер элементтері бар бұл ойын, адамды ғылыми және эстетикалық тұрғыда тәрбиелей алады. Ойын ретінде қарағанымен, бұл өте күрделі де қызықты процесс. Ойын кезінде адамның санасында, жан дүниесінде әр түрлі үрдістер орын алады, ол толғанады, ойлайды, ойланады, болжайды, талдайды, есептейді, қобалжиды, жоспарлайды, үрейленеді, тәуекелге барады.

Жалпы шахмат балаға қаншалықты және нені үйрете алады, осыған тоқтала кетсек.

Оқушыларға мектеп қабырғасында беріліп жүрген білім «жарты» десек қателеспейміз. Себебі барлық пәндер дерлік тек теориямен ғана шектеледі және де сол білімдерін практика жүзінде (іс жүзінде) көруге олардың мүмкіндіктері төмен. Осындай алған білім оқушыларға тек емтихан және де басқа да сынақтар кезінде ғана көмектеседі, яғни ондай білім ғұмырлық емес. Бұл жағдайда біздерге шахмат көмекке келеді. Себебі шахмат ойлануды оқытады, ақыл – ойды реттейді. Шахматты біз осы уақытқа дейін ойын деп қабылдап келдік. Ал, тереңірек үңілсек, жоғарыда айтылғандай шахмат — адамның ақыл-ой дамуына ықпал ететін білім. Осы орайда Елбасы тікелей эфирдегі дәрісінде шахматтың тұнып тұрған есеп екенін айта келіп, «есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді» деген болатын. Сондықтан, шахматпен математика, ғылым мен ілім — ұштасып жатқан тұтас ұғым деп түсінуіміз қажет.

Шахмат ойыны-балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахмат ойынына үйретудің алғашқы баспалдақтарын көрсету-балаларды кеңістікке бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық-синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, іс-әрекетін болжауды дамытуға көмектеседі.

Шахмат ойнайтын бала логикалық, диалектикалық ойлауды, аналитикалық талдауды, көз алдына елестетуді, күшіне сену, салмақтылық, сабырлылық таныту, қарсыластың басымдылығына қарамастан жеңістен күдер үзбеуді, шыдамдылықты, ақылдылықты, алған білімін, теориялық білімін іс жүзіне асыруды, тәртіпке бағынуды, өзгелерді сыйлау мен құрметтеуді, өз пайдасына шешім шығаруды, қиыншылыққа төзе білуді, жеңілсе де ойын ретінде қарауы-мойымауды үйренеді. Ұстаздардың өз шәкірттерінің бойынан көргісі келетін қасиеттері осылар емес пе. Осыған бір дәлел ретінде Республикалық «Білім» телеарнасы ашылған күні Елбасымен интерактивті байланысқа шыққан әлемге әйгілі гроссмейстер қызымыз Жансая Әбдімәлік: «Сіздің қамқорлығыңызбен елімізде шахмат ойыны жақсы даму үстінде. Осындай қолдау білдіргеніңіз үшін сізге алғысымыз мол. Сіз шахматтың оқу бағдарламасына енгізілуіне қалай қарайсыз?», – деген сауал қойды. Бұған Мемлекет басшысы: «Сенің айтып отырған ұсынысыңды қолдаймын. Болашақта Астанада шахмат орталығы, арнайы шахмат академиясы ашылатын болады. Шахмат тақтасындағы ладья бейнесінде бой көтеретін бұл ғимарат елорданың тағы бір жан марқайтар рухани ошағына айналады деген ойдамын», – деп жауап берген еді. Қазіргі кезде балаларымыз компьютерлер мен смартфондармен айналысып, қасындағы адамдарға көңіл бөлмей, араласудан қалып бара жатыр.

Ойын ережесі қарапайым болғанымен, ойынның өзі өте күрделі процесс. Шахмат тақтасының өзі көптеген сырлар мен қызықтарға толы. Атап айтар болсақ, ондағы симметрия, геометриялық фигуралардың қасиеттері, координаталық жүйе және тағы да басқа математика элементтерінен құрылған жүйе десек те болады. Ал фигуралардың жүрістеріне келер болсақ, 32 фигура математиктердің есептеуінше алғашқы 10 жүрістен кейін тақтадағы мүмкін болатын варианттарының саны 169 518 829 100 544 000 000 000 000 болады екен. Осынша сан жетпес варианттарды ойнап шығу үшін бүкіл адам баласы фигураларды үздіксіз қорғап отырғанда, 217 миллиард жыл ойнау керек екен. Не деген ғажапқа толы десеңізші.

Мектептің оқу бағдарламасына «шахматтану» сабағы оқу компонентінен берілсе, шахмат ойнауды үйренеді, әр түрлі комбинациялардан шешім табуды және де шахмат тақтасында математика элементтері бар ойындарды ойнайды. Шахматтың оқушы дамуына орасан зор мүмкіндіктерге ие екенін В. А. Сухомлинский де айтқан болатын. Жалпы алғанда оқушының танымдық, логикалық ойлау қабілеті дамиды, бойында қадір – қасиеттерінің жақсы жаққа қарай өзгеретіні сөзсіз..

Шымкент қ. №32 Абай атындағы ЖОМ

Математика пән мұғалімі

Жүнісов Дәурен Тастанұлы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
417
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі