400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Сахнада туған аңыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда қазақтың біртуар азаматы Әміре Қашаубаев жайлы деректі мақала жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

1925 жыл. Париж. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаздар сахнада өз өнерлерін көрсетуде.
Кенет сахнаға қазақша киінген орта жастағы бір ер адам шығып, әуендете бастады. Оның дауысы залда
отырған дүйім жұртты өзіне бірден баурап алды. Ал сіз сол күміс көмей әншінің кім екенін білесіз бе?
Ол қазақ халқының ән өнерін әлемге танытқан тұңғыш кәсіби әншілердің бірі - Әміре Қашаубаев еді.
Әміре Қашаубаев - XX ғасырдың көрнекті өкілі, аты аңызға айналған біртуар азамат. Оның қазақ өнеріне
сіңірген еңбегі ел жадынан өшпей, өнеге болып ғасырдан ғасырға жалғасуда.
Қазақтың бұлбұл әншісі 1888 жылы Семей өңірінде дүниеге келген. Жастайынан әнге құмар болып
өскен ол ауыл арасындағы жиын-тойларда ән айтып, ерекше дауысымен көзге түседі. Табиғат берген кең
диапазонды дауысы мен орындаушылық шеберлігі оны көпшілікке тез танытты.
Әсіресе «Ағаш аяқ» әнін шырқағанда зал ұзақ уақыт қол соғып, өнеріне жоғары баға берді. Осы
сапардан кейін қазақтың ән өнері Еуропа жұртшылығына кеңінен таныла бастады.
Аты тарихта қалған Әміре осыдан сан жылдар бұрын қазақ елін әлемге танытты. 1925 жылы Еуропаның
төрінде ән салған ол небәрі 37 жаста еді. Дауысы мен дарындылығы шетел азаматтарын таңдай
қақтырды. Әсіресе «Ағаш аяқ» әнін шырқағанда зал ұзақ уақыт қол соғып, өнеріне жоғары баға берді.
Әміренің ешкімге ұқсамас өзгеше болмысы мен таланты оны көкке жетелеп, қазақ мәдениетінің жарық
жұлдызына айналдырды.
Әміре Қашаубаевты біз Парижде өнер көрсеткен қазақтан шыққан тұңғыш әнші ретінде танимыз. Ал
оның өнер жолында басқа да жетістіктері ұшан теңіз. Мысалы, 1925 жылы Францияда көрсеткен өнері
үшін біздің мақтанышымыз 2-жүлделі орынмен қоса, күміс медальды қанжығасына байлады. "Париж
апталығы" газеті мен "Ле мюзикаль" журналы оның сирек кездесетін дарынды тұлға екенін жазса,
Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып
алған екен. Сонымен қатар, Отандасымыз 1927 жылдың сәуірінде арнайы шақыртумен Мәскеу
консерваториясының залында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Сол жылы Германияның Франкфурт
қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге
паш етті. Әншіліктен бөлек Әміренің қазақ театрының қалыптасуына қосқан зор үлесін ұмытпауымыз
керек.
Өкінішке қарай, Әміре Қашаубаевтың ғұмыры ұзақ болмады. Өнерліге өлім жоқ демекші, дарынның өзі
өмірден ерте өтсе де, артынан қалған игі жақсы істері еш жоғалмады. Қазіргі таңда көптеген театр
актерлері Әміренің Францияда орындаған "Балқадиша" әнін қойылым ретінде бүгінгі жас ұрпаққа
дәріптеп жүр. Оның ізін жалғаған XXI ғасырдың талантты әншісі Димаш Құдайберген де елімізді әлемге
паш етуде. Менің ойымша, XX ғасырдан келе жатқан бұл мәдени бастау талай жыл өтседе өз маңызын
жоймас. Әлемге танылған Әміре қазақ өнерінің алпауыты. Оның аты да, өнері де Сүмбіледей мәңгі
жарық болмақ!


Page 2

Рысқали Аяулым
11 сынып
№181 ЖББМ оқушысы
Алматы қаласы


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 маусым
17
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі