400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сахналық қойылым "Ән аға"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай, вальс королінің өмірінен сахналық қойылым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ән аға» сахналық қойылым


Автор: - Шәмші Қалдаяқов артынан 300-ге жуық ән жазып қалдырды. Сырға толы, мұңға толы нәзік, ырғақты әндері қазақ даласын алақанына салып аялап, әлі де тербетіп келеді. Әке түсі шындыққа айналып, аққу болып халық көңіліінде мәңгі жүзіп жүр.

«Қайда барсам да мені «Шәмші келе жатыр» деп ауыл-аймақ түгел күтіп алады, халық әніме сусап отырады», — дейтін. Өзінің осы өміріне өзі ырза болды. Шынында, соншама ән шығарды, ол елін сүймесе, жерін сүймесе, қазақтың кең даласын шарламаса, ондай сұлу әндер дүниеге келер ме еді деп ойлаймын.

Шырайлы Шымқалада Ш.Қалдаяқов атындағы саябақ ашылып, кезінде оның өзі жұмыс істеген Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясына, Алматы, Астана, Шымкент секілді үлкен шаһарлардағы көшелерге есімі берілді. Туған ауылы - бұрынғы «Темір» кеңшары - «Шәмші ауылы» деп аталды. Ал Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында «Шәмші Қалдаяқов ауылы» өмірге келді.


(Қалдыаяқ отбасы)


Жеңгесі: - Темірден түйін түйіп, ағаштан өрім өрген шебер қайным - ау, сүйінші, Сақыпжамал келін аман - есен босанып, Тұмаркүлдің ізін басар атқа мінер дүниеге келді.

Қалдыаяқ: - Рахмет жеңеше, сүйіншіңіз дайын. Өзім қолдан соққан мынау күміс қос білезік сізге. Дүниеге ұл келсе, оған Жәмшид патшаның атын қоямын деген едім. Ежелгі заманда Жәмшид деген патша болған деседі. Патшаның ерекше айнасы болған екен. Сол арқылы бүкіл әлемді көре алған. Кейін келе қазақтар осы есімді өз ұлдарына берген екен. Алланың қалауымен арманыма жеттім, баламның аты Жәмшид болады.

***

(Сақыпжамал бесік тербетіп отырып, Естайдың «Құсни Қорлан » әнін орындап отырады.

Қайырмасы:
Ахау, арман,
Құсни, Қорлан,
Екі-ай бағлан,
Екеуі туған екен бір анадан. )

Қалдыаяқ: - Бәйбіше әндетіп отыр екенсің ғой, мен бір ерекше түс көрдім. Түсімде ұлымыз айдын көлде аққу құс болып жүзіп жүр екен.

Сақыпжамал: - Әкесі, онда баламыз өскенде елге танымал болып, аққудай көлде жүзбесе де, халықтың көз алдында жүзіп жүрер.

Қалдыаяқ: - Ылайым солай болғай. Атын да ырымдап қойып едім.

***

Шәмші: - Ахани, мен бір "құдайский ән" ән шығардым, айтып көрші.

Райхан қарындасы: - Мен айта берем бе?

Шәмші: - Сенің орындауыңда тыңдап көрейін.  Анама «Келін түсіріп, қолыңызды ұзарта алмадым, сізге жағдай жасауға мүмкіндігім болмады, басыңызға да кербез күмбез қоя алмадым. Енді сізге әннен күмбез қоюға уәде беремін» деген едім.

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған

Даланың әр гүлін жинадың сен маған

Сен бердің құстардың қанатын самғаған

Балалық қоштарың өзіңе арнаған

Әлдилеп, аялап өсірген жемісің

Самал жел саябақ құшағың мен үшін

Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін

Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын

(Екеуі де жылайды)

Райхан қарындасы – Аға, шынында да "құдайский ән" болыпты. Анамыз бір аунап түсер.

***

Жеңгесі: - Қайным -ау, сүр бойдақ болып өтесің бе, отыздан асып барасың, келін әкеліп, қолымызды ұзартсай. Марқұм абысынымыз да көрмей кетті.

Шәмші: - Жеңешетай, жүегімнің жартысын таппай жүрмін, Шыңғыс Айтматовтың "Жәмилә" повесіндегі Жәмиланы таппай жүрмін ғой.

Жеңгесі: - Қайным -ау, мына кетіп бара жатқан қызбен танысшы , сен іздеген қыз осы болар.

Шәмші: - Көрейік. Саламатсыз ба? Бойжеткен есіміңіз кім болады.

Қыз: - Саламатпыз. Менің есімім Жәмилә.

Шәмші: - Мен Шәмші Қалдаяқов деген композитормын.

Қыз: - Иа, атыңызды естуім бар.

Шәмші: - Құдай куә, Жәмилә деген қыз кездессе, үйленемін деген уәдем бар еді. Қарсы болмасаңыз, бас қосайық. Отбасын құрайық.

Қыз: - Ойланып көрейік.

***

Автор: - Осылайша Шәмші мен Жәмиләнің шаңырағында екі ұл дүниеге келді: Әбілқасым және Мұхтар.

Шәмшінің екі ұлы әкелерінің жолын қуып, бүгінде кәсіби музыкант ретінде еңбек етуде.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қыркүйек
53
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі