Сахналық қойылым сценарийі: «Қыз Жібек»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сахналық қойылым сценарийі: «Қыз Жібек»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сахналық қойылым сценарийі: «Қыз Жібек»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сахналық қойылым сценарийі: «Қыз Жібек»

Ұзақтығы: 45 минут
Сынып: 7
Мақсаты: Қазақ эпосының көркемдік ерекшелігін сахналық көрініс арқылы көрсету, оқушылардың әдеби және актерлік қабілеттерін дамыту.

Кейіпкерлер:

  1. Қыз Жібек

  2. Төлеген

  3. Бекежан

  4. Жібектің әкесі – Сырлыбай

  5. Төлегеннің әкесі – Байбөрі

  6. Төлегеннің жолдасы

  7. Хор: ауыл адамдары

Shape1

Сценарий құрылымы

1-көрініс

Сахна ашылады.Муыка ойнап тұрады .(Аққу күйі)

Қыздардың биі

Сахнада Жібек қана қалады. Аққудың дауысы

Қыздың құрбысы :Жібек!Жібек !құрбым!

Қыздар;Жібек естідің бе ? сүйінші !Жау...жау жеңілді Жібек!

Жібек:Қалағандарыңды алыңдар! ( Сырға шолпы шашпауын шешіп тастайды) Әкемнен сүйінші сұрайық!Қалағандарыңды алыңдааааааар!


2- көрініс

(Төлегеннің белбеуді тауып алуы)

Шеге:Мырзам ,жас сұлудың белбеуі қаз тұлпардың мойнына

Белбеуін берген қыз кетпес, ертең – ақ болап қойныңда ха,ха,ха!

Төлеген:

- Ай, Шеге ! ай , Шеге жүр! Ха,ха, ха !

(Музыка қойылады )


3- көрініс

(Халық бір бірімен көрісіп амандаса бастайды)Ән

Сырлыбай ;Ау,халайық жеңіспен қайтқан батырларды сый сияпатпен қарсы алайық!

Әскер;(ТУды ұстап )Ау,ханеке жеңіс,жеңіс біздікі!

(Бекежанды көтеріп алып келеді, айналасындағы халық Жауғасар!Жауғасар деп айқайлайды )

Сырлыбай:Армысыңдар !Арыстандарым!

Бекежан:Армысың,Сырлыеке!Туың міне!Қисайған жоқ Алдияр!Желбіреп барып,желпілдеп қайтты.Жеңілмей жеңіп қайтты!

Сырлыбай:Қаршығам болып кетіп ең,қыраным болып қайтыпсың!Тұғыр биігі сенікі!

Бекежан:Алдияр!Жайықтың жағасы қанға бояды ,Алдияр!Найза қысқарып таяқ болып қалды,қылыш қысқарып пышақ болып қалды.Қанын судай ағызып, шаңға аунатып ұрдық, қанға аунатыр қырдық!

Сырлыбай:Әй бәрекелді,Өрісің бір екенін көрсеттің Бекежан мырза!Төр биігі сенікі!Кел!Сый таңдауда сенікі!

(Қыздар шығып шапан жауып, басына баскиім кигізеді қылыш береді.)

Бекежан ;(Қылышты көтеріп Жауғашар!Жауғашар деп айқайлайды)

Сырлыбай:Қапыда кеткен жайымыз бар еді.Жұртым етек жеңді жинай алмай қалып,қаша көшкен жайымыз бар еді.Тағы айтам... Бекежан мырза болмаса абыройдан айрыларма едік қайтер едік .Қалауың болса өзің айт қақпаймын қолыңды !

Бекежан:Алдияр тілеу ниетіңе рақмет, абырой атаққа ортақсың дегенің жетіп жатыр маған Алдияр!

Жібектің анасы:Өркендерің өсе берсін ,қарақтарым!

Бекежан:Алдияр, мынау таң басынан танысаң Жауғасар руы!

Ал мынау , төрт қара Шөмекей!

Ал мынау Дәуқара!

Ал мынай Беріш! Ақ Адай ,Ақ адай !


Сырлыбай : Жағалбайлы елі келмей қалды!Жау жағадан алғанда ,Жағалбайлы етектен шалды.Жағалбайлы қолы келсе жағалбайлы елі осыншама көп болап ма еді!


Шеге:Дат!Жағалбайлының айыбы қанды қырғынға келмей қалған болса !Сол қырғынның айыбы кімде ?


Бекежан:Мынау қайсы әй тағы !


Төлеген:Ассалаумағалайкум ,Алдияр!Бүгін міне сен жеңіп жатсаң,ертең біреу сені жеңіп жатады.Осыдан тапқан олжамыз қайсы ?Қаралы жесір қаптап келе жатса, жеңгендегі түрің осы ма ? Күнде қырғын, кімге бақ, кімге сор!Осыны ойлаған кім бар?


Шеге :Төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылған Жағалбайлы боламыз!Мына жігіт Базарбай мырзаның үлкен ұлы Төлеген!


Сырлыбай ;Ееее Жағалбайлымыз де !Ел басына күн туса , маған қосылар егізімнің сыңары екенсіңдер!


Бекежан:Ей төскейде басы қосылған, Қосетекте неге қаның қосылмады ?


Шеге;Ата салтымен ақ тілігімен жас жігіт арманын іздесе оған тыйым жоқ еді ғой Алдияр!Оның аты қанымызды қоспағанда не болушы еді?


Бекежан:Қорғансызда қоспаған қан, төсекте қосқалы келдім де !Қаралы елден қараусыз қалыңдық іздеуге келдім де !Онда жолдарың болыпты !Көр әне қаптап келе жатқан қаралы жесірді!Сендер шетінен жау тигенде бұғып қалған бұқпантай , не көкіп тұрсың ай !

Жанындағыдар:Соны айтам!Соны айтам!

Айыбыңды жуып шаюға келді екен десем, айыптауға келген екенсің ғой !Бүгін ат мойнына алтын ер таққан жігіттер емес, келем деп келмей қалған, ерем деп ермей қалған ендігі кезек Жағалбайлы сенікі !


Шеге :

Қасқа заманда қайғыны жеңген бар ма екен!

Қолынан өлмей дұшпанның қартайып өлген бар ма екен?

Жетім қалған баланы ,жесір қалған ананы

Қан соқта болған даланы ойлаған адам бар ма екен!


Төлеген:Жә айтары болса айтып қалсын!


Бекежан:Басқа айтарымыз жоқ!


Төлеген:Қосетек қырғынын көргенім жоқ!Алдияр

Шақырған болсаң.естігем жоқ Алдияр!Өз жөніммен жолаушы кетіп ем!

Бірақ естіген болсам келермем келмеспем,келсем кең далаға сенде сиясың , сендерде сиясыңдар тоқтат дер ем қырғынды!Оныма құлақ аспасаң келмей ақ қаларем!

Өзді өзіміз болмашыға таласып күнде қырылысып жатқанда ,сырт көз бізді бақылайды екен,қансыраған елге қызықпайды ма екен?қысық көзді қиғаш қабақ көршің бар бір бүйіріңде , тістесе тістесе жұлмаланып қалған жеріміз бар! Күннің батысынан , шығысына дейін дейін созылған жеріміз бар!Сыймай жүрсек екен ау сыйсалмай жүрміз ғой ағайын!

Халық:Сөзінің жаны бар!жаны бар!


Бекежан:Тоқтат!шуламаңдар!Ей болдың ба ? Жағалбайлымен келісім болмайды!Болмайды!болмайды!


Төлеген:Елдестірмек елшіден,жауластырмақ жаушыдан деген мырза сен отқа қарай итермеле бұл елді!


Бекежан:Мен Қосетекте жекепе -жекке шығып жеті басты қанжығама байлағанмын ал сегізінші бастың кезегі Жағалбайлы сенікі!


Төлеген:Өзгенің басына қызыққан өз басында ойлай жүргені жөн болар еді ендеше !


Сырлыбай:Сабыр батыр !сабыр!Жау жағадан алғанда ,Жағалбайлы келмегені ел ішінде түйнек болып жатыр ел ішінде , ашу алда ақыл сонда !Әуелі Жеңіспен қайтқан ерлердің сый сияпатын істейік!Жабыққан мен тарыққанның көңілін аулайық!көштің бетін Ақжайыққа бұралық!Көштің басын Ақжайыққа тартыңдар!


4-көрініс

Шеге:Қатаған айтқан сол ел мақтаған Жібек ,осы көште көрінеді жүр Төлеген сол арумен танысып жөн сұрасайық!

( Жырдан үзінді оқылады қыздар қатар қатар шығып қыздар қаз қатар тізіліп әнмен шығады гәкку әніне би )Соңынан Жібек шығады


Бекежан: (музыка әуенімен өкіектеп келеді): Бұл не той, бұл не жйын?


(Жібекті көріп, тізерлеп отыра қалып)


Ер арманы –Жібек

Тұғырыңды түлеп,

Түлеуменен жүдеп

Отырмысың тотым.


Батсайы:(мысқылдап),

Отырмысың, тотым?! Хи,хи!

Қай уақытта болып еді

Жібек сенің тотың

Имену жоқ, сыйлау жоқ

Сенікі осы қай көку?! Бекежан аға!


Бекежан:Әй,Мен ұқсам , қойсаң қайтер, қарағым

Соқтығып кетіп ,байқамай

Үзіліп кетер ,сабағың!


Жібек:Бекежан аға , көкірек барын естуші ем ,күш көрсеткеніңе жол болсын!


Бекежан:Жібекжан күшім мен бірге сөзім де орында де, бір өзіңе айтарым ,қолы жетпес арманым, айтуға сөзім жетпесе амал қанша !


Жібек:Бекежан аға! Мен бір жанмын көңілі көлдей тұнық,өр көңілім келеме деп ескермейді,әркімнің өз ойлаған арманы бар!

Батсайы:Әттей, мен Жібек емеспін!

Жібек:Батсайы , доғар енді .....Бекежан аға бар айтарың осы болса ,сен де доғар!

Бекежан:Солай дедім бе ? Жібек ха,ха , кеттік ендеше (жігіттермен кетіп қалады)



5-көрініс

Батсайы;Асығыс болсақта ,ат үсті болмайық!Жақынрақ танысайық!

Шеге:Таныссақ , танысайық,құдаша!Талыссақ, Төлегені Жағалбайлы

Жылқысы көптігінен санай алмайды

Алдына келіп тұрған үлкен ұлы Базарбайдың!


Бекжан: Немене жарасып қалып па едіңдер!Қайда жүр екн десем сайда жүр екенсіңдер ғой!Азабымды сен көтер,қызығымда өзім көрем дегенің ба ?Олай болмайды .Бір Бекежан болмаса көрер едім қандай өлең айтқандарыңды?Өлең емес жоқтау айтып, шөл кешіп кетер едіңдер!Бекежансыз көрген қызық арам болар бұл елге !Сандалмасын ешкім жетер!


Жібек:Бекежан мырза ! айталмай жүргеніңіз бір Қосетектің жыры болса ,оны осы ел өзі ақ жеткізер еді!Алып болалмай жүргеніз болса алар едіңіз,Жат қолынан құтқарысып, өз зорлығымды жүргізем десеңіз бұл ел оған көне қоймас!Ат тізгігін тарта ұстасаңыз қайтеді!


Бекежан:Алып бола алмай жүргенің деп Жібекжан жай айтпаған шығарсың!Ойланып айтқан шығарсың!Әкең маған қалауыңды өзің айт,қақпаймын қолыңды деген сол қалауым алынған жоқ әлі!


Жібек :Қалауыңыз қарлығаштың қаны , не адамның жаны емес шығар берем десе берер!аларсыз!


Бекежан:Ондай қалау болмаса ,қалау болмай әдірәқалсын !

Жібек :Онда мен түсіне алмадым!


6- көрініс

Төлеген:Сіз жаңа маған әйелдердің көзінше қыр көрсете сөйледіңіз?Соның себебін білуге бола ма екен?

Бекежан:Әй Жағалбайлы ненмене артыңа батып кетті ма ?

Төлеген:Жоқ!Еркекке тек еркекше сөйлеу керек деп ойлаушы едім

Бекежан:Мен немене мен қатытдарша сөйлестім бе !

Төлеген:Бет тырнай сөйлегенге қарағанда қатындардан алыс емес сияқты басы қаралы көңілі жаралы елді ойын сауығын ойрандатқаныңыз еркекке емес теттекке лайықты іс емес пе !

( Екеуі күреседі)

Бекежан:Елің барда Жабағайды еліңді тап!Қылыш ұстай білмейтін шығарсың, арманда кетіп ,қайта ғой !

Төлеген:Қалауың қылыш болса кел!

Бекежан:Бұл ойын шаршы топтың алдында өтеді!Кімді жанамалап жүргенің белгілі бала!Есіңде болсын бала, екі бастың бірі соның алдында жығылады!

Төлеген:Мақұл!



7- көрініс

Екеуінің жекпе жегі

Жібек:Тоқта !Тоқта !Ерақамат тоқтатыңдар!Бір елдің өліп талып жеткен аз қызығын, бір көш бойына жеткізбедіңдер ау !Көзі жас көңілі жарым елге соны да көп көргендеріңі бе?Қыры сынған елге қыр көрсету ұятқа санвлушы емес пе?

Бекежан:Жібекжан!

Жібек :Кім қан төгуге құмартса!Оны жақтар бір жан табылмайды бұл елде!

Бекежан:Құдай қорқақты жарылқайын десе ертең де күн бар!

Жібек :Талас тартыстың бір байламға келер жері бар!Бидеседер би бар!

Төлеген:Мен қайсысынада көндім

Бекежан:Жәбекжан менің қалауым өзің!Білем айттар жерім бұл емес!Басқа амалым жоқ!Төрешіде өзің бол!

Жібек:Төрешінің араманы таластыру емес табыстыру ,қастарыу емес достастыру болса қайтесіңдер!

Төлеген:Жібекжан мен көндім

Бекежан:Нар тәуекел!мен де көндім!

Жібек:Төрешілерің мен болсам осы екі жебенің бірін таңдап жерге қадаймын, сол екі оқтың иесі отауымның да иесі болмақ!Батсайы көзімді байла!

Шеге:Біздің оқ,біздің оқ!Тапқан қолдан айналдым!Төлеген сенде арман жоқ!

Қыздар биі:

(Сарыбай ,бәйбіше ,халық шығады сахнаға)

Жібек:Кетуге қалай асықсаң,келуге солай асығар ма екенсің?Сен асықпасаң ақбозат асығады ,мүмкін мені өзіңмен бірге ала кетерсің?

Төлеген:Кетуге асыққаным,келуге асыққаным емес пе?Алдияр!Елге аттансам ба деп едім .Рұқсат беріңіз!

Сырлыбай:Рұқсат ,қарағым!Елі бір елдің арманы қосылса, той думан ешқайда кетпейді.Жорытқанда жолың болсын!



8-Көрініс

Бекежан:Алдияр ,Алдияр,қалауыңды айт , қолыңды қақпаймын деген сөзің бар еді ғой!Қалауымды айтқалы келдім.

Сырлыбай:Айт,Бекежан!

Бекежан:Менің қалауым,Жібек!Берсең ат мойнына тізгін таққаныңды айтам,бермесең ат құйрығын кесісемін!

Сырлыбай:Жастар бір байламға келген соң,қызымның өз таңдауы,бұл не мінез көрсеткенің бе ?Сыйласуғада жарасқан,сырласуға да жарайды деген,бірің ақ отауға жар болып кіріп, бірің тілекші досы болады деп ойлап едім!

Бекежан:Солай ма!

Сырлыбай :Солай!

Бекежан:Мынау Әділекенің сөзі ма ?Тоқтай тұр, Жібек!Көзіңнен жасты көл қылып ағызамын!Тойыңды қанмен жуамын!


9- көрініс

Бекежан:Арма ,Төлеш!

Төлеген:Бар бол,Бекежан!

Бекежан:Жақсы хабарды естідік!Қорқақтың ісі десең жекпе жегімді беремін!Еркектің ісі десең достығымды !

Екеуі қол ұстасып ант береді

Бекежан Төлегенді өлтіруі

Төлеген:Арманыңа жеттің бе!Арманың Жібек болса, ол оған көне қоймас!

Бекежан:Енді Жәбек менікі!

10-көрініс


Жібек:Бекежан аға Төлеген қайда ?

Бекежан:Төлегенді ажал алып кетті!

Жібек:Елді құртқан қарақшы ел болып сені қарғасын!Үрім бұтақ зам затың мендей болып зарласын!

Сырлыбай:Сұмырай сұрқия !Ант бұзғанға ,аяу жоқ !Өз қанжарыңның ұшы , табар өзіңді !Алып кетіңдер!






Автор:Өзі он төрт жасында –ай

Кебісінің өкшесі

Бұқардың гауҺар тасындай

Ақ маңдайы жалтылдап,

Танадай көзі жарқылдап,

Алтын шашбау шашында-

Қыз Жібектің шаштары

Қоғалы көлдің құрағы .

Көз сипатын қарасаң,

Сегіз бейіш ішінде

Хорлардың жаққан шырағы.

Дүрі гауҺар сырғасын

Көтере алмай тұр құлағы

Қыз Жібектің ақтығы

Наурыздың ақша қарындай

Ақ бетінің қызылы

Ақ тауықтың қанындай

Екі беттің ажары

Жазғы түскен сағымдай

Білегінің шырайы

Айбалтаның сабындай

Оймақ ауыз, құмай көз

Іздеген ерге табылды ай

Өткірлігін байқасаң

Ұсталар соққан кетпендей

Нұр тұқымын еккендей

Бір ауыз сөз сөйлескен

Мұратына жеткендай

Қыз Жібекті Төлеген

Ақылменен танып тұр

Көз мейірі қанып тұр

Бейіштен жанған шамшырақ

Көзі ойнап жанып тұр

Тартқан сымнен жіңішке

Үзіліп кетпей нағып тұр


Төлеген:ЖаҺанда бұл сипатты пенде көргем жоқ!

Шеге:

А-а-ау, тотыдайын таранған,

Сұңқардайын сыланған,

Сұлу ару бар ма екен?!

Құлап түскен қос жылан,

Қолаң шашың иықта,

Бойыңда бір мін бар ма екен?

Қасың, көзің қиылып,

Аққудай мойының иіліп,

Ақ маңдайлы, ақша бет,

Жүрекке салмас қалай өрт?

Ақ сабағың үзілген,

Тісің меруерт тізілген,

Бейне бір етің қар ма екен?!

Ат арытып, тон тозып,

Алты ай жүріп, жол кезіп.

Келіп тұрған алыстан,

Төлегеннің шіркін-ай,

Арманы, сірә, бар ма екен?!


Бекжан:Мен саған айттым ғой!Немене жарасып қалып па едіңдер!Қайда жүр екн десем сайда жүр екенсіңдер гой !Азабымды сен көтер,қызығымда өзім көрем дегенің ба ?Олай болмайды .Бір Бекежан болмаса көрер едім қандай өлең айтқандарыңды?Өлең емес жоқтау айтып, шөл кешіп кетер едіңдер!Бекежансыз көрген қызық арам болар бұл елге !Сандалмасын ешкім жетер!

Жібек:Бекежан мырза ! айталмай жүргеніңіз бір Қосетектің жыры болса ,оны осы ел өзі ақ жеткізер еді!Алып болалмай жүргеніз болса алар едіңіз,Жат қолынан құтқарысып, өз зорлығымды жүргізем десеңіз бұл ел оған көне қоймас!Ат тізгігін тарта ұстасаңыз қайтеді!

Бекежан:Алып бола алмай жүргенің деп Жібекжан жай айтпаған шығарсың!Ойланып айтқан шығарсың!Әкең маған қалауыңды өзің айт,қақпаймын қолыңды деген сол қалауым алынған жоқ әлі!

Жібек :Қалауыңыз қарлығаштың қаны , не адамның жаны емес шығар берем десе берер!аларсыз!

Бекежан:Одан олқы болса ,қалай болмай әдірәқалсын !

Жібек :Онда мен түсіне алмадым!


5 көрініс

Төлеген:Сіз жаңа маған әйелдердің көзінше қыр көрсете сөйледіңіз?Соның себебін білуге бола ма екен?

Бекежан:Әй Жағалбайлы ненмене артыңа батып кетті ма ?

Төлеген:Жоқ!Еркекке тек еркекше сөйлеу керек деп ойлаушы едім

Бекежан:Мен немене мен қатытдарша сөйлестім бе !

Төлеген:Бет тырнай сөйлегенге қарағанда қатындардан алыс емес сияқты басы қаралы көңілі жаралы елді ойын сауық ойрандатқаныңыз еркекке емес теттекке лайықты іс емес пе !

( Екеуі күреседі)

Бекежан:Елің барда Жабағайды еліңді тап!Қылыш ұстай білмейтін шығарсың, арманда кетіп қайта ғой !

Төлеген:Қалауың қылыш болса кел!

Бекежан:Бұл ойын шаршы топтың алдында өтеді!Кімді жанамалап жүргенің белгілі бала !Есіңде болсын балала екі бастың бірі соның алдында жығылады!

Төлеген:Мақұл!


6- көрініс

Екуінің жекпе жегі

Жібек:Тоқта !Тоқта !Ерақамат тоқтатыңдар!Бір елдің өліп талып жеткен аз қызығын, бір көш бойына жеткізбедіңдер ау !Көзі жас көңілі жарым елге соны да көп көргендеріңі бе ?Қыры сынған елге қыр көрсету ұятқа санвлушы емес пе?

Бекежан:Жібекжан!

Жібек :Кім қан төгуге құмартса!Оны жақтар бір жан табылмайды бұл елде!

Бекежан:Құдай қорқақты жарылқайын десе ертең де күн бар!

Жібек :Талас тартыстың бір байламға келер жері бар!Бидеседер би бар!

Төлеген:Мен қайсысынада көндім

Бекежан:Жәбекжан менің қалауым өзің!Білем айтар жерім бұл емес!Басқа амалым жоқ!Төрешіде өзің бол!

Жібек:Төрешінің араманы таластыру емес табыстыру ,қастарыу емес достастыру болса қайтесіңдер!

Төлеген:Жібекжан мен көндім

Бекежан:Нар тәуекел!мен де көндім!
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2025
789
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі