15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сайлау құқығы, Қазақстан Республикасындағы жүйе және үдеріс
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Бекітемін»
Директордың оқу-ісі
жөніндегі орынбасары
_______С.Н А. Қойшыбаев
«____» «_____» 2019ж
0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша
«Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» пәнінен
«Сайлау құқығы, Қазақстан Республикасындағы жүйе және үдеріс» тақырыбы бойынша құрылған оn-line сабақ әзірлемесі
«Есеп және құқықтану»ЦӘК
Отырысында қарастырылған
Хаттама№ «_____»_______2017ж
ЦӘК төрайымы
__________Тұрлыбекова Р.М.
Дайындаған:Еркебаева А.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
ОҚЫТУШЫ: Еркебаева А.
ПӘННІҢ АТЫ: «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы»
ОҚУ ТОБЫ: 2ПВ-18-2
ӨТЕТІН КҮНІ: 28.02.2019 жыл.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Сайлау құқығы, Қазақстан Республикасындағы жүйе және үдеріс.
САБАҚТЫҢ ТҮРІ: Жаңа білім беру сабағы.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
БІЛІМ БЕРУШІЛІК: студенттерге сайлаудың түрлері мен олардың дауыс беру жолдары жайлы, соның ішінде сайлаудың жалпы ережелері, дауыс берудің мерзімдері мен сайлаудағы үдеріс туралы түсінік беру;
ДАМЫТУШЫЛЫҚ: білімге қызығушылықтарын, дербестігі мен шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
ТӘРБИЕЛІК: өздігінен жұмыс істеуге, өзара тексеруге, ұйымшылдыққа, жауапкершіліке, өзгенің еңбегін бағалай білуге, табиғатты сүюге, заңды білуге, рәміздерге құрметпен қарауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, еңбексүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
ОҚЫТУ ӘДІСІ: ауызша білім беру, слайдтар, көрнекілік.
ПӘН АРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС: Құқық салалары.
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ: Кесте күйіндегі көріністер, схемалар.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі».Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі».
Сабақты жүргізу кезеңдері |
Уақыт мөлшері |
1.Ұйымдастыру кезеңі |
3 мин |
- Сәлемдесу - Студенттерді түгелдеу - Аудитория тазалығына назар аудару |
|
2. Өткен тақырыпты қайталау. 1. Қазақстан Республикасының құрылысы және оның негіздері 2. Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздерінің түсінігі. 3. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері. 4. Қазақстан Республикасы - демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде. 5. Мемлекеттік егемендік, түсінігі,мазмұны және мәні. |
15 мин |
3.Жаңа тақырыпты баяндау. |
55 мин |
Тақырыбы: Сайлау құқығы, Қазақстан Республикасындағы жүйе және үдеріс. І Сайлау құқығы,Сайлау жүйесі. 1.Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: түсінігі, қағидалары және әлеуметтік қызметтері. 2. Сайлау жүйесі (мажоритарлық, пропорционалдық), олардың ерекшеліктері. 3. Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары: түсінігі, жүйесі, өкілеттік мерзімдері. 4. Сайлау процесі: түсінігі және негізгі кезеңдері (сайлауды тағайындау, сайлау округтері мен учаскелерін құру, сайлаушылардың (таңдаушылардың) тізімін жасау және т.с.с.). 5. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау ерекшеліктері. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарын сайлау ерекшеліктері. Мәслихат депутаттарын сайлау ерекшеліктері. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау. 6. Республикалық референдум: түсінігі және қағидалары. |
|
4.Жаңа тақырыпты бекіту. |
15 мин |
Тақырып бойынша кесте күйіндегі көріністер. Ойын: Шарты ұяшыққа сурет немесе сұрақ қойып, студенттерге таңдатып, жауап алу. Тест сұрақтары |
|
5.Сабақты қорытындылау. Терминдік сөздік бойынша. |
|
6.Үй тапсырмасы. 1. Сабақты қорытындылау және білімді бағалау 2. Үй тапсырмасы. Ғ.Сапарғалиев, «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» 10- тарау, 150-166 беттер. |
2 мин |
ІІ.ӨТКЕН ТАҚЫРЫПТЫ ҚАЙТАЛАУ.
Тақырып: Қазақстан Республикасының құрылысы және оның негіздері
1. Қазақстан Республикасының құрылысы
2. Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздерінің түсінігі.
3. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері.
4. Қазақстан Республикасы - демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде.
5. Мемлекеттік егемендік, түсінігі,мазмұны және мәні
1. Қазақстан Республикасының құрылысы
Әрбір мемлекет қандай-да бір нышандармен сипатталады. Бұл нышандарда оның өзіндік белгі-қасиеттері айқындалады. Мысалы, мемлекет демократиялық немесе тоталитарлық, республика немесе монархия, біртұтас немесе федеративтік болуы мүмкін. Осы нышандардың жиынтығы мемлекетті ұйымдастырудың белгілі бір әдістері, нысандары туралы немесе мемлекеттік, қоғамдық құрылыс туралы түсінік береді. Мемлекеттің конституциясында бекітілген бұл құрылыс оның конституциялық құрылысы болып табылады. Олай болса, конституциялық құрылыс – бұл Конституцияда бекітілген мемлекеттің ұйымдастырылуының белгілі бір нысаны және амалы.
2. Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздерінің түсінігі.
Тұлғаның құқықтық мәртебесі негізінен әрекет етуші барлық заң салаларындағы адам және азамат құқықтарының бірін-бірі толықтырып отыруынан көрінеді. Тұлғаның құқықтық мәртебесі өз бойына конституция арқылы бекітілетін құқықтармен еркіндіктерді қамтиды. Осы қамтылған бөлігі барлық құқықтармен еркіндіктердің шағын бір бөлігін өз бойына жинақтайды.
Негізгі құқықтармен еркіндіктерге төн заңдық ерекшеліктер мыналар:
1.Конституциялық құқықпен еркіндік, тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізін қалайды және басқа құқықсалаларында бекітілген құқықтардың барлығына негіз әрі бастау болады.
2.Негізгі құқықтармен еркіндіктер әрбір азаматпен адамға беріледі.
3.Негізгі құқықтармен еркіндіктердің өзіне тән бір сипаты-бұл олардың ортақтығымен бейнеленеді. Олар барлық адамдар үшін бірдей әрі тең деп есептеледі.
4.Азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктері өзінің пайда болуы және қалыптасуымен ерекшеленеді. Оған жалғыз ғана негіз ретінде оның ҚР-ның азаматтығына қатыстылығы бола алады.
5.ҚР-ның азаматының негізгі құқықтары мен еркіндіктері азаматтың еркі бойынша алынбайды немесе кері қайтарылмайды.
3.Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері.
Жоғарыда аталған белгілер, адам және азаматтықтың негізгі құқықтары мен еркіндіктері ұғымының ерекшеліктерін сипаттайды. Бұл ерекшеліктер мынадай тәртіпте бейнеленеді:
Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен еркіндіктері - бұл оған туылған кезінен бастап, немесе азаматтығына байланысты берілетін бөлінбес құқығы мен еркіндігі болып табылады.
Адам құқығы - бұл азаматтың мемлекетке бағыныштылығына байланысты ғана берілетін құқығы мен еркіндігі. Адам және азаматтың құқығының конституциялык, принципі болып теңдік, тең құқықтылық принципі айтылады. Оның мазмұны ҚР-сы конституциясының 14-ші бабында айтылады. Келесі тұлғаның құқықтары мен еркіндіктерінің іске асыруын сипаттайтын конституциялық принцип бұл олардың іске асуына кепілдік берілуі мен ерекшеленеді. әдетте, кепілдіктер әлеуметтік-экономикалық, саяси және заңдық кепілдіктер болып бөлінеді.
4. Қазақстан Республикасы - демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде.
Қазақстан Республикасы Президенттік баскару нысанындағы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет.Демократиялық мемлекет дегеніміз өз халқының таңдауы мен мүддесін білдіретін, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қатамасыз ететін мемлекет болып саналады. Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құруды көздейді. Құқықтық мемлекет ұғымы жан-жақты түсіндірілуі мүмкін. Соның ішінде демократиялық мемлекетке қатысты анықтамалардың барлығы да құқықтық мемлекет ұғымымен астарлас жататындығын айтуға болады, өйткені демократиялық мемлекет әрі құкықтық мемлекет болып табылады. Енді зайырлы мемлекет ұғымына келейік. Зайырлы мемлекет деп мынаны түсіну керек: Егер мемлекет өз ішінде діни бірлестік, ұйымдардан бөлек болатын болса, яғни бірінің ісіне бірі араласпайтын болса, ондай мемлекетті зайырлы мемлекет деп атайды. Конституцияда әлеуметтік мемлекет құру негіздері көрсетілген. Жалпы, әлеуметтік мемлекет деп өз азаматтарының игілігі мен әлеуметтік әділеттіліктің сақталуын қамтамасыз етуді мойнына алатын мемлекетті айтады.
5. Мемлекеттік егемендік, түсінігі,мазмұны және мәні
Мемлекеттің ең басты белгісі - оның тәуелсіздігі, немесе егемендігі. Бұл сөз мемлекетгің ішкі және сыртқы халықаралық істерін өз бетінше дербес жүргізе алатындығын білдіреді. Егеменді, тәуелсіз мемлекеттің өзінің билік органдары болады. Мәселен, мемлекет заңдарын қабылдайтын - заң шығарушы орган деп аталатын орган бар. Сонымен қатар, бұл заңдарды өмірде жүзеге асыратын, оны елдің барлық тұрғындарының орындауын қадағалайтын орган бар. Бұлоргандарды атқарушы органдар деп атайды. Егеменді елдің өзінің тәуелсіздік рәміздері болуы тиіс. Олар - елтаңба, ту, әнұран. Мемлекеттің аса маңызды белгілерінің бірі - мемлекеттің өз ақшасы - валютасы, сонымен қатар салығы. Дербес мемлекет өз аумағында үстемдік ететін өз заңдарын шығарады. Егер де ел тұрғындарының қайсы біреуі болсын сол заңдарды бұзатын болса, онда мемлекеттік органдар оны жазаға тартады.
ІІІ.ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ БАЯНДАУ.
Тақырып: Сайлау құқығы, Қазақстан Республикасындағы жүйе және үдеріс.
І Сайлау құқығы,Сайлау жүйесі.
1.Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: түсінігі, қағидалары және әлеуметтік қызметтері.
2. Сайлау жүйесі (мажоритарлық, пропорционалдық), олардың ерекшеліктері.
3. Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары: түсінігі, жүйесі, өкілеттік мерзімдері.
4. Сайлау процесі: түсінігі және негізгі кезеңдері (сайлауды тағайындау, сайлау округтері мен учаскелерін құру, сайлаушылардың (таңдаушылардың) тізімін жасау және т.с.с.).
5. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау ерекшеліктері. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарын сайлау ерекшеліктері. Мәслихат депутаттарын сайлау ерекшеліктері. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау.
6. Республикалық референдум: түсінігі және қағидалары.
1.Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: түсінігі, қағидалары және әлеуметтік қызметтері.
Сайлау жүйесі дегенде мемлекеттің және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің құрылу тәртібін түсінеміз. Мұның ішінде бізге ерекше таныс түрлері-бұл сайлаушы органдардың қалыптасуы кезіндегі принциптері мен қатысу шарттары болып табылады.Сайлау жүйесі біріншіден тар мағынада біздің ойымызға ең алдымен үміткерлер арасында мандаттарды дауыс беру нәтижесінде сай бөлу тәртіптері келеді. Бұл мағынада бізге негізінен сайлау жүйесінің екі түрі жақын таныс, олар мажоритарлық және пропорционалдық жүйелер және аралас сайлау жүйелері. Осы екі жүйенің арасындағы айырмашылықты біз сайлау нәтижелерін айқындау әдістерінен көре аламыз.
Сайлау құқығы принциптері- бұл оның мойындалуы, танылуы және іске асырылуы болып табылады (ортақтық, бостандық, теңдік, тікелей болуы, жасырын дауыс беруі). Ортақ жалпыға бірдей сайлау құқығы- дегеніміз сот үкімі бойынша бас бостандығынан айырылып, жазаларын өтеп жатқан адамдардан басқа кәмелет жасына толған, ҚР-сы азаматы болып табылатын барлық адамдарға белсенді сайлау құқығының берілуін айтамыз. Бұл жерде сондай-ақ қосымша талаптарды қанағаттандаратын (сайлау цензілерін) азаматтарға бәсең сайлау құқығының берілуінде айтамыз.
Ал сайлау цензі дегеніміз - бұл Конституция немесе заңдары бекіткен сайлау құқығын іске асыруға, пайдалануға жасалатын жағдайды айтамыз.
Жас мөлшерінің цензі деп - бұл жерде белгілі бір жас мөлшеріне толған кезде ғана адамға берілетін құқықты айтамыз. Бұл заң талабына сәйкес жүргізіледі.
Тұрғылықтылық немесе отырықшылық цензі болса-азаматтың сайлау өткізу кезінде елде тұрақты түрдетұрғандығын ескеріп, Конституция немесе Заңмен бекітілген талап негізінде сайлау құқығын алуы.
Білімділік цензі деп - негізінен сайлау заңының талабына сәйкес, сайлау құқығы (негізінен бәсең) білім деңгейі тиісті құжаттарда көрсетілген айқындалған азаматтарға ғана берілуін айтамыз.
2. Сайлау жүйесі (мажоритарлық, пропорционалдық), олардың ерекшеліктері.
Тең сайлау құқығы деп - сайлаушының ел Президентін, Парламент және Мәслихат депутаттарын сайлау кезінде тең негізде қатысуын және әрқайсының тек бір ғана дауысқа ие болуын айтамыз. Жасырын дауыс беру құқығы дегеніміз - сайлаушы өз бюллетенін сайлаушы урнасына тастауын және осының нәтижесінде сайлаушы қалай және кімге дауыс бергендігін жене сайлаушы еркіне ықпал жасау әрекеттерін болдырмауын айтамыз. Сайлау бюлетені урнаға азаматтың өз қолымен тасталады және КР сайлау туралы заңына сәйкес, азаматтардың сайлауға қатысуы ерікті түрде болады делінген. Еркін түрде сайлауға қатысу дегеніміз - бұл азаматтың сайлауға қатысуына немесе қатыспауына және өзінің еркін білдіруіне ықпал етуге тиым салу деген мағынаны білдіреді. Мажориталық (мажор – көтеріңкі, көңілді деген француз сөзі) деп, дауыс беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті принципімен анықтайтын сайлау жүйесін айтады.Өз кезегінде, мажоритарлық жүйе төмендегі екі түрге:берілген дауыстардың абсолютті басымдылығына және берілген дауыстардың салыстырмалы (относительно) басымдылығына бөлінеді. Тепе-теңдік (пропорциялық) сайлау жүйесінің можоритарлық сайлау жүйесінен айырмашылығы бар. Яғни, тепе-теңдік сайлау жүйесі басымдылық принципіне емес, қайта алынған дауыстар мен жеңіп алынған маңдаттардың тепе-теңдік принципіне сүйене жасалады.
Тепе-теңдік жүйе толық (яғни,сайлау округі болып бүкіл ел саналса)және шектеулі (яғни, елдің аумағында бірнеше округтер құрылған болса) болуы мүмкін. Тепе-теңдік жүйе бойынша Жапония, Бельгия, Италия, Норвегия, ФРГ, Швейцария және т.б. Елдер сайлау өткізеді.
Тепе-теңдік жүйеде әрбір саяси партия сайланатын орынға өзі кандидаттарының тізімін ұсынады, ал сайлаушылар, әдетте, бұл тізімге тұтастай дауыс береді.
3. Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары: түсінігі, жүйесі, өкілеттік мерзімдері.
Сайлау құқығының түсінігі. “Сайлау құқығы” түсінігі көпмағыналы болып табылады. Біз оны екі мағынада қарастырамыз: объективтік және субъективтік. Объективтік мағынада сайлау құқығы – бұл мемлекеттің өкілді органдарын және жеке лауазымды тұлғаларын сайлау тәртібін реттейтін нормалардың жиынтығы.Бұл мағынада ол конституциялық құқықтың бір институты, бөлімі болып табылады.Субъективтік мағынада сайлау құқығы – бұл азаматтың мемлекеттің сайланбалы органдары мен тұлғаларын құруға, қалыптастыруға қатысу құқығы.Азаматтың тиісті органдарды (тұлғаларды) қалыптастыруға қатысуы оның осы органдарға сайлауы және сайлануы арқылы байқалады.Олай болса, субъективтік тұрғыда сайлау құқығы екі мағынада анықталады: 1.белсенді сайлау құқығы бұл азаматтың сайлау құқығы, яғни қандайда бір кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беру құқығы; 2. бәсең сайлау құқығы – бұл азаматтардың өкілді органдарға, сайланбалы лауазымдарға сайлануға құқығы. Қазақстанда сайлау туралы қатынастар Республиканың Конституциясымен, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңмен реттеледі.Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау құқығы – бұл азаматтардың ҚР Президентін, ҚР Парламенті және маслихат депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауы және сол қызметтерге сайлануы.Жоғарыда атап кеткеніміздей сайлау құқығының екі түрі бар: белсенді сайлау құқығы (сайлау, дауыс беру құқығы) және бәсең сайлау құқығы (сайлану құқығы).Белсенді сайлау құқығы ҚР азаматында әдетте 18 жасқа толғаннан бастап пайда болады. Бұған қоса, Қазақстанның сайлау туралы заңнамасына сәйкес сайлауға қатысу үшін әрекет қабілеттігі болуы керек және соттың заңды күшіне енген үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырмаған болуы қажет.Азаматта белсенді сайлау құқығы болғанымен, бәсең сайлау құқығы болмауы мүмкін.Олай дейтін себебіміз,18 жасқа толған ҚР азаматы ҚР Прези-дентін сайлауға қатысуға құқылы, бірақ өзі бұл жаста Президент болып сайлана алмайды: ол үшін оның 40 жасқа толуы, тумысы-нан ҚР азаматы болуы, соңғы 15 жыл бойы ҚР аумағында тұруы және мемлекеттік тілді еркін меңгеруі қажет. Белсенді және бәсең сайлау құқығының кері арақатынасы кездеспейді.Себебі,егер азаматта бәсең сайлау құқығы болса, ол белсенді сайлау құқығына да ие болады.Қазақстанда сайлаулар белгілі бір қағидаларға сәйкестікте өткізіледі.
4. Сайлау процесі: түсінігі және негізгі кезеңдері (сайлауды тағайындау, сайлау округтері мен учаскелерін құру, сайлаушылардың (таңдаушылардың) тізімін жасау және т.с.с.).
Сайлау құқығының қағидалары: 1. жалпыға бірдей сайлау құқығы, яғни 18 жасқа толған азаматтардың тегіне, нәсіліне, лауазымына, мүліктік жағдайына, жынысына, ұлтына, т.б. қарамастан сайлауға қатысу құқығы. Сайлауға іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған аза-маттар қатыспайды. Сонымен қоса, сайлау құқығын Қазақстанда тұрып жатқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да иеленбейді. 2. тең сайлау құқығы – сайлаушылардың (таңдаушылардың) сайлауларға тең негіздерде қатысуы әрі олардың әрқайсысының бір немесе тең дауыс санына ие болуы. Тиісінше, тең сайлау құқығының мазмұны екі элементті қамтиды: а) сайлаушылардың (таңдаушылардың) сайлауға тең негізде қатысуы; б) сайлаушылардың (таңдаушылардың) әрқайсысының бір немесе тең дауыс санына ие болуы. Бірінші элемент сайлауға қатысуға құқылы барлық азаматтардың сайлаушы (таңдаушы) ретінде де және кандидат ретінде де теңдей құқықтар мен теңдей міндеттерге ие болатынын білдіреді. Екінші элемент әрбір сайлаушының Республика Президентiн, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын, ал әрбір таңдаушының Сенат депутаттарын сайлау кезінде бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысқа, Республиканың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезінде тең дауыс санына ие болатынын және әрбір сайлаушының дауысының басқа сайлаушының дауысына тең болатының, яғни сайлаушылар арасында қандай да бір басымдықтардың болмайтындығын білдіреді. Тең сайлау құқығы бұған қоса сайлау округтерінің, сайлау учаскелерінің теңдігі талабын да қамтиды, яғни сайлау округтеріндегі, сайлау учаскелеріндегі сайлаушылардың саны шамамен тең болуы тиіс. Демек, тең сайлау құқығы – бұл сайлау қорытындысына әсер ету мен заң талаптарына сәйкес сайланудың сайлаушы үшін заңмен белгіленген теңдей мүмкіндіктері.
Енді «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес кезектен тыс президенттік сайлау ҚР Президентінің шешімімен тағайындалады және ол тағайындалған күннен бастап 2 ай ішінде өткізіледі.Президенттің кезектен тыс сайлауы осы Конституциялық заңда Президенттің кезекті сайлауы үшін белгіленген қағидаларға сәйкес өткізіледі. Сайлау ісшараларын өткізу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды. в) қосымша сайлау - шығып қалғандардың орнына сайлау. Шығып қалғандардың орнына сайлау өткiзу үшiн депутаттың (жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесінің) өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оның мандатынан айырылуы не оның қайтыс болуы негiз болып табылады.
Сонымен,сайлау процесінің негізгі сатылары:
1.Сайлауды тағайындау және жариялау;
2.Кандитаттар ұсыну;
3.Кандитаттарды тіркеу;
4.Дауыс беру;
5.Дауыстарды санау;
6.Сайлау қорытындысын анықтау және жариялау.
Сайлау процесінің бұл сатылары әрбір сайланбалы субъект (Президент, парламент және мәслихат депутаттары, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері) үшін Сайлау туралы заңның ерекше бөлімінде жеке-жеке нақтыланып, қарастырылған.Президенттікке және аталмыш органдарға сайлау кезінде үгіт жүргізіледі.Сайлау алдындағы үгiт бұл сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет.
5.Қазақстан Республикасы Президентін сайлау ерекшеліктері. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарын сайлау ерекшеліктері. Мәслихат депутаттарын сайлау ерекшеліктері. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен екі мүшесін Президент, екі-екіден төрт мүшесін Парламент палаталары тағайындайды. Қалған сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті маслихаттар сайлайды және олар жеті адамнан құралады. Сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адамдар және сот іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамда сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды. Қазақстанда сайлаулар өткізу кезінде сайлау округтері, сайлау учаскелері құрылып, пайдаланылады. Сенат депутаттарын сайлауда сайлау округтері құрылмайды. Сайлау округтерінің үш түрі болады: А) бірмандатты (униноминальный) сайлау округі. Мұнда әр округтен тек бір ғана депутат сайланады. Бір округтегі кандидаттар саны көп болуы мүмкін, бірақ сайланған тұлға біреу ғана болады. Бірмандатты округ мажоритарлық жүйеге тән болып келеді. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде бiр мандатты сайлау округтерi құрылады. Б) көп мандатты (полиноминальный) сайлау округі. Мұндай көп мандатты округ маслихаттан өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде құрылады. Мұнда әрбір округтен бірнеше тұлға сайланады. В) біртұтас округ. Мұндай округ бүкіл мемлекеттің аумағын қамтиды. Мысалы, Республика Президентiн және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарын сайлау кезiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады. Мұндай сайлау округінде бүкіл сайлаушылар тек бір ғана бюллетеньге дауыс береді. Қазақстанда сайлау округтерiн аумақтық сайлау комиссиялары құрады, олар республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі мен сайлаушылардың шамамен тең саны ескеріліп құрылады. Сайлау округтері әдетте сайлау учаскелеріне бөлінеді. Сайлау учаскелері – бұл сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында аудандар мен қалаларда дауыс берудi өткiзу және дауыс санау үшiн құрылатын орын. Ол мына жағдайлар ескеріле отырып құрылады: - әрбір сайлау учаскесінде 3 000 аспайтын сайлаушы болуы;әкімшілік аумақтық бөліністегі әкімшілік-аумақтық құрылым шекарасының сақталуы. Қазақстанда Президентті, Парламент, маслихат депутаттарын және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау процесін жинақтап бірнеше сатыға бөліп көрсетуге болады. Сонымен қоса, Президенттi және Парламент пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда мемлекеттік емес қаржыландыру да болады.Мемлекеттік емес қаржыландыруда сайлау қорлары құрылады. Сайлау қорлары мынадай көздерден:1) кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиялардың қаражатынан;2) кандидатқа оны ұсынған Республиканың қоғамдық бiрлестiгi бөлген қаражаттан;3) Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.Заңға сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қайырымдылық ұйымдарының, дiни бiрлестiктердiң, өздерiнiң жарғылық капиталында шетелдiк қатысушысы бар қазақстандық заңды тұлғалардың ерiктi қайырмалдықтарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың анонимдiк қайырмалдықтарына тыйым салынады.
Студенттердің өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Объективтік және субъективтік мағынада сайлау құқығының түсінігі.
2. Сайлау құқығының қағидалары.
3. Сайлау жүйесінің түсінігі, түрлері. Пропорционалдық сайлау жүйесінің мәні.
4. Сайлау комиссиялары, сайлау округтерi мен сайлау учаскелерi.
5. ҚР Президентi, Парламент, маслихат депутаттары және жергiлiктi өзiнөзi басқару органдары мүшелерi сайлауын өткiзу сатылары
6. Саяси партиядан Парламент депутаттарын сайлаудың өзгешелiктерi.
6. Республикалық референдум: түсінігі және қағидалары.
Референдум тікелей демократия, яғни халықтың мемлекеттік мәселелерді шешуге тура қатынасу нысандарының бірі болып табылады.Референдумға мемлекеттік сайлау құқығы бар барлық азаматтары қатысады.Конституциялық құқықта референдумның мынадай;Императивтік, консультативтік, мемлекеттік, жергілікті түрлерін ажыратып көрсетеді.Императивтік референдум халықтың тура еркін білдіру жолымен референдум кезінде қабылданған шешімнің міндетті заңдық күші болатындығын білдіреді. Консультативтік референдум кезінде мемлекеттік билік органдары қайсы бір маңызды мәселе бойынша шешім (заң, басқа да нормативтік құқықтық актілер)қабылдаған кезде халықтың пікірі айқындалды. Конституцияялық референдум кезінде конституцияның немесе оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын бүкілхалықтың дауыс беруімен қабылдау туралы әңгіме болады.Заң шығарушы референдум халықтың дауыс беруімен заң шығаруға байланысты өткізіледі.Міндетті референдум конституция, конституциямен белгіленген шарттарға орай, құзіретті органға референдум өткізуді міндеттейді.Факультативтік референдум құзіретті органның заңда (конституцияда) көзделген мәселелер бойынша өз қалауымен (бастамасымен)референдум тағайындай алатындығын білдіреді.Референдум мемлекеттің бүкіл көлемінде немесе мемлекеттің белгілі бір аумағында өткізілуі мүмкін.Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясында мемлекеттік билікті халықтың халық депутаттары Кеңестері арқылы жүзеге асыра алатындығы көзделген.Басқаша айтқанда, азаматтар мемлекет өмірінің барлық мәселелерін шеше алатын өкілетіктері бар өкілдерін Кеңестерге сайлайды. Қазақ КСР Конституциясында мемлекет өмірінің барынша маңызды мәселелері бүкілхалықтық талқылауға енгізіледі, сондай-ақ бүкілхалықтық дауысқа (референдумға) қойылады.Тек халықтың еркінің қандай императивтік немесе консультативтік сипатта ма болатыны түсініксіз еді. Мемлекет өмірінің ең маңызды мәселелерін халық емес, оның орнына Коммунисттік партия шешетіндіктен, референдумның айқындалмаған сипаты оның маңызына жәй қарай салудың салдары болды.Бұл КСРО-ны сақтауға орай 1991 жылы Коммунистік партия және ол құрған мемлекеттің күшімен бір ақ рет өткізілген референдумда да осындай “ ащы әзіл” болып шықты.ҚР 1995 жылғы Конституциясы республикалық референдумға қатысты мәселелерді жаңаша шешті.
Біріншіден,Президент республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы бірден-бір субьект болып табылады. Оның үстіне мұндай шешімді Президент жеке бастамасы бойынша қабылдай алады.
Екіншіден,Парламент республикалық референдум өткізу туралы бастамасын Президенттің қолдауына да қолдамауына да құқығы бар.
Үшіншіден,1995 жылғы Конституция республикалық референдумды республика қызметінің негізгі принциптерінің бірі ретінде орнықтырды. Конституцияның 1-бабында мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелері, республикалық референдумдағы дауыс беруді қосып есептегенде, демократиялық әдістермен шешілетіндігі айтылды. Конституцияда мұндай мәселелердің бірі Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу болып табылатындығы белгіленген. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені республикалық референдумға шығаруды немесе Парламенттің қарауына беруді Президент шешеді. Егер осы мәселе Президент шешімімен Парламенттің қарауына енгізілсе, онда Парламент оны Конституцияда көзделген тәртіппен қарайды. Конституцияның 62-бабының 3-тармағына сәйкес Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санының кем дегенде төрттен үшінің көпшілік даусымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
ІV.ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ БЕКІТУ
Ойын шарты. Ұяшыққа сурет немесе сұрақ қойып білімгерлерге таңдатып жауап алу.
1. Сайлау жүйесінің түсінігі.
2. Сайлау құқығы түсінігі, түрлері және принциптері.
3. Сайлау органдары.
4. Референдумның конституциялық негіздері.
Жауап:
Сайлау жүйесі дегенде мемлекеттің және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің құрылу тәртібін түсінеміз.
Сайлау жүйесі – заңмен белгіленген ережелер, принциптер жиынтығы, олардың көмегі арқылы дауыс беру нәтижелері анықталады.
Жауап:
Мұның ішінде бізге ерекше таныс түрлері – бұл сайлаушы органдардың қалыптасуы кезіндегі принциптері мен қатысу шарттары болып табылады.
Сайлаулар азаматтардың мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Жауап:
Қазақстан Республикасындағы сайлауға әзірлік пен оны өткізуді мемлекеттік сайлау органдары ұйымдастырады. Бұл органдар бірыңғай жүйе құрады. Мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне:
1) Республикалық Орталық сайлау комиссиясы;
2) аумақтық сайлау комиссиясы;
3) округтік сайлау комиссиялары;
4) учаскелік сайлау комиссиялары кіреді.
Жауап:
Референдум азаматтардың еркін білдіру бостандығы мен еріктілік принципі негізінде жалпыға бірдей, тең және төте жабық дауыс беру жолымен өткізіледі. Конституцияға сәйкес референдум өткізу туралы шешімді Республика Президенті қабылдайды. Референдумның конституциялық негіздері 1995 жылы 25 наурызда қабылданған «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңмен реттеледі.
ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР:
1.Орталық сайлау комиссиясының төрағасын сайлайтын тұлға
А) президент
Б) үкімет
С) парламет
Д) жоғары кеңес
Е) прокурор
2.Сайлау құқығының түрлері
А) белсенді, бәсең
Б) демократиялық
С) тепе-теңдік
Д) мажорлық
Е) құқықтық
3. Он сегіз жасқа толған азаматтың сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы
А) белсенді
Б) бәсең
С) пропорционалдық
Д)
мажорлық
Е) құқықтық
4. Сайлауға қатысуға құқығы жоқ тұлға
А)
сотпен қабілетсіз деп танылған азамат
Б)
қабілеттілігі бар азамат
С) азаматтығы
жоқ азамат
Д) қазақстан республикасының
азаматтары
Е) шетел азаматтары
5. Сайлаушы дауыс бере алады
А)
бес рет
Б) екі рет
С) үш рет
Д)
төрт рет
Е)
бір рет
6. Сайлау бюллетенін беру тәртібі
А) жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша
Б)
анықтама негізінде
С) бұйрыққа
сәйкес
Д) тізім бойынша
Е) заңға
сәйкес
7. Сайлау комиссияларының өкілеттіктерінің мерзімі (жыл)
А) 6
Б) 2
С) 7
Д) 4
Е) 5
8. Республиканың сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесін басқаратын орган
А)
аумақтық
Б)
орталық сайлау комиссиясы
С)
округтік
Д) учаскелік
Е) аудандық
9. Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерінің саны
А)
7
Б) 3
С) 6
Д)
9
Е) 5
10.Сайлау алдындағы үгіттің басталуы
А) кандидаттарды тіркеумен
Б) кандидаттарды тіркеуден бұрын
С) сайлау органдары құрылмағанда
Д)
комиссияның мүшелері анықталмағанда
Е) сайлауға әзірлік жүргізілмегенде
11.Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге тиым салынатын мекеме мен ұйым
А)
әскери
Б)
кәсіпорын
С) банк
Д) күзет
Е)
кәсіподақ
12.Президентің кезекті сайлауы өткізілетін мерзім
А) желтоқсанның үшінші сенбісі
Б) желтоқсанның екінші жексенбісі
С) қаңтардың үшінші сенбісі
Д) қаңтардың екінші сенбісі
Е) желтоқсанның бірінші жексенбісі
13. Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерінің саны
А)
9
Б)
3
С) 6
Д) 7
Е) 5
14. Сайлау алдындағы үгіттің басталуы
А) сайлауға әзірлік жүргізілмегенде
Б) кандидаттарды тіркеуден бұрын
С) сайлау органдары құрылмағанда
Д)
комиссияның мүшелері анықталмағанда
Е)
кандидаттарды тіркеумен
15. Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге тиым салынатын мекеме мен ұйым
А)
кәсіпорын
Б)
әскери
С)
банк
Д) күзет
Е) кәсіподақ
V.САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.
Терминдік сөздер:
Бүкіл халықтың дауыс беруі (референдум) –ең жоғарғы заңдылық күші бар, аса маңызды мемлекеттік және қоғамдық өмірдің мәселелері бойынша, азаматтардың тікелей басқару шешімін қабылдануы
Мемлекет-белгілі аумақ көлеміндегі саяси биліктің ұйымы,мүдделердің іске асырылуына тікелей ат салысады.
Императивтік рефрендум халықтың тура еркін білдіру жолымен рефрендум кезінде қабылдаған шешімнің міндетті заңдық күші болатындығын білдіреді
Консультативтік рефрендум кезінде мемлекеттік билік органдары қайсы бір маңызды мәселе бойынша шешім (заң ,басқа да нормативтік құқытық актілер) қабылдаған кезде халықтың пікірі айқындалады.Конституциялық рефрендум кезінде конституцияның немесе оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын бүкілхалықтың дауыс беруімен қабылдау туралы әңгіме болады.
Заң шығарушы рефрендум халықтың дауыс беруміен заң шығаруға байланысты өткізіледі.Міндетті рефрендум конституцияда қайсібір мәселені шешу үшін көзделген.Конституция,конституциямен белгіленген шарттарға орай құзіреіттті органға рефрендум өткізіуді міндеттекйді.
Факультативтік рефрендум құзіретті органның заңда көзделген мәселелер бойынша өз қалауынен рефренду тағайдай алатындығын білдіреді.Референдум мемлекеттіің бүкіл көлемінде немесе мемлекеттің белгілі бір аумағында өткізілуі мүмкін
Аралас жүйе деп парламенттің бір бөлігін мажориталық жүйемен, бір бөлігін партиялық тізіммен (тепе-теңдік жүйемен) жүзеге асыруды айтады.
Аралас жүйе, мысалы, Герман Бундестагына сайлауда ФРГ-де қолданылады. 1994 жылы 16 қазанда Бундестагтың кезекті сайлауында депутаттардың жартысы
Осы тақырыптың негізгі терминдері.
Сайлау жүйесі;
сайлау құқығы;
жалпыға бірдей сайлау;
тең дәрежедегі сайлау;
тікелей сайлау;
жанама сайлау;
жасырын дауыс беру;
сайлау еркіндігі;
сайлау округі;
сайлау қоры;
сайлау алдындары үгіт-насихат.
VІ.САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ БАҒАЛАУ
VІІ.ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ: Ғ.Сапарғалиев,«Қазақстан республикасының конституциялық құқығы» 10- тарау, 150-166 беттер.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген