Сайқымазақ бізде қонақта

Тақырып бойынша 24 материал табылды

Сайқымазақ бізде қонақта

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайқымазақ бізде қонақта
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Сайқымазақ бізде қонақта»

Дағды: Коммуникативтік, шығармашылық, физикалық, танымдық, әлеуметтік даму дағдылары.

Мақсаты: Қарапайым математикалық ұғымдарды меңгерді. Пішіндерді біледі және түстерін атайды. Кеңістікті бағдарлау арқылы жоғары – төмен, оң – сол ұғымдарды түсінді. Сұрақтарға жауап береді. Тілді дамыту арқылы өлең, тақпақ айтады. Қызығушылықтарын арттыру.

Білімділік: Заттардың өасиеттеріне қарай талдауға, өздігінен шешім қабылдауға баулу. Дене қимыл қозғалыстарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ұйымшылдық қасиеттерін дамиды.


«Көңілді күн» әнімен залға кіреміз.

Тәрбиеші: Балалар бір бірімізбен көңілді амандасып алайық. Ал келген қонақтармен амандасайық.

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Көп танысты көреміз,

Алдымыздан кезіккен,

Бәріне де ізетпен,

Иіліп сәлем береміз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар!

- Балалар қазір қай мезгілі?

- Күз мезгілі.

- Күз мезгілінде неше ай бар, ай аттарын атайық?

- Күз мезгілінде үш ай бар. Қыркүйек, Қазан, Қараша.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар айналамызға қарайықшы сайқымазақ көрінбейме, сайқымазақ қайда жүр екен.

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдерме балалар! Көңіл күйлерін жақсыма?

Балалардың жауабы: Жақсы.

Сайқымазақ: Балалар қатты жел тұрып менің қолымдағы шарларды барлығын ұшырып алдым. Енді ол шарларды алу үшін сендердің маған көмектерін қажет. Мына ғажайып қорапшамның ішінде қызықты ойындар бар, осы ойын тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге осы шарларымды сыйлыққа беремін.

Тәрбиеші: Ал балалар сайқымазақтың бірінші тапсырмасын орындайық, кәне қорапшаны ашып, көрейік ішінде қандай қызықты тапсырма бар екенің.


Тапсырма 1

Күн сәулелерін орналастыр.

- Балалар күннің түсі қандай?

- Күннің түсі сары. Күн жылуын таратады.

- Кім маған күн туралы тақпақ айтып береді.

Тақпақ.

Раяна:

Арасынан бұлттардың

Күн домалап барады

Доп қып оны алам деп

Қайрат қуанып қарады.

Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар! Алғашқы тапсырманы жақсы орындап шыктыңдар.

Тәрбиеші: Ал енді, балалар сайқымазақтың екінші тапсырманы қандай екенің көрейік, тапсырмасын орындайық.


Тапсырма 2

Түстеріне қарай пішіндерді сәйкестендіру.

- Балалар мына жерде пішіндер беріліпті, сол пішіндерді түстеріне қарай сәйкестендіріндер.


- Қандай пішін?

- Түсі қандай?

- Пішіні дөңгелек, түсі қызыл.


Сергіту сәті:

Бойымызды сергітіп алайық.


Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар! Тапсырманы жақсы орындап шыктыңдар. Қандай, білімді, алғыр бала едіңдер.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ал енді, үшінші тапсырманы орындайық.


Тапсырма 3

Жоғарыда – төменде


Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы мында аспан және жердің суреттері беріліпті. Мына қораптың ішінде суреттер бар соны алып атын атап, қай суретке тиісті орналастырамыз.

Балалар кім тақпақ айтады.

Томирис:

Құс ұясын бұзбаңдар,
Балапанын алмаңдар.
Құстар біздің досымыз,
Обалына қалмаңдар.

Али:

Мен ұшақпын, ұшамын
Ақ бұлттарды құшамын
Асқар таудан асып
Бәрінен де озамын..

Асылым:

Үлкен болып өскенде
Машина алам мен де.
Бірақ ол үшін әрине
Оқу керек күнде де.

Арсен:

Әукім әукім! Сиырым,

Сүтіңді сауып алайын.

Кілегей тартып, май шайқап

Дастарханға қояиын.

Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар! Өнерлі, ақылды, білімді екенсіңдер. Енді мен сендерге мына шарларды сыйлаймын, сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар рахмет.



Қорытынды:

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Өте ақылды болдыңдар. Ендеше балалар мына сайқымазақтың көйлегін дөңгелектер арқылы әшекейлеп берейік.









































54 «Айгүл» бөбекжай бақшасы















Ұйымдастырылған оқу іс- әркет

Тақырыбы: «Сайқымазақ бізде қонақта»


11 «Көбелек» тобы













Тәрбиеші: Олжабаева В.Г












Атырау 2023ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2025
105
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі