-
Бөлім: Парасат пайымы
МЕКТЕП: 86 М/Г Қазақ әдебиеті
Күні: 21.02.2025 ж.
Мұғалім: Унербаева А.
Сынып: 10 А
Қатысқандар :
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы:
Шайтантауға сапар
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау;
10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдануСабақ мақсаты
Шығармадағы автор бейнесін анықтайды;
көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданадыЖоспар:
Сабақтың
кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
3 мин
5 мин
10 мин
6 мин
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныппен сәлемдесу. Сынып оқушылары түгенделеді.
Жағымды психологиялық ахуал. Оқушылар “Жылы лебіз” әдісі арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. (Бүгінгі сабақта зейіндерің ашылып, терең білім алуларыңа тілектеспін)
Үй тапсырмасын сұрай отырып, топқа бөлемін.
Топқа бөлу 3 топқа сұрақтар арқылы бөлемін.
1-топ. «Таудағы от»
2-топ. «Шайтантауға сапар»
3-топ. «Үңгірдегі сыр»
І. Қызығушылықты ояту.
1-тапсырма (дәптермен жұмыс) жеке жұмыс, жұптық жұмыс.
Автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау.
«Таудағы от» тобының тапсырмасы.
Не істеу керек? Аңыздағы сияқты қуайын ба, әлде қайда барар екен, бақылайын ба? Осы екі сұрақ Сәменді әрі-бері жібермей арпалыстырып тұр. Бірақ ғажап көрініс оны күтпеді. Алтын сайды құлдилап келді, суға еңкейе құлап тұрған жақпар тасты айнала беріп, ғайып болды.
Сәмен көп аялдамады, алтын қонған жерді белгіледі де, қызыл арайланып келе жатқан таңды бетке алып, ауылына тарта жөнелді. Бір қызығы ол алтын ел аузында аңыз болған Шайтантау жақтан шығып еді...
«Шайтантауға сапар» тобының тапсырмасы.
-Қажытай, ау, Қажытай! Ананы қарашы. Ананы қарашы. Ана сұмдықты қара, - деді ол. Қажытай көзін ашып жіберіп еді, алғашында сенбей қалды. Қараса, бағана өздері жүріп кеткен жазықта үңгірден екі жүз метрдей жерде тастардан бір метрдей көтеріліп, қызыл-жасыл от кетіп бара жатыр. Жаңағыны елес деп ойлаған Қажытай көзін уқалап-уқалап жіберіп қайта қарап еді, жоқ елес емес, нағыз от, от көшіп бара жатыр оның алдында! Бәрі де бір бағытта және біркелкі қашықтықта сап түзеп кетіп барады. «Қандай керемет! Қандай сұлу көрініс! Бірақ мұнысы қалай?»- деп ойлады Сәмен.
«Үңгірдегі сыр» тобының тапсырмасы.
Сәмен оларға өзінің от көргенін, көшпелі алтын туралы ел аузындағы аңызды баяндап берді. «Шайтантауға келгендегі мақсатымыз осы сырды ашу»-деп түйді ол ең ақырында. Әйтиев пен
Бежев күлімсірей отырып, үлкен ынтамен тыңдады. Бежев басын шайқап, таңғалғандай кейіпте. Ал Әйтиев тағы да айта түссе деп отырғандай.
- Иә, содан кейін, иә, ал келдіңдер, содан кейін алтын іздедіңдер, - деп күле береді Әйтиев.
-Бұл бір қызық нәрсе екен, - деді Бежев. – Аңыздың өзі де кісі ойландыратындай. Болған оқиға екені де даусыз сияқты. Сендердің көріп, қуғындап келгендерің расында көшпелі алтын, - деді ол көзін қысып қалып. Сәмен мен Қажытай екеуіне кезек қарап, бойлары енді үйрене бастады. Сәмен суырылып алға шықты да:
-Біз осы жөнінде көбірек білгіміз келеді. Бізге ұрыспайсыздар ма?- деді. Мұны естіген Бежев орнынан тұрды да, Әйтиевтің оң жақ иығына қолын салып күле сөйледі.
-Біз екеуміз жақсы ғылыми талас үстінде отыр едік. Оның, әрине, маңызы үлкен. Бірақ мына қонақтардың ойда жоқта келіп қалуы да біз үшін және олар үшін де маңызы зор ғой. Енді сен уақытыңды бөл. Балаларға бәрін түсіндір. Кім білсін, бір кездері бұлардан дарынды физиктер шығар, бәлкім.
Оқушылар берілген үзінділерді оқу арқылы автордың қасиеттерін аша отырып, салыстыру арқылы өз пікірлерін білдіреді.
ІІ.Мағынаны тану.
2-тапсырма. Оқушыларға ұсынылған үзінділерден автор туралы мәліметтерді жинақтап, автор туралы пікірді бір сөйлеммен жеткізу. Топтық жұмыс.
1-топ. «Таудағы от». Алматы облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген қазақтың жазушысы.
2-топ. «Шайтантауға сапар». Талап Сұлтанбеков – тұңғыш рет қазақ тілінде «Дойбы деген не?», «Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ» атты көмекші кітап жазған спортшы, қазақ әдебиетінің тарихында ғылыми фантастика жанрына тұңғыш қалам тартқан жазушы.
3-топ. «Үңгірдегі сыр». Ғылыми қиял, фантасика жанрына қалам тартып жүрген жазушы шығармаларының тақырыбы сан алуан.
Жазушы өз өмірін қазақ деректі киносының, әсіресе спорт журналистикасының дамуына арнаған журналист, жазушы, кинодраматург ретінде Қазақстанға танымал.
Сабақ мақсатын айқындайды
Оқушылар түгенделіп, назары сабаққа аударылады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы топтарға бөлінеді.
Оқушылар берілген үзінділерді оқып, кейіпкерлердің іс әрекетінен автордың бойындағы қасиеттерімен салыстыра отырып автордың бейнесін дәлелдермен айтады, талдау жасайды.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
Оқушылар өз ойын, ұсынысын, дәлелін, пікірін дәптерге түсіреді.
Оқушылар үзінділерді оқып, автордың бейнесін, қасиетін, іс-әрекетін, шығармаларын жинақтай отырып бір сөйлеммен айтып жеткізеді.
Жарайсың! Керемет! Бәрекелді! жігерлендіру сөздерімен бағалау.
Дескриптор:
3 балл
-үзіндіні оқиды-1 балл
-автордың бейнесін анықтайды-2 балл
Дескриптор:
3 балл
-оқыған мәліметтерін жинақтайды-1балл
- жазушы туралы пікірді 1- сөйлеммен жеткізеді-2балл
.
10-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы. Жаратылыстану-математикалық бағыт оқулығы. Арман-ПВ
Жазу дәптері
А4 қағазы
Интербелсенді тақта
Жазу дәптері
А4 қағазы
Жазу дәптері
А4 қағазы
Сабақтың ортасы
3 мин
8 мин
Сергіту сәтін өткізу. Бөтелдкенің қимыл бағытын көрсетемін.
«Бөтелке» әдісі арқылы оқушылардың көңіл-күйін ширатып, зейінін шоғырландыру, белсенділігін арттыру.

3-тапсырма.
«FILA» әдісі арқылы берілген кестеге оқушылар кейіпкерлер туралы ақпараттарды анықтайды.
F (Дерек) - шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер
I (Пікір) – кейіпкер туралы өз ой-пікіріңіз
L (Сұрақ) – кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар
A (Іс-әрекет) - автордың кейіпкерлерді суреттеуде қолданған тәсілі
1-топ. Сәмен бейнесін ашу.
2-топ. Қажытай бейнесін ашу.
3-топ. С.Әйтиев бейнесін ашу.

ІІІ. Ой толғаныс
«Ортадағы қаламсап» әдісі арқылы сұралады.
Шығарма кейіпкерлері Сәмен, Қажытай, С.Әйтиев туралы ақпараттарды шығарманың ішінен іздеп тауып, жинақтап жаз.
Сәмен туралы
Дерек Сәмен екі ғалымға өзінің от көргенін, көшпелі алтын туралы ел аузындағы аңызды баяндап береді.
Пікір Сәмен ақылды, сезімтал және жасынан зерек бала кітап пен журналдарды оқығанды ұнатады, батылдығы бар.
Сұрақ Сәмен көшпелі алтынды іздеп шығып дұрыс жасады ма?
Іс-әрекет Автор Сәменді реалистік әдістің ең ұтымды жағымен суреттеген.
Оқушылар бөтелке арқылы көрсетілген қимыл іс-әркетті бірге жасайды.
Оқушылар бөлімдерді оқып кейіпкерлер туралы ақпарттарды саралайды, жинақтайды.
«FILA» әдісі ережесімен танысады, кестедегі сұрақтарға жауап жазады.
Дескриптор:
4 балл
-шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректерді жазады-1балл
- кейіпкер туралы өзінің ой-пікірін жазады-1балл
- кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар құрастырады-1балл
- автордың кейіпкерлерді суреттеуде қолданған тәсілдерін жазады-1балл

Сабақтың соңы
6 мин
Бекіту сұрақтары
«Kahoot» платформасы бойынша «кім жылдам» әдісімен бекіту сұрақтары беріледі.
Бағалау
Оқушылар «Kahoot» платформасы бойынша «кім жылдам» әдісімен бекіту сұрақтарына жауап беріледі.
10 баллдық жүйе арқылы бағалау.
Рефлексия
4 мин
Минтиметр платформасымен бүгінгі сабақ жайлы ойыңыз
Оқушылар интербелсенді тақтада көрсетілген QR сканерлеп сабақ жайлы өз ойларын жазады.
https://www.menti.com/alx8r3mmyp8t
Үй тапсырмасы
Әңгіме мазмұнын шығармашылықпен аяқтау.
21 ақпан күні Унербаева Айнур 10 «В» сыныбына қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: «Шайтантауға сапар».
Сабақтың мақсаты: 10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау; 10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.
Ұйымдастыру кезеңінде “Жылы лебіз” әдісі арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Үй тапсырмасын сұрай отырып, 1-топ. «Таудағы от» 2-топ. «Шайтантауға сапар» 3-топ. «Үңгірдегі сыр» деп үш топқа бөлді.
Қызығушылықты ояту. 1-тапсырма дәптермен жұмыс болды. Топтарға берілген үзінділерді оқу арқылы автордың қасиеттерін аша отырып, салыстыру арқылы өз пікірлерін білдірді. Автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтады. Бұл жұмыс жеке жұмыс, жұптық жұмыс болды.
Мағынаны тану. Оқушыларға ұсынылған үзінділерден автор туралы мәліметтерді жинақтап, автор туралы пікірді бір сөйлеммен жеткізу. Бұл топтық жұмыс болды.
Сергіту сәтін өткізу. Бөтелкемен қимыл бағытын көрсетті, оқушылар сол қимылды қайталады. «Бөтелке» әдісі арқылы оқушылардың көңіл-күйін ширатып, зейінін шоғырландырды, белсенділіктері артты.
«FILA» әдісі арқылы әр топқа әр түрлі кейіпкерлерді берді. 1-топ. Сәмен бейнесі, 2-топ. Қажытай бейнесі, 3-топ. С.Әйтиев бейнесін ашу тапсырмасы берілді. Оқушылар кейіпкерлер туралы ақпараттарды анықтады.

Жұмысты «Ортадағы қаламсап» әдісі арқылы сұрады.
Бекіту сұрақтары
«Kahoot» платформасы бойынша «кім жылдам» әдісімен бекіту сұрақтары берілді.
Бағалау өте ұтымды болды.
Рефлекция Минтиметр платформасымен алынды. Оқушылар интербелсенді тақтада көрсетілген QR сканерлеп сабақ жайлы өз ойларын жазды.
Үй тапсырмасы берілді. Сабақ өз мақсатына жетті.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз