Сабақтың ортасы
|
ТЫҢДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды
орында
Мәтінге тақырып қой. Ойыңды дәйекте.
Екі суретті салыстыр. Сұрақтарға жауап
бер.
—Амансың ба, қасиетті далам!
—Аманшылық. Келдің бе,
Толғанай? Былтырғы қалпың жоқ, қартайып, тозып кетіпсің! Шашың
қудай аппақ, қолыңда таяқ.
—Өмір
зымырап өтіп бара жатқан жоқ па, Жер-Ана?! Бүгін — менің мінажат
ететін күнім — Білемін. Келеріңді білдім,
Толғанай. Сен сол күні «бақыт» дегенді түсініп, сыр шерткенсің.
Айта бер, Толғанай!
—Қазір
айтамын. Сол күндер ертегі секілді.
Орақшылар іске кірісті.
Балам Қасымның комбайны бидайды жапырып жатыр. Қасым бидайды
иіскеді. Жарықтық дәннің иісі қандай! Кешке қарай жаңа бидайдың
наны дайын болды. Жаңа нанды ең бірінші орақшылар жеді. Бұл —
бұрыннан келе жатқан дәстүр. Жаңа бидайдың нанының дәмі қасиетті.
Түсі қоңыр. Нан сәл езіліп, қолға жабысып тұр. Оның дәміне, күн,
жер, түтін сіңген иісіне не жетсін, шіркін!
Қасым комбайнды тоқтатып,
қолын жуды. Дастарқанға отырып, нан турады:
—
Ып-ыстық екен. Ал, апа, жаңа
бидайдың нанынан бірінші болып дәм татыңыз, — деді.
Мен нанның дәмін таттым.
Наннан комбайншының қолының иісін сездім.
Ондай тәтті нан жеп көрген
емеспін.
Өйткені ол нанды ұлымның бейнеткер қолы турап
берген. Ол нан — елдің өндірген наны еді. Осы сәтте мен «ана» деген
кім, «оның бақыты» не екенін білдім. Бидайдың өнуі сабағы мен жерге
байланысты. Ал ананың бақыты баласы мен елінің бақытына байланысты
екен. Мен соны түсіндім.
|
АЙТЫЛЫМ
4-тапсырма. Мәтінге тақырып қояды.
Түсіндіреді
АЙТЫЛЫМ
5-тапсырма. Екі суретті салыстырады. Сұрақтарға
жауап береді.
1. Бидайдың түсі қай кезде
қандай болады?
2. Бидайдың түсі өзгеруі
нені білдіреді?
АЙТЫЛЫМ
6-тапсырма. Суретке қарап, берілген сөздерді
қатыстырып, 5-6 сөйлем құрастырады
.
Орақшы, іске кірісу, егін
басы, жұмыс, комбайн, жапырып жатыр, бидай.
ОҚЫЛЫМ
АЙТЫЛЫМ
7-тапсырма. Жұптық жұмыс. Жер-Ана мен Толғанайдың диалогін
рөлге бөліп оқиды. Сұрақтарға жауап береді.
1. Толғанай неге Жер-Анаға
сырын айтады?
2. «Мінажат ету» дегенді
қалай түсінесің?
3. Толғанай неге Жер-Анаға
мінажат етеді?
4. Толғанай Жер-Анаға не
туралы айтып берді?
ОҚЫЛЫМ
ЖАЗЫЛЫМ
8-тапсырма. Мәтіннен Толғанайдың жаңа піскен нанның иісі,
дәмі туралы айтқан сөздерін табады. Сипаттап
жазады.
9-апсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып
жазады.
Қажетті
сөздер: мiнажат, сыр мәрте6i, қу6ай аппақ, сөзiн
жалғап.
Толғанайдың шашы ... . Ол
Жер-Анаға ... етуге келеді. Толғанай Жер-Анаға
... . Ол тоқтамай ... айта береді.
|
Дескриптор:
Мәтінге тақырып қояды.
Түсіндіреді
Дескриптор:
Екі суретті салыстырады.
Сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор
Суретке қарап, берілген
сөздерді қатыстырып, 5-6 сөйлем құрастырады
Дескриптор:
Жер-Ана мен Толғанайдың
диалогін рөлге бөліп оқиды. Сұрақтарға жауап береді.
дескриптор:
Көп нүктенің орнына қажетті
сөздерді қойып жазады.
|
Оқулық
сөздік
слайд
|