жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ш.Айтматов "Алғашқы ұстаз" повесі. І кур.1016 Б тобы
|
|
2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығының 35-қосымшасы |
Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Ш.Айтматов «Алғашқы ұстаз» повесі
(сабақ тақырыбы)
Пән атауы: Қазақ әдебиеті
Дайындаған педагог Махашева Н..С.
20 21_ жылғы "10__" ____12_______
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ 1016Б
Сабақ типі: Аралас сабақ
2. Мақсаты, міндеттер
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:
-
көркем шығармадан алған үзінділерді өзекті мәселелермен байланыстырады;
-
шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығына тоқталады;
-
шығармадаға ұлттық құндылықтардың үндестігін ашады.
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: Қазақ тілі: 10 сынып; Қазақстан энциклопедиясы: Ш.Айтматов Шығармалар жинағы.
3.2 Техникалық құралдар, материалдар: тақта,суреттер.смартфон. галамтор желісі.слайд, кітап көрмесі.
4. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі:
1. Сәлемдесу
2. Түгелдеу;
3.Дайындықтарын тексеру.
Сергіту сәті.
-
Егерде колледжге,сабаққа қуанып келсеңіздер, оң қолдарыңызды көтеріңіздер:
-
Егер бүгінгі сабаққа сенімді дайындықпен келсеңіздер, сол қолдарыңызды көтеріңіздер.
-
Егер сіздерге еліміздің тағдыры маңызды болса, бір қадам алға жылжимыз.
-
Егер өздеріңізді Отанымыздың патриотымыз десеңіздер, екі қолдарыңызды алға созыңыздар.
-
Егер Отанымыздың болашағы біздің қолымызда десеңіздер, қол соғыңыздар.
Топқа бөліну: сыйлыққа кітап, қалам, білім кілті дайындалады. Сол бойынша топ жинақталады
Топ атын анықтау: Шар ішіне топ аттары жасырылады: Алтынай,Дүйсен, мектеп сөздері жасырылады.Бүгінгі сабақтың кілті.
Бағалау парағы: жауап берген әр білім алушыны топ басшы смайликпен белгілеп отырады
Үй тапсырмасын: «Сиқырлы қалпақ» арқылы сұрау.
-
Шыңғыс Айтматов кім?
-
Қандай оқу орындарын бітірген?
-
Қандай шығармалары бар?
-
Ш.Айтматов туралы қандай ойлар қалды?
-
Повесть дегеніміз не?
-
Эпизод дегеніміз не?
-
Теңеу дегеніміз не?
-
Пейзаж дегеніміз не?
-
Ш.Айтматовтың жастарды сауаттандыру мақсатындағы құнды еңбегі нің аты?
Жаңа сабақ. Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повестінің жазылу тарихы таныстырылынады.Монета туралы түсінік беріледі. «Алғашқы ұстаз» монетесы.
І. Тыңдалым: Ш.Айтыматовтың «Алғашқы ұстаз» фильмі көрсетіледі.
ІІ. Ойтаразы: 1.Шығарманың композициялық құрылымын анықтау.
А)Басталуы.
Ә) Дамуы
Б) Шиеленісуі
В) Шарықтау шегі
С) Шешімі.
ІІІ. «Ашық микрофон» әдісі арқылы
1-топ: Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повестінен алынған үзіндімен мұқият таныс.Кейіпкер бейнесін , бүгінгі ұстаздың өмір шындығымен байланыстыра отырып, өз ойыңды білдір.
«Дүйсен жай қара танығаны болмаса,көп оқығаны жоқ.Тіпті қолында әліппесі де жоқ. Десе де, бар білгенін оқушыларға үйретіп, әйтеуір әріп танытуға шамасы келеді.Дүйсеннің әкесімен бірге шойын жолда істеп жүріп, Михайл Семенович деген қарт мұғалімнің қолында екі қыс оқып жүргенін, әскерге барғанын,ақтармен соғысқанын, үлкен қалалардағы бұларға беймәлім қызықты өмір туралы айтқанын балалар ұйып тыңдайды.»
2-топ: Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повестінен алынған үзіндімен мұқият таныс. Көтерілген тақырыпты қазіргі білім жүйесімен байланыстыра отырып, өз ойыңды білдір.
«Бұл жаман там о баста бір байдың ат қорасы болған. Қыстың көзі қырауда құлындаған биелер құлындарымен осында бағылады екен.Кеңес үкіметі орнап бай қашып кеткен соң атқора қаңырап қалды. Айналасын жантақ-тікенек ,жусандар басып, кісі барудан қалған болатын.Дүйсен тікенектерді кетпенмен қопара шауып,тамның құлап қалған жерлерін жөндеп, мектепке айналдырды.»
3-топ: Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повестінен алынған үзіндімен мұқият таныс.Кейіпкер бейнесін , қыз бала тағдырының өмір шындығымен байланыстыра отырып, өз ойыңды білдір.
« Қара терге малынып үйге келгенімде ,ошақ басында от жағып отырған жеңгем ұшып тұрды. Ол өзі ұрысқақ, нашар адам еді.
-Сен қайда жүрсің,әй!- деді ол жұлқынып.Мен жауап қайтарып үлгергенше, қолымдағы қапты жұлып алды:
-Түн ортасына дейін саңдалып жүріп тергенің осы ма? -Қыздар айтып қойса керек.
- О,өлігіңе ғана отырайын, мектепте сенің нең бар еді!-Жеңгем менің құлағымды жымқыра ұстап, көк желкемнен төмпештей бастайды. -Ит жетім, көк жетім! Бөрі күшігі ит болмайды деген осы. Жұрттың баласы үйіне тасыса ,бұл үйлен тасиды! Ендігіәрі сол жаққа аяғыңды басып көрші, сирағыңды сындырып,табаныңды тіліп тұз құямын!»
Ү. Топтық жұмыс. «Жасырын конверт».
Конверт ішінде 3 топқа арналған тапсырма жасырылады.
-
Адасқан сөздер. Ұстаз туралы берілген сөзді құрастыру. «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау .Ж.Ж.Руссо.»
-
Повестен үзінді көрсету
-
Ұстаз туралы кез келген ән айту
ҮІ. 5 сөйлем арқылы өз ойыңды толықтыр.
|
Кейіпкер |
|
|
Мәтіннен мысал |
|
|
Өзің берген мінездеме |
|
|
|
|
|
Кестедегі мәлімет бойынша бес сөйлем жаз. |
|
ҮІІ. Ойтолғау: «Менің алғашқы ұстазым» Өз ойларын жеткізу
ҮІІІ. Графикалық органайзерлерді пайдаланып, берілген тақырыптардың бірін таңдап автор идеясын түйіндеу.
Талданатын тақырыптар:
-
«Алғашқы ұстаз» повесінің әлеуметтік құндылығы;
-
«Алғашқы ұстаз» повесінің қоғамдық құндылығы;
-
«Алғашқы ұстаз» повесінің психологиялық құндылығы;
ІХ. Үйге тапсырма. «Ұстазға құрмет- шәкіртке міндет» эссе.
Бағалау.
Жаңа сабақ:
Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда қырғыз жеріндегі Шекер аулында дүниеге келген. Әкесі Төреқүл өте парасатты, пайымды адам болған екен. Төреқұл ел басқару қызметінде болып, 1937—1938 жылдардағы «халық жауы» деген жазықсыз жаланың құрбаны болады. Кішкентай Шыңғыс бауырларымен бірге көп қиындық көріп өседі.
Ш. Айтматовтың шын мамандығы — табиғат сыйлаған жазушылық өнер. Ол осы өнерін шыңдау үшін, жетілдіру үшін, М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқиды. Шыңғыстың 1956 жылы жазылған «Жәмила» хикаяты бірден жұрт назарын аударып, көп ұзамай орыс тілінде, іле-шала Парижде француз тілінде жарық көріп, жас суреткердің есімін әлемге паш етті.
Қазақ, Қырғыз — ежелден қандас, бауырлас елдер. Бұрынгы кезде халық ақындары екі ауылда кезек-кезек ән шырқап, ақындар қазақ-қырғыз боп айтысып жүрсе, қазақтың ардақты ұлы Шоқан Уәлиханов — «Манастың» еуропалық өредегі тұңғыш зерттеушісі. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр. «Манастың» зерттеушісі Мұхтар Әуезов Шыңғыстың ұстазы болды. Жақсы дәстүр жалғасы деген — осы.
Бұл күнде Шыңгыс Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс ең көп аударылған қаламгердің бірі. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, адамзаттық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды.
Жазушының «Боранды бекет» романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасын, қазіргі әскери полигондағы Найман-ана бейітінің тарихын айтатын — психологиялық роман.
Кітаппен жұмыс: Ш.Айтматовтың шығармаларын оқып, құрылысына қарай талдайды.
Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.
-
Ш.Айтматовтың қандай шығармалары бар?
-
Айтматовтың есімін әлемге паш еткен қандай шығармасы?
-
Қазақ ақындарының ішінде кіммен дос?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ш.Айтматовтың шығармаларын оқып келуге беремін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген