400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайын Мұратбеков "Жусан иісі" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әлеуметтік қоғамдық жағдайды оқушыларға түсіндіру, функционалдық сауаттылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Күні:

Сыныбы: 6

Мектеп: Алматы облысы, Жамбыл ауданы « Қасымбек ауылындағы орта мектеп" КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Курбанбаева Эльмира Сабырбаевна

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

С.Мұратбеков «Жусан иісі» повесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіннің мазмұнын толық түсініп, көтерілген мәселені анықтайды.

Басым көпшілігі орындай алады: Мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтап, әлеуметтік-қоғамдық мәселені ажыратады.

Кейбірі орындай алады: Шығармадағы әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдай отырып, идеясын түсініп, жіктеп айтады.

Бағалау критерийлері

  • Әлеуметтік-қоғамдық мәселені ажыратады;

  • Әлеуметтік-қоғамдық мәселені автордың идеясы арқылы көрсетеді;

  • Мәтінде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе туралы өз пікірін білдіреді.

Тілдік мақсат

Түсіндірме сөздікпен жұмыс:

Жарғақ – түгін сыртына қаратып тіккен сырт киім.

Дегбір – шыдам, тағат, төзім.

Сабан – дәнді дақылдардың бастырылып, дәні алынғаннан кейінгі қалған сабағы.

Диалог құруға арналған сұрақтар:

  • Шығарма қай кезеңде болған оқиғамен байланысты?

  • Аян тағдыры сені ойландыра алды ма?

  • Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені ата?

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Құндылықтарға баулу

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім: Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, өзі-өзі тану

АКТ-ны қолдану

PowerPoint таныстырылымы

Алдыңғы білім

С.Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығын біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері/уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


2 минут













2 минут











1 минут


5 минут

Сәлемдесу


Ынтымақтастық орта қалыптастыру мақсатында оқушылар жұптасып тұрып «Сәлеметсің бе!» әдісі орындалады.

Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді. Бас бармақтан бастайды:

Бүгінгі сабақта (бас бармағын тигізеді);

  • Мен саған (сұқ саусақ);

  • денсаулық(ортаңғы);

  • сәттілік(атаусыз);

  • тілеймін(шынашақ);

  • Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді).




Түрлі-түсті шарлар арқылы топқа бөлу

С.Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасындағы Аянның бойындағы адамгершілік қасиеттерге байланысты топқа бөлінеді. Қызыл түсті шар алғандар «Мейірім» тобына, сары түсті шар алғандар «Төзім» тобына бөлініп отырады.


1-топ: «Мейірім» 2-топ: «Төзім»


Сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.


Үй тапсырмасы. «Пазл» әдісі

С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесін мазмұндап, оқиға желісін құрастырады. Тізбегін жасайды.

Дескриптор:

  • С.Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасын мазмұндайды;

  • Шығармадағы оқиға желісін ретімен орналастырады.


ҚБ: «Смайлик» әдісі



«Сәлеметсің бе!» әдісі






Топ атаулары жазылған қағаздар, шарлар










Қима қағаздар, ақ парақ







Сабақтың ортасы





12 минут

















3 минут

Топпен жұмыс. «Әдеби шеңбер» стратегиясы (Саралау тапсырмасы)

1. Талқы себепшісі –шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтап, талқылайды.

2. Байланыстырушы – шығармадағы әлеуметтік-қоғамдық мәселені ажыратып, шынайы өмірмен байланыстырады.

3.Белгілеуші – Әлеуметтік-қоғамдық мәселені автордың идеясы арқылы көрсетеді.

4.Қорытындылаушы – шығармада көтерілген мәселе туралы өз пікірін білдіріп, қорытындылайды.


Дескриптор:

  • Шығарманың идеясы мен тақырыбын анықтайды;

  • шығармадағы әлеуметтік-қоғамдық мәселені ажыратады;

  • Әлеуметтік-қоғамдық мәселені автордың идеясы арқылы түсіндіреді;

  • Шығармада көтерілген мәселені өз пікірін білдіреді.


ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі



Сергіту сәті.«Ертегі құрастыру» әдісі

«Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп бір оқушы бастайды. Басқа оқушылар рет-ретімен бір сөйлемнен айтып, шағын әрі жүйелі ертегі құрастырады.

4 түсті қағаз, маркер



















«Ертегі құрастыру» әдісі


Сабақтың соңы



8 минут






















2 минут














Кері байланыс



5 минут








Сабақты бекіту

«Негативтен позитивке» әдісі

Тапсырма: Шығармадағы көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселенің болу себептері мен онымен күресу жолдарын талдап, өз ойыңды білдір.

Қосымша ақпарат: Оқушыларға екі түсті стикер(сары және жасыл) үлестіремін. Жасыл стикерге қазіргі қоғамдағы жетімдікке әкелетін себептерді жазады. Сары стикерге жетімдікпен күресу жолдарын жазады. Соңында жасыл стикерді шарға жабыстырып, терезеден ұшырып жібереді. Сары стикерді жүрек тұсына жабыстырып қояды.

Shape1


Дескриптор:

- Шығармадағы көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселенің болу себептерін түсіндіреді;

- Күресу жолдарын талқылайды;

-Әлеуметтік-қоғамдық мәселе туралы өз пікірін білдіреді.

ҚБ: «Гүлдер» әдісі

Қосымша ақпарат:

– ең көп көмектескенге,

– ең жақсы ойын айта білгенге,

– ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен?


«Жетістік баспалдағы»

Үйге тапсырма: «Жетім көрсең жебей жүр!» тақырыбында ойтолғау жазып келу.

Шар, стикер

Picture 5




























Стикер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен қолдау көрсетпексіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ барысында әрбір оқушыға де қол ұшын беру – әрбір мұғалімнің міндеті. Сол себепті әрбір оқушының шама-шарқына сай тапсырма дайындауға тырыстым. Сабақ барысындағы белсенді әдіс-тәсілдерім де оқу мақсатына сай жүзеге асты.

Қабілеті жоғары оқушыларға шығармадағы әлеуметтік-қоғамдық мәселені ашуға арналған ашық сұрақтар құрастыруға тапсырма беремін.

Дескриптор:

-шығармадағы әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды;

- ашық сұрақтар құрастырады;


Қабілеті төмен оқушыларға «Топтастыру» әдісін беремін. Шығармадағы әлеуметтік-қоғамдық мәселені топтастырып жаз.

Shape2

Shape6 Shape4 Shape5 Shape3

Әлеуметтік-қоғамдық мәселе

Shape7


Дескриптор:

  • Шығармадағы әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді анықтайды;

  • Топтастырып жазады.

ҚБ: Коментарий арқылы бағалау

Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау орын алды.

ҚБ. «Смайлик» арқылы бағалау.

Оқушылардың үй тапсырмасын оқып келгеніне сай бағалау мұғалім тарапынан болды.

ҚБ: «Үш шапалақ» бағалауы Топтық жұмыс кезінде топтар бір-бірін бағалады.

ҚБ: «Гүлдер» әдісі арқылы бағалау оқушылардың өзара бағалауы арқылы жүзеге асты.


  1. Денсаулық және қауіпісздік ережелері сабақ барысында сақталды.

  2. АКТ-мен байланыс жүргізілді.

  3. Техникалық құралдар өмір қауіпсіздігі




Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттары шынайы қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз?

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз?

Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
1076
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі